Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
268.8 Кб
Скачать

Ғылым мен техника

1938 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық бөлімі ашылып, ол 1946 жылы Қазақ КСР-інің Ғылым академиясы болып қайта құрылды. 1990 жылға қарай академия жанында 50-ден астам ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істеп, оларда ғылымның барлық бағыттары бойынша 10 мыңнан астам ғылыми қызметкерлер жұмыс істеді. Академияның тұңғыш Президенті көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, әлемге аты таныс ғалым. Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болды. Қазақстан ғылымының ондаған жылдар ішіндегі даму жолында республика ғалымдары әлемдік маңызы бар көптеген жаңалықтар ашты. Қ.И.Сәтбаев, М.О.Әуезов, Д.А.Қонаев, Ш.Ш.Шукин, Ш.Е.Есенов, М.А.Айтхожин, Ө.М.Сұлтангазин, К.А.Сағадиев, Ө.А.Жолдасбеков, М.Қ.Қозыбаев, А.Қ.Қошанов және басқалары Қазақстан Ғылым академиясының мақтанышына айналды. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясында 43 ғылыми мекеме, олардың ішінде 38 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді. Ғарыш, ядролық физика, жоғары энергия физикасы, информатика, радиоэлектроника, гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар, тарих пен этнология, әдебиет теориясы салаларында күрделі зерттеулер жүргізілді. Құрамына ғылыми-зерттеу мекемелері, тәжірибе стансалары мен шаруашылықтар енген Ауыл шаруашылық ғылымдары академиясы табысты еңбек етті.

21 практикалық сабақ.Қоғам және жастар

Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан күні ертең ғалым, қазақстандық компаниялардың менеджері болатын студенттер мұны жақсы түсінуі тиіс.

Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын басқаға, әлдеқайда бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді.

Жетекші халықаралық консалдингілік «МакКинси» компаниясының консультанттары айтқандай: «Алға қарай жүр немесе жол бер». Қазіргі бәсекелі дүниеде нақ осы қағида көп ретте өмірлік ұстанымдарды анықтуға тиіс.

Шын мәніндегі бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар адамдардың уақыты. Мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. «Жастық шақ – бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс ...», - деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш-қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманыңа жетуге болады.

«Қазақстан» сөзі көне еліміздің жаңа жастық шағын, халқымыздың жаңа тарихтағы нық қадамын бейнелей отырып, әлемдік аренада қуатты естілуі тиіс.

Қазіргі жастар тәуелсіз Қазақстанда өсті, олардың көз алдында мемлекетіміздің қалыптасуы жүрді. Олардың ана сүтімен бойында патриотизм және өз тәуелсіз Отандарына деген сүйіспеншіліктің терең сезімі дарыған.

Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі барлық ойлар мен жоспарларды қисынды қорытындысына жеткізетін де жастар болмақ.

Жастардың білімдері, күш-жігерлері мен еңбектері күшті де өркенді Қазақстанды орнатуына жұмыс істейтініне сенім мол.

Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмытылады.

22 практикалық сабақ. Адам және заң

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Конституция - бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі. Конституцияда мемлекеттік құрылым түрлері, мемлекеттік басқарудың формалары анықталады. Азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Конституция тоғыз бөлімнен, 98 баптан тұрды. Бірінші бөлім- «Жалпы ережелер», екінші бөлім- «Адам мен азамат», үшінші бөлім - «Президент», төртінші бөлім- «Конституциялық кеңес», жетінші бөлім - «Соттар мен сот төрелігі», сегізінші бөлім- «Жергілікті басқару және өзін- өзі басқару», тоғызыншы бөлім- «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталады.Тәуелсіз Қазақстаннның Конституциясы қабылданған күн - 30 тамыз мереке күні болып атбылады. Конституция - еліміздің бас заңы, қазақша кейде оны «Ата заң» деп те айтады.

Ең алғаш қазақ Конституциясының бірінші жобасын жазған адам- Барлыбек Сырттанов. Ол 1890 жылы Санк-Петербург университетінің шығыстану факультетін үзік бітірген өте білімді адам болған.

ҚР-ның Конституциясында: «Еліміз құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолына түсті», - деп жазылған. Конституцияның екінші бөлімі «Адам және азамат» деп аталады. «Адам» деген түсінік шетелдік азаматтар үшін қолданылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының басым бөлігі (98 баптың 30-ы) адам және азамат құқықтары мен бостандықтарына арналған. Мұның өзі адамдардың мемлекеттегі, қоғамдағы орнын анықтайды. Адам өз құқығы мен бостандықтарын тек қана өз мүддесі үшін пайдаланбайды. Мәселен, алынған білім жеке адам үшін ғана емес, қоғам үшін де пайда келтіреді. Еңбек ету бостандығын пайдалана отырып, азаматтар өзі үшін, әрі қоғам үшін де материалдық және рухани байлық жасайды. Саяси құқықтар мен бостандықтарды пайдалана отырып, мемлекетте демократиялық қатынастарды дамытуға ықпал етеді. Сондықтан мемлекет азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалануына мүдделі.

Қазақстанның Конституциясында адам және азаматтардың тек негізгі құқықтары мен бостандықтары жазылады. Бір ескеретін жай, «адам» деген түсінік шетелдік азаматтар үшін қолданылады.

Конституциядағы Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары конституциялық заңдарда, нормативтік актілерде нақтыланады. Мысалы, кәмелетке толған Қазақстан азаматы Мәжіліске депутаттарды сайлауға және сайлануға хақылы. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Президенттің Жарлығымен реттелген. Конституцияда жазылған барлық құқықтар мен бостандықтарды Қазақстан азаматтары ғана пайдалана алады, ал шетел азаматтары саяси құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алмайды. Сондықтан шетел азаматтарының мәртебесі туралы Президенттің арнайы Жарлығы бар.

Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты заң шығару барысында маңызды халықаралық құқықтық актілерді басшылыққа алған. Конституцияның 8-бабында Қазақстан Республикасы халықаралық-құқықтық принциптер мен нормаларды құрметтейді деп көрсетілген.

Мысалы, БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1948 жылы адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация қабылдаған болатын. Декларация ережелерін үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа адамдардың табиғи және айырғысыз құқықтары жатады. Бұл - өмір сүру құқығы, жеке басының бостандығы, құлдықтан азат болуы, адамды азаптауға және оның жеке өміріне қол сұғу әрекеттеріне тыйым салу, адамның ар-абыройына және мекен-жайына қол сұғуға жол бермеу. Екінші топқа азаматтықпен байланысты ережелер жатады. Бұлар азаматтық алу, емін-еркін жүріп-тұру, тұрақты мекен-жайын таңдап алу, некеге отырып, отбасын құру, меншік иесі болу, баспана алу, ұждан бостандығына ие болу, мемлекет басқару ісіне қатысу, бейбіт жиналыстар мен демонстрациялар өткізу құқықтары. Үшінші топқа әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар жатады. Олар – еңбек ету, қалауы бойынша жұмыс таңдау, еңбегіне сай ақы алу, кәсіптік одақтарға бірігу, демалу, білім алу, адамға лайық өмір сүру құқықтары.