Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
268.8 Кб
Скачать

Менің қазақстаным!

Сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов пен Н. Назарбаев.

Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов.

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін.

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің- Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

17 практикалық сабақ. «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор»

Мемлекеттік тілді білу – заман талабы

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу - мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді.

Біз өте намысшыл халықпыз. Біреу итің жаман десе де намыстанып қаламыз. Тіл білетін қазақ – намысшыл. Тіл білмейтін қазақ одан да намысшыл. Оларды тіл білмедің деп шетке итермеу керек. Қайта бауырға тарту керек. Бізге көп тіл білгеннің артықтығы жоқ. Күні ертең Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымына кіргелі отырмыз. Осы ретте бізге қазақ, орыс, ағылшын, тіпті қытай тілін де мықтап меңгеріп алу керек. Әлемдік бәсекеге түскелі жатырмыз. Домбыраны шерткендей, біздің мықты мамандарымызды да мемлекет ісіне шертіп–шертіп таңдап аларда олардың бірнеше тілді еркін меңгергеніне артықшылық беріліп тұрылуы тиіс. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан тіл мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр. Тіл мәселесінің өте нәзік екендігі, оны зорлықпен емес тек қана шынайы ынталылықпен ғана ыңғайланатын шаруа екендігі белгілі.

Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда, ең алдымен қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ұлттық салт - дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.

18 практикалық сабақ.

Қазақстан - әлемдік кеңістікте

Нұрсұлтан Назарбаевтың дүниежүзілік қауымдастықтағыҚазақстанның орны мен рөлін анықтауға байланысты көзқарастары,халықаралық ұсыныстарысонылығымен, батылдығымен ерекше бағаланады. Мемлекет басшысы қысқа уақыттың ішінде халықаралық қарым-қатынастың әбден сұрыпталғантұжырымдарынқалыптастырды. Н.Назарбаевтың тереңнен ойластырылған көптеген ұсыныстары – Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава деген статустанбас тарту, кең көлемді де аймақтыққауіпсіздіктіқамтамасыз етужолындағы тиянақты қызметі дүние жүзі халықтарына мәлім болып, қызу қолдау тапты.

Н.Назарбаевтың ұсыныстары бойынша ТМД, ОАО, Кедендік одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдардүниеге келді. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған Азиядағы өзара қимыл мен сенім шаралары кеңесі іс жүзінде жұмысқа кірісті.

Тәуелсіздіктің бір белгісі – еліміздің дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер тарапынантанылуы. Осыған орай, еліміздіңсыртқы саясатын белгілейтін Қазақстан дипломатиясы ойдағыдай дамып, ол біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықтан өзініңлайықтыорын алуына жақсы қызмет етті.

Тәуелсіз жас мемлекетіміз 1992 жылы 2 наурыз күні Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Республикамыздың көк байрағы әлем елдері туларының қатарына қадалды. Ел өмірінде жаңа кезең басталды. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін одан бұрынырақ жарияласа да, жеке мемлекеттер таныса да, енді бүкіл әлем оны шын мәнінде тәуелсіз егеменді ел ретінде таныды.

Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі мен егемендігі тарихи маңызы бар үш құжаттан көрінеді. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңы. Конституциядағы 8-бап: ҚР халықаралық құқықтық принциптері мен нормаларын құрметтейді; мемлекет арасындаынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың ішкі істеріне араласпау халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді,қарулы күштібірінші болып қолданудан бас тартады.

Қазақстанның сыртқы саясатында бұрынғысынша Ресейге баса көңіл бөлінді. Республика тәуелсіздігінің қысқа кезеңінде экономикалық өзара қарым-қатынастарды, ғарыш кеңістігін игеру саласындағы ынтымақтастық, жаңа типті армия құру және т.б. мәселелерді реттеген бірқатар екі жақты келісімшарттарға қол қойылды.

Қазақстан Еуропа мемлекеттерімен сәтті дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ сияқты көптеген беделді халықаралық ұйымдармен байланыстарын нығайтты. Сөйтіп, біздің республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін халықаралық көлемде өзін батыл таныта бастады.

Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында Қазақстан Президенті белсенді саяси қызмет жүргізді, ресми сапарлармен алыс және жақын шетелдерге барды. 1994 жылғы ақпан айында Н.Назарбаев Ақ үйге барып, АҚШ Президентімен кездесті. Келіссөздер қорытындысында екі ел басшылары демократиялық қатынастар туралы Хартияға қол қойды. Сонымен қатар Қазақстанның ядролық емес мемлекетретіндеядролық қаруды таратпау туралы келісімшартқа қосылатындығын бекіткен грамота тапсырды.

1995 жылдың басында мемлекет басшысы Индонезияда болды. Сапар қорытындысында Қазақстан мен Индонезия сауда-өнеркәсіптік палаталары, біздің республикамыздың Ұлттық банкісі мен Индонезия орталық банкі арасындағы келісімге қол қойылды.

1995 жылғы қарашада Қазақстан Ресей Федерациясымен, Беларусьпен Кеден одағын құру туралы келісімшартқа қол қойды. Одаққа Қырғызстан мен Тәжікстан қосылған соң Еуразия экономикалық одағы болып қайта құрылды. 1999-2000 жылдары Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан біртұтас экономикалық кеңістік құру мақсатымен орталық Азия экономикалық қауымдастығына бірікті. Сонымен қатар Украинамен, Молдовамен, Әзербайжанмен, Армениямен, Грузиямен және Түрікменстанмен тығыз саяси-экономикалық байланыстар орнатылды. Екі жақты қатынастар деңгейде Закавказье елдерімен, Балтық жағалауы мемлекеттерімен ынтымақ нығая түсті.

ТМД елдерінің лаңкестікке қарсы орталығы құрылды. Бұл оқиғаға дейін «Шанхай бестігіне» қатысушы елдер (Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан) халықаралық лаңкестікпен, оңашалану көріністерімен, діни экстремизммен, наркобизнеспен күрес стратегиясын белгіледі, сондай-ақ экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін қарап, бұл мәселелер бойынша Үйлестіру кеңесін құрды. Бір жылдан соң Шанхай қаласындағы саммитте Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және альянстың жаңа мүшесі Өзбекстан «Шанхай бестігін» Шанхай ынтымақтастық ұйымы етіп қайта құру туралы шешім қабылдады. Ұйым халықаралық қатынастарды шешілетін мәселелердің кеңейтілуіне байланысты өзгертілді, мұнда шекара мәселелерімен қатар халықаралық және аймақтық қауіпсіздіктің басқа да мәселелерін шешу, ШЫҰ-ға мүше елдердің сауда-экономикалық қатынастарын тереңдете түсу қарастырылды.

19 -практикалық сабақ