Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
268.8 Кб
Скачать

Асханада

Біздің асханамыз таза, жарық және кең. Мұнда салқын тағамдар, ыстық тамақтар, тәтті тағамдар және түрлі сусындар сатады. Асханада даяшы болмайды, әркім өзінөзі қызмет етеді, сондықтан тамақты кезекке тұрып аламыз. Асхана қызметкерлері мінсіз қызмет етеді. Мен таңертеңгі асымды үйден ішемін. Ботқа, қуырылған жұмыртқа немесе нан мен май жеймін, шай немесе кофе ішемін.

Ал түсте асханадан тамақтанамын. Дастарқан мәзіріне қарап, біріншіге сорпа, кеспе немесе борщ, ал екіншіге картоп пен ет, палау немесе мәнті, үшіншіге компот, шырын немесе шай аламын. Салқын тағамдардан орамжапырақ салатын немесе сәбіз салатын жеймін. Кешкі асымды үйден ішуге тырысамын.

* Жаңа сөздерді есте сақтаңыз: даяшы – официант, қанша тұрады? – сколько стоит?, ас мәзірі – меню, кесім – порция, тілім – кусок, ас болсын! – приятного аппетита!, қою тағам – вторые блюда, бұқтырған ет – тушеное мясо, тұшпара – пельмени, сорпа - суп

• Аз асты аяған көп астан құр қалар.

• Ас –адамның арқауы.

• Ас иесімен тәтті, табағымен қымбатты.

• Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.

• Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

• Аш адам жүріп өледі.

• Аш кісінің ашуы жаман.

• Ат адамның – қанаты, ас – адамның қуаты.

• Асқа барсаң аш бар, тойға барсаң тойып бар.

Азық-түлік дүкенінде

- Сәлеметсіз бе! Сізде қант, сары май және қаймақ бар ма?

- Сәлеметсіз бе! Қант пен май бар, ал қаймақ бітіп қалды.

- Қап! Жарайды. Қанттың бір келісі (килограмы) қанша тұрады? Май ше?

- Қант 170 теңге, ал сары май 800 теңгеден

- Маған екі келі қант пен жарты келі май өлшеп беріңіз.

- Алыңыз

- Қанша төлейін?

- 740 теңге

- Рақмет, сау болыңыз

- Сізге рақмет, келіп тұрыңыз.

  • Сәлеметсіз бе! Маған көкөніс керек еді.

  • Бәрі де бар. Сізге не керек еді?

  • Картоп, сәбіз, қызылша. Айтпақшы, пияз да керек. Бағасы қанша?

  • Картоп – 50 теңге, сәбіз – 90, ал пияз – 80 теңге.

  • Қымбаттау екен.

  • Енді не істейсіз. Қыстың кезі. Бәрінде де қымбат. Осы жерден алыңыз, өкінбейсіз.

  • Жарайды.

Рядом с нашим домом находится кафе «Жастық». Мы с друзьями ходим в это кафе. В кафе обслуживают официанты. Блюда в кафе вкусные. Мне нравятся их салаты из овощей. Кафе красиво оформлен (безендірілген). ...

7 практикалық сабақ.

Тазалық - саулық негізі, денсаулық – байлық негізі. Дене мүшелері. Емханада. Ауруханада. Дәріханада. Денсаулықты сақтау қағидалары.

Дене мүшелері

Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық, т.б. жатады. Мұны адамның қаңқасы дейді.

Адамның бас мүшесінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, таңдай, т.б. мүшелер орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Бұлардың бәрі - көзбен көруге болатын дене мүшелері.

Бұлардан басқа көзбен көруге болмайтын, бірақ ауырғанда сезуге болатын ағзалар да бар. Олар: асқазан, бауыр, бүйрек, жүйке, жүрек, өкпе, тамақ, іш.

Дене мүшелерін таза ұстау керек. Беті-қолды сабынмен жуып, тісті тіс щеткасымен тазалап отыру керек. Шашты шампуньмен жиі жуып, құлақтың ішін сабынды сумен жуып тұру керек. Десаулықтың кепілі – тазалық.