Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэкономика_5В050507Менеджмент_2 жыл_қаз_1ку...doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
10.09.2019
Размер:
654.85 Кб
Скачать

Бір зауытпен жұмыс істейтін монополия

Монополистің алдында ұзақ мерзімді кезеңде өнім шығару көлемін арттыру мақсаты тұр делік. Бұл мақсатты ол екі жолмен шеше алады. Біріншісі, зауыттың өндіруі қуатын кеңейту, ал екінші жолы – екінші, үшінші, т.б. зауыттарды салы. Бір зауытпен жұмыс істейтін монополистің іс-әрекетімен кеңірек танысайық. Ұзақ мерзімде монополист өндіретін өнімінің ұтымды санын ұзақ мерзімдегі шекті шығынның шекті түсімге тең болған жағдайында анықтайды:

LMRC = MR

Өнім шығару көлемін ұлғайтумен ұзақ мерзімде орташа шығындардың азаюы қатар жүріп отырған жағдайда монополист тек қана бір зауытта өнім өндіреді, төменде 8.7-суретте дәл осы жағдай көрсетілген. Өндіріс шығындары LRАCmin –ға қарағанда жоғары болып тұрғанда, монополист өндіріс ауқымының тиімділігін дұрыс пайдалана алмайды, демек оған 2-зауытты салудың керегі де жоқ. Басқаша айтқанда, LMRC<LRАC болғанша монополист бір зауытпен жұмыс жасайды.

Егер, одан әрі өнім шығару орташа шығындардың өсуіне әкеліп соқтырса, онда монополистке бір ғана зауытты пайдалану тиімсіз болады. Бұндай жағдайларда монополист көбінесе екінші зауыт салу туралы шешім қабылдайды. Бұл 8.8-суретте көрсетілген. Монополистің ұтымды көрсеткіштері Qm, Рm нүктелерімен сипатталады.

Суретте көрсетігендей, егер де монополист өнімді Q* көлемде шығарса, онда өндірістің орташа шығындары ең аз болатындығы белгілі. Мұндай жағдайда өнім көлемін ұлғайту үшін өндіріс қуаты Q* болатын 2-зауыт салу тиімді болар еді.

Нәтижесінде, өндіріс көлемі айтарлықтай өседі, бірақ өндірістің орташа шығындары LRАCmin деңгейінде болады. Жалпы жағдайда монополист өндірісте (MR) шекті түсім LRАCmin –ға тең болған жағдайға сәйкес келетін өнім көлемін шығарады және бұл кезде бірнеше зауытта өнім өндіреді. Сонымен қатар осы зауыттардың әрқайсысында шығарылатын өнім көлемі LRАCmin –ға сәйкес келуі керек, басқаша айтқанда Q* -ге бөлінетіндей шама болу керек. Монополист өндірісті, зауыттардың әрқайсысында өнім шығару кезінде шекті шығындары шекті түсіміне тең болатындай етіп орналыстырады:

LRАCmin = LMRC = MR

Монополиялық биліктің әлеуметтік шығындары

Бәсекелес нарықпен салыстырғанда монополист-өндірушілер тауардың бағасын жоғары деңгейде белгілейтінін және өнімде бәсекелес фирмадан аз көлемде ұсынатынын өткен талдауда байқадық. Осы жағдайдың нәтижесінде тұтынушылар тауар үшін жоғары баға төлейтін болады, ал бұл басқа жағдайлар тұрақты деп ұйғарғанда халықтың әл-ауқатын нашарлатады. Демек, монополиялық өндірушілер қызметі қоғамға белгілі бір дәрежеде ауырпашылық түсіреді, әрі өмір сүру деңгейін төмендетеді.

Біз монополиялық биліктің қоғамдық шығындарын, тұтынушылар мен өндірушілердің бәсекелес нарықтан монополиялық нарыққа көшу кезіндегі жалпы ұтымдары өзгеруін салыстыра отырып бағалаймыз. Қарастырып отырған фирманың монополия кезіндегі және бәсеке нарығындағы шекті шығын қисықтары біркелкі болады деп ұйғарайық.

Онда біз графикте бәсекелес фирма мен монополист өндірушінің тепе-теңдік жағдайын көрсете аламыз.

8.9-суретте монополиялық баға мен өнім шығару көлемі Рm және Qm, ал бәсекелес бағамен өнім шығару көлемі Рк және Qк деп белгіленген. Енді бәсекелес нарықтан монополияға ауысқан уақытта тұтынушылардың жалпы ұтымы қалай өзгеретіндігін есептейміз: тауар бағасы Рк –дан Рm – ге дейін өсті, нәтижесінде тұтынушылар осы тауарды тұтынуды Qк – дан Qm – ге дейін азайтады.

Тауарды жоғары деңгейдегі бағамен сатып алғанда тұтынушылардың кей бөлігі А тікбұрышы ауданы шамасындағы ұтымдарынан айырылады. Ал тауарды Рm бағасымен алуға шамасы жетпейтін тұтынушылар В үшбұрышы ауданына тең болатын ұтымнан айырылады.

Соныме, тұтынушы ұтымының жалпы мөлшері (А + В) –ға азаяды. Монополист тауарды жоғары бағамен сата отырып, қосымша пайда алады, олл графикте А тікбұрышы болады. Бірақ тауар санының Qк – дан Qm – ге дейін азаюы монополистің пайдасын С үшбұрышына азайтады. Нәтижесінде монополистің жалпы пайдасы (А + С) –ға тең болады. Монополистің пайдасынан тұтынушылардың көрген зиянының көлемін алып тастаймыз, сондағы (В + С) – таза шығындар шамасы болады. Бұл шаманы қоғамның монополиялан шегетін әлеуметтік зардабы деп атаймыз. Сонымен, неғұрлым тұтынушы ұтымының көп бөлігі монополист меншігіне ауысатын болса, солғұрлым қоғам монополиялық биліктен көп зардап шегеді.