Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шпор.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
461.31 Кб
Скачать

48.Хviii ғ. Қазақстанның ішкі саяси жағдайы.

17-ғ.дың ақыры мен 18-ғ.дың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға тап болды. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-феодалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс пен алауыздық туып ұлғая берді. Қазақ хандығы өз ішінен үш жүзге жіктелінетін еді. Бұл дәуірде әр жүзді билеген кіші хандар үш жүздің ұлы ханына сөз жүзінде бағынғанымен , іс жүзінде өз алдына жеке саясат жүргізе бастады. Әрбір жүздің қарауындағы ұлыстарды билеген сұлтандар да дербестікке бой ұрды. Саяси берекесіздіктің экономикаға тигізген зардабы күшейіп, жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар бұрынғыдан да әлсіреді, жоңғар феодалдарының шапқыншылығы салдарынан көшпелі және жартылай көшпелі аймақтармен қала-қыстақ арасындағы шаруашылық байланыс және сыртқы базалармен сауда-саттық байланыс үзіліп қалып отырды. Бұл жағдайлар халықтың шаруашылығы мен тұрмысына қыруар қиыншылықтар туғызды. Елдің экономикалық өмірінде үлкен рөл атқарып келген оңтүстік Қазақстандағы қолөнер мен сауда орталығы болған қалалар құлдырап кетті.

Қазақ хандығы жағдайының қалыптан тыс ауырлауына ішкі алауыздықпен бірге сыртқы шапқыншылық себеп болды, бұл мезгілде қазақ жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісті.17-18 ғ.да жоңғар феодалдары Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Тәуке батыл күрес жұмсау үшін қажырлы қайрат жұмсады. 1718ж. Тәуке хан қайтыс болды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады. Қазақтың феодал шонжарлары арасындағы алауыздық хандыққа таласқан өзара қырқысқа айналды. Тәуке орнына отырған Болат ханның тек атағы ғана болды. Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді: орта жүзді Сәмеке хан мен Күшік хан биледі. Ұлы жүзді Жолбарыс хан биледі, кіші жүзді Әбілхайыр биледі. Бұл хандарға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар да дербестікке бой ұрды. Ең беделді деген Әбілхайыр ханның билігі де кіші жүзге тұтас жүрмеді. Барақ сұлтан мен Қайып сұлтандар өз иеліктерін жеке басқарды. Бөлшектенген бытыраңқы хандар мен сұлтандар жауға қарсы күш біріктіре алмады. Оның үстіне өзара қырқысып жауласып отырды. Осыны пайдаланған жоңғар феодалдары үртіс-ұдай шабуыл жасап, жеңіске жетіп отырды.Қазақтардың жеңіліске ұшырау себебі қазақ хандары арасындағы феодалдық тартыстан болып отырғандығын. 18-дың 20-жылдарында қазақ хандығының бөлшектенуі және қазақ жоңғар қатынастарының шиеленісуі қазақ халқын қатты күйзелтті.

49.Жүздер және қазақ халқының ру-тайпалық құрылымы (XV-xiXғғ.)

Жүздердің құрылған уақыты мен механизмі белгісіз. Жүз – тарихи-шаруашылық және географиялық аймақ, белгілі рулық топтың территориясы. Жүз- бөлік, тарап мағынасын білдіреді. Үш жүз географиялық орны мен климатының айырмашылығымен ерекшеленеді. Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді:

  • Ұлы жүз. Территориясы – Жетісу мен оңтүстік Қазақстан.Рулары-үйсін, дулат, албан, суан, жалайыр, шапырашты, қаңлы, сіргелі, ысты, ошақты т.б.

  • Орта жүз. Территориясы – Орталық және Солтүстік-Шығыс Қаз. Рулары- қыпшақ, арғын, найман, керей,қоңырат, уақ т.б.

  • Кіші жүз. Территориясы – Батыс Қаз. Рулары- алшын, адай, төртқара, жағалбайлы, табын, тама, байбақты, қаракесек, т.б. Кіші жүзді үш негізгі рулық одақтар

құрайды: Жетіру, Әлімұлы, Байұлы.

Алаш – ертедегі түркі тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]