Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шпор.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
461.31 Кб
Скачать

90. Тәуелсіз Қазақстан: саяси құрылымның негіздері, экономикалық дамудағы азаматтың құқықтары мен міндеттері (қр Конституциясының «жалпы ережелерінен»).

Әлемдегі ең үлкен империя –КСРО-ның ыдырауы және оның құрамындағы республикалардың саяси, экономикалық мәдени бөлінуі көптеген қиыншылықтар туғызды.

Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техникалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.

1993 Жылғы 28 қаңтар –Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Конституцияда негізгі мәселелерге ерекше көңіл бөлінген:

  • Қазақ тілі-мемлекеттік, орыс тілі-ұлтаралық қарым-қатынас тілі.

  • Республика жері-біртұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды.

Қазақстан халқы-мемлекеттік өкімет билігінің бірден-бір қайнар көзі.

Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар. Мемлекеттік билік Конституция және республика заңдары негізінде жүзеге асырылады.

Конституцияның орындалуына Республика Президенті кепіл болады.

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті 7 жыл мерзімге сайланады.

Қазақстанның мемлекеттік құрылым формасы-унитарлы.

Конституцияға сәйкес жергілікті атқару билік органы -әкімшілік.

Қазақстан Республикасы барлық азаматтарға құқық теңдігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан азаматтары Конституцияны, Республика заңдарын сақтауға, әр адамның ар-намысын, абыройын құрметтеуге тиіс. Республика азаматтары мемлекеттік рәміздерді-Ту, Елтаңба, Әнұранды қастерлеуге тиіс.

Отанды қорғау –республиканың әрбір азаматының абыройлы міндеті, қасиетті борышы, парызы.

Республика азаматтары заңды түрде бекітілген алым-салықтарды төлеуге тиісті.

1995 Жылғы 30 тамыз-еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Ерекшеліктері:

Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.

Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс. Депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды.

Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді.Судьялардың әділетті үкім шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде белгіленеді.

Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне конституциялық құқықтарды бұзуға жол бермейді.

Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүддесін қорғайды.

Республикада қос азаматтыққа жол берілмейд

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]