Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
268.8 Кб
Скачать

Манаш қозыбаев

Манаш Қабашұлы Қозыбаев тарих тарланы, үлкен бір ғылым саласының көшбасшысы, көсем сөздің шебері, зор парасат иесі.

М.Қ. Қозыбаев 1931 жылы 16 қарашада қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Тазкөл ауылында дүниеге келген.

1947 жылы Меңдіқара педагогика училищесін, 1953 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік бітірді.

М.Қозыбаев – тарих ғылымдарының докторы / 1969/, профессор / 1970/, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер /1986/, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі /1989/, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің халық депутаты /1991-1993/, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты /1995/, ҚР Президентінің «Бейбітшілік және рухани келісім» сыйлығының лауреаты /1997/, Қостанай қаласының құрметті азаматы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай университетінің, Шәкәрім атындағы Семей университетінің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің, Қарағанды медицина академиясының, «КазГор» академиясының, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің құрметті профессоры.

М.Қозыбаев 800-ден астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде 30 монографияның, 50-ден астам ұжымдық еңбектердің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.

Ұстаз-ғалым М.Қозыбаевтың жетекшілігімен 90-ға жуық ізденушілер кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғады.

Тарихшы-ғалым мемлекет және қоғам қайраткері ретінде қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің орнығуына, Қазақстан Республикасының этнотерриториялық тұтастығының нығаюына үнемі назар аударған.

Академик М.Қ. Қозыбаев еңбектерінің негізгі мазмұны жалпы ұлттық татулық пен Қазақстан халықтарының бірлігін нығайтуға, өскелең ұрпаққа рухани және патриоттық тәрбие беруге, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «2030 стратегиясындағы» идеяларды жүзеге асыруға бағытталған.

Академик Манаш Қозыбаев 2002 жылы қайтыс болды. Ұлы ғалымның есімін мәңгілік сақтауға байланысты 30 мамыр 2003 жылдан ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді.

6 практикалық сабақ. «Ас- адамның арқауы»

Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. «Ас- адамның арқауы», «Жаман ауруға-жақсы ас», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады» деп тегін айтылмаған.

Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеде пайдаланылған тамақтардың негізгі түрлері: ет, сүт, қымыз, сарымай, құрт, ірімшік мал өнімдерінен дайындалған. Халық егіншілікпен айналысып, бау-бақша өсіріп, отырықшылыққа бет алған дәуірде ғана мал өнімінен әзірленіп келген негізгі тамақтарға қоса нан, сондай-ақ жеміс, көкөніс дәмдері келді. Олардың ішінде ең көп өндірілгені – тары, арпа, бидай, күріш. Қазақ жерінде таралған жеміс түрлері – қарақат, бүлдірген, алма, алмұрт, жүзім, анар. Оңтүстік аймақтарда қауын, қарбыз, сәбіз, қызылша мен өсімдік майлары мол. Картоп пен қызан қазақ дастарқанына бәрінен кейін келген.

Мал шаруашылығымен айалысқан көпшелі қазақтың негізгі асы- сүт пен ет.

Сүт төрт түлік малдың аттарына қарап бие сүті, (қымыз), түйе сүті, (шұбат), қой- ешкі сүті, сиыр сүті делінеді.

Сүттен қымыз, шұбат, айран, қатық, сарымай, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді. «Ағы бардың – бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақтардың сүттен жасайтын ұлттық тағамдары сан-алуан.

Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағамы қымыз жайлы ерекше айтуға болады. Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүттінен ашытылады.

Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіштен өткізіп, жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы саумалдың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут пісіп, аузын байлап не тығындап ұстаған. Алғаш рет қымыз ашытарда бие сүті сабаға, арнаулы ашытқының немесе қордың үстіне құйылады. Ашытқыны көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйегін салып сүттен, ол жоқ болғанда сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді. Қор дегініміз, жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын, арнайы сақталған сарқыны.

Қымыздың түрлері: Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі қымыз, қысқы қымыз деп атаған.