Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akparat-otvet_2010.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

117. Алгоритм қасиеттері.

1.Алгоритмнің айқын,дәл қасиеттері.Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттерді мағнасы айқын,нақты анықталған болуы керек.Онда қандай қадамдар көрсетілсе,тек солар орындалуы қажет.

2.Алгоритмнің үздіктілік қасиеті.Алгоритмнің үздік модульдерге бөлінуі,яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін.Бұл қасиет б/ша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге,ал олар одан да кіші қадамдарға бөлінеді,яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттерге жіктеледі.Алгоритмдік процестің құрлымы үзікті(дискреттік),яғни бір-бірінен бөлек командалар біріктіріліп командалар тобын құрайды.Атқарушы алғашқы әрекетті-қадамды аяқтамай,келесі әрекетке көше алмайды және алгоритмнің әрбір қадамын жеке нақты нұсқау ретінде орындайды.Белгілі бір командалар негізінде,алгоритмнің тізбекті қадамдарға бөлініп атқарылуын-оның үзіктілік қасиеті деп атайды.

3.Алгоритмнің нәтижелік қасиеті.Кез келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек.Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы мәліметтерді пайдаланады және олар нәтиже алуға жеткізеді.Алгоритмде құрастырылған нұсқаулардың шектеулі саны орындалғаннан кейін,егер есептің шешуі болса,оның шешуін,ал шешуі болмас<шешуі жоқ>деген нәтиже беруі қажет.Мысалы,сандарды қосу алгоритмі үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар мәні жатады,ал нәтижесі қосынды болады. 4.Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті.Алгоритмнің бұл қасиеті,бастапқы мәліметтер мәнінің бір жиыны бір ғана нәтиже беретініне кепілдік бере алады.Егер берілген мәліметтер өзгерсе,нәтижеде өзгереді.Бір алгоритм бір типтес есептердің әр түрлі алғашқы мәліметтері үшін әр түрлі нәтиже беруі тиіс.Мысалы,квадрат теңдеуді шешу алгоритмі кез келген a,b,c,мәндері үшін оның түбірін дұрыс табу керек.Егер а-ны өзгертсек,түбірі де өзгереді,яғни жалпы квадрат теңдеулер тек бір алгоритммен шығарылып,дұрыс нәтиже береді.5.Алгоритмнің формальді орындалуы.Алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын талап етеді.Орындаушының алгоритм командаларында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындауы үшін командалар орындаушының білім деңгейіне сәйкес болуы қажет.Мысалы,Х санын квадратта деген команданы бастауыш сынып оқушылары түсінбейді,ал оны Х санын Х санына көбейт деп айтсақ онда бұл команданы олар орындай алады.Демек алгоритм белгілі бір орындаушыға арналып құрылуы керек.Орындаушы өзі атқарып отырған әрекеттердің мағынасын түсінбесе де,алгоритм командаларын орындай отырып,белгілі бір нәтиже алады,яғни орындаушы формальдім түрде әрект етеді,мұны формальді орындалуы деп атайды.

118. Алгоритм құрылымы.

1.Сызықты немесе тізбекті алгоритм.Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады.Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм-сызықтық деп аталады. 2.Тармақталу алгоритмі.Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі.Егер ол орындалса,онда алгоритм бір тармақпен,ал орындалмаса екінші тармақпен жүзеге асырылады да,соңында екі тармақ қайта бірігеді.Мұнда алгоритмдерде шартты тексеру тармақталу командасы д.а.Оны алгоритмдік тілде өрнектегенде егер,әйтпесе,онда,бітті түйінді сөздері пайдаланады. Орындалу тәсіліне байланысты тармақталу командасы таңдау,және аттап өту болып 2ге бөлінеді.Тармақталу алгоритмдерінің толымды түрі екі серияның бірін ғана таңдауды іске асырады,мұнда берілген шарт тексеріледі,егер ол шарт орындалса,онда 1-серия жүэеге асырылып.содан кейін келесі амалдарға көшеді.Күрделі тармақталу.Кейбір есепте үш және одан да көп тармақ,яғни шығу сызықтары бар шарттарды тексеру.

3.Циклдік алгоритм.Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттерді тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады.Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып,ондағы айнымала мәннің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді.Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуын цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады.Циклдік процесті қамтамасыз ететін алгоритм бөлігін қайталану командасы құрайды.Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше,цикл басы және цикл соңы түйінді сөздер қолданылады.Қайталану саны алдын ала белгілі цикл-арифметикалық цикл деп,ал орындалу саны белгісіз цикл-қадамдық цикл деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]