Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэкономика_5В050507Менеджмент_2 жыл_қаз_1ку...doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
10.09.2019
Размер:
654.85 Кб
Скачать

Олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясы және ойын теориясы

Ойын теориясы бір-біріне қарама-қарсы мақсаты бар фирмалардың іс-әрекетін талдайды, сондықтан олигополиялық бәсекені түсіндіру кезінде қолданылады. Бұл теория олигополиялық фирмалардың стратегиялық өзара байланысын көрсетеді және осы уақытта әр фирма өз бақталысының әрбір іс-әрекетін ескеріп, талдап, бағалайды да соның нәтижесінде өз шешімін қабылдайды.

Ойын теориясы баға белгілеу процесінде қалай қолданылатынын көрсетейік. Нарықта екі бәсекелес фирма іс-әрекет жасайды делік, олардың әрқайсысы өзінің пайдасын жоғарғы деңгейге жеткізуді көздейді. Фирмалардың екі балама бағалық стратегиясы бар: біріншісі - өнімнің бағасын төмендету, екіншісі – бағаны тұрақты бір деңгейде ұстап тұру. Фирмалар өз алдарына қойған мақсаттарына жеткізетін стратегияны тңдауы керек. Баға туралы шешім тек қана фирмалардың өздерінің шешімдеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар бәсекелестердің баға таңдауына да тәуелді. Сондықтан әрбір фирма екі түрлі стратегиядағы пайдаларын есептейді: бақталас бағаны төмендетпегенде және бақталас бағаны төмендеткен жағдайдағы.

Фирмалардың стратегиялық өзара қатынастарын ойын деп атаймыз. Ойындардың қалай өту тәсілдерін қарастырайық. Бірінші тәсіл: ойындардың кеңейтілген түрі «ағаш бұтақтары» түрінде кескінделеді және шешімдер қабылдағандағы ойын жүрістерін көрсетеді. А фирмасы бірінші болып стратегия таңдайды, ал одан кейін В фирмасы таңдауды жүзеге асырады деп ұйғарайық. Ойынның нәтижесі ойыншылардың нақты стратегияны таңдап алғандағы табатын пайдасы. А фирмасының пайдасын – ПА деп, ал В фирмасының пайдасын ПВ деп белгілейміз. Сонымен ойын төмендегідей «ағаш бұтақтары» түрінде болады:

Бұнда фирмалардың стратегиялары 1 және 2 цифрларымен белгіленген. Егер екі фирма 1-стратегияны таңдап алатын болса, онда ойынның нәтижесі (X;Y) болады, ал А фирмасы бірінші стратегияны, В фирмасы екінші стратегияны таңдаған кезде ойын нәтижесі (Z;W) болады.

Ойынды көрсетудің басқа тәсілі матрица түрі болады:

Фирмалардың әр түрлі стратегияларды таңдағандағы алатын пайдалары сандар жұбымен көрсетілген: сандар жұбындағы бірінші элементі – А фирмасының пайдасы, ал екіншісі – В фирмасының пайдасы.

Сонымен, нәтижелер матрицасы белгілі, бірақ бұ талас қандай шешім қабылдайтыны белгісіз. Сондықтан бұл жағдайда ойыншылардың ең ықтимал шешімін іздеп табу керек. Ол үшін ойын теориясы қолданылады.

Келесі ойынды қарастырайық:

Еегер А ойыншы бірінші стратегияны таңдайтын болса, онда ол бақталастың кез келген шешімінде де жақсы жағдайда болады. В ойыншы да бірінші стратегияны таңдаса, онда осындай ұқсастықты көреміз. Сонымен, ойында 1-1 стратегиясы таңдап алынатын болса, онда нәтиже (2;2) болуы ықтимал. Бұл стратегия – басым стратегия деп аталады. Сонымен қатар, оның шамасы жағынан да өте жақсы стратегия және ойынның тепе-теңдік шешімі болып есептеледі. Ойынды талдаудың проблемасы: олардың көбінің басым стратегиясының тепе-теңдік жұбы жоқ. Мысалы, мына ойынды қарастырайық: Тепе-теңдік стратегиясы 2-2, бірақ ойынның нәтижесі 1-1 стратегияны таңдағанда қарағанда нашар.

2-стратегия әрбір ойыншы үшін максимин стратегиясы болады. Бұл стратегия қарама-қарсы мақсаты бар бақталастың кез келген әрекетінде де ойыншыға ең нашар жағдайдың жақсы нәтижесін әкеледі. Біздің мысалымызда А ойыншы әр стратегияның нашар нәтижесін талдайды: 1-стратегияда оның ең төменгі нәтижесі – 1-ге тең, ал 2-стратегияда – 0. Осы мүмкін болатын нашар нәтижелерден А фирма жақсысын таңдайды, ол 2-стратегия. Бақталас қандай әрекет жасаса да, бұл стратегия бойынша нәтиже 0-ден кем болмайды. Егер В ойыншының іс-әрекетін талдасақ, ол да осыған ұқсас болады. 2-2 стратегиясы Нэш тепе-теңдігі деп аталады, бұл кезде стратегияны басқа ойыншы таңдайды деп ұйғарғанда әр ойыншының стратегиясы ұтымды болады және ойынның тепе-теңдік шешімі болады.

Баға белгілеу процесінде олигополиялық фирма максиимин стратегиясына сүйенеді. Фирма және оның бақталасы бағаны әр түрлі деңгейде белгіледі деп ұйғарып, осы екі фирманың пайдасының матрицасын қарастырайық:

Фирмалрадың максимин стратегиясы - тауардың бағасын 40 теңгеге дейін төмендету болып табылады. Екі фирма өзара келісіп, бағаны 50 тг деп белгілесе, пайданы баға 40 тг болғандығыдан гөрі көп алады. Бірақ бақталастық және бір-біріне деген сенімсіздік бағаны төмендетуге әкеліп соқтырады. Егер фирма бағаны бір қалпында ұстап тұрса, онда бақталас фирма бағаны төмендетіп, нарықтағы өз үлесін көбейтеді де, пайдасын жоғарлатуы мүмкін. Сондықтан максимин стратегиясының тиімділігі: пайданың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде деп айта аламыз және фирманың берілген стратегиясында оның пайдасы белгілі бір деңгейден кейін төмендейді.