Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akparat-otvet_2010.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

67. Пішінмен жұмыс.

Пішін – дерекқор бағдарламасына пайдаланушылық интерфейсін жасау үшін пайдаланылатын дерекқор нысаны.

Пішін терезесінде кестелерді енгізу мен көрі шін қолданылады. Ол экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік ьереді, және оны тиісті түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен пішінді, оған алдын ала құрылған шаблоның біріне сәйкес орналастырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруыңызға болады. Пшіннің конструкторы көмегімен кезкелген күрделі дәрежедегі пішіндерді құрасыз. «Байланысты» пішін – кесте немесе сұрау сияқты деректер көзіне тікелей қосылған пішін және оны сол деректер көзінен деректерді енгізу, өңдеу немесе көрсету үшін пайдалануға болады. Осыған ұқсас, деректер көзімен тікелей байланыспайтын, бірақ басқару түймешіктері, ендері немесе басқару элементтерін қолдануға қажетті басқа да басқару элементтері бар «байланысты емес» пішінді жасауға болады.

Кейбір пайдаланушыларға өрістері көп кестеден бірнеше жолды ғана көру керек болуы мүмкін. Сол пайдаланушыларды сондай өрістерді ғана қамтитын пішінмен қамтамасыз ету олардың дерекқорды пайдалануын жеңілдетеді. Сондай-ақ, жиі орындалатын әрекеттерді автоматтандыру үшін пішінге басқару түймешіктерін және басқа да мүмкіндіктерді қосуға болады.

Байланысты пішіндерді адамдарды дерекқорды көріп, қол жеткізетін терезе деп ойлаңыз. Тиімді пішін дерекқордың пайдаланылуын жылдамдатады, себебі адамдарға керегін іздеудің қажеті болмайды. Көзге көрінетін тартымды пішін дерекқормен жұмыс істеуді жағымды әрі өнімді ете түседі және қате деректердің енгізілуіне де жол бермеуге көмектесуі мүмкін.

Пішінге мәтін енгізу

Шарлау аумағы ішіндегі қолданылатын пішінді екі рет басыңыз. Бұл пішін көрінісіндегі пішінді ашады.

Меңзерді келесі басқару элементінің ішіне қойып, содан кейін мәтінді қажетінше теріңіз, өзгертіңіз немесе пішімдеңіз. Пішімдеу туралы ақпаратты осы мақаладағы Жазба деректеріне RTF пішімін қолдану бөлімінен қараңыз.

Өзгерістерді дерекқорға енгізу үшін Өзіндік қойындысының Жазбалар тобындағы Жазбаны сақтау пәрменін таңдаңыз. Балама ретінде, SHIFT+ENTER пернелерін басуыңызға да болады.

Кестедегі немесе пішіндегі мәтінді көшіру, қиып алу және қою

Көшірілетін немесе қиып алынатын мәтінді бөлектеңіз.

Өзіндік қойындысының Аралық сақтағыш тобындағы не Көшіру, не Қиып алу түймешігін басыңыз. Балама ретінде, көшіру үшін CTRL+C немесе қиып алу үшін CTRL+X пернелерін басуыңызға болады.

Мәтінді кез келген қисынды орынға, мысалы, басқа бір кестедегі немесе пішіндегі жазбалар өрісіне, Word құжатына, Microsoft Office Excel 2007 жұмыс парағына, электрондық пошта хабарына немесе мәтін ұясындағы басқа бір орынға қойыңыз. Содан кейін, Қою түймешігін басыңыз. Балама ретінде, қою үшін CTRL+V пернелерін басуыңызға болады.

68. Мəліметтер қорын басқару жəне жобалау құралдары.

Мәліметгер базасын басқару жүйесінің екі жұмыс режимі бар: жобалаушылық және пайдаланушылық. Бірінші режим база құрылымын құру немесе баяндауға және оның объектілерін жасауға арналған. Екінші режимде базаны толтыру немесе одан мәліметтер алу үшін бүрын дайындалған объектілер пайдаланылады. Жобалаушы кесте құрылымдарын мәліметсіз жасайды және оны тапсырыс берушімен бірге келісіп, бір қорытындыға келеді. Базаны құрушылар базаны нақты мәліметтермен толтырмайды (тапсырыс беруші оларды құпия деп санауына болады және бөгде адамдарға ұсынбайды). База объектілерін қалау кезеңін де үлгілік мәліметтер мен эксперименттік толтыру бүған қосылмайды. Базаны пайдаланушы - формалардың көмегімен оны ақпаратпен толтырады, мәліметтерді сұрау салулардың көмегімен өңдейді және қорытындыны нәтижелік кестелер мен есептер түрін де алады. Жалпы жағдайда пайдаланушылардың қызметі - нақгы жұмыс парағында қарастырылғандарға тана, база құрылымын басқаруға қолы жететіндей құралдары жоқ.  Терезе тақырыбы - мәліметтер базасының файл атауы

МҚ басқару жүйесі (МҚБЖ)

  1. МҚЖБ-ң жалпы концепциясы: деректердің үш моделі, релакциялық, иерархиялық және желілік. МҚЖБ-не қойылатын талаптар.

  2. Мәлімет қорын жобалау этаптары.

  3. Кесте құру, индекстер: (Visual FoxPro, Access, Oracle, және т.б.)

  4. Деректерді сорттау және фильтрация.(Visual FoxPro, Access, Oracle)

  5. Сұраныстар құру. SQL тілі (Visual FoxPro, Access, Oracle)

  6. Релакциялық деректер қорын жобалау, нормалдау.(Visual FoxPro, Access, Oracle, ж т.б.)

  7. Деректер қорын қорғау, бүтінділік, қауіпсіздік, администрациялау (Visual FoxPro, Access, Oracle, және т.б.)

  8. Желідегі ДҚБЖ: негізгі концепциялар, транзакциялар, параллель (Visual FoxPro, Access, Oracle, және т.б)

МБ-ын жобалау кезеңдері

Алдына қойылған мәселені шешу мақсатында қолданғанда қандай да бір МБ-ны жасау қажет болса, ол өзінің жұмысын төмендегі кезеңдер бойынша ұйымдастыра білуі керек.

1.МБ-ын құрудың негізін анықтау. Бұл кезеңде мәліметтер базасын құру маңызы, оның негізгі функциялары және онда сақталатын информация анықталуы керек.

2.МБ құрамында болатын кестелерді анықтау. Кестелерді жобалау кезінде олардың құрылымдарын алдымен қағазда жасаған ыңғайлы. Сондай-ақ оларды жобалау кезінде мынадай принциптерге сүйену қажет: информация кестеде және кестелер арасында да қайталанбауы керек: әрбір кестеде тек бір ғана тақырыпқа сай информация болуы керек;

3.Кестелердегі қажетті өрістерді анықтау.Кестедегі әрбір өріс оның тақырыбына сәйкес болатын жеке мәліметтен тұрады. Оларды жобалау кезінде ескеретін шарттар: әрбір өріс кестенің тақырыбымен байланысты болуы керек; кестеге өрнектің нәтижесі болатын берілгендерде енгізудің қажеті жоқ; кестеде барлық қажетті информация қамтылуы тиіс; информация ең кіші логикалық бірліктерге жіктелінуі қажет мысалы, адамдардың аты-жөнін “Аты” және “Фамилиясы” деп екі өріске бөліп жазу.

4.Әрбір өріске өзіндік жеке мән беру. Әр түрлі кестедегі мәліметтерді байланыстыру үшін, әрбір кестедегі әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс немесе өрістер жиынтығы болуы тиіс. Мұндай өріс немесе өрістер жиынтығын кілт деп атайды. (2.1-тақырыпты қараңыз).

5.Кестелер арасындағы байланысты анықтау. Мәліметтерді кестелерге жіктеп, олардың кілтік өрістері анықталған соң әр түрлі кестелердегі мәліметтерді байланыстыратын схеманы таңдау қажет. Ол үшін кестелер арасындағы байланыстарды анықтау керек (2.7-тақырыпты қараңыз).

6.МБ құрылымын жаңарту.Кестелер, өрістер және байланыстар жобаланып болған соң, МБ-ның құрылымын қайтадан тексеріп, оның ескерілмеген жайларын анықтау керек. Мұны кестелерді мәліметтермен толтырмай тұрып орындаған жөн. МБ-ын тексеру кезінде кестелерді бірнеше жазбалармен толтырып, олардың арасындағы байланыстарды бақылап, МБ құрылымының қойылған талапқа сай кеңіне көз жеткізу керек. Кері жағдайда оның құрылымын жаңартуға тура келеді.

7.Мәліметтерді толықтыру және МБ-ның басқа объектілерін құру. Егер кестелердің құрылымы қойылған талапқа сай болса, онда оларға барлық мәліметтерді енгізуге және де кез-келген сұраныстар, формалар, есептер және макростар мен модульдер құруға болады.

Access – тің талдау құралдарын пайдалану. Access программасында екі талдау құралы бар: кестелерде талдау шебері; әрекет тездігін талдаушы. Оларды Access-те жұмыс істеуді меңгергеннен кейін программа анықтамасымен таныса отырып, қолдануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]