Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэкономика_5В050507Менеджмент_2 жыл_қаз_1ку...doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
10.09.2019
Размер:
654.85 Кб
Скачать

7.7. Бәсекелес нарықты талдауда тұтынушы мен өндірушілер ұтымы концепциясын қолдану

Жетілген бәсеке нарығындағы теңдестік баға мен таурдың теңдестік мөлшері тұтынушылар мен өндірушілердің жалпы экономикалық хал-әухатын арттыратындығын көрсетйік. Бұл үшін тұтынушылар мен өндірушілердің ұтымын қарастырамыз. Тұтынушының ұтымы ( CS) дегеніміз- оның тауарға төлеуге даяр бағасы иен төлеген бағасы арасындағы айырмаға тең болатын тұтынушылардың таза пайдасы. 7.8- суретте сұраныс қисығы арасындағы аудан көрсетілген.

Өндірушілер де осындай пайда көреді ол өндірушінің ( РS) берілген тауарды сатудан алатын ұтымы деп аталады. Тауардың әр бірлігі үшін бұл- нарықтық баға мен оның өндіріс барысындағы шекті шығындар арасындағы айырма. Жалпы нарық үшін- бұл пайда мен өндіріс факторларына жиналатын кез келген рентаның қосындысы. РS- түрінде былай көрсетіледі- ұсыным қисығының жоғары жағынан басталып, нарықтық баға сызығына дейін келіп тірілетін аудан (7.8.-сурет).

Тұтынушылар мен өндірішілердің ұтымының қосындысы (CS+ РS) қоғамның әл –аухатын сипаттайды. Қосынды неғұрлым жоғары болған сайын, қоғам жағдайы соғұрлым жақсы болады. CS пен РS-ті пайдалана отырып, мемлекет тарапынан саясат жүргізілген жағдайдағы бәсекелес нарықтың тиімділігін көрсетейік.

Мемлекет тарапынан бағаны бақылау саясатын қарастырайық. 7.9-суретте осы саясаттың нәтижелері график түрінде талданып көрсетілген.

Мемлекет бағаны РmРо деңгейінде белгілеу нәтижесінде карастырып отырған тауарды сату көлемі Qo – ден Q1 – ге дейін азайып отыр. Тұтынушы ұтымының жалпы өзгерісі: CS=A-B. Егер А ауданы В ауданынан артвк болса, онда CS  0. Өндірушілер PS = A- C зиян көреді. Сонда, жалпы зиян: CS + PS = - B – C бағаны бақылау щараларының тиімсіздігін көрсетеді, себебі тұтынушылар мен өндірушілердің жалпы жағдайы төмендейді.

Енді салық салу саясатының қоғам жағдайына тигізетін зиянын көрсетейік 7.10 – сурет).

Салық Т) нарықтық бағаны Ро – ден Р- ге дейін арттырады. Сатушылардың салықты төлегеннен кейінгі алған таза бағасы Р1 – Т) – ға тең. Тұтынушылардың шегетін зияндары:  CS =  А – С.

Салық ауыртпалығының тұтынушылар мен өндірірушілер арасында бөлінуі сұраныс пен ұсыныс икемділігіне байланысты болады. Жалпы зияндар шамасы PS +  CS) мемлекеттің салықтан алатын түсімінен, яғни А + В) - дан  С +В) мөлшеріне артық. Бұл қоғамның хал ө әхуалына тиетін таза зиян.

Сонымен жоғарыда қарастырылған мемлекет тарапынан араласу мысалдары бәсекелес нарықтың тиімді екендігін көрсетеді.

8 тақырып. Монополия (2 сағат)

  1. Монополия түрлерінің алуандығы. Таза монополия.

  2. Монополиятің өніміне деген сұраныс.

  3. Монополистің максималды пайда нүктесі. Монополиялық биліктің болуының тиімділігі. Бағалық дискриминация.

Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасыаа әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады.

Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының тандауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана өндіруші тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен билікке ие болуына оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы әсерін тигізеді. Бұл 8.1-суретте бейнеленген.

Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық - монополия, ал фирма - монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың ша­масының бағасын анықайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, он­да ол монополиялық билікке ие болады деп айта ала­мыз. ­

Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық билігі орнықса, онда қоғам жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді. Сондықтан да дүние жүзінің көптеген елдерінде нарықты монополиялауды шектейтін монополияға қарсы заңдар қабылданып іске асырылуда. Бұл зандарға қарамастан әлемнің барлық елдерінде өндіруші-монополистер бар. Экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімді болады деп есептелетін кейбір нарықтарды монополиялауға да мүмкіндіктер туғызылады. Оларды монополиялық нарыққа енудің тосқауылы деп атайды. Және де олар кез келген жаңа өндірушінің нарыққа кіруіне мүмкіндік бермейді.

Бұл шектеулер төмендегідей:

1) ірі өндірістің басымдылығы;

2) легальды тосқауылдар (шикізат қорын, жерді ғылым мен техниканың жетістіктерін монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндіру үшін өкіметтен алынған ерекше ерекше құқықтар);

3) бәсекелесуді әділетсіз жүргізу.

Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыс­тырғанда өте көп артықшылықтары бар. Мысалы, ұсақ бәсекелестердің шикізат көзіне, несиеге, нарықтық ор­таға шығуына ірі өндірушілер тосқауыл қоя алады,

Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға болады.

Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі – жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте си­рек кездесетін шикізат болса, онда бұл фирма монопо­лист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтыр жатады. Жаңалық ашқан адам па­тент алмаса, онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды тосқауылдың негізгі меәнін былай түсінуге болады: патентің болса - құқығың бар, ал патент жоқ болса - құқығың да жоқ. Бұл жағдайдың біздің мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан жаңалыкардың көбінің мемлекетаралық патенті жоқ болды, сондықтан да бұл жаңалықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.

Легальды тосқауылдың тағы бір түрі жеке өндіруші­ге мемлекет тарапынан белгілі бір тауарды өндіруге ерекше түрде (монополиялық) құқық беру. Бұндай жағдайда елдің ұлттық қауіпсіздігі көзделеді. Көп жағдайда арақ-шарап өнімдері, қару-жарақ шығару, дәрі-дәрмек шығаруда қолданылатын есірткілік заттар бір мемлекеттік фирмада өндіріледі.

Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі - демпинг - бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Ірі фирмалар ­олар мүмкіндігі мол монополистер. Олардың қаржы мүмкіндіктері де жоғары. СоНһндықтан да тауарларды өздеріне тиімсіз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Ұсақ фирма шыда­май нарықтан кеткен соң, ірі фирма бағаны көтере отырып, өз шығынын қайтарып алады. Өкімет тарапынан бәсекені әділетсіз жүргізу қадағаланады.

Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне бай­ланысты монополияның төмендегідей түрлері болады:

1) Жабық монополия. Ол бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған.

2) Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.

3) Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.