Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
268.8 Кб
Скачать

13 Практикалық сабақ. «Қазақтың өнері мен мәдениеті. Өнер түрлері»

Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Қазіргі кезге дейін жеткен сөз өнері, музыка, театр өнері, сән және қолданбалы өнер, сәулет мұралары, қолөнер туындылары т. б. өздік стильде айрықша орын алады.

Қазақ сөз өнерінің негізі – көркем әдебиет. Ол ауызша және жазбаша болып екіге бөлінеді. Ауыз әдебиетіне мақал-мәтел, жұмбақ, тақпақ, ертегі, айтыс, батырлар жыры, ғашықтық жырлар жатады. Батырлар жыры, ғашықтық жырлар – халқымыздың асыл қазынасы. Қазақ эпостары дүние жүзіне белгілі шығармалар. Олар: «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» және т.б.

Бейнелеу өнері – өнердің бірнеше түрін қамтитын ұғым. Қазақ халқының бейнелеу өнері ертеден белгілі. Айша бибі кесенесі, Ахмет Йассауи мешіт-кесенесінен қазақ халқының атадан балаға мұра боп келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін ұшыратуға болады.

Театр – ойын-сауық орны. Қазақ театры өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы, т.б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған. Театр алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және т.б. өнер тарландары қызмет етті.

Музыка өнері де өнердің төресі. Қазақ халқының ән өнері ерте кезден-ақ дамыған. Әндері кең тынысты, әуезді болып келеді. Бесік жырынан бастап, жоқтау үлгілеріне дейін белгілі сазбен айтылады. Халық әндері домбыра, қобыз, жетіген және т.б. аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.

Қазақтың сән және қолданбалы өнерінің аса маңызды бөлігі ұлттық киімдер мен тұрмысқа қажетті зат пен бұйымдарды әшекейлеу, ою-өрнек салу. Қолданбалы өнер халқымыздың негізгі баспанасы болған киіз үйде көрініс тапқан.

Өнердің барлық түрлері қазақ халқының өмірінен ерекше орын алады. Олар ғасырдан-ғасырға беріліп, өшпес мұраға айналды. Осы асыл қазыналарды бағалау әр азаматтың міндеті болып саналады.

14 Практикалық сабақ. Қазақ елінің тарихы. Хандары. Билері. Батырлары. Халық тарихынан

Қазақ халқының саяси тұрақтылығы мен мәдениетінің айрықша өркен жая бастаған кезеңі – XV-XVII ғасырлар. Тарихты зерттеуші ғалымдар бұл кезеңді ерекше атайды. Бұл кезеңде Қазақ хандығында әкімшілік аппаратының құрылымдық белгілері көрініс бере бастады. Ханның қасында ұлыс сұлтандары мен көсемдер болды, олар әкімшілік мәселелерін, дипломатияға, аумаққа қатысты маңызды жағдаяттарды шешу үшін жыл бойы құрылтайға жиналып отырды. XVII ғасырдың соңында Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» жарияланды, онда құқық нормалары жинақ түрінде жүйеленіп берілді. «Жеті жарғыда» әкімшілік, қылмыстық, азаматтық, құқықтық нормалары, салық туралы және басқа ережелер бекітілген. «Жеті жарғыда» сонымен қатар хандықты басқару тәртібі, қылмыстар үшін қолданылатын жаза да айқындалды. «Жеті жарғыны» жасауға барлық қазақ жүздерінің өкілдері қатысты. «Жеті жарғы» - қазіргі заманға дейін өзінің маңыздылығын жоғалтпаған заңдар жинағы.

XV-XVII ғасырларда қазақ халқының мәдениеті қалыпты өркендеді. Көркемөнерлік кәсіп пен халық ауыз әдебиетінің дамуы – шынайы мәдениеттің айғағы. Осы кезеңде қазақтардың суырып салма ақындық өнері кеңінен дамыды, халық «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» тәрізді ерлік-батырлық жырларын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» сияқты тұрмыстық жырларды жатқа айтатын болды. XVII ғасырда қазақ тарихын суреттеген Қадырғали Жалайырдың «Жамиғат-ат-тауарих» кітабы жарыққа шықты.