Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akparat-otvet_2010.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

32. Операциялық жүйе – программалық жабдықтаудың негізгі базалық бөлімі.

Операциялық жүйе (ОЖ) – компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. ОЖ қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен басқару жұмыстарын,орындауға басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайды. ОЖ қолданушымен, қолданбалы программалармен және компьютер құрылғылармен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз етеді. Ол адамға програмаларды іске қосуға,барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға,программаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстрды қайта бөлуге мүмкіндік береді. ОЖ – ның 2 негізгі қызметін атап айту керек.

Олар:

  1. Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бірі-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстыра отырып,қамтамасыз ету;

  2. Әрбір адамға ЭЕМ-ны жалпы басқару мүмкіндігін беру.

Компьютерді басқару ОЖ-нің командалық тілі арқылы жүрзгізіледі,ол дискіні басқару, мәліметтіерді көшіру,файлдары баспаға шығару,кез келген программаны іске қосу,қажетті жұмыс режимін орнату сияқты әртүрлі әрекеттерден тұрады.

33. Операциялық жүйелердің классификациясы.

Әрбір компьютерлік бағдарлама ОЖ-нің қызметтерін пайдаланады,сондықтан өзі үшін осы қызметтеді қамтамасыз ете алатын О ОЖ-нің Ж-нің басқаруымен ғана жұмыс істейді. Осылайша, ОЖ-ні таңдаудың маңызы өте зор, өйткені Сіздің өз компьютеріңізді қандай бағдарламалармен жұмыс істей алатыныңызды тек сол ғана анықтайды. ОЖ-ні таңдауға сіздің жұмысыңыздың өнімділігі,мәліметтеріңіздің қорғалу деңгейі, қажетті аппараттық жабдықтар да ОЖ-ні таңдауға тәуелді.

Пайдаланушылардың жұмыс орны ретінде қолданылатын IBM PC типті компьютерлерде бертінге дейін MS DOS операциялық жүйесі орнатылған. Қазір де көбінесе Windows 98,Windows NI,Windows 2000 және Windows XP операциялық жүйелерімен жұмыс істейміз.

Windows 98 операциялық жүйесі IBM PC платформалы компьютерлердің графикалық ОЖ болып табылады. Windows 98,Windows 95 ОЖ-жүйелері негізінде автаномды компьютерлерді басқаруға арналған. ОЖ-ң көмегімен кішігірім компьютерлік желілер құруға, компьютерді бүкіләлемдік Интернет желісіне қосуға болады. Windows NT жүйесі (Windows 2000) глобальді желілерді басқаруда тамаша мүмкіндіктер берді. Windows XP – бұл бұрыннан бар Windows нұсқаларының жаңартылуы болып табылатын Microsoft ОЖ. Windows XP – ң 2 нұсқасы бар:жеке пайдаланушыларға және шағын кәсіпорындар мен мекемелерге арналған. Window XP Home және неғұрлым күрдел есептеулерді жүргізуге арналған едәуір жетілдірілген Windows XP Professional.

34. Операциялық жүйелердің дамуы.

ОЖ – ның дамуының тарихы үлкен уақыт периодын алып жатыр. ОЖ – нің пайда болуы мен дамуы компьютерді конструкциялау процесімен тарихы тығыз байланысты. Сондықтан, ОЖ –ді көз алдымызға қандай болғанын елестету үшін компьютерлер кезеңдерін кезекпен қарастырайық. Есептеуіш техниканың негізін қалаушы, экономикалық машинаны құраушы ағылшын математигі Ч.Бэббидж (1792-1871). Бұл таза механикалық машина болды. Жоғары дәлдікті механизмдерді және көп детальды шығару техналогиясы ол кезде жеткіліксіз түрде дамығандықтан, әрине ол аналитикалық машинаның операциялық жүйесі болмады.

Бірінші кезең (1945-55). Электронды лампалар және коммутациялық панельдер. 1940 жылы АҚШ және Еуропа ғалымдары ЕМ құрастыру бағытындағы жұмысын жалғастырды. Ең бірінші машинаға механикалық рейс пайдаланды,кейін релс механикалық лампаға ауыстырылды. Әрбір машинаны бір команда өңдеп,құрап,прогаммалап,жұмыс жағдайында ұстап отырды. Барлық программалау абсолютті машина тілінде орындалуы, машинаны негізгі функцияларымен басқару коммутациялық панельдер қосуының көмегімен іске асты. Бұл кезде ОЖ әлі де болған жоқ.

Екінші кезең (1955-65). Транзисторлар мен пакеттік өңдеу жүйесі. 50 – жылдардың ортасында транзисторларды ойлап тбу және қолдану барлық көріністі раикальды түрде өзгертті. Алғашқы рет жобалаушылар, құраушылар,операторлар,программалаушылар арасындағы нақты айырмашылық пайда болды. Енді мэйнфрейм деп аталатын машиналар перфокарталарда ЭЕМ-де ФОРТРАНпрограммалау тілі бойынша толық профессионалды операторлармен басқарылды.

Үшінші кезең (1965-80). Интегралды схемалар мен көпесептегіш. 60-жылдардың басында IBM фирмасы барлық проблемаларды бірден шешуге тырысты,сөйтіп OS/360 ОЖ –лі IBM/360 прораммалық сәйкес машина сериясын шығарды. Бұл машинаның ең үлкен жетістігі – көпесептік және тағы бір маңыздылығы үшінші кезең ОЖ бос жады бөлігіне дискіден жаңа тапсырманы енгізіп – шығару қабілетіне ие. 1987 жылы білім беру мақсатында UNIX жүйесін өзгертіп, кіші MINIX,кейін осы жүйе негізінде Linux жүйесі жасалды.

Төртінші кезең (1980жылдан бері).дербес компьютерлер ОЖ –лер эволюциясының келесі периоды Үлкен Интегралды Схемалардың пайда болуымен байланысты. 1974 жылы Intel компаниясы бірінші универсалды 8разрядты орталық процессор шығарды. Бұл алғашқы жаңалықты таныту,сынату үшін CPIMдеп аталатын дискілік ОЖ жасалды. Содан соң ОЖ қызметі өзгертілді. Қолданушының рафикалық интерфейсі ойлап табылды.Microsoft корпорациясы Macintosh компаниясының жетістіктрінің әсерінен MS ­DOS қабылдағышын шығарды,Windows жүйесі өңделді. Windows жүйесінің тұжырымы бойынша - Windows 98, Windows NT,Windows ME ОЖ –рі шығарылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]