Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
268.8 Кб
Скачать

Бiздiң қаламыз

Петропавл, Қызылжар - қала /1825 жылдан/, облыс орталығы /1936 жылдан/. Іргесі 1752 жылы қазақтың Қызылжар атты ежелгі қонысы орнында Әулие Петр бекінісі болып қаланды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Халқы 195 мың адам. Қазір ол Қазақстанның ең солтүстігіндегі қаласы саналады.

Петропавл қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанның ірі әкімшілік-мәдени орталығы. Өнеркәсіпте 174 кәсіпорын, соның ішінде “Евразия”, “Вита”, “Молочный союз”, нан комбинаты, ликер-арақ зауыты, “Сұлтан”, “Тонус”, т.б. жұмыс істеуде. Шағын кәсіпкерлік дамыды. Оның негізгі субъектісі - сауда. Сонымен қатар, Петропавлда 110 шағын құрылыс ұйымдары және 49 көлік пен байланыс кәсіпорны бар. Көлік саласында екі автопарк жұмыс істеуде. Байланыс саласында 58,8 мың телефон және 122 мың радионүкте жұмыс істейді.

Қалада екі мемлекеттік жоғары оқу орны: М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен ҚР IIМ Ішкі әскерлерінің Әскери институты және бірнеше жеке жоғары оқу орындары жұмыс істеуде. Жалпы білім беретін 49 мектеп, 2 музыкалық, 5 спорт мектебі, 3 кәсіптік-техникалық мектеп, 5 арнаулы орта оқу орны - колледжі білім береді. Денсаулық сақтау саласында 12 аурухана мекемесі және 10 емхана, 199 дәріхана қызмет атқарады, филармония, 3 мұражай, кинотеатр, 4 кітапхана, 5 мәдениет үйлері мен сарайлары, 3 кітап дүкені қанат жайған. Спорт объектілері қатарында 4 стадион, 304 спорт ғимараттары мен алаңдары, негізгі спорт түрлері бойынша 17 федерация жұмыс істейді. Қалада үш облыстық және қалалық газет, екі тілде 14 жарнамалық басылым шығады. Үш телерадиокомпания жұмыс істейді.

Менің өлкем. Солтүстік Қазақстан облысы

... Сіздердің облыстарыңыз аграрлы. Еліміздің астық себетін ірі облыстарының бірі, экспортқа астық өндіруші. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан - жоғары технологиялы ірі өнеркәсіптік аймақ. Мыңдаған адамдар жұмыс істеген қорғаныс кәсіпорындары қазір жаңа бағыт, жаңа тыныс алуда, мүлдем жаңа өнімдерді игеру үстінде. Н.Ә. Назарбаев.

Солтүстік Қазақстан облысы /СҚО/1999 жылдың 8 сәуірінен бастап қазіргі шегінде. Облыс аумағы 97,99 мың шаршы шақырым және республика аумағының 3,6%-ын құрайды. СҚО - республиканың «солтүстік қақпасы» іспетті.

Басты су көзі, күре тамыры - облыс аумағының бойымен 720 шақырымды алып, ағып жатқан Есіл өзені. Көлдердің жалпы саны 3000-ға жетеді. /Үлкен Тораңғыл, Шағалалытеңіз, Кіші Қараой, Үлкен Қараой, Теке, Сілетітеңіз, Имантау, Шалқар, Становое т.б./. Облыс аумағының 60%-ы ауыл шаруашылығы жерлері болып табылады.

Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен, Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шектеседі.

Облыста 13 әкімшілік аудан бар: Айыртау, Ақжар, Аққайың, Ғ.Мүсірепов атындағы, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, М.Жұмабаев атындағы, Мамлют, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын атындағы, 5 қала - Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеев, қала үлгісіндегі 4 кент - Смирнов, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл.

Облыстың әкімшілік орталығы - Петропавл қаласы. 2003 жылдың басында облыста 203 ауылдық округ, 759 ауылдық елді мекен болды.

СҚО-дан шыққан атақты адамдар: М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, И.Шухов, Е.Бөкетов, В.Шаталов, А.Викторенко, Ғ.Малдыбаев, Ы.Ыбыраев, Ж.Қизатов.

Облыс халқының саны 641 мың адам /2010 ж. бойынша/. Облыс аумағында 2004 ж. 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 96 ұлт өкілі тұрды. Тұрғын қазақ саны 201,8 мың құрады. Орыстардың саны 339,6 мың адам. Сонымен қатар украиндар /43,0 мың/, немістер /34,2 мың/, татарлар /14,1 мың/ саны көп ұлттар қатарында. Басқа ұлт өкілдері /89 мың/ 2% құрайды. Ең көп жеті ұлттың өкілдері - қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, поляктар, татарлар, белорустар - облыс аумағының барлық жерінде тұрып жатыр.

Облыс - орманды-далалық табиғи аймақта және далалық табиғи аймақта орналасқан. Облыс аумағын географиялық та, тарихи да аймақ ретінде көбіне Петропавлдық Есіл бойы деп атайды.

Облыс климаты тым континентті. СҚО жер беті суларына Есіл, Сілеті, Шағалалы, Қамысақты, Ащысу, Қарасу өзендері мен өзен тармақтары жатады.

Облыстың өте маңызды экологиялық проблемаларына атмосфералық ауаның ластануы жатады. Ауадағы лас адам денсаулығына, өсімдік, жануарларға да зиянын тигизді. Облыста атмосфераны ластайтын 500-ден астам кәсіпорын мен ұйым орналасқан. Ауаны ластайтын 3000-нан астам стационарлық орын тіркелген.