Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akparat-otvet_2010.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

56. Функция шеберін арқылы есептеулер.

Электронды кесте термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады.Кестелерді өңдеуге жататын іс әрекеттер:

Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулеп жүргізу.

Функция шеберiн пайдалану функция топтарын немесе Басқа функцuялар пунктiн таңдағанда, Функция шеберi (Мастер функций) программасы жiберiлiп, керектi Функцияны таңдап алу жеңiлденедi.

Ехсеl программасының кейбiр функциялары:

- SQRT(x) - х санының оң мәндi квадрат түбiрiн анықтайды, мысалы, sqrt(25)=5.

- SlN(x) - радианмен берiлген х бұрышының синусын анықтайды. Мысалы: sin(0.883)=O.772646.

- МАХ(тiзiм) - берiлген тiзiм iшiнен ең үлкен (максимум) мәндi анықтайды, мысалы: мах(55,39,50,28,67,43)=67.

- SUМ(тiзiм) - берiлген тiзiмнiң (блоктың) сандарының қосындысын анықтайды. Мысалы: sum(Аl:АЗОО) - Аl:АЗОО блогының 300 ұяшығындағы сандардың қосындысын табады.

Кейбiр функция аттары орыс тiлiне аударылғанан

Ехсеl нұскаларында орысша берiлiп, басқаша жазылуы мүмкiн. Жиi пайдаланьтатын қосынды табу функциясы үшiн аспаптар тақтасында арнайы батырма бар. Функция атын формулаға кipicтipy үшiн Функция шеберiн пайдалануға болады, ол Кiрiстiру=>Функция (Вставка=>Функция) командасымен немесе бейнеленген батырма арқылы iскe қосылады. Батырма басылғанда экранға функциялар бейнеленген сұхбат терезесi шығады. Соның iшiнен кepeктiciн таңдап алып қадам (Шаг) батырмасын басу керек. Сонда Функция шеберiнiң келесi терезесi экранға шығады да одан apгyмeнттi таңдап алуға болады.

Функция параметрлерiн енгiзу. Функция параметрлерiн енгiзу кезiнде формула палитрасы тyciн өзгертедi.

Функциялардың бірнеше түрі бар. Олар: математикалық, статистикалық, мерзімдік, қаржылық т. б. Қолданғанда курсорды нәтиже шығатын ұяшыққа апарып келесі жағдайлардың біреуін орындаймыз:

  • стандартты панельдегі [fx] батырмасын басамыз;

  • Қою – функция командасын орындаймыз;

  • <Shift> +<F3> тетіктерін басамыз.

Шыққан терезеден функция түрін және өзін көрсетеміз.

ЕГЕР – функциясы.

Бұл логикалық функция.

Форматы:

ЕСЛИ(логикалық теңдеу; мән егер шын; мән егер өтірік)

Мысалы: А1 ұяшығындағы мән А2 ұяшығындағы мәннен үлкен болса, оны 5 санымен ауыстыр. Жазылуы:

=ЕСЛИ(А1>А2;А1=5;А2=5)

Белгілі бір шарт бойынша ұяшықтардың қосындысын табу СУММЕСЛИ(диапазон; шарт; диапазондар қосындысы) – функциясы арқылы орындалады.

Мысалы: А1, А2, А3, А4, А5 ұяшықтарына мән енгіземіз. Берілген сандардың ішіндегі 1000 –ға тең немесе үлкен сандардың қосындысын табу керек. Ол үшін мына формуланы қолданамыз: =СУММЕСЛИ(А1:А5; “>=1000”).

Диапазондағы сандардың санын табу СЧЕТ(мән1; мән2;…..) – функциясы арқылы орындалады. Мысал 1: В1= “сөз”, В2=2000, В3 = 400, В4=, В5=1500

Ол үшін мына формуланы қолданамыз: =СЧЕТ(B1:B5).

Мысал 2: Бос емес ұяшықтардағы 1000-ға тең немесе үлкен сандардың санын есептеу үшін мына формуланы пайдаланамыз: =СЧЕТЕСЛИ(B1:B5; “>=1000”).

Орта мәнді табу СРЗНАЧ(диапазон1; диапазон2;.....) – функциясы арқылы орындалады.Мысалы: А1, А2, А3, А4, А5 ұяшықтарындағы мәндердің (арифметикалық) ортасын табу үшін мына формуланы пайдаланамыз:

=СРЗНАЧ(A1:A5) .

Ең үлкен мәнді табу МАКС(диапазон1; диапазон2;.....) – функциясы арқылы орындалады.

Ең кіші мәнді табу МИН(диапазон1; диапазон2;.....) – функциясы арқылы орындалады.

Орынды анықтау РАНГ(ұяшық адресі; диапазон) – функциясы арқылы орындалады.

Мысалы: А1, А2, А3, А4, А5 ұяшықтарындағы мәндердің қандай орынды алатынын анықтау үшін мына формуланы енгіземіз.

=РАНГ(A1; $A$1:$A$5)

Санның пайыздық өлшемін анықтау ПРОЦЕНТРАНГ(диапазон; ұяшық адресі) – функциясы арқылы орындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]