Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэкономика_5В050507Менеджмент_2 жыл_қаз_1ку...doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
10.09.2019
Размер:
654.85 Кб
Скачать

Жалпы, орташа және шекті өнімдердің түсінігі

Жалпы өнім – басқа өндіріс факторлары тұрақты деп ұйғарып, зерттеліп отырған фактордың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген өнім саны. Жалпы өнім кей кезде өндіріс нәтижесін көрсететін фактор де те аталады, оны өндіріс функциясында У әрпімен белгілейді.

Экономикалық талдауда жалпы көрсеткіштермен қатар орташа және шекті өнімнің көрсеткіштері де кеңінен қолданылады.

Айнымалы өндіріс факторының орташа өнім жалпы өнім (У) мен зерттеліп отырған фактордың санының қатынасымен анықталады және берілген факторлардың қайтымын немесе қолданылуының тиімділігін бейнелейді. Мысалы, еңбектің орташа өнімділігі былай анықталады.

Бұл көрсеткіш бір уақыт бірлігінде өндірілетін тауарлар санын көрсетеді және ол еңбек өнімділігі деп аталады.

Капиталдың орташа өнімі келесі түрде есептеледі:

Бұл көрсеткіш негізгі өндірістік қордың қолданылуының тиімділігін білдіреді және ол қор қайтымы деп аталады.

Шекті өнім өндіріс нәтижесінің өзгеруі мен өндірістік процесте қолданылып отырған айнымалы фактордың санының өзгеруінің қатынасымен анықталады. Яғни капитал мен еңбек үшін олардың шекті өнім былай есептеледі:

Басқа факторлар тұрақты болып, бір айнымалы фактордың санын көбейту арқылы өнім шығарғанда шекті өнім азаяды. Бұл жағдай шекті өнімділіктің азаю заңын көрсетеді.

Енді осы айтылғандарды кесте түрінде көрсетейік. Қысқа мерзімді кезеңде капитал тұрақты, ал еңбек (жұмысшылар саны) айнымалы фактор деп ұйғарайық:

5.1-кестеде берілгендер бойынша еңбектің орташа және шекті өнімділігін анықтайық. Мысалы, екі еңбек күшін пайдаланып өнім өндіргенде жалпы өнім саны TPL =1 дана болады. Ал еңбектің орташа өнімділігі:

дана

Шекті өнімділікті есептегенде жалпы өнім көлемі мен жұмысшылар санының өзгеруін ескереміз:

1)

дана;

2)

дана.

5.1-кестедегі деректерді графикте бейнелейміз.

5.1-кестеден және 5.2-суреттен көріп отырғанымыз. өндірістік процесте тек қана бір факторды қолданып және оның санын көбейткен уақытта шекті өнімділік азаяды. Ал шекті өнімділіктің мәні МPL =0 болғанда, жалпы өнім TPL ең жоғары мәнге ие болады.

Орташа және шекті өнімдердің арасындағы өзара байланыс

АPL және МPL көрсеткіштерінің арасында өзара белгілі байланыс болады. Егер еңбектің шекті өнімі еңбектің орташа өнімнен артса МPL >АPL , онда орташа өнім көбейеді. Егер шекті өнім орташа өнімнен аз болса (МPL<АPL), онда орташа өнім кемиді. Шекті және орташа өнімнің қисықтары соңғысының ең жоғары нүктесінде қиылысады. 5.2-суретте бұл нүкте А, ал L=L*.

Факторлар икемділгі

Барлық қарастырылған жалпы, орташа және шекті өнімдердің көрсеткіштері абсолюттық көрсеткіштер болады, яғни бұлар экономикалық өлшемі бар көрсеткіштер. Дегенмен де, экономикалық талдау жүргізген кезде қатынас көрсеткіштерінің үлкен маңызы бар. Олардың бірі – факторлардың икемділік коэффициенті.

Өндіріс факторларының икемділік коэффициенті зерттеліп отырған фактордың шекті өнімділігінің МС орташа өнімділікке АР қатынасы түрінде анықталады және қолданып отырған фактордың саны 1%-ке өзгергенде өнім шығару көлемі неше %-ке өзгеретінін көрсетеді.

Факторлар икемділігі былай есептеледі:

- еңбек икемділігі;

- капитал икемділігі.