Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шпор.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
461.31 Кб
Скачать

68. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңдері. Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларация. Қр мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда бар әлемге Қазақстанның егемендігін паш етті. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақтың Кеңес Социалистік Республикасы Қазақстан Республикасы болып өзгертіліп, оның тәуелсіз, демократиялық, құқықты мемлекет екендігі жарияланды. Бұл күн республика күні ретінде бүкіл әлемге танылды. Қазақстан ұзақ жылдар бойы Кеңестер Одағынын құрамында болып келді. КСРО-ның құрамында болып келген ұлт республикаларының Одақтан бөлініп шығып, өздерінің егемендік мемлекет болуы жөніндегі талаптарының әсері тиді. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Ал Қазақстанның атынан Н.Ә.Назарбаев КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ еді, федерация түрінде болуы мүмкін емес, тек конфедеративтік шарт негізінде болуы керек деп ашып айтты, яғни бұл тек құқықтық республикалардың достық одағы болуы мүмкін деп көрсетті. Былайша айтқанда бұрынғы бірыңғай одақтың орнына (ТМД) Тәуелсіз Мемлекетер Достастығы Қалыптасты...1991 жылғы 16 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің Жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына түгелдей иелік ету құқығы бар, тәуелсіз сыртқы және іщкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптерінегізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетеді.

69.Ж. Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс.

XIX ғ 50жж отаршылдыққа қарсы күрестердің бірі Ж.Н бастаған көтеріліс болды. Сыр қазақтарының Хиуа хандығына қарсы шығуының себептері: 1) Әскери күш пен салық жинау.2) Бекіністер салуға Арал қазақтарының күштеп қатыстырылуы; Көтеріліс жетекшісі Ж.Н. Бұл көтеріліс кезінде бірнеше ірі қақтығыстар болды. Олар: 1) 1836 ж Әмудария мен Сырдария арасында орналасқан Хиуа әскеріне қарсы күрес басталды. 2) 1842 ж Хиуа бекінісі Бесқаланы қиратты.3)1843ж. Ж.Н бастауымен төменгі Сыр қазақтары Хиуалықтардың Қуаңдария бойындағы бекінісін талқандады.4) 1845ж көктем Ж.Н тобы Хиуалық 2000 әскерді жойып жіберді. Орыс әскери топтарының Сыр бойына келуіне сүйенген Жанқожа тобы Сырдың төменгі ағысын Хиуалықтардан тазартты. 1853 ж орыс әскерлері Ақмешітті алып, Сырдария әскери шебін құрды. Райым,Ақмешіт аралығы патша үкіметінің бақылауына көшіп қазақтардан салық жинай бастады. Орыс үкіметін жаңа бекіністер салуға қазақтарды күшпен тартуы, 1856-57жж Сыр қазақтарының көтеріліске шығуына себеп болды. Жасы 90-нан асқан Жанқожа батыр Жаңақаланы көтеріліс тірегіне айналдырып, 2000 сарбазымен патша әскерлерімен соғысты. 1857ж 9 қаңтар Арықбалық шайқасында Жанқожа батыр әскері Фитинговтың тобынан жеңілді.

711946-1964 жж Қазақстанда ғылым мен білімнің дамуы.

Соғыстың зардабы мәдениет саласының дамуында үлкен қиыншылық тудырды. Республиканың интеллигенция өкілдері, мәдениет қайраткерлерінің соғысқа алынуы, мәдени даму үрдісіне кедергі келтіруі көп шығармаларда майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен ауыл еңбеккерлерінің өмірі бейнеленді. Атап айтқанда, Ғ.Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”, С.Мұқановтың “Сырдария”, Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” және т.б.

1946ж ҚазКСР Ғылым Академиясы ашылып оның тұңғыш президенті болып Қ.Сәтбаев сайланды. Оның толық мүшелері М.Әуезов, Бектұров, Горяев, Жұбанов т.б болды. 50-жылдың аяғында Қазақстан Ғылым академиясы жүйесінде 50 ғылыми зерттеу жұмысы жасалды. Сәтбаев, Бен, Борукаев,Мизоев Қазақстаннның металлогенді картасын жасағаны үшін Лениндік сыйлыққа ие болды. 50жж 13 институт: Семейде мал дәрігерлерін және мединициналық, Қарағандыда медициналық және политехникалық, Атырауда және Шымкентте педогогикалық институт ашылды.

Мектепте білім беру ісі тоталитарлық тәртіптің ықпалынан шықпады. Партия, комсомол, пионер ұйымдары жас ұрпақтың санасы мен мінез құлқын қатаң бақылауда ұстады. 1950-70жж қазақ мектептерінің саны 387-ден 277-ге дейін азайды. Сабақ орыс тілінде жүргізілді. Кітаптардың 95%-ы орыс тілінде басылды. Теледидар барлығы орысша болды.

70Түркістан автономиясының құрылуы.Мұстафа Шоқай

Ұлт мәселесін шешудің әскери-коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлық мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы ресейлік этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторларды пайдалануға мүмкіндік бермеді.1917 ж 15-22 қараша – Түркістан өлкесінде «Түркістан халық Комиссарлар Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. 1917 ж 22 қарашада Ферғана хандығының бұрынғы астанасыҚоқан қаласында Бүкілқазақстандық Төтенше ІV съезі ашылды.Съезді М.Шоқай ашты. Қаралған мәселе:Түркістан автономиясы құрылды, президенті-М.Шоқай,Ислам- мемлекеттік дін деп танылды.Түркістан үкіметінің премьер министрі және ішкі істер министрі болып М. Тынышпаев, сыртқы істер министрі М. Шоқай сайланды. Кейін М. Шоқай пр мин болды. 1917ж 1 желтоқсанда Түркістан автономиясының үкіметі өлкенің еңбекшілеріне арнап үндеу жариялады. Онда Түркістанның Ресей Кеңестік Федеративтік демократиялы Республикасы құрамындағы автономия екендігі жарияланды. Басшылар бас қосып съезд өткізген жері Қоқан болғандықтан ол Қоқан автономиясы деп те аталды. Большевиктер ұлттық өкіметті құрылуын мойындаған жоқ.1918ж қаңтарда Ташкент Кеңесі қоқанға жазалау отрядын жіберді. Большевиктер бұл мақсатқа жету үшін тіпті өздерінің идеологиялық қас жауы Армиян ұлтшылдарының “доминакцютюн” партиясымен одақтасуға дейін барды. Доминактар отряды мұсылман халықтарына қарсы жауыздық жасады. Қоқанды қорғап тұрған автономиялардың шағын жасағын талқандау аса қиын болған жоқ.

72ХХғ.басындағы қазақ демократиялық интеллигенциясы

1920-30ж Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев шығармалары кең көлемде пайдаланылды. Ақын М. Жұмабаевты замандастары өте жоғары бағалаған. Оның поэзиясы өзінің нәзіктігімен, терең меңгергендігімен ерекшеленді. Ол өзінің шығармаларынд жалпы құндылықтарды, өзінің жеріне деген сүйіспеншілікті жырлады. Кңес үкметі ұлттық әдебиеттің орнына кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасады. С. Сейфуллин, С. Торайғыров, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұханов, Ғ. Мүсірепов, Т. Жараков, Ғ. Орманов және т.б кеңестік қазақ прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты. Қазақстан ұлттық интеллигенциясы 1917ж Қазан төңкерісіне дейін қалыптаса бастады. Оның саны мен құрылымы, білім мен даярлық дәрежесі қоғамдық құрылыс пен тұрмыс жағдайына байланысты болды. Төңкеріске дейін толық емес мәлімет бойынша өлкеде 3000 мұғалім, 590 ауылшаруашылық маманы, 244 дәрігер, 393 орта дәрежелі медицмналық қызметкер болған. Маман кадрларының аздығы, жетіспеуі азамат соғысы мен шетелдік иетервенцияның кесірінен онан сайын күшійе түсті. Мәселен 1919ж бүкіл Қазақстанда бар болғаны 33 дәрігер және бірнеше роталық фельдшер ғана болған. Жұмысшылар мен ұаруларды жаппай ой еңбегі айналасына көшіру интеллигенцияның сан жағынан өсуіне алып келді.

74 XXғ басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай.

ХХ ғ. басында Қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды: Түркістан ген-губ-ғы: Сырдария облысы; Жетісу облысы. Дала ген-губ: Ақмола обл, Семей обл, Орал обл, Торғай обл.

ХХ ғ басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ – сауда буржуазиясы, одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер.

ХІХғ соңы – ХХғ басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны-20. Қала халқының көбею жолдары:

  • Қоныстанушылардың көптеп келуі

  • Жатақтар санының артуы

  • Ішкі демократиялық өсім

  • Сауда қатынасының дамуы

Саяси ахуал

1905-07 ж-ғы революцияның алғышарты – патша үкіметінің аграрлық саясаты.

1853-1905ж – 4 млн десятина жер

1906-07ж – 17 млн дес жер тартып алынды.

1905ж ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда алғашқы қарсылықтар болып өтті. 1905ж мамырда Верный, қостанай еңбекшілерінің бірлігін қуаттайтын ереуілдер болып өтті. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына М.Дулатов белсене араласты.

Интернационалдық бой көтерудің ең бастысы-1905жжелтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл. Ереуілге шығу себептері:

  1. жалақының тапшылығы

  2. жұмыс істеу жағдайының ауырлығы

  3. ағылшын капиталистері Мессен, Гиббердің қатыгездіктері

  • 1905ж 16-26 қараша –Семейдегі почта-телеграф қызметерлерінің ереуілін басу үшін облыс губернаторы Қарқаралыдан әскери күш шақыртты.

1905ж 6-7 қарашада Верныйда, 21 қарашада Жаркент гарнизонында әскери қарсылықтар болды.

  • 1906ж басты саяси оқиға-Семейдегі шілде айында 500 жұмысшы қатысқан жаппай ереуіл.

  • Жаркент, Әулиеата, Шымкент уездерінде, Орал,Торғай облыстарында шаруалар қарсылықтары болып өтті. 1905-07ж алғашқы революцияның жеңілуінің себептері:

  • Қазақ жұмысшыларының санының аздығы

  • Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжірибесінің жеткіліксіздігі

73.1946-64жж Қаазқстан ауыл шаруашылығы.Тың және тыңайған жерледі игеру.

Коммунистік партияның жүргізген солақай саясатының кесірінен көптеген мал жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналып кетуі мал шаруашылығын артта қалу себептерінің бірі болды. 1955ж. Болған КОКП Орталық комитетінің пленумында мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Қ.да мал шаруашылығына көңіл бөлінгендіктен 225 совхоз, және 47 колхоз мал өнімдерін яғни ет, сүт, өндіретін шаруашылықтар ретінде өзгертілді. Мал шар.ғы үкіметтің жасаған көптеген шаралары нәтижесінде жақсара бостады. Малшылар еңбегі арқасында мал шар.ғы ілгері басты. 1957ж.Қ.да ұсақ колхоздарды біріктіру нәтижесінде совхоздар құрыла бастады. Совхоздар ет, сүт, астық, мақта өндіретін бағыттарды ұстанды. Совхоздар халықтық мұқтажын толық өтей алмады, өйткені совхоздар шар.ғы жоғарыдан жоспарлы түрде жүргізілді Тың жерлердің игерілуі 1954ж.басталды.1954ж наурызда КОКП Орт.комитетің пленумында «астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру Орал мен Сібірде, Солт.Кавказбен Қ.да жүргізілді.1954ж.Қ.да 6,5 млн.га жер игерілді. Тың жерлердің игерілуі Ақмола, Сол.Қ,Қост.,Көкш., Торғай, Павлодар обл. жүргізілді. Тың игеру мақсатында Қ.ға көптеген жұмысшылар келді. Тың жерлерді игеру салдарына келетін болсақ, оның жағымды құбылыстары: Қ. –КСРОның негізгі астықты аймағына айналды, эк.ның басқа салаларының дамуына әсер етті, Қ.көпұлтты елге айналды айналды, еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті, жаңа жолдар мен елді мекендер көбейді. Ал жағымсыз құбылыс жақтары: экологиялық жағдай ауырлады, мал шар,ғы төмендеді, тың игеру экстенсивті әдіспен жүргізілді, жер су аттары орысша аталды, респ.ң улттық ерекшеліктері ескерілмеді, тілдік демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады, тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі тың игеру босталғаннан кейін 20ж. өткенде ғана құрылды.

75XIX-XXғғ Әлеуметтік демографиялық процестер.

XXғ басында Ресей империясының ішкі губернияларынан күрт өскен көшң қон ағыны нәтижесінде де,әсіресе қоныстанушылардағы едәуір табиғи өсім есебінен де Қаз. халқының одан әрі тез өскені байқалды. 1897-1917жж арасында яғни Ресей империясының бірінші халық санағы өткеннен кейін он жыл ішінде Қаз халқының саны 4147,7мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7% көбейді. Бірақ сол он жылдықта Ресей имп.дағы қазақтар саны күрт құбылып отырды;егер 1897-1915 жж олардың саны 3881,8мың адамнан 4753,6мың адамға дейін жетті, яғни 27,4%,ал 1917жыл олар1915жылмен салыстырғанда яғни 22,3%кеміген. Ал 1897салыстырғанда 20жыл ішінде небәрі 4,5% ға өскен. Бұл орайда негізгі өсім 1915ж дейін болды. Ол кезде қазақтар қатары 821мыңдай адамға көбейген еді. Қазақтар арасында демографиялық жағдайдың нашарлауы бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі. Ақмола обл.бойынша алғанда қоса алғанда қоса алынған орыстар мен украиндардың үлес салмағы 1897ж 33%дан 1917ж 55,7%ға дейін өскен. Осы екі онжылдықта халықтың табиғи өсімі 38,9% болған. Қазақтар басым болған облыстарда табиғи өсім едәуір төмен. Мысалы;Жетісуда-25,7%,Сырдарияда -25,6%,Оралда-20%.

80.Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихының негізгі деректері

Жүсіп Баласағұни XІғ. 1069 жылы «құтты білік» дастанын жазды. Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат –түрік» («Түркі тілдерінің сөздігі») атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығама - түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет –ғұрпы, тілі туралы тарих дерек. Түркі тілдес халықтардың энциклоедиясы атанды. Қожа Ахмет Йассауи «Диуани Хикмет »(«Даналық кітабы») шығармасы – тарихи, этнографиялық, әлеуметтік, тілдік дерек. Сүлеймен Бақырғани «Дүниенің ақыры» («Ақыр заман») еңбегінде тәңірге сенуді уағыздайды.Әбу Насыр әл-Фараби. Ол – энциклопедист ғалым. Ғылымының барлық салаларын меңгеріп: 50-ге тарта трактаттар жазды. «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдардың шығуы », «Қайырымды қала тұрғындарыныңкөзқарасы туралы», «Жұлдыз бойынша болжаулар», «Ваккум туралы трактат», т.б. Әсіресе философия ғылымындағы еңбегі ерекше. Грек ғылымын меңгеріп, Пифагор, Архимед, Аристотель, Евклид, Птоломей шығармаларын сол тілде оқыған. Аистотельден кейінгі екінші ғұлама атанған. Әбу Райх Бируни 150 еңбек жазған. «Ежелгі халықтардың хронологиясы», «Астрономияның кілті» т.б.

76.ХХғ. басындағы Қаз/ғы саяси партиялар мен қозғалыстар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]