Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэкономика_5В050507Менеджмент_2 жыл_қаз_1ку...doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
10.09.2019
Размер:
654.85 Кб
Скачать
  1. Шекті пайдалылық. Госсеннің бірінші заңы – шекті пайдалылықтың азаю принципі.

Шекті пайдалылық – тауардың қосымша бірлігін тұтынған кездегі тұтынушыға әкелетін қосымша пайдалылығы.

Талғамсыздық қисығының бойындағы алмастырудың шекті нормасын игіліктердің шекті пайдалылығымен байланыстыруға болады. Жиындағы у тауарының шамасын у-ке азайтсақ, бұл тұтынушыға зиян келтіреді. Пайдалылықтың азаю мөлшері у · MUу-ке тең болады. Тұтынушыны бұрынғы қанағаттандыру жағдайына жеткізу үшін у –тің азайған шамасын Х тауарымен толтырамыз, сонда пайдалылық мөлшері: х · MUх-ке тең болып өседі.

Ауыстырудың шекті нормасы талғамсыздық қисығының бойымен төмен қарай жылжығанда бірте-бірте азаяды. Себебі тұтынушы Х тауарының шамасын көбейткен сайын бұл тауардың әрбір қосымша бірлігі аз шекті пайдалылық әкеледі. 4.4-суретте А1- А4 нүктелері арасындағы ауыстырудың шекті нормалары көрсетілген. 4.2-кестеде 4.4-суретте бейнеленген талғамсыздық қисығының әрбір нүктесінде MRSxy –ті есептеуге пайдаланған мәліметтер берілген.

Бюджеттің шектеулілігі

Тұтынушы бар қаражатын Х және Y тауарларын сатып алуға жұмсайды делік. Егер оның бюджетін немесе бар қаражатын І деп, ал Х және Y тауарларының бір өлшемінің бағаларын Рх, Ру деп белгілесек, бюджеттің шектеуле екендігін келесі теңсіздік түрінде бейнелеуге болады:

Рх · Х + Ру · YІ.

Бұл теңсіздік жазықтықта жартылай жазықтыққа сәйкес келіп, ол жартылай жазықтықтық шекарасы

Рх · Х + Ру · Ү = І

түзумен анықталады. Бұл бюджет сызығы деп аталып, Х , Y тауарларын сатып алуға бюджеттің толық жұмсалатындығын көрсетеді.

Жазықтықтағы бюджет сызығының бейнесі 4.5-суретте келтірілген. Соңғы теңдеуді былай деп жазуға болады:

Бұл жердегі (Рх, Ру) – бюджет сызығының бұрыштық коэффициентін бейнелейді. Бұрыштық коэффициент жалпы табыс өзгермейтін жағдайдағы алмастырудың шекті нормасын көрсетеді. Егер бюджет теңдеуіндегі бағаның бірі өзгеретін болса, онда бюджет сызығы да өзгереді. Мысалы, Х тауары арзандап, оның жаңа бағасы Рх болды делік. Бұл жағдайда бюджет сызығы 4.6-суретте келтірілгендей түрде өзгерер еді.

Сонымен, егер Х тауарының бағасы арзандайтын болса, онда бюджет сызығы оңға қарай немесе сағат тілі бағытына қарсы өзгереді, ал баға өскен жағдайда сағат тілі бағытында өзгереді.

Y тауарының бағасының өзгеруі 4.7б-суретте бейнеленген.

  1. «Баға тұтыну» қисығы.

Табыс және бағада болатын өзгерістер.

Табыс және бағада болатын өзгерістер бюджет сызығының қозғалысына әкеледі. Табыстың өсуі тұтынушыға бұрын қолы жетпеген жиынды сатып алуға мүмкіндік береді. Сондықтан ол бюджет сызығын координат осімен жоғары жылжытады. Бұл уақытта, бюджет сызығының көлбеуін өзгертпейді. Табыстың азаюы бюджет сызығын координаттар осіне жақындатып, параллель жылжытады. Табыс өзгеруінің бюджет сызығына әсері графигінде 4.7-суретте көрсетілген.

Тұтынушылар таңдауы

Тұтынушылар талғамы дұрыс қалыптасуы үшін, олар бюджеттерінің шектеулі екендігін ескертіп, ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамын анықтаулары қажет. Бұдан ең ұтымды тауарлар құрамы бюджет сызығы мен талғамсыздық қисықтарының жанама нүктесінде екенін білеміз. 4.8-суретте ең көп пайдалылық әперетін тауарлар құрамы, тұтынушының теңдестік жағдайы бейнеленген.

Теңдестік жағдайында алмастырудың шекті нормасы MRSxy-пен бюджет сызығының бұрыштық коэффициенттері тең болады. Сондықтан тұтынушы өзінің теңдестік жағдайына қол жеткізуі үшін Х және Y тауарларының көлемін келесі шарт орындалатындай етіп таңдауы қажет:

Бұл теңдестік тұтынушының теңдестік шарты деп аталады.