Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шпор.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
461.31 Кб
Скачать
  • IX-X ғасырлар – Оғыз мемлекеті қалыптасыты(Сырдарияның орта және төменгі ағысы, Арал өңірі мен Батыс Қазақстан далалары).

  • X ғ батыста Хазарияға дейінгі жер солт Каспий маңы, орталық, оңт –шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм аймағы «оғыз даласы деп аталады».

  • IX аяғы – XI басындағы оғызлардың территориясы: Сырдария – Еділ аралығы.

Астанасы – Янгикент. Билеушісі – жабғу. Орынбасаы – күлеркін. Әскербасы – сюбашы. Басқрушылардың ұрпақтары – иналдар. Оларды атабектер жас кезінен басқару ісіне тәрбиеледі. X-XI ғ басында Сырдария жабғуының тұрақты түрде салық жинауының жүйесі жұмыс істеді. Оғыз мемлекеті жайлы алғашқы дерек Әл Якуби (IX) жазбасында берілген. Олардың тайпалары (Сырдария ме Жетісу, Сібір жерлері):

  • Қалаш, жағра, жарұқ, қарлұқ, баяндұр. М. Қашқаридың дерегі бойынша оғыз одағында 24 тайпа болған. Олар бұзықтар мен қшықтарға бөлініп, бқзықтар артықшылықтарға ие болған.

Мүлік теңсіздігінің негізі – жеке меншік мал. Оғыздарда басты шаруашылық – мал шаруашылығы. Жент,Сауран,Қарнақ, Сүткент, Фараб, ығанақ қалаларының халқы егіншілік пен қолөнершілікпен айналысты. Оғыздардың діні: бұтқа табыну, шаманизм, кейінірек ислам діні енді. Оғыздар Еуразия өмірінің саяси өміріне араласқан.

  • 965 жылы Киев Русімен одақтасып, Хазарияны талқандады.

  •  985 жылы Еділ Бұлғариясын жеңді.

X ғ екінші жартысында Әли жабғу тұсында салықтың ауыртпалығына қарсы халық көтерілістері жиілеп, оны селжұқтар пайдаланады.Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік өз өкіметін күшейтіп, көтерілістерді басып 1041 жылы Хорезмді жаулады.

1043 жылы Шахмәлік селжұқтардың қолына қаза тапты. Ол – оғыздардың соңғы билеушісі.

18-БИЛЕТ

18 Қимақ мемлекеті

Қимақ қағанаты (9-11 ғ.б.). Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды. 840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын алады.

10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Кимек тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген. Кимектерде жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады"- деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін - манихейлікті ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған.

Қимақ мемлекеті он екі ұлысқа бөлініп, оларды әскери көсемдер басқарды. Жеке тайпаның көсемі шад түтік. Қаған ел басқару ісінде әскери шонжарларға арқа сүйеді.

11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді. Оның құлауның екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюі және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі.

19-БИЛЕТ

19.Түркі жазба ескерткіштері

Көне түркі мәдениетінің ең таңғаларлығы жазудың пайда болуы мен жазба әдебиетінің байлығы. Білге – қаған мен Күлтегіннің және басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған руна мәтіндері ең құнды әдеби шығармалар ретінде және сол кезеңнің тарихын баяндайтын дерек ретінде жоғары бағаланады.

Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректерді Менандр Протектор қалдырды (VI ғ. II жартысы). Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері – Солт. Монғолиядан, Орхон, Толы, Селенга өзендерінің бойынын табылған тастағы жазулар. Бұл жазулар Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне жазылған.

  • Көне түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғ. 20 –жылдарында Енесей аңғарынан Д.Миссершмидт пен Ф. Страленбрг ашқан. Жазу скандинавиялық руна жазуынп ұқсас болғандықтанируна жазуы деп аталады. 1889 жыл- Н.М. Ядринцев Солт. Монғолияда, Орхон өзені аңғарынан руна жазуы бар тас тапты.

Руналық жазулар сипаты:Маңызды зор тарихи құжаттар.Әдеби көркем шығарма. Шешендік өнердің және батырлық туралы ауызша әңгіме дәстүрлерін сақтаған саяси проза. Қазақстандағы руналық ескерткіштер Талас аңғарынан табылды.

«Оғыз-нама» эпосы ел арасында кең таралып, XIII ғасырда - Рашид -ад –дин, XVIII ғасырда – Әбілғаы көшірген. «Оғызнама» жырында Оғыз ханның өмір жолы, күресі баяндалды.

Жүсіп Баласағұни Xiғ. 1069 жылы «құтты білік» дастанын жазды. Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат –түрік» («Түркі тілдерінің сөздігі») атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығама - түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет –ғұрпы, тілі туралы тарих дерек. Түркі тілдес халықтардың энциклоедиясы атанды.

Қожа Ахмет Йассауи «Диуани Хикмет »(«Даналық кітабы») шығармасы – тарихи, этнографиялық, әлеуметтік, тілдік дерек.

Әбу Райх Бируни 150 еңбек жазған. «Ежелгі халықтардың хронологиясы», «Астрономияның кілті» т.б.

20-БИЛЕТ

20 Қыпшақтар

Қыпшақ этникалық қауымдастығының дамуын үш кезеңге бөлеміз: 1)VII-VIII ғғ. VIIғ.дың ортасында Алтайдың солт.гі мен Ертісті жайлаған қыпшақтар қимақ бірлестігінің негізін құрады. 2)VIII-XI ғғ. VIIIғ.да қыпшақтар этнос болып қалыптасып, Алтайдан Ертіске, оңт.Орал тауларынан Еділге қоныстанды. Үш этносаяси бірлемтіктер- қимақтар, қыпшақтар, құмандар қимақ мемл.ң билігінде болды. 3)XI-XIIIғғ. Қыпшақ хандарының билігінің күшеюі. Қыпшақтар оғыздарды Сырдарияның төменгі және орта ағысынан, Арал, Каспия маңы далаларынан ығыстырды. XIғ.2-ші ширегінде “оғыздар даласының” орнына “дешті қыпшақ” атауы пайда боды. XІғ. ортасы-қыпшақтар Еділден өтіп, 1054ж. Орыс жерін, одан әрі Дунай өзеніне дейінгі аралықта қоныстанды.

Қыпшақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Олар төрт түлік малдың барлық түрін өсірген. Қыпшақ жылқылары төзімді, әрі жүйріктігімен, жорғалығымен халықаралық саудада жоғары бағаланған. Қыпшақтардың ішінде егін салумен де айналысқандары болған. Оларда шаруашылықтың қосымша бір түрі аң аулау болған. Еврей саяхатшысының жазуына қарағанда аңды садақпен аулаған.Малдың терісі мен жүнінен қажетті бұйымдарды жасады. Сонымен қатар, оларда ағаш шеберлері, темір ұсталары қалыптасып, зергерлік те жақсы дамыған.VII-VIIIғ.да әкімшілік басқару орталығы болды, VIII-Ixғ.да қолөнер сауда орталығына айналды. Аудандары: цитадель – қала билеушісі тұратын әкімшілік аудан, шахристан – бай шонжарлар, дін қызметкерлері, әскер басшылары тұратын орталық аудан, рабат – қолөнершілер, саудагерлер, егншілер тұратын шеткі аудан. Әр қаланың өз билеушілері, әскері, теңгелері болған. Ірі қалалары: Исфиджаб, Отырар, Тараз (көпестер қаласы), Баласағұн. Тілдік топтар: бұлғар-хазар, батыс түрік, қарлұқ. Ауызша шаруашылық дәстүрі: Қорқыт ата, Оғызнама эпостары. Жазба әдебиеті: IX-XII ғғ шығармалар араб тілінде жазылды. Солардың ішінде Ж.Баласағұни «Құтты білік», М.Қашқари «Диуани лұғат ат Түрік», А.Йассауй «Диуани хикмет», С.Бақырғани «Дүниенің ақыры», А.Жүгінеки «Шындық сиы».

21-БИЛЕТ

21.Қарахандар мемлекетінің қалалық мәдениеті және экономикасы

X-XIIғғ. Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Бат. Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой қөтерді. Қалалар:

Ірі су алқаптарының бойында;

Сауда керуен жолдарының бойында;

Феодалдардың ордалары мен бекіністер жанында п/б. Әр қала тәуелсіз өмір сүрген ж/е өз билеушілері болған.Ортағасырлық қалалардың міндеттері:

Әкімшілік басқару орталығы;

Қолөнер, сауда орталығы. Қала халқа негізінен егіншілік, қолөнер, саудамен айналысты.

Қала аудандары:

  • Цитадель –қала билеушісі тұратын әкімшілік аудан.

  • Шахристан -бай-шонжарлар, дін қызметкерлері, әскери қолбасшылар тұратын аудан.

  • Рабад –қолөнершілер, саудагерлер, егіншілер тұратын аудан.

  • Қамал –орта ғасырдағы қалаларда орталық орын болып саналған.

Баласағұн –Шу өзенінің бойындағы мәдениет пен өнердің көптеген өкілдерін өрбіткен жер. Баласағұн V-VII,VIII-IX,X-XIIғғ. өсу-өзгеру кезеідерін бастан кешірген көп қабатты қала. Іле өз. аймағында X-XIIғғ. 56 қала болған. Ірі сауда орталықтары –Екіоғыз(Эквиус), Қоялық, Талхиз(Талғар) қалалары. Араб тарихшылары Ертіс өз. бойында 16 қыпшақ қалаларының болғанын жазады: Сарысу өз бойы –Орда, Жезді өз. бойы –Бесқамыр қаласы. Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды.

22-БИЛЕТ

22 Наймандар мен керейлердің ұлыстары:орналасуы, этносаяси тарихы

Найман мен керейт тайпаларының негізігі мекендеген жерлері –Монғолия аймағы. XIIIғ. бастап олар Қазақстанға қоныстана бастады. Найман тайпалық одағы VIIIғ. Ортасында Ертіс пен Орхон өз. бойында п/б. Олардың құрамында 8 тайпа болғандықтан оларды найман д/а( монғолша сегіз –найман) . наймандар батыста қаңлы мен қарлұқтар, солт. Енисей қырғыздары, оңт ұйғыррлар, шығ. Керейлермен шектеседі. Xғ. найман мем. құрылды. Негізнен олар Жетісу аймағын, Батыс Хангай –Тарбағатай аймақтарын мекендеді. Билеушісі –хан. Мемлекет бірнеше ұлыстардан тұрды, әр ұлыстың ханы болды. Ұлыс әскері ондық принципке негізделген. Іс қағаздар ұйғыр жазуындда жүргізілді.1007ж. наймандар мен керейлер христиан дінін қабылдады. 1204ж. Шыңғыс хан 45мың әскерімен наймандарды бағындырды. Найман ханы күшлік өз адамдарымен керейлерге .1211ж. Жетісудағы билікті қарақытайлардан тартып алды. 1218ж. Жебе ноян шапқыншылығынан Найман хандығы құлады. Наймандар кейін Орта жүз құрамына енді.

Керейлер бат. наймандармен, солт. меркіттермен, шығ. татарлармен,оңт. тарғұттармен шектеседі. Керейлердің екі астанасы болды: бірі солт. –Орхон өз. бойындағы Қатынбалық, оңт –Хуанхэ өз. бойында. Негізгі территориясы Селенга-Хуанхэ өз., ХАНГАЙ ТАУЫ –Хаплқын көлі аралығы. 1203ж. Монғолдар шапқыншылығынан керейттер құлады. Халқының бір бөлігі монғолдарға қосылып кетті, біраз бөлігі Солт. Қаз. мен Жетісға көшті. Керейттер қара керей, абақ керей атанып, қазақтың Орта жүзі құрамына енді.

23-БИЛЕТ

23Қазақстанды монғолдардың жаулауы

Негізгі Шыңғыс ханың жаулаушылық жорықтар жүргізудегі мақсаттары: Билігін күшейту,Ішкі тартысты болдырмау,Ақсүйектерталабын орындау,Халқын жаңа жайылымдармен қамтамасыз ету

Ол жаулап алған жерлерде дінге қысымшылдық көрсетпеген, жаулап алған елдердің соғыс техникасын, халқын шапқыншылық соғыстарға пайдаланған. 1207-1211жж ол сібір халықтарын, Енисей қырғыздарын, Шығыс Түркістанды бағындырды. Ендігі мақсаты Орта Азия мен Иранды Таяу шығыс пен Кавказ сырты, Шығыс Еуропаны бағындыру. Шыңғыс ханды Жетісудың гүлденген қалалары мен құнарлы жайылымдары қызықтырды. Моңғолдар Жетісудың біраз бөлігін қарсылықсыз басып алды: 1210-11жж қарлұқтар билеушісі Арыслан хан Шыңғыс хан билігін мойындады; 1217ж Алмалық алынды; 1218ж Баласағұн соғыссыз берілді. Бұл қалада сегіз жыл бойы билік жүргізген Күшліктің көрші елдермен үздіксіз соғыстары және мұсылмандарды қудалауына наразы болған Баласағұн халқы Моңғолдарды құтқарушы ретінде қабылданды. Жетісу халқын өз жағына тартқысы келген Шыңғыс хан өлкеде тонаушылықты тоқтатты. Шығыс Түркістан мен Жетісуды алған соң оңтүстік Қазақстан арқылы Орта Азияға жол ашылды. Оңтүстік Хорезм шпхы Мұхамедтің арасында сауда келісімі жасалып, 1218 жылы Отырарға 450 ададық сауда керуенін жіберді. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестердің барлаушылар екенін байқа, түгел өлтірді. Бұл жағдай Шыңғыс хан жорығының басталуына сылтау болды. 1219жылы қыркүйек Отырар қоршауы босатылды. Қайыр хан 80 мың әскерімен қаланы бес ай қорғады. Тек әскербасы Қараджаның сатқындығынан кейін ғана моңғолдар 6 айды Отырарды алады.Қайыр хан аузына қайнатылған күміс құйылып өлтірілді. Жошы әскері оңтүстік Қазақстан қалалары Сығанақты жеті күнде, Жентті тоғыз күнде алады. Шағатай мен Үгеде әскері Шыңғыс хан қолымен қосылып Бұхар мен Самарқанды. 1221ж Хорезмді бағындырды. 1219-1221ж Орта Азия түгелдей жаулап алынды. 1219-1224ж Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды.

24-БИЛЕТ

24.Қарақытай мемлекеті

Қарақытай тарихында Орталық Азиядағы моңғол тектес қидан тайпаларының орны ерекше. Қидандар Ляо имперясы құлап, 40 мың отбасын басқарған Елүй Дашы Баласағұнға кірген соң, Жетісуға келіп қоныстанды. 1128жылы қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы қарахан қарақытай одағы жасалды. Елүй Дашы Баласағұнға кірген соң, Жетісуда өз билігін орнатты. Территориясы Жетісу. Олар Жетісуда жергілікті түркі тілдес халықпен араласып, қарақытайлар атанды. Қарақытайлар тілі моңғол тобына жатады. Астанасы Баласағұн. Билеушісінің титулы горхан. Соғыс жорықтарының нәтижесі:

  1. Қаңлыларды бағындырып, Шығыс Түркістанды алды.

  2. 1173жылы Мәуереннахр билеушісі Махмұдты жеңді.

  3. 1141ж селжұқ қарахан әскерін жеңіп, нәтижесінде орталық Мәуереннахрды, Бұхарды бағындырды.

  4. Хорезм шахы жылына үш мың алтын динар салық төлеуге міндеттенді.

  5. Қарахандықтар вассалдық тәуелділікте болды.

Қарақытайлардағы мұрагерліктің өзіндік ерекшелігі: әйелдер мұрагер болған, тек әйел жағының тегі хан тұқымынан болуы міндетті. 1143 жылы Елүй Дашы қайтыс болып, билікке әйелі Тибұян ие болды. 1153ж Иле қаза болып, билік Елүй Дашының қызы Баласағұнға көшті.

Горхан бәсекелесіктен қоқып, туыстарына иелік берілмеді. Тұрақты салық жүйесі белгіленіп, әр үйден бір динардан салық жиналды. XII ғ ортасында салық көбейтіліп, горхан халқы ашық тонауға кірісті. Қарақытай мемлекетіндегі ақша түрі динар. 1150 ж Иле горхан Елүй Дашы баласы, тұсында халық санағы жүргізілді. 1169ж ЕлүйЧжилугу тұсында әр аймақ билеушлері тәуелсіз саясат жүргізе бастады. Христиандыққа бой ұрған Елүй Чжилуге қарсы кең мұсылмандық қозғалыс басталды. 1208 жылы Жетіуға келген найман ханы Күшілік бұл қолайлы жағдайды пайдаланып, қарақытайларды жеңеді. 1208 ж Хорезм шахының қарақытайларға қарсы соғысы басталды. 1211 ж наймандар Жетісудағы билікті тартып алып, қарақытайлар мемлекеті құлады.

25-БИЛЕТ

25.Номадизм-ортағасырлық қазақ қоғамының экономикалық негізі

Номадизм-халықтың сан ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру формасының көшпенді түрі. Қазақ халқы ежелден көшпенді өмір сүрген. Оның өзіндік ерекшеліктері мен мәдениеті бар. XV-XVIIғ қазақ-да шаруашылық-ң үш саласы анық байқалады: 1. Көшпелі. 2.Жартылай көшпелі. 3.Отырықшы

Малдың негізгі түлігі- қой, жылқы, түйе. Ірі қара аз болып, негізінен отырықшы аймақтарда өсірілді. Көшпелі шаруашылық малды маусымға қарай жаю тәжірибесін туғызды.Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді.Көктеу-көктемгі көш, малдың төлдеу мерзіміне сәйкес келеді.Жас төл-ң жағдайына байланысты, күніне 8-10шақырымнан аспай көшу қозы көш д.а. Түнге қарай төлдерді көгенде ұстаған. Жайлауға көшерде ауыр жүктерді көмбеге жасырып кететін болған. Жайлау-жазғы кеш, мамыр айының басында басталады. Күніне 15 шақырымнан жүріп, жайлауға айдан астам уақыт жүріп жетеді. Малшы-ң басты міндеті-малды семірту. Себебі малдың қыстан аман шығуы жайлаудағы қоңдануына байланысты. Маусым айы-ң аяғындағы тоқты-ды суға түсіріп жуындыру-тотығу. Қозы-ң жүнін қырқатын мезгіл-қозы күзем. Қырқылған жүннен киіз басқан. Күзеу-күзгі көш, суық басталысымен көшеді. Күзгі көш күніне 25-30 шақырым жол жүрген. Күздік көш жүгін қысқа дайындаған азық-түлік-і, киіз-төсеніш-і, киім-і ауырлатқан. Күзеуде халық жиналыстары өткізілген. Қыстау-қысқы көш, қарашаның ақырғы күндері қар жауып, мұз қата бастағанда көшеді.Қыста көшу-ң негізгі бағыт-ы арна-ы болған. Қыста ауыл-ң саны мал басы-ң мөлшеріне байланысты болды. Қыста кейде жұт болып тұрған. Жұт-жем шөп-ң таусылып, қыс-ң ұзарып, қатты суық болудан, қар қалың түсіп беті-ң мұз басып қатуынан және түрлі жұқпалы ауру-дан мал-ң қырылуы. Егіншілік Сырдария-ң орта саласы мен Жетісуда, Ертіс бойы мен Зайсан көлі маңында дамыды. Отырар, Түркістан, Сауран алқап-дағы егістік жер-ді құбыр-р арқылы суарып отырған.Қазақ-р аңшылықпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнермен айналысқан. Көшпелі-р үй кәсібінде мал шаруашылығы шикізаттарын өңдеумен айналысты.

26-БИЛЕТ

26.Кейінгі ортағасырлардағы Қазақстан қалалары(ХV-XVIIIғ)

Қаз.тарихындағы бұл кезең алдынғы кезенмен салыстырханда жазба түркі материалдарда толығырақ баяндалған. Өткен уақытпен салыстырғанда қала саны 20-ға дейін, xvғ екінші жартысы, xviiiғ басқа кезеңімен даталанған ескі қалалар орны 23-ке дейін қысқарған. XVғ 2 жартысындажазба материалдарда солт.қаратаулық Уросоған, Сүгілкент, Құмкент қала-ң аттары енбі кездеспейдіде. Сырдария сағаларында қираған Қызқала, Бөгенде-Бұзықтөбе қиранды қаласы, Сырдария-ң орта тұсында-Құйрықтөбе мен Оқсұс қала-ы өмір сүруін тоқтатқан. XVғ ортасынан бастап Отырарда қала төңірегі қаңырап қалды.XVI-XVIIғ Сырдария-ң сол жағалауының Аркөк, Құтжан, Аққорған, Үзкент сияқты қалалары күшті роль атқара бастайды. Қаратау-ң солт.жағындағы бас қала ролін Созақ иеленді. Түркістан оңт. Қаз.ң астанасы дәрежесіне жетті. Кейінгі орта ғасырлық қала-ң топографиясынан оның қабырғаларымен қоршалған орт.бөлігі-хисар мен қала маңы аудандары айыра танылады. Хисар термині қала, бекініс жіне қала қабырасы ретірде де ұғынылады. Кейінгі ортағасырлық кезеңдегі қала халқ-ң санын әрбір елді мекен және тұтас аймақ бойынша айқындауда XVIғ аяғы XVIIғ 80 ж Отырар үшін жасалған демографиялық есептеулер негізгі рөл атқарады. Сауда керуендері қазақстандық қала-р-Созақ, Қарашоқ, Түркістан арқылы өтті. Ортағасырлық ескі қалалар тұрмысында егіншілікпен айналасу маңызды рөл атқарды. Қала мен отырықшылық мәдениетінің дамығандығын сипаттай отырып, бір жағынан дәстүрлігін және неғұрлым ертеректегі уақыт мәдениетімен сабақтастығын, екінші жағынан кейінгі ортағасырлық қалада жасалғанынын көбі қазақ халқ-ң мәдениетіне табиғи бөлік болып енгенін атап көрсеткен жөн.

27-БИЛЕТ

27.Түркі тайпаларына ислам дінінің таралуы. Қожа Ахмет Яссауи

Ислам діні қазақ жеріне VIII ғ бастап ене басатады. Ислам алдымен, оңт Қазақстанмен Жетісу жерінде таралды. X ғ ислам діні Қарахандар мемлекетінің ресми дініне айналды. Оңт жақсы дамыған қала мәдениеті мұсылманшылықтың орнығуына оңды ықпал етті. Ислам діні – өте икемшіл дін. Қазақтар оның сунниттік бағытына жатады. Ислам дінінің қазақ жеріне орнауы халықтың рухани, идеялық жағына бірігуіне, ынтымақтасуына жағдай жасады. Мұсылмандық этикасының, мәдениетінің өазаө жеріне таралына әл-Фараби ат-түрки, әл-Жаухари, Исхан әл-Фараби, әл-Қимани, Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, т.б. өлшеусіз еңбек етті.Қожа Ахмет Яссауи(1103-1167) орта ғ-ғы қазақ поэзия-ң сопылық бағытын дамытқан тұлға. Ахмет Яссауи XIIғ өмір сүрген. Өмір-ң көбі Сайрам мен Иасыда өтеді. Бұхара қаласында діни білім алған ол, Түркістан қаласында ислам дінін уағыздайды. Бұл кез Қаз-н жеріне ислам діні-ң жаңадан тарала бастаған уақыты болатын. Яссауи-ң басты шығармасы “Диуани хикмет” 4 томнан құралған. Ол 63 жасқа, Пайғамбар жасына жеткеннен кейін өзінше о дүниеде өр сүреді. Бір сөзбен айтқанда, жер асты қапаста қалған өмірін өткізеді. Ахмет Яссауи өзі-ң ұстазын Арыстан бабты қатты құрметтеген. XIVғ Ақсақ Темір Түркістан қаладағы Қожа Ахмет Яссауи бейіті-ң басына үлкен мазар салғызған. Сондықтан бұл жер мұсылман-ң “екінші Меккесі” аталған. “Медениеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет”деген сөз содан қалған.

28-БИЛЕТ

28. XIVғ.ІІжарт.Қазақ хандығы және Ноғай Ордасы

1535-1538 жж хан атағы болған қазақ сұлтан-ы: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар хан, Наурыз-Ахмет хан. Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіреп қалған хандықты қайтадан нығайтып, біріктіруге Хақназар хан әрекет жасады. Негізгі мақсаты: Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру. Териториясы: Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайық-ң сол жағалауы Хақназар сыртқы саясатын Ноғай Ордасынан бастап, Жайық-ң сол жағалауындағы ноғайлар Қазақ ханы-ң билігіне өтті. 50-60ж Моғол ханы Абдар Рашид Жетісу мен Ыстықкөл маңындағы жер-ді басып алу мақсатымен, соғысты қайтадан бастады. Моғолстанға қарсы қазақ-қырғыз соғыс одағы құрылды.дерек-де Хақназарды “қазақ-р мен қырғыз-ң ханы”д.а. 1560ж моғолдар қазақ-қырғыз соғыс одағын женді. II Абдаллах(1538-1598) пен Хақназар арасында бейбіт қатынаста болу турулы шарт жасалды. Сыр бойындағы қалаларға орнығып алуға ұмтылған Хақназар хан, 1570ж аяғында Абдаллах-ң қарамағынан бөлініп шыққысы келген Баба сұлтан-ң әрекетін пайдаланды. Қазақ билеушісіні-ң Абдаллах жағында екенін байқаған Баба сұлтан келіссөз жүргізуге келген Жалым сұлтанды, оның бала-ы мен Хақназар-ң екі баласын өлтірді. 1580ж Баба сұлтан-ң тыңшысы Хақназарды өлтірді. Жошы хан-ң немересі Ноғай Алтын Орда әскері қолбасшысы-ң бірі болған. Ол Кавказ, Польша, Венгрия, Балкан және Парсы елдеріне әскери жорық-р жасайды. 1273ж ол Византия елі-ң қызына үиленді. 1306ж Доннан Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр өлкені билеген Ноғай Тоқтамыс-ң қолынан қаза табады. Ноғай-ң қарамағындағы Каспий маңы-ң халық-ы Ноғай елі атанады. Осылай XIVғ бойында жаңа мемлекет Ноғай ордасы пайда болады. Терит: Еділ мен Жайық алабы-Қазан мен Түменге дейінгі жер-р. Астанасы-Сарайшық. Ноғай ордасы-ң дербес мемл-т болуына Едіге көп ықпал еткен. Ол 1396ж 1411ж дейін Ноғай ордасын биледі.1426ж 1440ж Едіге-ң баласы Нұраддин билік құрған тұста Ноғай ордасы күшейді. Ресей-ң Қазан және Астрахань хандық-н жаулап алғандықтан кейін, Ноғай ордасы бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді. Ноғай ордасы құрамындағы қоңырат, арғын, тама, қыпшақ, қаңлы сияқты тайпа-ң бір бөлігі қазақ-ң кіші жүзіне кірді. Ал қалғандары Орыс княздығына, Қырым хандығына қарады.

29-БИЛЕТ

29. Алтын Орда құрамындағы Қазақстан

Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы өзінің ұлысын тәуелсіз мемлекет етуге күш салды. 1227 жылғы қысты оның өлуі ғана әкесі екеуінің арасындағы соғысқа кедергі болған еді. Жошының мирасқоры оның ұлы Батый болды. Батый қолының Русьқа және Волгадан батысқа қараған басқа да жерлерге жасаған қанды жорықтары Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан, орталығы төменгі Волгада орналасқан ұлан-байтақ мемлекетке айналдырды. Тарихи әдебиетте бұл мемлекет Алтын Орда деген атқа ие болды. Астанасы Сарай-Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейіннен Сарай-Беркеге көшірілді. Батый өзінің інісіне былай деген: Шығыс Еуропаға жасаған жорықта сен біздің ісімізді аяқтауға жәрдемдестің, сондықтан 10мың семьядан тұратын халық саған беріледі, енді бір аудармада сол сенің әкең тұрған жерде, яғни Ертістің жоғарғы ағысында деген сөздер қосылған. Орда Ежен ұлысына Жетісудің солтүстік-шығыс бөлігіндегі жерлер, Ертіс бойындағы кең байтақ аймақ, Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлер кірді. Ұлыстың территориясы біртіндеп кеңейе берді. XIII ғасырдың екінші жартыснда-ақ Орда-Еженнің немересі Қонышаның тұрған жері деректеме бойынша Орта Сырдариядағы Жент пен Үзкент маңында болған, ұлыстың саяси орталығы осы жерге ауысқан еді.

30-БИЛЕТ

30Ерте ортағасырлардағы түркі тайпаларының шар/ғы(. IX-XIIІғғ)

Қазақстан жеріндегі орта ғасырлық мемлекеттер шаруашылығы отырықшы егін шаруашылығымен тығыз байланыста болған көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына негіздеген еді. VI-XII ғ мемлекеттердің басты шаруашылығы мал өсіру болған. Малға жекеменшік теңсіздіктің негізі болған. Орта ғасырлардағы жазба деректердің мәліметтеріне қарағанда фелдалдық мемлекеттерің жылқы, қой, сиыр, өгіз және түйе өсіретін білеміз. Көшпенділердің малының құрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың шаруашлығына ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының маңызы зор. Сондай ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Жылқы санының көп болуы әрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі болған. Аң аулау қосалқы кәсіп болды, сонымен қатар өзен жағасында тұратындар балық аулаумен айналысты.

Қалалардың өсіп өркендуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншіік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Ешін шаруашыығы елдің оңтүстігінде Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда және алқабында біршама жақсы дамыды. IX-XII ғасыр Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды. Бұл жерде егістік көп тармақты суармалы жүйемен жабықталды. Жер кетпен тәрізді темір орақпен орылған. Дәнді ұнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған.Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен шұғылданды. Құмыра жасаушылардың, ұсталардың, ағақа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына халықтың сұранымы күшті болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды.

31. Кіші және Орта жүздердің Ресейге қосылуы

1830 жылы патша өкіметі Орта жүздің бірқатар облыстарының халқынан ант қабылдады. 1847 жылы Орта жүз қазақтарның басым көпшілігі орыс бодандығына көшті де, Қазақстанның Ресеймен бірігу процесі аяқталу сатысына қадам басты. Өзінің отарлау саясаты барысында патша үкіметі ең әуелі Қазақстан жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Хан билігі орыс шенеунігі басқарған уақытша кеңестің қолына көшті. Осындай кеңес құру арқылы Кіші жүз бен Орта жүз хандықтарының саяси дербестігін түпкілікті жою мақсатын көздеді. Патша үкіметі бұл мақсатты іске асыруды Орта жүз хандығынан болатын. Мұнда 1815 жылы орта жүз ішіндегі Уәлидің билігін әлсіретуге тырысып, екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Орта жүздің хандары Бөкей 1817 жылы, Уәлихан 1819 жылы қайтыс болған соң, патша өкіметі жаңа хан сайлатпай, Орта жүзді бірнеше әкімшілікке бөліп, оларды басқарып – бақылауға патша әкімдерін қойды. 1822 жылы М.М. Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қырғыздары туралы жарғы», 1824 жылы «Орынбор қырғыздары жөніндегі» жарғы деген құжат негізінде патша үкіметі қазақ жерін басқару тәртібі жөніндегі заң шығарды. Осы заң бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. 1726 жылы Әбілқайырдың 1-ші елшісі Ресейге барды. Бірақ ханның ұсынысы жауапсыз қалды. Кейін 1730 жылы 2-ші елшілігі екі жігіт барды. Кіші жүздің ықпалды билері жоңғарларға қарсы күресу үшін Ресеймен Одақ болуды ұсынды. Ол елшілер С.Құндағұлұлы мен Қ.Қоштайұлы патшайм А.Иоанновнаға барды. Сөйтіп 1731жылы 19 ақпагда Қазақстанның Ресейге қосылуы басталды. Осы жылы 10 қазанда Әбілқайыр мен оның саясатын қолдайтын 27 старшын Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Бұл антты Әбілмәмбет пен Абылайдан В.Н. Татищев болды. 1748 жылы Ор бекінісі маңында Әбілқайыр мен Тевкелевтің кездесіп, екі арадағы қатынасты қалпына келтірді. Сонымен Кіші жүз бен Орта жүздің 399 өкілі Ресейге қарайтындығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алайда, осы шарттан кейін де Ресейге Кіші жүздің біраз бөлігі, Орта жүздің тек аз бөлігі кірді. Ал, солтүстік-шығыс және орталық Қазақстанның негізгі аймақтары Ресей құрамына тек XIXғасырдың 20-40 жылдарында ғана, патша өкіметінің әскери-саяси күш көрсету нәтижесінде қосылды.

32. XVIII-XIXғ.қазақтардың әлеуметтік топтары мен категориялары

Қазақ қауымның XVIII-XIXғ. Орта шені аралығындағы қоғамдық топтарға бөлінуіне жеке адамдардың «ақ сүйек»және «қара сүйек» дегендерге жатқызылуы ерекше тән болды. Бірінші әлеуметтік топ қоғамдық қатынастар құрылымында өздерінің әлеуметтік оңашаланғандығы мен жоғары қоғамдықмәнділіктеріне қарай сырттан ешкім өте алмайтын жеке адамдардың артықшылықтармен пайдаланатын жабық корпорациясы тұрғысында танылды. Оларға екі ақсүйектік топ – төрелер мен қожалар жатты. Көшпелілердің екінші бір іріктелген қалаулы тобын мұсылман діні қызметкерлерінің сословиесі – қожалар құрды. Мұрагерлік артықшылықтарымен пайдаланатын қожалар қазақ қоғамының рухани өмірінде маңызды рөл атқарды. Қожалардың көшпелілер қоғамындағы саяси ықпалы шамалы болды, міне, мұның өзі ислам дінінің далаға әлсіз тарағанынан-ақ байқалады. XVIII-XIXғ. Орта шеніндегі Қазақстанда батырлардың – әскер көсемдері әлеуметтік тобының үлкен беделі мен саяси ықпалы болды. Көшпелілер қоғамының үстемдік етуші бөлігін құрайтын әр түрлі сословиелік топтарымен және ерікті қауымдастармен қатар Қазақстанда тәуелді халықтар категориялары – құлдар мен төлеңгіттер өмір сүрді. Төлеңгіттер деп сұлтандар сословиесіндегі қызметтерде жүретін адамдарды атады. Бұл әлеуметтік топтың шығуы жоңғарлармен тартысқа және екі арадағы көп жылғы соғысқа байланысты болды, сол кездері жоғарғы үкімет пен олардың өкілдері – сұлтандардың «әскери міндеттерді атқаратын» адамдарға деген сұраныстары арта түсті.

35 Қазақ халқының этногенезі. «Қазақ» термині.

«Қазақ» термині туралы ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер бар. Оның ішінде XI ғ қыпшақтар мекендеген аймақта «еркін, көшпелі» дегенді білдіретін «қазақ» сөзі п.б деген дәлелді пікір айтылады.Монғол шапқыншылығы нәтижесінде өыпшақ тайпаларының әжептәуір бөлігі Дешті Қыпшақ даласынан тысқары жатқан аймақтарға ығысты, бұл «қазақ» сқзінің кең таралуына мүмкіндік берді. XIV ғасырдың бас кезінде Қазақстан аумағында п.б дербес мемл.дің, оның ішінде Ақ Орданың еріктілерін «қазақ» д.а. Олардың басын біріктіруде қыпшақтардың жергілікті этникалық тобы ерекше рөл атқарды. «Қазақ» термині XV ғ екінші жартысынан этникалық мінге ие болды. Жәнібек пен Керей хандығының нығайуына байланысты оның қол астындағы халықтардың бәрі қазақтар д.а болды.Сөйтіп, XV ғ екінші жартысынан бастап бұл термин біртіндеп этникалық мәнге ие болып этноним ретінде қолданыла бастады.«Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы:Тарихшы Бартольд: «өз мемлекетіне, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам».М.Ақынжанов: «қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан».XII-XV ғғ түркі тілінже жазылған деректерде: «еркіндік аңсаушы, батыл» мағынасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше, «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері - Шығыс Дешті Қыпшақ.Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245 ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.

33 Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі(1783-1797)

Көтерілістің алғышарттары: кіші жүзде биліктің әлсіреуі. Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы; Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Уфа басқармаларына бағындырылуы; Орыс помещектері мен Жайық казак әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі. Көтеріліс аумағы; Еділ Арал теңізі. Көтерілісшілер басты мақсаты: 1) ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру. 2) Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату. 3) Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек қою. 1783 ж күзі батырдың Орал казак әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды. 1783ж тұтқынға түскен Сырымы жездесі Нұралы хан 1784ж көктемде оны тұтқыннан босатып алады. Қазақ жасақтары төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісі төңірегінде шайқасты. Патша үкметімен бірлескен Нұралы ханның көтеріліске қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты. Патша үкіметі көтерілісті басу үшін бірнеше жазалау отрядтарын жіберді. Олар Смирнов, Колпаков және Пономарев, Назаров жазалау отрядтары. 1785ж Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. Ол 1786ж көктемде Орал әкери шебіне қашып тоналды. Кіші жүзді одан әрі отарлауды ойлаған Игельстром өзінің жобасын ұснады. Оның жобасы бойынша Кіші жүздегі қазақтарды билеуді Шекаралық сотқа ұсынылады. 1787ж Кіші жүзде патшаның әкімшілдік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды. Бұл тұста Сырым патша үкіметін қолдамады. Осы кезеңде Ресейде Покановтар әулетіне қарсылық басталып, Игельстром реформасы уақытша тоқтатылды. 1792ж Сырым Ресей империясына күрес жариялады. 1797ж 17 наурыз Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді. 1797ж Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802ж Хиуада қайтыс болды. Бұл көтерілістің жеңілу себептері: Қазақ феодалдары мен старшындық топтар арасындағы алауызық; руаралық қайшылықтар, көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы.Тарихи маңызы: ірі халықтық сипаттағы қозғалыс, қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс. Көтерілістің нәтижесі: 1801ж патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.

34 М. Хайдар Дулати және оның «Тарихи Рашиди» еңбегі

Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати1499 ж дүниеге келген .Оның әдеби бүркеншік аты Аяз. Дулат тайпасынан шыққан МХД тыңғылықты білім алып,түрік,араб,парсы тілдерін еркін меңгерген.Ол сонымен қатар,жан-жақты, жарқыраған таланты тұлға,адуынды ақын,көркем сөзді төгілдірген әдебиеттші,үлкен дипломат,ұлы жорықтарды сәтті басқарған кемеңгер қолбасшы,зергерлік туынды жасаудың қас шебері,шебер қолөнерші,сауытты,қару жарақты жасаудың білгірі,тамаша суретші,асқан ұста ж/е құрылысшы. Ол Моғолстан мен оған іргелес облыстардың тарихы жөнінде аса құнды түп нұсқа болып саналатын – «Тарихи Рашидидің», «Джавияннаме» дастанының авторы. 1541-46ж Кашмирде «Тарихи Рашидиді» жазды. Ол бұл таихи еңбегі дулаттардың өткені жайлы ұрпақтан ұрпаққа жеткен әңгімелер, моғолдардың аңыздары, моғол хандары сарайында сақталған ресми құжаттар, оқиға куәгерлерінің айтуы және өз байқағандары негізінде парсы тілінде жазды. Автор өзінен бұрынғы бегілі ғалымдар Жувейнидің, Жамал Қаршидің; Рашид ад Диннің, Хабдолла Казвинидің және т.б тарихи шығармаларын пайдаланды. «Тарихи Рашидиде» Қазақ хандығы құрылғанға және одан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті қыпшақағы оқиғалар, Моғолстанның құлауы соғыстар, сыртқы жауға қарсы қазақтардың қрғыздармен және өзбектермен достық одағының қалыптасуы т.б жайлы көптеген мағлұмат берілді. Шығармада 15-16 ғасырдағы Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы, қала және егіншлік мәдениеттері Жетісудың тарихи географиясы туралы, орта ғасырлардағы Қазақстан жайлы құнды деректер бар. Бұл шығарманы 16-19ғ көптеген авторлар өз шығармаларында пайдаланды.

39.Көшпелі өзбектер мемлекеті

XVғ 20жыл Қазақстанның орталық, батыс, және сотүстік батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428ж Шайбан ұрпағы Әбілққыайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті Қыпшақ бытыраңқы тайпаларының басын қосып «Көшпелі өзбектер» мемлекетін құрды. Территориясы: батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерлерді алып жатты. Астанасы Тура, Орда базар, Сығанақ. Халқы өзбетер деп аталған түрік тайпасы. Елді 40 жыл билегенмен, мемлекеттің ішкі саяси жағдайын Әбілқайыр ұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін толассыз соғыстар болды. Әбілқайыр хан өз билігін нығайтып, жаңа жерлер қосып алу үшін көптеген соғыстар жүргізіп 1430ж Тобыл өзені бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожа ханды жеңді. Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. 1446ж Мұстафа ханды тізе біріктіреді. XV ғ 50 ж Көшпелі өзбектер мемлекетінен Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған бір тобы Моғолстанға көшіп кетті. Оларды жазалау үшін Әбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды.

36Ақ орда мемлекеті

Қазақ жеріндегі Монғол империясының ыдырауына байланысты,жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда болды.Солардың бірі –XIII ғ мен XVғ басында ШығысДешті Қыпшақта өмір сүрген Ақ Орда мемлекеті.Ақ Орда- Қаз аумағында монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемл.Орталығы Сырдария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан Сығанақ қаласы.АО аумағы Жошы ханның екі баласы Орда Ежен мен Шайбан хандардың жерін қамтыды.АО Жайық өзенінен Бат Сібір ойпатына дейінгі,Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығындағы кең-байтақ аумақты алып жатты.АОжергілікті түрік тілдес тайпалардан құрылған патриархалдық-феодалдық мемл.XIV ғ 2-жартысында Ерзен мен Мүбарак хандар тұсында АО Алтын Ордадан бөліне бастайды,әсіресе Орыс хан кезінде Алтын Ордадан мүлде оқшауланады.Мүбарак хан 1327-1328 жж өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады.Алтын Орда билеушілері бұл жағдайға қарсы болып,Өзбек пен Мүбарак хан арасындағы күресте Мүбарак жеңіліске ұшырап,қырғыздар жері мен Алтайға кетуге мәжбүр болады.XIVғ Алтын Ордада Өзбек ханның баласы Жәнібек кезіндегі аласапыран төңкерісті дер кезінде пайдаланған Орыс Ақ Орда билігін өз қолына алып,мемл.тің күш-қуатын нығайтады.Хан1368-1369жж өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтыртады.Ол 1374-1375жж Еділ бойына қарай жорық жасап,Алтын Орданың астанасы Сарайды,Қажы-Тарханды алып,Кама бұлғарларын бағындырады.Бірақ Алтын Орда билеушісі Мамайды жеңе алмайды. Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды. Әмір Темір Тоқтамысқа қару-жарақ беріп,АОны басып алуға жібереді.Бұл жорықтан еш нәтиже шықпағандықтан,ӘТ Орыс хан мен оның баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін Тоқтамысты АО тағына отырғызып,Алтын орданы өзіне тәуелді етті.Бірақ Тоқтамыс Орыс ханның 2-ші баласы Темір Мәліктен Сауран түбінде жеңіліске ұшырайды. Тоқтамыс1380 жылдан бастап Алтын орданың бірқатар жерін өзіне қаратып,Мамай ордасын басып алады.1391-1395жж ӘТ жасаған аса үлкен үш жорықтан кейін Алтын орда тас талқан болып қиратылды. 1423-1428жж Ақ ордада Орыс ханның немересі Барақ билік құрып,Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасады.Алайда 1428ж Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Жошының Шайбани әулетінің ұрпағы Әбілқайыр ханға тиеді.Ол Ақ орданың біраз жерін жаулап алып,өз хандығын құрады.АО өмір сүруін тоқтатады.

37.Моғолстан мемлекеті

Мемл.-ң саяси басшысы ж/е жер-судың жоғары иесі хан болған. Басқару ісінде ханға ұлыс бегі көмектесті(дәстүр б-ша ол дулат тайпасы әмірлерінен таңдалынып отырған), хан жанында ақсүйектер кеңесі болған. Басқа аймақта алым-салық жинау мен әскери күшті ұйымдастыру күшейді. Моғолстанда мемл.-ң саяси бағыты, жердің ең жоғарғы билеушісі хан болды. Жерді ақсүйектер шартты түрде иеленді. Моғолстан ХІVғ-дың ортасы мен ХVІғ-дың басына дейін өмір сүрді. Моғолстанды белгілі Дулат тайпасының әмірі Болатшы бастаған ақсүйектер Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді жаңа мемл-тің ханы етіп сайлайды. Астанасы – Алмалық. Темір шапқ.-ғы Моғолстанның титығына жетті. Алғашқы хандар Тоғылық-Темір, Ілияс Қожа Мәуереннахрда Шағатай әулетінің билігін қайта орнатпақ болып әрекеттенді.70-80жж Қызыр Қожа хан Дулат әміршісі Қамар ад-Динмен және Темір шапқ-на ұзақ та қажырлы әскери қимыл жүргізді. Мұхаммед хан тұсында Моғолстан Темір ықпалынан құтылды. Шу мен Таластағы біраз жерді қайтарды.Моғолстанға шығыс жақтан ойраттар (Орта Азия деректерінде оларды қалмақтар деп атаған) шабуылы жиілей түсті. Уәйіс хан олармен қанды шайқастар жүргізді. ХVІғ-дың басында мемл. талас-тартыстан құлдырады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары ХVІғ-дың 60-жылдары құрылған қазақ хандығының құрамына енді.Көшпелі аудандарда жер қауымның меншігінде деп есептелген. Бірақ мал алпауыт ақсүйектерінің қолында болған(деректер тіпті жүздеген мың санды малға бір адамның қожалық еткенін айтады). Осы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің барлығы шын мәнінде солардың қарауында болған.

ХІVғ-дың 60жж соңында Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Әмір Темірге қарсы саяси одағы құрылды. Бұл одақ Ақ Орда мен Моғолстанның әскери күшін ортақ жауға қарсы жұмылдыру арқылы Шығ. Дешті Қыпшақ және Моғолстан халықтарын ауыр апаттан құтқарып қалды. Назар хан өлген соң оның балалары билік үшін тартысты бастады.

Хандары: Тоғылық-Темір (1348-1360) ;Қамар ад-Дин Дулати (1360-1388); Қызыр Қожа (1389-1399); Мұхаммед хан (1408-1416); Уәйіс хан (1418-1428); Есенбұға хан (1433-1462); Жүніс хан (1462-1487); Сұлтан Ахмет (1484-1506); Махмуд хан (1487-1508) Рашид хан (1533-1565)

38.Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы

Қазақ хандығының ішікі және сыртқы жағдайын жете білуге тырысқан патша үкіметі хандық билікті сақтай отырып, қазақтардың ішкі істеріне араласа бастайды. 1781ж Орта жүзге Уәли хан болып бекітілді. Уәли ханмен қатар оның билігін кішкене белгілі бір шекараларда ұстау үшін Кіші Ордада 1781ж Орта жүзге Уәли хан болып бекітілді. Уәли ханмен қатар оның билігін кішкене белгілі бір шекараларда ұстау үшін Кіші ордада 1815ж Бөкейді хан тағайындады. 1817ж Бөкей, 1819ж Уәли қатыс болғанна кейін, Орта жүзге хан тағайындалмайды. Қазақстанның Ресеймен Рота Азия хандарының және Қытай аралығында геосасяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822ж « Сібір қырғыздары туралы», 1824ж «Орынбор қырғыздар туралы» жарғына қабылдайды. Ресейдің хндық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар әрбір мүмкіндікті пайдаланып, ал ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды,, билермен батырларды бір біріне айдап сла отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды. 1822-1824ж жарғының қабылдануымен Орта және Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сперанский олған, Сібір қырғыздары туралы жарғы бүкіл Орта жүздің өңірін қамтыса, авторы Орынбор әскери губернаторы Эссен болған Орынбор қырғыздары туралы жарғы Кіші жүз территориясына тарады. «Сібір қырғыздары туралы» жарлығы бойынша Орта жүз террториясы Сібір қырғыздарының облысы аталып, Батыс Сібір генерал губернаторлығына бағынатын болдщы да орталығы Тобыл болды. Хандық билік жойылғаннан ткейін Оңтүстік Батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округте біріктірілді., ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құру. 1838ж қарай сыртқы округ құрылды: Қарқаралы, Көшетау, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті.

40.Қаз/ң ертеортағасырлық қалалары мен тұрақтары(ҮІ-VІІІғғ)

Қазақстанның ұланбайтақ жерінде ежелгі замандардан бері отырықшылық, ал орта ғасырдан бастап қалалық өмір-тіршілігі дамыған ірі-ірі тарихи-мәдени аймақтар бөлініп көзге түседі. Солардың бірі Оңт.Қаз. мен Жетісу болады. Оңт.Қаз. жерінде Сырдария алқабы айрықша орын алады. Сырдарияның ежелгі атын гректер Яқсарт деп жазып қалдырыпты да, тек VI ғ.бастап оның әу бастағы аты- Сыр қайтадан көпшілікке тарайды. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб, Газирид, Шараб, будухкет, Отырар және Сауран тіәрізді ірі қалалар бой көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мұнда көптеген тауарлар өндірілді, бұл жерден маталар, қару жарақтар, мыс пен темір тасылды. Талас алқабында ірі қалалар Тараз пайда болды. Ол Viғ өзінде ақ белгілі болды. VII-XIIIғ қала мәдениеті тек оңтүстікте және оңтүстік шығыста ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды. Сырдарияның төменгі ағысында Ашнас, Янгикент, Сығанақ, Жент, Нұра, Жезді өзендерінің бойында 78 қаланың орны табылды. Ертіс өзенінің алқабында 16 қимақ қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан Қимақ қалалары қағанаттың астанасы болған. Сығанақ Дешті қыпшақ үшін сауда орталығы, алғақы қазақ билеушілердің басты тірегі. Жетісуда екі тарихи-мәдени аудан айрықша көңіл аударады. Оңт. Батыс Жетісу, оған Шу мен Талас алқаптары, Терістік-Шығыс Жетісуы, оған Іле алқабы енеді. Археологиялық зерттеулер арқылы Қазақстанның оңтүстігінен VI-VIII ғғ. Қатпарындағы 25 қалажұрт белгіленеді, оларды қалалар қалдығы деп атауға болады. Олардың бірсыпырасының аттары белгілі: Испиджап, Шараб, Отырар, Шавғар. Бұл қалалардан бірден көзге түсетіні: арқ (қамалсарай), шахристан(ішкі қала) ж/е рабад (қала маңы).Жетісудың оңтүстік-батысында археол-лық мәліметтерге қарағанда, 27 қалажұрты бар деп есептеледі, олардың көпшілігі шежіреге енген Тараз, Құлан, Атлах, Джамукат, Мерке қалалары болар деп болжалынады. Жетісу қалаларының Оңт.Қаз. қалажұрттарынан бір өзгешелігі-оның топографиясы өзгеше: оларда қаланың қамалсарай мен шахристаннан тұратын орталық бөлігі ж/е ұзын дуалмен қоршалған қала маңының жері болады. Олардың мәдениеті бүкіл ортаазиялық-қазақстандық аймақтың ерте ортағасырлық мәдениетінің құрамдас бір бөлігі болған.

41XVII-XVIIIғғ қазақ жоңғар қарым қатынастары

XVIIIғ қазақ жеріне әсіресе қауіп төндіргені жоңғар мемлекеті. Жоңғар қоңтайшысының басты мақсаты: қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру; қазақ жерін иемдену. XVIIғ соңы XVIIIғ басы жоңғар әскері Жетісудың бір бөлігін жаулап, Сарысу өзені алқабына дейін жетті. 1718ж Аягөз шайқасы өтті. Қабанбай мен Жауғашар батырлардың басшылығымен алғашқы екі күнде жау талқандалды. Шайқастың үшінші күні Әбілқайыр мен Қайып соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Осыны пайдаланып, жоңғарлар жеңіске жетті. 1722ж Цинь императоры Канси өлгеннен кейін, Жоңғария барлық әскерін қазақ даласын жаулауға бағытттады. 1723ж Цеван Рабдан 70мың әскерімен қазақ өлкесін ойрандады. Бұл, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама қайғысының бастамасы еді. Жоңғар қысымымен қазақ ауылдары іргелес аудандарға көшті. 1725ж жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулады. Хандар мен сұлтандар осы ауыр күндерде басқыншыларға қарсы күресті ұйымдастыру орнына, билік үшін таласып, өзара қырқысты. 1726ж Ордабасы жиыны өтеді. Үш жүздің жасақтары жиналып, жаңа соққы беру жөнінде келісімге келді. Әбілқайыр бас қолбасшы болып сайланды. Сөйтіп, Торғай даласында Бұланты өзенінің жағасында қазақтар жеңіске жетеді. Бұл жер кейіннен «Қалмақ қырылған» деп аталады. Бұл шайқастың тарихи маңызы: қазақ халқының әскери моральдық рухы көтерілді, қазақ халқының Солтүстік Батыс азат етілді. 1729ж «Аңырақай шайқасы» өтеді. Балқаш көлінің оңтүстігінде. Әбілхайыр басшылығымен қалмақтарға күйрете соққы беріледі. Бұл ұрысқа Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып қатысты. Болат ханның қазасынан кейін Әбілхайыр мен Сәмеке аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды. Нәтижесінде: Әбілхайыр өз әскерін кіші жүзге Сәмеке әскерін Орта жзге алып кетеді.

44.А.Құнанбаев және қазақ қоғамының мәселері

XVIII-XIX ғ ақын жыраулар поэзиямен қатар шығыстың ақындық дәстүр үлкен алды. Қазақтың дастандары араб парсы әдебиетімен, фольклорымен байланыста болды. Абай қазақтың классикалық әдебиетіне дастандар алып келді. («Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі»). Абай Құнанбайұлы өзі туған ортадан шоқтығы биік тұрды. Оның пікірінше, әрбір ойлы адам қоршаған өмір шындығына өзінің саналы көзқарасын қалыптастыруға тиіс. Абайдың бүкіл шығармашылығы әрекетсіздік пен жалған ұятқа деген ымырасыздық идеяларына толы. 1886 жылы жазылған "Жаз" деген өлеңінен кейін, Абай шығармашылықпен айналысты. Ол Пушкинді, Лермонтовты аударды. "Білім таппай мақтанба", "Болыс болдым, мінеки", "Бойы бұлғаң", "Көзімнің қарасы", "Қыс" деп аталынатын өлеңдері, оның шығармашылғының сан қырлылығын танытса, ал 40-тан астам қара сөзбен жазылған "Ғақлиясы" оның ірі философ-гуманист екендігін дәлелдейді.Ол ел ішінде бірлік пен татулық болғанда ғана қоғамның негізгі күштері ғылым, алдыңғы қатарлы идеялар, мәдениет толық көлемінде көлемде қамтылған. Қоғамды алға дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Яғни, бұл егіншілікті, қолөнерд, сауданы дамытумен тығыз байланыстырылды.

42.1867-1868жж.реформалары және оның салдарлары

1867ж 11 шілде «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. 1868ж 23 қазан «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. 5сатылы басқару жүйесі құрылды. Полиция, әскери бөлімдер, уезде, мекемелер, бекіністер уезд бастығына бағынды. Олардың қолында әкімшілік және полейцилік билік шоғырланды. Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың ұсынуы бойынша генерал губернатор тағайындалды. Ол барлық әскери және азаматтық билікті өз қолына алды. 1870ж Маңғыстау приставы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына енгізілді. 1877ж Бөкей хандығы Астрахань губерниясына бағындырылды. Түркістан генерал губернаторлығына Қытай, Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізге рұқсат етілді. Облысты басқармалар ұйымдастырылып, оны вице губернатор қадағалады. Басқарма үш бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот, жарлықты іске асыру. Әкімшілік басқару әскери сипатта болды: 1) облыс басқарушысы әскери және азаматтық билікті қатар жүргізді. 2) Болыс басқарушысы полицейлік билікті иеленді. Реформаның басты қағидасы әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы. Қоғамда әскери уездік соттардың ролі басым болды. Әскери губернаторлар бекіткен билер мен қазылар сты отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны. Сот ісіндегі басты өзгеріс ескі шариғаттың салттардың шектелуі. Реформа нәтижесінде: отарлық басқару күшейді, қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болды. Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды. Осы реформаның салдары:

  • 1868 ж-1869 Орал мен Торғайда көтеріліс отаршылдыққа қарсы антифеодалдық сипатта болды. Негізгі жетекшілері С. Түркібайұлы және Б.Оспанұлы. Көтерілсті басқаруға артықшылықтарнан айырылған рубасылары қатысып, кеейін көтерілістің бұқарасының, таптың бағытынан сескеніп ауытқыды.

  • 1870ж Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі: Көтерілі жетекшілері: Д. Тәжіұлы мен И. Тіленбайұлы. Көтеріліс себебі: 40 мыңдық шаңырақтан тұратын Адайруы екі жылда 160000сом салық төлеуге тиіс болды. Ал көтеріліске түтрткі болған жағдай жазаушылардың адайлықтар мекеніне жақындауы.

43.Қазақ хандығының құрылуы

Қазақ хандығының шығуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісудың ж/е Түркістанның кең байтақ жерінде етек алған әлеуметтік-экономикалық ж/е этно-саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Қазақ хандығы өзінің ең жоғары қуаттылығына XVIғ. бірінші ширегінде, әсіресе Қасым хан тұсында жетті. Бұрындық пен Қасымнаң өзара қарсыласуының кезінде-ақ Мұхаммед Шайбани қазақ жеріне бірнеше жорықтар жасады. Қазақ сұлтандары да Түркістанның оңтүстік өңірінің қалалары мен Маураннахрға шапқыншылықтар жасап отырды.

Қасым қайтыс болғаннан кейін,20-жылдары Жошы әулеті сұлтандарының өзара талас-тартыстары Қазақ хандығын уақытша әлсіретіп тастады. Өзара тартыста Қасымның мирасқоры Мамаш хан қазаға ұшырады. Хандық тыныс-тіршілігінің қолайсыз факторына өзбек ж/е моғол әкімдерінің қазақтарға қарсы одағын да жатқызуға болады. Сырдария бойының қалалары қолдан кетті, Түркістан уәлаяты Шайбани Убайдаллах сұлтанның қол астына өтті. Қазақ ханы Таһир(1523-33жж.) Ноғай Ордасымен шайқаста сәтсіздікке ұшырады, Сырдария бойы қалаларын қайтарып алмақ болған оның әрекетінен түк шықпады.Сөйтіп, хандықтың шекаралары хандардың тек әскери ж/е дипломатиялық қабілетіне н/е соғыстағы жеңістері мен жеңілістеріне ғана емес, сонымен бірге, негізінен алғанда,сыртқы саяси ахуалға да байланысты өзгеріп отырды. Оның үстіне қазақтардың бір бөлігі қалып қойып, көрші мемлекеттер мен солардың әкімдеріне бағынышты болды. Түркістан аймағында тұрған қазақтар өзбек ханы Бараққа, оның ұлы Баба сұлтанға бағынды. Өзге басқарушылардың билеп-төстеуіне, әсіресе, далалық кеңістіктердің көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халқы жиі өтіп тұрды.

Тәуке хан билік еткен кезеңде (1680-1718) Қазақ хандығының нығайтылуы, қазақтардың қырғыздармен ж/е қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын уақытша бәсеңдетті. Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тіршілігінің бірте-бірте сөнуінің басты себептерінің бірі болды. Жоңғарлардың шапқыншылығы маңызды сауда жолдарын кесіп тастады, бейбіт халықтың шаруашылығына үлкен зиянын тигізді.

45. Шоқан Уәлиханов және оның еңбектерінің маңызы.

  • Тұңғыш ғалым-зерттеуші, саяхатшы Шоқан Уәлиханов (1835-1865) 1847-1853 жылдары Омбыдағы Кадет корпусында оқыды. Кадет корпусын бітіргеннен кейін оны Сібір казак әскерінде қызмет атқаруға жіберді. Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарында оның адъютанты бола жүріп, Шоқан халық ауыз әдебиетін жинап, жазып алды. 1856 жылы Ш.Уәлихановтың ірі ғалым, географ П.П.Семеновпен танысуы, оның кейінгі шығамашылық өміріне зор ықпал жасады. Сол жылы ол Алакөлден Орталық Тянь-Шаньға қарай Ыстықкөл көліне: дипломатиялық тапсырмамен Құлжаға сапар шеккен екі экспедицияға қатысты. 1857 жылы Ш.Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да барып, қырғыз эпосы "Манасты" жазып алады, халықтың ауызекі әдебиетін зерттейді. Ыстықкөлге экспедициясы нәтижесінде, Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл сапарының күнделігі", "Қытай империясының батыс шет аймағы және Құлжа қаласы", "Қырғыздар туралы жазбалар" атты еңбектерін жариялады. 1857 жылы Орыс Географиялық Қоғамының толық мүшесі болып сайланды.1858 жылы Ш.Уәлиханов Қашқарияға Марко Поло мен Геостан (1603) кейін, бірінші болып барды. Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің маңызды нәтижелерінің бірі ретінде “Алтышардың немесе қытай провинциясы Нанлуидің(Кіші Бұхария) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы” ірі еңбегін айтуға болады. Бұл Ш.Уәлихановтың сол заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, географиясына, әлеуметтік құрылысына арналған тұңғыш еңбегі. Осы еңбектің көлемді, терең де жан-жақты зерттеулеріне қарап, оны отандық ғылымға қосылған зор үлес деуге болады.1860 жылы Шоқан Соғыс министрінің шақыруымен Петербургқа келіп, мұндағы ғылыми ортамен танысты.1865 жылы наурызда өкпе ауруынан қайтыс болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]