Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
268.8 Кб
Скачать

Қазақстанның білім беру жүйесі. Білім жүйесіндегі реформалар. Қазақстанның білім беру жүйесі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы. II-бөлім, 30-бап.

1.Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

2.Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

3.Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

4.Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек.

Білім жүйесіндегі реформалар

Білікті мамандар даярлау ісінде адамдарға қазіргі заманға сай озық білім берудің маңызы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның нақты бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі»,-деп атап көрсетті. Елбасы осы ойын дамыта келіп, «бізге экономиканы және қоғамдық өмірді жаңа сатыға көтеру қажеттігіне сай осы заманғы білім беру жүйесі керек» екендігіне назар аударды.

Білім беру жүйесі, оның құрылымы үздіксіз оқу тұжырымдамасына (концепциясына) сәйкес жасалады. Бұл жүйе: отбасылық тәрбие; мектеп жасына дейінгі тәрбие; жалпы орта білім беру: мектептен тыс тәрбие мен оқыту: кәсіптік-техни калық, орта арнаулы, жоғары білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі білім (аспирантура, докторантура т.б.) беру; кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау; қосымша білім беру(екінші мамандық) сатыларынан құрылады.

Орта білім алу бізідің елімізде тегін. Қазіргі Қазақстан Республикасында ерекше мәртебеге ие болған мемлекеттік жоғары білім ордасында білікті мамандар даярланады.Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік бірлестікке енуі қазақстандық жастардың шет елдерде оқуына мүмкіндік туғызды.

Халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылатын 1997 жылғы Лиссабон Конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жұйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон Конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап берді. Бұл – білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам.Болон декларациясының негізгі қағидалары қандай, кредиттік технология деген не, оның қандай артықшылығы бар?

Біріншіден, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында және халыұаралық бәсекелестік жағдайында Еуропа білімінің беделін көтеру үшін біртұтас білім мен ғылым мәртебесін қабылдау;екіншіден,білімнің бакалавр, магистратура, докторантураға негізделген үш сатысын бекіту;үшіншіден,оқу процесін ұйымдастыру мен білім үлгерімінің қорытындысын бағалау бойынша еуропалық кредиттік жүйені енгізу;төртіншіден, Еуропа елдері мен университеттері арасында профессорлар мен студенттердің алмасуын өрістету;бесіншіден, оқу үрдісін Еуропалық сапа деңгейіне көтеру;алтыншыдан, жоғары оқу орындарында халықаралық аттестаттау мен аккредиттеуді жандандыру.

Қазақстандағы жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім берудің ең озық үлгісімен сәйкестендіруге негізделеді.Еліміздегі білім беру жүйесі үлкен екі маңызды процесті жандандыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.

Болон процесіне сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің мынадай сатылары енгізілген: 1)бакалавриат (жоғары базалық кәсіби білім) – 4жыл; 2)магистратура(кәсіби жоғары білімнің екінші сатысы) – 2 жыл; 3)докторлық бағдарлама (жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім) – 2 немесе 3 жыл. Бүгінде көптеген елдерде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді. Кредиттік оқыту жүйесінің тәсілдері:*аудиториялық сабақ: дәрістер, практикалық сабақтар(семинарлар, коллоквиумдер), зертханалық және студиялық сабақтар; *аудиториядан тыс сабақтар: оқушының өзіндік жұмысы, соның ішінде оқытушы жетекшілік ететін жұмыстар, жеке кеңес беру, бейнеконференция, телекөпір; * оқу және кәсіби тәжірибе өткізу: ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, диплом жұмыстарын(жобасын), магистрлік және докторлық диссертация дайындау;*оқу жетістіктерін бақылау түрлері: ағымдық аралық бақылау (сабақтағы сұрақ, оқу пәні тақырыптары бойынша тестілеу, бақылау жұмыстары, зертханалық, курстық жұмыстарды қорғау, коллоквиум тапсыру, т.б.), аралық аттестаттау және бақылау (оқу пәндерінің бөлімдері бойынша қорғау есебі), мемлекеттік қорытынды аттестаттау (диплом жұмысын(жобасын) қорғау, магистрлік және докторлық диссертация қорғау, мемлекеттік (пәнаралық) емтихан). Оқытушы жетекшілік ететін студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) және оқытушы жетекшілік ететін магистранттың өзіндік жұмысының (ОМӨЖ) ОМӨЖ-дің сағат көлемі байланыс дәрістерінің , семинарлар мен практикалық, студиялық сабақтардың әр пәнге бөлінген жиынтық көлемінен кем болмауы тиіс.

Оқушылардың, студенттердің және білім алушы басқа да адамдар категорияларының құқықтары (23-бап)

Оқушылар мен студенттердің білім деңгейі және басқа да жағдайлары (денсаулығы, сабақ жүргізілетін тілді білуі және т.б.) қабылдау шартарына сай келетін болса, онда олар өз таңдауы бойынша:

- оқуға түсуге;

- жеделдетіп оқуға;

- жеңілдікпен немесе тегін тамақтануға;

- медициналық қызметті пайдалануға;

- мемлекеттік көліктерде жеңілдікпен жүріп-тұруға;

-оқудан бос уақытта жұмыс істеуге;

-қосымша арнаулы білім алуға;

- оқу орнының өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуына құқы бар;

- қалада тұрмайтын оқушылар мен студенттерге жатақханадан орын беріледі;

- мемлекеттік жоғары, орта арнаулы және кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері, оқушылары күнкөріс минимумы деңгейінде шәкіртақы алуға және ҚР-дың заңдарында көзделген қосымша жеңілдіктерді пайдалануға құқылы.

Оқушылардың, студенттердің және білім алушы басқа да адамдар категорияларының міндеттері.

Оқушылар, студенттер және білім алушы басқа да адамдар категориялары белгіленген талаптарға сәйкес:

- білім алуға;

-практикалық жағынан дағдылануға;

-ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;

-ҚР Заңдары мен білім беру мекемесінің Жарғысында көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.

20 практикалық сабақ.