Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akparat-otvet_2010.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

89. Интернет-технологияның элементтері.

Интернет барлық жүйелері хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен, яғни ережемен жұмыс істейтін ауқымды компьютерлік желі. Интернеттің дамуы мен таралуы уш бағытта жүргізіледі; технилалық немесе аппараттық компонент; программалық компонент; ақпараттық компонент. Ақпараттық компонент компьютерлердің түрлі модельдерімен жүйелерінен, физикалық негізі әр түрлі болып келетін байланыс арналарынан, компьютерлермен байланыс арнары арасындағы мехникалық, әрі электрлік үйлесімділікті қамтамасыз ететін құрылғылардан тұрады. Программмалық компонент интернеттегі түрлі типтегі компьютерлер мен құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ал оның негізгі атқаратын қызметі төмендегідей: ақпаратты сақтау, іздеу, жинақтау, қарау н/е тыңдау; желідегі ақпарат қауіпсіздігін сақтау; аппаратураныөң функциональдық сәйкестіктерін қамтамасыз ету. Программалық жабдықтар екі топқа бөлінеді: сервер- программалар, клиент программалар. Сервер- программалар тұтынушылар компьютерлеріне қызмет ететін желі торабында орналасады; клиент- программалар- тұтынушы компьютерлерінде орналасып, сервердің қызметін пайдаланады.

90. Www баптауы жəне электрондық поштаның негізгі жұмысы.

Интернеттегі электрондық пошта. Интернеттің ең маңызды сервистерінің бірі электрондық пошта болып табылады . Егер Интернет басқа желілердің ақпараттық ресурстарымен байланыста екенін ескерсек, онда оны пайдаланып әр түрлі халықаралық компьютерлік желілерге хабар жіберіп және қабылдауға болады. Интернеттегі электрондық поштаның мүмкіндіктерін пайдалану үшін ,WWW – қосылған компьютерге поштаны беретін машинаға қатынас құру мүмкіндігі болуы керек .Мұны (e-mail ) электрондық пошта жүйесі арқылы , мысалы, Lotus cc: Mail немесе Microsoft Mail , пошталық BBC арқылы немесе Интернет қызметтерінен қамтамасыздандырушыға қосылған компьютер арқылы (оларды Интернет провайдерлері деп атайды ) жасауға болады. Электрондық поштаның ұйымдастыру принциптері көп жағынан кәдімгі пошта қызметіне ұқсайды. Пайдаланушы корреспонденцияны жұмыс орнында пошта дайындау программасымен немесе кәдімгі мәтіндік редакторда дайындайды. Содан кейін поштаны жіберу программасы шақырылады ( мысалы, Send Mail ). Ол кәдімгі поштаны әрі қарай жан-жаққа жіберу үшін байланыс бөліміне жеткізетін пошта курері ретінде жұмыс істейді. Unix жүйелерінде Send Mail байланыс бөлімшесі рөлін атқарады. Программа пошта хабарларын сұрыптап, оларды адресаттарға жібереді. Машиналарында пошталық жәшіктер бар және пошталық серверлермен коммутацияланған телефон желілері арқылы жұмыс істейтін пайдаланушыларға қосымша әрекеттер қажет болуы мүмкін. Мысалы Relkom пошталық қызметін пайдаланушылар поштаны пошталық серверге жеткізетін uupc программасын іске қосулары керек , ал пошталық хабарды хабарлардың сақталуын да қамтамасыз ететін bml программасының көмегімен дайындауға болады. Кез келген пошталық байланыстың негізгі адрестер жүйесі болып табылады. Нақты адресі болмаса, адресатқа поштаны жеткізу мүмкін емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]