Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэкономика_5В050507Менеджмент_2 жыл_қаз_1ку...doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
10.09.2019
Размер:
654.85 Кб
Скачать

Мемлекет тарапынан монополияны реттеу

Көптеген елдерде жеке фирмалардың монополиялық биліктерін шектеу үшін белгілі заңдар қабылданып, олардың қызметтерін реттеуде әр түрлі механизмдерді пайдаланады. Мысалы, «жоғары деңгейдегі баға» белгілеу, салықтар және т.б.

Монополиялық фирмалар нарықта билік, үстемлдің жүргізу арқылы тауарлардың бағасын неғұрлым жоғары қойып, ал өнім көлемін солғұрлым төмендететінін білеміз. Көпшілік елдерде жеке фирмалардың монополиялық билігін тежеу үшін арнайы заңдар қабылданады және оның іс-әрекетін жөндеу үшін түрлі реттеу механизмдері қолданылады. Осы тәсілдердің бірі бағаны шектеу, реттеу және салық салу.

Енді осы айтылған тәсілдер монополиялық фирмаға қалай әсер ететінін көрейік.

1. Бағаны реттеу. Фирманың монополиялық билігін жоғары деңгейдегі баға қою арқылы реттеуді көрелік. Бұл баға монополистің MR=MC тепе-теңлік бағасынан төмен болу керек. Енді бұны график түрінде көрсетейік. Рm , Qm – монополистік тауарының бағасы мен өнім көлемі.

Енді мемлекет тарапынан реттеу болып, тауарға Р1 бағасы қойылды дейік. Соның нәтижесінде тауардың бағасы монополия бағасынан гөрі төмендеп, ал өнім көлемі Q1 – ге дейін көбейеді. Бағаны реттеу механизмі бұл жағдайда нарыққа оң әсерін тигізіп тұр, бірақ бұл әдістің шектеу болады. Бағаны реттеудің ең төменгі деңгейі бәсеке нарығының бағасына келіп тіреледі, одан әрі баға төмендесе, өнім көлеміне азаюына әкеліп соқтырады, яғни монополистің іс-әрекетіне теріс әсерін тигізеді. Монополияға бағаны Рm –нан жоғары белгілесе, онда жағдайда да баға монополиялық фирманың жұмысына теріс әсер етеді. Сондықтан бағаны реттегенде Рr бәсеке бағасынан жоғары, ал монополия бағасынан төмен болуы керек: Рк < Рr < Рm .

2. Салық салудың монополияға тигізетін әсері. Фирманың шекті шығындары тұрақты деп ұйғарайық. Мемлекет тарапынан монополиялық өндірушіге қосымша салық салынды дейік.

LMRC – шекті шығын;

Т – салық;

Р1 және Q1 – монополистік салық салынғанға дейінгі жағдайы, ал Р2, Q2 –салық салынғаннан кейінгі баға мен өнім көлемі.

Шекті шығын қисығы LMRC салық көлеміне тең шамаға жоғары қарай жылжиды, себебі салық мөлшерін өндіруші өз шығындарына қосады: LMRC+Т. Сондықтан салық салынғаннан кейінгі тауардың бағасы да жоғарылайды; бірақ баға түгел салық көлеміне көбеймейді, ол салық шамасынан аз болады Р2 - Р1 < Т. Жетілген бәсеке кезінде МС тұрақты болған уақытта қосымша салық салынса, баға салық мөлшеріне өсетіні белгілі. Ал монополия кезінде баға салық мөлшерінен аз шамаға көбейіп тұр, сондықтан монополистердің іс-әрекеттерін салық механизмі арқылы реттеу оң нәтиже береді деп айта аламыз.

Бағалық дискриминация

Егер монополиялық билігі бар фирма, тұтынушылардың сұраныс икемділігн ескер отырып, бір тауарды тұтынушылардың әр түрлі категориясына әр түрлі бағамен сатса онда, ол бағалық дискриминация (құқын шектеу) саясатын жүргізеді деп айтамыз. Монополист бағалық дискриминация саясатын, қайталанып сатуға жатпайтын тауарлар өндіргенде ғана іске асыра алады. Бұл жағдай орындалмаса бағалық дискриминация саясаты алыпсатарлыққа әкеліп соқтырады да монополистке қосымша пайда алуға мүмкіндік бермейді.

Монополистің бұл саясатын жүргізудің негізгі тәсілі сұранысы икемділі және икемсіз тұтынушылардың табысын өзара қайта бөлу болып табылады және көбінесе бұдан сұранысы икемсіз тұтынушылар ұтуы керек.

Егер монополист әрбір тұтынушыға жеке баға тағайындайтын болса, онда біз жетілген бағалық дискриминация саясатын көреміз (8.12-сурет).

Егерде монополист 8.12-суреттен көріп отырғанымыздай: тауарды тұтынушылардан барлық тобына бірдей бағамен сататын болса, онда РmBDP1 тікбұрышының ауданына тең пайда алады. Ал жетілген бағалық дискриминация саясатын жүргізген жағдайда, ол тұтынушылар санын көбейтеді. Бағаны төмендеткен уақытта, ол шекті шығындардан төмен болмауы керек. Монополист бағаны Рm нана жоғары белгілегенде экономикалық пайдасын АВРm үшбұрышының ауданына көбейте алады. Тауардың бір данасының бағасын Рm – нан төмен белгілеген жағдайда, монополист өз тауарын сатып алушылардың санын көбейтеді немесе табысы төмен тұтынушыларды қамту арқылы пайдасынының шамасың ВСD үшбұрышының ауданына жоғарылатады. Сонымен монополист жетілген бағалық дискриминация саясатын жүргізгенде экономикалық пайдасын АСР1 үшбұрышының ауданы шамасына дейін ұлғайтады. Бұдан төмендегідей қорытынды шығаруға болады.

Монополист жетілген бәсеке саясатын жүргізу нәтижесінде тұтынушы ұтымын түгелдей иемденіп алады. Бірде-бір тұтынушы ұтым ала алмайды, себебі монополист сатып алушының әрқайсысына төлей алатын ең жоғары деңгейдегі бағаны белгілейді. Сондықтан тұтынушы ұтымы түгелімен монополиске пайда ретінде келіп түседі. Мемлекеттік басқару ұжымдары бағалық дискриминация саясатына өте катаң қарайды, себебі монополистер, бұндай саясат жүргізе отырып өнім шығару көлемін ұлғайтады.

9 тақырып. Монополистік бәсекелестік (2 сағат)