Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
268.8 Кб
Скачать

Емханада

  • Сәлеметсіз бе, ата! Қай жеріңіз ауырады?

  • Барлық жерім ауырады: қолым, аяғым, тізем, кеудем, жүрегім, бүйрегім, бауырым, өтім, өкпем, асқазаным, ішім, белім, тамағым, басым, көзңм, қүлағым...

  • Тоқтаңыз, тат, асықпаңыз. Біз сізді тексерейік, содан соң емделесіз. Жөтеліңіз, тұмауыңыз бар ма?

  • Әрине, бар. Жөтелемін де, түшкіремін де, тұмауым да бар.

  • Кәне, тамағыңызды көрсетіңіз, тексерейін. Тамағыңыз қызарып тұр екен. Шешініңіз, өкпеңізді және жүрегіңізді тыңдайын, қызуыңызды өлшейін. Сізге қатты суық тиген екен.

  • Тұмау емес пе?

  • Тұмау да бар, баспа ауруы да бар. Қазір сізге рецепт жазып беремін. Дәріні дәріханадан алып, күніне үш рет ішесіз. Төсекте жатып емделіңіз, бал қосқан сүт ішіңіз. Енді емханаға жұма күні келіңіз.

  • Басқа жерімді тексермейсіз бе?

  • Тексереміз. Әуелі мына ауруларыңызды жазып алайық. Емделіңіз, жазылыңыз, ауырмаңыз. Өзіңіз білесіз, денсаулық – зор байлық.

  • Рахмет, қалқам. Сау бол!

  • Сау болыңыз!

Дәріханада

1. – Сәлеметсіз бе! Сіздерде бас аурудың дәрісі бар ма? – Сәлеметсіз бе! Иә, бар. Сізге ампула ма, әлде таблетка ма? – Маған таблетка болса. – Нешеу аласыз? – Екеу. – Тағы не аласыз? – Дене қызуын басатын қандай дәрілер бар? – Сироптар, таблеткалар бар. – Қалай әсер ететін дәрілер? – Мына сироп тез әсер етеді. Аласыз ба? – Жақсы, алайын.

2.

- Сізде мына дәрілер бар ма?

- Қандай дәрілер? Рецепті болса, көрсетіңіз.

- Міне.

- Бұл дәрілер бар. Оларды күніне үш рет ішу керек.

- Тез жазылу үшін тағы қандай дәрілерді ішу керек?

- Қазақстанда, Ресейде жасалған дәрілерді ішу керек. Олар тез көмектеседі. Шөптердің қайнатпасын да ішуге болады.

- Жақсы, рахмет.

- Жазылыңыз.

8 практикалық сабақ.

Қазақстандык дизайнер Әлима Мұрзабекова

Ұлттық киім. Бас киім

Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетика лық талғамының, еңбегінің жемісі.

Ұлттық киімдер пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай былайша бөлінеді:

1. Күнделікті

2. Сәндік киімдер

Жыл мезгілдеріне байланысты :

  1. қыстық;

  2. жаздық,

  3. күздік киімдер

  4. 4 маусым аралық;

Киімдер жас ерекшеліктеріне сәйкес мынадай түрлерге жіктеледі:

-сәби киімі (иткөйлек, сылау тақия)

-бала киімі (кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпент, шапан)

-бозбала киімі (тақия, етік, жейде, шалбар);

-бойжеткен киімі (желбіршекті көйлек, тақия, кәзекей);

-қалыңдық киімі (сәукеле, желек);

-келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, қамзол, кебіс, мәсі, көкірекше);

-күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде).

Қазақтың ұлттық бас киімдері барқыт, мақпал, жібек, креп-шифон маталарынан тігілген, бау страз, жылтырақ түйме, шыны моншақ, маржан алтын қамқамен әшекейленеді. Әшекейлі жапармалар, біз кесте, тығыз кесте, ришелье, аралас техника тәсілдері арқылы кестеленеді.

Әйелдердің ұлттық бас киімдеріне бөрік, тақия, сәукеле, күндік, кимешек, орама-кимешек жатады. Осы тарихи бас киімдер негізінде суретші-сәнгерлер сәннің даму талаптарына сәйкес қазіргі бас киім түрлерін жобалаған. Фетр стрейч-мақпалдан тігілетін қазіргі бас киімдер сәукеле пішініне сәйкес дайындалуы мүмкін. Олар алтын және күміс жіптермен, алтын қамқалы ришелье жапсырмаларымен, алтын баулармен әшекейленеді. Өсімдік тектес және зооморфтық ою-өрнек элементтері аралас қолданылады. Бас киімдердің аса сәнді көрінуі үшін оларды моншақ, страз, шыны моншақ, маржандармен кестелейді. Сәукеле қазақ ұлттық киімдері ішіндегі ең қымбат және сәнді киім болып саналады. Ертеде шеберлер бір сәукелені жасау үшін бір жыл уақыттарын кетірген. Сәукеленің қазіргі түрлері қатты қаңқа негізінде стрейч-мақпалмен тысталып, сайы құндыз үлбірлерімен, мамықтармен қапталып, арнайы зерлі моншақ бұйымдармен әшекейленген.