Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шпор.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
461.31 Кб
Скачать

1245 Жылы араб графикасымен жазылған «Треджуман түркі уа-араби» кітабында шамамен 2,5 мыңдай сөз енгізілген

1310 жылы жазылған «Қисса Рабзиди» еңбегі аңыздар мен әңгімелерден тұрады. XIV ғ-ң 30-ж. Алтын Ордада түркі тіліндегі әдеби ескерткіш «Хұсрау уа Шырын» жазылды.1353 ж.Хорезмидің қыпшақ және парсы тіліндегі «Мухаббатнаме» жазылды.

XIVғ. аяғы –XVғ.басында «Едіге батыр» эпосында Едіге мен Тоқтамыс арасындағы күрес баяндалады. «Ер Саян» эпосында Батый хан жетістіктері мадақталады. XIV-XVғғ. «Қобыланды батыр» эпосында қара қыпшақ Қобыландының қызылбастармен соғысы баяндалады.Осы кездері «Алпамыс» н/е «Алып Манас» батырлық эпосы шықты. Күйлер: «Ескендір», «Қамбар батыр», «Шора батыр».XIV-XVғасырлардағы сәулет өнеріндегі ерекше туынды – Ахмет Йассуи кесенесі (Түркістан қаласы) Ғимарат 1369-1404 жж. шебер Қожа Хасан Ширази басшылығымен Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Орталық залдың төңірегінде әр түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме бар.Кесенедегі үлкен тайқазанды құйған шебер Абд Әл-әзиз.

52 XV-XVIII ғ. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті.

XV-XVIII ғ. Қазақ халқының өзіндік ерекше мәдениеті өркен жайды. Қазақтардың үйлер салу, оның жасауы мен салт-дәстүрлері көркем өнерлік кәсібі және халық ауыз әдебиеті мен шығармашылығы түріндегі мәдениеті өмірге сіңіп орнықты. Оларды Қазақстан жерінде мекендеген бұрынғы тайпалар мен халықтардың мәдениет байлықтары табиғи түрде қабылданды. Сығанақ пен Сауранның, Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның кеселері, Сырдария алқаптарындағы мазарлар өзіндік сәулет сипатымен ерекшеленеді. Үй кәсібімен қоданбалы өнер бұйымдары ат әбзелдерінің, киіз үй жабдықтарының нәзік оюланған заттары, шебер істелген үй жасау бұйымдары, үй іші тұрмысында ұсталатын заттар: кілем, киіз, кестелер және т.б. Әйелдердің сәндік киімдері мен әшекейлері – міне осылардың барлығы халықтың өзіндік дәстүрлі мәдениетінің жоғары болғанын дәлелдейді. Бұл кезде қазақтардың суырып салма ақындық өнері кеңінен дамыды “Қобыланды батыр”, “Ер тарғын”,”Қамбар батыр” т.б сияқты ерлік істер туралы халық ауызындағы жырлар, “Қозы Көрпеш- Баян Сұлу”, “Қыз Жібек” т.б әлеуметтік-тұрмыстық дастандар ұпақтан-ұрпаққа дамып отырды, әдет-ғұрып өлеңдері мен ертегілері қиылыстырылып шығарылып жатты.

53 Патшалық Ресейдің қоныстандыру саясаты. Жер мәселесі(XX ғ басы).

1861ж басыбайлық құқық жойылғанмен, 70-жылдан бастап Ресей орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударта бастады. Қоныс аудару саясаты негізгі 3 кезеңнен тұрды: 1. XIXғ 70-80 ж аралығы, 1889ж 13шілде жарлыққа дейін; 2.XIXғ 90-жылынан 1905-ке дейін. 3. 1906 жылдан 1916 жылға дейін.

1 кезеңде патша үкіметі өз еркімен қоныс аударғандар жағдайын реттеу мақсатында бірқатар жеке заң актілерімен, нұсқаулар қабылдады.Мәселен, Жетісу облысы әскери губернаторы Колпаковский бастамасы бойынша Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы “Уақытша ереже” әзірленді (1868-83). Бұл ереже бойынша 30 десятина жер беру, 15 жылға алым салықтан босату, 100 сом мөлшерінде көмек беру көзделді. Кейіннен орыс шаруалары бұл жерлерге қоныстанғаннан кейін бұл жеңілдіктер біршама қысқартылды. Ал 1985 ж Жетісу жеріне қоныс аудару мүлдем тыйым салынды. Осы қоныстандыру саясатында қазақтардан көп жер алынды.Мыс.,Ақмола облысында 24779 десятина жер тартып алынды. Қазақтардың үлес салмағы күрт азайып, шұрайсыз жерлерге ығыстырылды.

1881-1883ж Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударды. Қ-да барлығы 45000 ұйғыр, 5000 дүнген келді. Қоныстандырушылардан жаңадан 5 болыс: Жаркент, Ақсу-Чарын, Малыбай, Қорам, Кетпен болыстары құрылды. Бұл болыстардың басшылары болып Іле аймағындағы басшылар сайланды.

54XV-XVIII ғғ қазақ халқының рухани мәдениеті. Тіл, дін, ақын жыраулар шығармашылығы.

Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәден. Маңызды бір саласы – қазақ шежіресі екені анық. Өазақтың байырғы салт дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуі қажет. “Жеті атасын білмеген жетесіз” делінді. Ру, тайпа, жүздерге жақсы ажыратқан адамдарды халық арасында құрмет тұтып, шежірешілер д.а. Сол сияқты 18ғ “ақындар поэзиясы ғасыры» деп аталды. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте құнды мұралары – ақын жыраулардың өлең жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл күйі салт санасы сол дәуірдің рухы бейнеленді. 18ғ танымал болған Ақтамберді,Тәттіқара, Үмбетей, Бұхар секілді жыраулар өз өмірінде қазіргі таңға дейін маңызын жоғалтпаған ұшан теңіз жыр шығару Бұхар жырау тәуелсіздікті сақтау, нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең толғаулар шығарған, қазақ ханы Абылайды қолдап әр түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың бір орталыққа бағынған күшті мемл болуын армандаған. Ал Тәттіқара, Үмбетей, Ақтамбердінің жырлары халық арасында аз сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры, жоқтауы белгілі. Ал Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болмасын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырды.

55Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. 1931-33ж. Аштық және оның салдары.

1930ж 5қаңтарда БК(б)П орталық коммитеті “Ұжымдастыру қарқыны және мемлекеттің құрылысына көмек шаралары туралы” қаулы қабылданды. Қазақстанда ұжымдастыру елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда баяу жүргізілуі тиіс дегенге Голощекин мүлдем қосылмады. Ол 1930 күзіне қарай ұжымдастыру мен 350 мың шаруашылықтың қамтылатынын көрстетті. Қазақстанда 1928 ж қожалықтарының 2%-ы ғана ұж-са, 1930ж 50%,1931ж 65% ұжымдастырылды.Шаруаожалықтарын ұжымдастырудың жеделдетілген қарқыны күштеп жүзеге асырылды. Күштеп ұжымдастыру салясаты халықтың наразылығын тудырды. Қда 30дан астам үлкенді кішілі халық наразылығы болды. 1929-30қыс айларында наразылық өте күшті болды. Өлкеде 372көтеріліс болып оларға 80мыңдай адам қатысты. Кеңес үкіметі бул көтерілістерді әскери күшпен жаншыды. Күшпен ұжымдастырылған ж/е материалдық жағынан өте әлсіз күйзеліске ұшырап нәтижесінде 1932-33халық аштыққа ұшырады. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық көп қырылды. Аштықтанөлген адамдарды жинап, көмуге мүмкіндік болған. 1930-32ж шетелге кеткен қазақтар санын қайтып келгендерді шығарып тастағанда 1.3млн.адамға жеткізеді. Қазақтардың аштықта қырылуы ж\е шетелге үдере көшуі нәтижесінде халық саны күрт азайды.

56Кеңес үкіметінің Қаз\ғы мәд\не байл\ты жүргізілген саясаты.(20ғ.20-30жж)Өлкеде мәдени құрылысты жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті: ұлт зиялыларының аздығы, ұлыдержавалық шовенизм, материялдық-техникалық базаның болмауы.1924 ж сәуір – «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. 1921-1927 жж 200 мың адам оқып сауат ашты. 1928 ж аяғында сауатты адамдар - 25%, оның ішінде қазақтар - 10% болды.1926 ж мамыр – «Қазақ АКСР-де біріңғай мектептерінің жарғысы» қабылданды: үш жылдық және төрт жылдық мектептердің үлес салмағын көбейту; қазақ қырғыздарына арнап мектеп ашу. Ағарту ісіне бөлінетін қаржы өсті: 1926 ж БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің ІІІ пленумында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Меңдешев, Ж.Аймауытов, С.Қожанов т.б орынсыз сынға алынды. Кешікпей бұл сын зиялыларды ашық айыптауға және қудалауға ұласты. 1928 ж араб әрпі латын әрпімен, 1940 ж кириллицамен ауысты. Нәтижесінде араб жазуымен жазылған ата-баба мұрасын, рухани байлықты меңгеруге мүмкіндік болмай қалды. 1920-30 жж араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар «пантюркист», «панисламист» деп жарияланып, қудалауға ұшырады.1928 ж – комсомолдар бастамасымен Бүкілқазақстандық мәдени жорық басталды. 1930 ж 5 мыңға жуық комсомол, соғысқа дейінгі бесжылдықтарда 65 мың комсомол мәдени жорықтарға қатысты. 1931 ж желтоқсан – «15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті білім беру» енгізілді. 1930-1931 оқу жылында отырықшы аудандарда, 1931 ж көктемінде көшпелі аудандарында жалпыға бірдей оқу енгізілді.1930-1932 жж аштық салдарынан білім беру саласы күрт төмендеді

57Азамат соғысы жылдарындағы Қаз. Қазақ АКСРң құрылуы.

Қ\да азамат соғысының ошақтары өте тез пайда болды. 1917ж.қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың басшылығымен ақ гвардия әскерлері Орынбордан Кеңес күштерін шегіндіріп, билікті басып алды. Азамат соғ.бас кезінде Алаш ордашылар ақтармен одақтасып қызылдарға қарсы соғ\ты.1918 ж күзінде Каспийге ағылшындардың келуіне байл\ты Ақтөбе майданында қиын жағдай қалыптасты. Ағылшындарға Қаз мен Орта Азияны Контрреволюциялық күштер арқ. бірден басып алу ұсынылды. Осы мәселені шешу үшін Ленин\ң нұсқауымен 1918ж. Ә.Жангелдин басқарған 600адамнан тұратын әскери экспедиция орталықтан бөлініп жеті ай көлемінде Ақтөбеге қару жарақ жеткізді.

1920ж. тамызда Мәскеу қаласында Қазақ әскери төңкеріс комитеті ж\е Түркістан майданының әскери төңкеріс кеңесі РКП(б) Түркістан өлкелік комитетінің партия ж\е кеңестік ұйымдар\ң өкілдері қатысқан Қазақ АКСР құру туралы бірнеше мәжілістер өткізді. Соңғы мәжілісте Лениннің өзі төрағалық етіп нәтижесінде 1920ж 17тамызда РКФСР ХКК қазақ республикасы жөніндегі декреттік жобасын қарап қолдады. 1920ж 4-12қазанда Орынбор қаласында өткен Қаз Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз Автономиялық Кеңестік автономиялық социалистік еңбекшілердің Декларациясын қабылдап РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін ҚазАКСР\ң құрылуын мәлімдеді. Меңдешовты басшы етіп ОАК ж\е Радус-Зенковичті басшы етіп ХКК сайлады.

1920ж көктемінен Қаз жерінде Аз соғ жылдарында өлкеннің жаудан азат етілген аудандарында Ақ гвардиялық аппараттар жойылып, Кеңестік мемл.к органдар ұйымдастырылып жатты. Революциялық комиттер азат етілген территорияларда халық шар\ғын қалпына келтіру, эканомиканы көтеру мемл\к құрылысты нығайту жұмыстарын жүргізді.

58Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы.

Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды: 1) Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда – бейбіт жолмен. 2) Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен, контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күркс жолымен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]