Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэкономика_5В050507Менеджмент_2 жыл_қаз_1ку...doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
10.09.2019
Размер:
654.85 Кб
Скачать

Монополиялық биліктің көрсеткіштері

Бәсекелестік нарықта жеке өндіруші тауардың нарықтық бағасына әсерін тигізе алмайды, баға шекті шығын деңгейінде белгіленеді. Өндіруші тауардың нарықтағы бағасына әсерін тигізсе және баға шекті шығындардан жоғары деңгейде белгіленетін болса, онда біз жеке өндірушінің монополиялық билігінің бар екендігін айтамыз. Ал монополиялық биліктің күшін бағалау үшін, Абба Лернер көрсеткішін қолданады. Ол былай анықталады:

Берілген коэффициент нарықтағы тауардың бағасының шекті шығындардан ауытқу деңгейін анықтайды және оның мәні 0-ден 1-ге дейін өзгеріп отырады.

Көрсеткіштің мәні неғұрлым жоғары болса, монополиялық билік соғұрлым күшті болады. Монополистің тепе-теңдік жағдайында: екенін біле отырып, Лернер көрсеткішін мына түрде де жазуға болады:

Бұдан байқайтынымыз: монополиялық биліктің күші, басқа жағдайларды тұрақты деп ұйғарғанда, сұраныс икемділігіне кері пропорционалды болады, демек, өнімге деген сұраныс икемсіз болғанда монополиялық билік күшейе түседі.

Нарықты монополиялаудың белгілері

Нарықты монополиялаудың екі негізгі белгісі бар. Олар мыналар:

1) ірі фирманың қолына нарықтың үлкен бөлігінің шоғырлануы;

2) ірі фирмалардың бәсекелестерімен байланысы.

Мемлекет өндірістің шоғырлану деңгейін анықтағанда үш көрсеткішке дүгінеді: айналым мөлшері, жұмыспен қамтылғандар саны және капитал мөлшері. Монополияға қарсы саясатшылдардың көзқарасымен қарағанда ең негізгі көрсеткіш болып айналым мөлшері есептеледі. Бұл мөлшер тауар ұсынысының қай бөлігі бір фирманың қолында шоғырланғанын көрсетеді. Ірі фирмалардың нарықтық үлесін анықтау үшін экономистер бірнеше индекстерді пайдаланады. Соның бірі – Херфиндаль-Хиршман индексі (Іhh)

Іhh = (x1)2 + (x2)2 + . . . + (xn)2.

мұнда, xі - % түрінде көрсетілген саладағы фирмалардың әрқайсысының үлесі. Индекстің мәні үлкен болған сайын саладағы фирмалардың шоғырлану деңгейі жоғары болады.

Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері

Нақты өмірде фирма басқарушылары өз фирмаларының орташа және шекті түсім қисықтары туралы шектеулі ақпараттар алып отырады. Соған қарамастан, олар MR=MC болғандағы өнім шығару көлемі мен бағаға қатысты шешім қабылдаулары тиіс. Монополиялық бағаны анықтау барысында осы шартты пайдалануды практикада жеңілдету үшін, «Бас бармақ» ережесін қолданады. Бұл ереженің негізі: шекті шығындарға белгілі мөлшерде үстеме баға қосу арқылы тауардың бағасын анықтау болып табылады және төмендегідей тәсілмен есептеледі:

Монополиялық мерзімді кезеңдегі монополиялық тепе-теңдік

Жетілген бәсекелестік моделін қарастырғанда біз осы нарықтағы фирмалар саны уақыт ағымында өзгермесе, онда осы салада ұзақ мерзімді кезеңде тепе-теңдік орнығады деп анықтадық. Бұл жағдайға жетудің басты шарты осы нарықты жұмыс істейтін фирмалардың оң экономикалық пайдасының болмауы.

Ұзақ мерзімді кезеңде монополиялық тепе-теңдікті зерттеу, келесі сұрақтардың мазмұнын түсінумен тығыз байланысты:

1) қандай жағдайларда жалғыз өндіруші ұзақ уақыт кезеңінде өзінің нарықтағы монополиялық билігін сақтай алады;

2) егер салада ұзақ мерзімді кезеңде тепе-теңдік орындалса, онда монополист бірнеше зауыттар салу арқылы өндіріс ауқымын кеңейтуге қандай объективті күштер итермелейді.

Ұзақ мерзімді монополиялық тепе-теңдікке жетудің негізгі шарты жеке өнім өндірушінің оң экономикалық пайда табуға мүмкіндігі болуы. Тек осы жағдайда ғана өнім өндіруші өз нарығын басқа өндірушілердің еркін ағынынан қорғай алады. Экономикалық пайда алу мүмкіндігі өндірістің орташа шығындарымен монополиялық бағаның арақатынастарынада байланысты. Тауардың бағасы монополистің ұзақ мерзімдегі орташа шығындарынан жоғары болған жағдайда ғана, өндіруші оң экономикалық пайда алады.