Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
268.8 Кб
Скачать

Қазақстанның тарихи орындары

Отырар, Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб - Сырдарияның орта алқабында орналасқан көне қаланың орны. Отырар VІІІ ғасыр басынан Тарбанд деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құметіне арналған көне түрік руна жазбаларында кездеседі. VІІІ ғасырдағы араб географы Якут Тарбанд Тұрар, Тұрарбанд, Отырар – бір қала деп жазады. Х ғасырдың географиялық жазбаларында Кедер орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне аймақ қала екені әл-Магдисидің еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қаласы аймақ есімімен Фараб аталған. Х ғасырдан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Жазба деректерге қарағанда, ХІІ ғасырдан бастап Отырар деген атау қалаға біржола бекітілген сияқты. Жалпы стратегиялық қазба жұмысы Отырар қаласында жеті дәуірден тұратын мәдени қабаты бар екендігін дәлелдеп берді. Егер оны тарихи дәуірлеу жағынан алсақ, б.д, ІV ғасырынан соңғы орта дәуіріне дейінгі, яғни (ХVІІІ ғ.) қалада мың жарым жылға жуық өмір сүру болғандығын көреміз. ХІ-ХІІ ғасырдағы мәдени қабатқа жататын материалдық заттар Отырар қаласындағы қолөнердің дамып, өзінің ең биік шырқау шыңына жеткен мезгілі. Бұл мезгіл Қазақстандағы Қарахан феодалдық мемлекетінің дамыған кезі.

1218 жылы Хорезмшах Мұхамедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғысханның керуендегі көпестері өлтірілді. Бұл монғолдардың Орта Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын «Отырар апаты» деген атпен белгілі.

Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе. Қала дуалмен қоршалған. Қаланың үш қақпасы болған. Орталық қақпа оңтүстік жағына орналасқан.

2- мәтін

Біздің еліміздегі туризм

Қазақстанда туризм екпінді түрде дами бастады. Соның ішінде «Интурист» қоғамының орны ерекше. Ол халықтардың бір-бірімен етене араласуына және мемлекетаралық байланыстардың нығаюына елеулі үлес қосып келеді.

Қазір бірқатар мемлекеттерде туризмнен түсетін табыс ел экономикасының жиырма пайызын құрайды екен. Ал бізде бұл көрсеткіш бір пайызға да жетпейтін көрінеді.

Алайда біздің республикамызда бір-бірімен бәсекелес туристік фирмалар қатары жылдан жылға көбейіп келе жатыр. Солардың ішінде елу жылдай тарихы бар, өз ісіне қалыптасып қалған еліміздің қазынасына қажетті үлесін құйып жүрген «Яссауи» компаниясы. 1994 жылы 12 мамырда «Интурист- Қазақстан» негізінде туризм жөніндегі «Яссауи» мемлекеттік акционерлік компаниясы дүниеге келіп, туризм әлеміне еркін есік ашты.

«Яссауи» компаниясы туризм жөнінен Түркия, БАО, Пәкістан, Қытай, АҚШ, Германия, Жапония секілді ірі мемлекеттердің туристік фирмаларымен іскерлік байланыстар орнатып үлгерді. Компанияның тағы бір жетістігі, ол халықаралық «Еуразия» туристік ассосациясына мүше болып енді.

Осы уақыттан бері шетелдіктер Қазақстанның тарихи мекендерімен, ескерткіштерімен, табиғаты тамаша жерлермен таныса бастады. Жыл сайын мыңдаған турист Қожа Ахмет Яссауи, Айша Бибі, Қарахан кесенелерін, Павлодар Сабындыкөл, Жасыбай көлдерін, Қарқаралының сұлу табиғатын, Шығыс Қазақстандағы Марқакөлді аралап үлгереді. Алматы қаласы өзінің ең алғашқы шетелдік туристерін 1956 жылы қабылдаса, 1957 жылы бұл сан сегіз мыңнан асып үлгерді. 1974 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанынан шетелдік туризм жөніндегі басқарма құрылды. Қазақстанның табиғи байлығының молдығы, әсем табиғаты шетелдік туристерді қызықтырып, оларға үлкен әсер етті.

Жалпы алғанда – табиғаты бай, дәстүрі берік, салтанаты мол, қазақтың жері, Қазақстан топырағы әлі талай туристердің жаңа дүние ашуына көмектесері даусыз. Адал ниетпен, таза пейілмен келген адамға қашанда есік айқара ашық, татар дәм де дайын. Бұл Қазақстан туризмінің ұстанар қағидасы, басты мұраты деуге болады.

12 практикалық сабақ: Қазақ әдебиетінің алыптары М.Жұмабаев, С.Мұқанов, Ғ.Мүсрепов.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

Мағжан 1893 жылдың 25 маусымында дүниеге келді. Оның туған жері – Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Мағжан ауылы. Мағжан төрт жыл Қызылжардағы медреседе оқып, мұсылманша білім алды, арабша, парысша, түрікше үйренді.

Кейіннен Омбы қаласындағы семинариясына оқуға түседі. Осында Сәкен Сейфуллинмен танысады. Семинарияны алтын медальмен бітіреді.Үздік оқитын қазақ балаларына арналған «Потанин қорынан» ұдайы стипендия алып тұрады.

1924 жылы Мәскеу қаласында жұмыс істейді Кейіннен елге қайта оралып, Қызылжар педагогикалық техникумда және партия мектебінде сабақ береді. Бірақ 1929 жылы ұсталып, Мәскеуде Бутырка түрмесіне қамалады. Содан он жылға сотталып, Карелияда айдауда болады.

1935 жылы ол М.Горькийдің көмегімен абақтыдан босатылады.Қызылжар қаласының №7 орта мектепте орыс тілімен әдебиеті сабағын береді. 1937 жылы Алматы қаласына келеді. Көп ұзамай ол тұтқынға алынады. Сөйтіп сталинизмнің құрбаны болады.

Мағжан Жұмабаев – аса көрнекті ақын, педагог, қоғам қайраткері, прозашы, аудармашы, біздің мақтанышымыз.Оның поэмалары «Қорқыт», «Батыр Баян» және «Шолпан» өлеңдер жинағы көпшілікке әйгілі Біздің қаламызда Мағжан Жұмабаев атындағы көше, алаң бар. Алаңында ақынға ескерткіш орнатылған.

Сәбит Мұқанов (1900-1973)

Сәбит Мұқанов – атақты жазушы, біздің жерлесіміз, әдебиет зерттеушісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері.

С.Мұқанов Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Преснов ауданында туған. Ол Омбыдағы мұғалімдер курсында, Орынбордағы рабфакте оқыған. 1935 жылы Мәскеудегі Қызыл профессура институтының әдебиет бөлімін бітіргеннен кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болып істеді.

Сәбит Мұқанов өлеңдері 1922 жылдан бастап жарияланады. Оның «Сұлушаш», «Ботагөз», «Мөлдір махаббат» романдары, «Өмір мектебі» трилогясы, «Шоқан Уәлиханов» деген пьесасы, т.б. көптеген шығармалары бар. Мұқановтың шығармалары әлемнің 50 шақты тіліне аударылған.

Атақты жерлесіміздің атымен біздің қаламызда көше, қазақ -сазды драма театры, облыстық кітапхана аталады.

Ғабит Мүсрепов (1902-1985)

Ғабит Мүсрепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы. Тоғыз жасқа дейін өз ауылында оқып хат таныған. 1916–1922 жылдары аралығында орыс мектебінде оқиды.

Ұлы Отан соғысы жылдарының соңында «Қазақ батыры» повесін (кейін «Қазақ солдаты» романын) жазды.

Сонымен қатар Ғабит Махмұтұлы прозаның шағын жанрларында да еңбек етті. Ондаған очерк, повестер жариялады.

Отызыншы жылдарда драматург ретінде де бой көрсетті. Оның драматургиядағы тырнақалдысы – сахнада мың реттен аса қойылған «Қыз Жібек» операсының либреттосы еді.