Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шпор.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
461.31 Кб
Скачать

XVII-XVIII ғғ. Ортасында барлық үш жүздің құрамына 112 рулық-тайпалық бөліністер енген. Халық саны шамамен 2-3 миллион адам болған.

XV-XVI ғасырларда қазақ хандығының мемелекеттік құрылысы 7 сатыдан қаланды:

  • Ауыл- тустас, қандас адамдардан немесе бірнеше отбасыдан құралған қоғамдық ұйым. Ауылдың басқарушысы- ауылбасы.

  • Ата-аймақ – жеті атадан қосылатын бірнеше ауыл. Басқарушысы-ақсақал.

  • Ру – 10 н/е 15 аймақ. Басқарушысы-рубасы.

  • Арыс – бірнеше ру. Басқарушысы-би.

  • Ұлыс-бірнеше арыс. Билеушісі-сұлтан. Олар хандар мен ақсүйектердің әулетінен болады.

  • Жүз- бірнеше ұлыс. Билеушісі –хан.

  • Хандық- үш жүз. Билеушісі-қаған. Хандар Шыңғыс әулетінен сайланған.

XV ғасырда хандар сайланып қойылатын болған. Хан- азаматтық, әкімшілік, соттық, әскери билікті қолына жинақтаған мемлекет басшысы. Қажетті жағдайда рулық-тайпалық жасақты жинап отырды.

Әскери құрылым.

Біріккен әскер, басқарушысы – жоғарғы қолбасшысы (хан)

Ұлыс әскері, басқарушысы – ұлыс әскерінің басшысы (ұлыс басшысы)

Рулық – тайпалық жасақ, басқарушысы- жасақ басшысы (рубасы)

50. XVII-XVIII ғғ. Қазақстан. «Жеті жарғы ».

17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді.

1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Қазақ мемлекетін Тәуке ханның басқарған кезеңі «алтын ғасыр» деп аталады. Сырдария бойында қазақтардың қол астына 32 «қалашық» қараған. Хандықтың әкімшілік орталығы Түркістан қаласы болды. 1748 ж Ресейдің тарихи құжатында: «Тәуке хан өте ақылды адам. Талай-талай оқиғаларды бастан кешкен Тәуке ұзақ өмір сүрді және өз халқының арасында аса құрметке бөленді» деп жазылған. Тәуке бүкіл қазақ мемлекеті мойындаған қазақтың соңғы ханы болды. Оның өлімінен кейін келте хандар бас көтере бастады, соның салдарынан үш жүздің әрқайсысында өз хандары билік етті.

Тәукенің тұсында "Жеті жарғы" деген заңдар жинағы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны:

қанға қан алу, яғни бір елдің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.

51.XV-XVIII ғғ.Қазақстан (фольклор, жазба ескерткіштер, архитектура)

Қазақстан аумағында түркі тілді халықтардың басымдығынан монғол тілі тараған жоқ. Хан жарлықтары түркі тілінде жазылған. XIV-XV ғасырларда түркі тілдерінің қыпшақ тобындағы қыпшақ-ноғай тармағынан қазақ тілі бөлініп шықты. XI-XII ғ-да әдеби түркі тілі 3 вариантқа бөлінді:Қарлұқ-ұйғыр (шағатай тілі),Ұйғыр-оғыз,Оғыз-қыпшақ

Жазу екі жүйе негізінде қалыптасты:Руна жазуы;Ұйғыр алфавиті.XIV ғ-дан бастап араб алфавиті кең тарады. XIV-XV ғғ.- қыпшақ тіліндегі жазба әдебиеттің дамыған кезеңі. «Кодекс куманикукс» фольклор үлгілері сақталған жинақ (1303ж) Ол Венециядағы қасиетті Марк шіркеуінде сақталуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]