Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
268.8 Кб
Скачать

Біздің президентіміз

Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Орта мектепті тәмамдаған Нұрсұлтан Әбішұлы еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысының “Казметаллургстрой” тресінде қарапайым жұмысшылықиан бастады. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы Жоғары оқу орнын бітіріп, техникалық білімі бар маман атанды. 1969-1973 жылдары Теміртау қаласына партиялық қызметке шақырылды. 1973-1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинатындағы партия комитетінің хатшылық қызметінде болды. 1979-1984 жылдары Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің хатшылығына тағайындалды. 1984 жылы Қазақ ССР-ның Министрлер Кеңесінің Төрағасы болса, 1989-1991 жылдары Қазақстан Компартиясының қызметін атқарды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. Нұрсұлтан Әбішұлын Елбасшысы, Мемлекет қайраткері ретінде ғана емес, үлгілі отбасы мен қамқор әке, ата ретінде де білеміз.

16 практикалық сабақ. Мемлекеттік рәміздер.

Ел рәміздері – біздің мақтанышымыз

Әр халықтың тарихына, салт – дәстүріне, мәдениетіне байланысты рәміздері болады. Қазақстанның да өз рәміздері бар. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының туы, әнұраны, елтаңбасы туралы заң қабылданды.

Қазақстан Республикасының туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы- тік бұрышты (ені-1 метр, ұзындығы- 2 метр) көгілдір мата. Көгілдір түс- бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақтың нышаны. Тудың ортасында жарқырап шыққан шұғылалы күн орналасқан. Бұл- бейбітшіліктің белгісі. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Дала құсы- дарқандық пен қырағылық және биікке самғау белгісі. Тудың сол жағында қазақ халқының ұлттық өрнегі бейнеленген. Өрнек қазақ халқының салт- дәстүрін, мәдениетін және ұлттық өнерін білдіреді.

Күн, қыран құс және өрнек алтын түспен берілген. Алтын түс- молшылықтың, байлықтың, құт- берекенің белгісі. Тудың авторы, суретші - Шәкен Ниязбеков.

Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк. Зеңгір көк түс - табиғаттағы жеті түстің бірі. Көк түс – аспанның, ауа мен судың белгісі. Алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кесте бойынша көк түс - адалдықтың, тазалықтың белгісі. Мемлекеттік туымыз тек қана бір түсті - көк. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Тудағы күн бейнесі - геральдика заңы бойынша байлық пен берекенің белгісі. Қыран бейнесі – еркіндік бейнесі. Ұлттық өрнек қазақ халқының мәдениетін, поэтикалық және көркем танымын, өнерін білдіреді.

Мемлекеттік ту – мемлекетке тән ресми белгілердің бірі.

Мемлекеттік ту мемлекеттік мекемелерде, шетелдегі елшіліктер мен консульдықтарда т.б. жерлерде көтерілетін арнаулы белгі. Мемлекеттік тудың барлық белгілері бар жалаушалар да болады. Олар келіссөз үстелдеріне қойылады, ресми қонақтарды қарсы алу және шығарып салу кезінде машиналарға қадалады.

Қазақстан Республикасының елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Ол – елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы- отбасы ошағын бейнелейді. Шаңырақты айнала уықтар шаншылған. Олар күн сәулесіндей жарқырайды. Екі жағын аңыз ертегілеріндегі пырақтардың қанаттары көмкеріп тұр. Қанатты пырақ- мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығын көрсетеді.

Елтаңбаның мандайшасында бес бұрышты жұлдыз бар. Ол - мемлекетіміздің «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұрғандай. Төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары, сәулетшілер- Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.