Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akparat-otvet_2010.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

93. Web-беттерін дайындау құрамы.

Web-беттерін дайындау үшін біз HTML тiлiн пайдаланамыз.

HTML тiлi - (Hypertext Markup Language) - дүниежүзiлiк құжаттардың əйгiлi стандартты

гипертексттiк белгi тiлi. Барлық веб беттер HTML (немесе XHTML) тiлiнiң көмегiмен

жасалады. HTML тiлi браузерде анықталады жəне адамға ыңғайлы құжат ретiнде көрсетiледi.

HTML тiлi SGML (Standard Generalized Markup Language )-дiң қосымшасы болып табылады

жəне əлемдiк ISO стандартына сəйкес келедi.

HTML тiлi жобалаушыға келесi мүмкiндiктердi жүзеге асыруға көмектеседi:

• Тақырыбымен қоса мəтiндердi, кестелердi, тiзiмдердi, суреттердi жəне басқа да

маңызды online құжаттарды жариялау

• Online-ақпаратты алу үшiн тек түйменi басу арқылы гипертексттiк сiлтемеге өту

• Қажеттi ақпарат iздеу, архивтердi құру жəне басқа да мақсатқа арнап түрлер (form)

құру

• Сол құжаттың өзiне мəлiметтер кестелерiн, видео жəне аудиоклиптер жəне басқа да

қосымшаларды қосу

HTML тiлiнiң кодталған мəтiндiк құжаттары (" html " немесе " htm " деп сақталатын)

арнайы қосымшалармен , оның форматталған түрiнде құжатты суреттейдi . Браузер немесе

интернет - шолушылар деп аталатын қосымшалар веб - беттердiң сұранысына арналған

ыңғайлы интерфейстi пайдаланушыға ұсынады, оларды көру ( жəне басқа сыртқы

құрылғыларға шығару ) , əрине қажет болған жағдайда , осыларды серверге жiберу

мүмкiндiктерi бар. Бүгiнгi күндегi ең əйгiлi браузерлер: Internet Explorer , Firefox , Safari ,

Google Chrome жəне Opera болып табылады.

HTML құжаттарды жасау үшін мəтіндік редакторларды (мысалы, қойын дəптер

(блокнот)), мəтіндік процессорлар (Word) жəне визуалдық HTML редакторларын қолданады.

Сіздер қарапайым блокнотта құжатты жасай алаcыздар. Арнайы стандартты ұстана отырып,

HTML кодты мəтіндік файлында жазып қойып, қатқыл дискіде .txt деген кеңейтуді .html

немесе .htm құжат ретінде сақтасаңыз толық құнды web бетті аласыз.

HTML тіліндегі міндетті тегтер: Кез-келген HTML құжат келесі тегтердің көмегімен құралады <html></html>,

<head></head>, <body></body>, <title></title>.

Тақырыптар. HTML тіліндегі тақырыптар келесі тегтермен анықталады <h1></h1>, <h2></h2>, ... ,

<h6></h6>. Яғни, тақырыптың 6 дəрежесі бар. Тəжірибе ретінде кқруіңізге болады.

Жоғарыдағы мысалдағы "Құжат денесі" деген жерге <h1>HTML - бұл өте оңай</h1> деп қойып, мəтіндік форматта сақтап, оны .txt деген түрінен .html түріне өзгертіңіз жəне бірден

браузерде ашып көріңіз. Яғни нəтижені көре аласыз. Келесі дəрежелерін де осылай қойып

шығуға болады

HTML тіліндегі азатжолдар (абзац). HTML тіліндегі азатжолдар мына тегпен жүзеге асады <P></P>. Яғни, жазылу жолы <p> - Көңіл-күйіңіз тамаша болар?</p><p> - Керемет.</p> деп жазсақ, төмендегідей

нəтиже аламыз.

- Көңіл-күйіңіз тамаша болар?

- Керемет.

HTML тілінде мəтінді белгілеу

HTML тілінде мəтінді белгілеу үшін немесе белгілі бір аймақты белгілеу үшін келесі

тегтерді қолданады <b></b>, <i></i>, <u></u>, Яғни жолдағы мəтін

<b>батырылған</b> <i>курсивті</i> <u>айрықша (немесе асты

сызылған)</u> <u><i><b>батырылған айрықша курсивті</b></i></u>

төмендегідей көрінеді

батырылған курсивті айрықша жəне үш белгіні бірге қолдана аламыз: батырылған

айрықша курсивті

HTML тіліндегі нөмірленбеген тізімдер

Нөмірленбеген тізімдер келесі HTML кодымен өрнектеледі:

<UL><LI>1-орын<LI>2-орын<LI>3-орын</UL> - десек төмендегідей түрде нəтиже береді

• 1-орын

• 2-орын

• 3-орын

HTML құжатының мəтініндегі жолдың үзілуі, яғни келесі жолға түсіру

Жолдың үзілуі келесі тегтің көмегімен жүзеге асады<BR>. Мысалы мəтіннің мына

жолы келесі нəтижені береді: Автор<BR>Басылған уақыты<BR>Таралым

Автор

Басылған уақыты

Таралым

Гиперсілтемелер

HTML тіліндегі гиперсілтемелер мына тегпен көрсетіледі: <a></a>. Мысалы жазба түрі

<a href="php.chm">PHP кітабын түсіріп алу</a>

Нəтижесі мынадай:

PHP кітабын түсіріп алу

href параметрі сілтеме берілетін құжаттың орнын көрсетеді, біздің мысалымызда

сілтеме белгілі бір құжатқа сілтеме жасап тұр. php.rar құжаты осы HTML беттің тұрған

директориясында, яғни екеуі бер жерде орналасқан. Абсолютті сілтемелер келесі түрде

жазылады:

<a href="http://webdesign.net-soft.ru/php.chm">PHP кітабын түсіріп алу</a>

Дəл манадағы сілтемемен ұқсас, тек нақты құжаттың орналасқан жерін көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]