Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
268.8 Кб
Скачать

Петропавл қаласының өнер ошақтары

Петропавл қаласы Солтүстік Қазақстан облысының орталығы. Қаланың негізі 1752 жылы қаланған, бірақ қала дәрежесі көп кейін берілген. Петропавл қаласы үлкен емес, дегенмен тарихы өте бай. ХХ ғасырдың басында бұл қала Қазақстанның мәдени-саяси орталықтарының бірі болған. Біздің қалада халқымыздың танымал азаматтары Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Сафуан Шаймерденов сияқты ақын- жазушылар қызмет істеген. Петропавл қаласы 1932 жылдан бері облыс орталығы дәрежесінде. Қазір қалада 200 мыңға жуық адам тұрады. Қаланың бас көшесі - Қазақстан Конституциясы даңғылы.

Бұл көше қала халқының дем алуына лайықталған. Көше бойымен автокөлік жүрмейді, онда қала тұрғындары серуендеуге, отырып тынығуға жағдай жасалып, орындықтар қойылған. Қалалық демалыс саябағы, тарихи-өлкетану мұражайы, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхана, Абай мен Пушкинге арналған ескерткіш, облыстық және қалалық әкімдіктер, түрлі әдемі ғимараттар осы көшеде орналасқан.

Петропавл- аймақтың ғылыми және мәдени орталығы. Қалада М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, басқа жоғары оқу орындарының филиалдары, бірнеше колледждер бар. Біздің қалада С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры, Н. Погодин атындағы орыс драма театры, қуыршақ театры, кинотеатрлар, шығармашылық орталықтар, облыстық филармония бар. Атақты адамдарға арналған ескерткіштер, тарихи орындар да көп. Қалада құрылыс қарқынды жүргізілуде. Жаңа салынған тұрғын үйлер, сауда орталықтары қаланы көріктендіре түсуде.

Қаланың бас алаңы- Достық алаңы. Осы алаңда мәдени- демалыс орталығы салынып жатыр. Түрлі мәдени іс- шаралар да осы алаңда, Қазақстан Конституциясы даңғылы бойында өткізіледі.

2008 жылы пайдалануға берілген «Абылай ханның резиденциясы» мұражай-кешені қаламыздағы ең көрікті де қызықты мәдени-танымдық орынға айналды.

10 практикалық сабақ.Адам және табиғат егіз

10 Практикалық сабақ.Адам және табиғат егіз

І. Қазақстанның экологиялық жағдайлары

Уақыт өткен сайын табиғат пен адамдардың арақатынасы айқындала түсуде. Соңғы жылдары экология туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Алғашқы рет «экология» деген ұғымды \1866ж\ ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің «Эко-Ойкос» деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақта, соған өз үлесіңді қос.

Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүниежүзілік мәселеге айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық мәселелерін айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын жауатын болды.

Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн. тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн. тонна шаң-тозаң, 5 млрд. тонна көмір қышқыл газы, 1 млн.тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп шығарылады екен. Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізеді. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі- осы қалаларда өнеркәсіп орындарының көп шоғырлануы.

ІІ. Табиғат байлықтары

Біздің еліміздің атын шығарған бекіре тұқымдас балықтар. Бұлар Каспий теңізінің байлығы. Өкінішке орай, қазір бекіре тұқымдас балықтардың саны да азайып кетті. Оның бірнеше себебі бар.

Біріншіден, балықтар өз қорегін теңізден табады. Олар үйір-үйір болып қоректерін теңізден іздейді. Қазір олардың қорек іздейтін, жүретін жерінің көлемі азайып кетті. Себебі, оларға қорық салды, содан кейін теңіздің ішінен бұрғылап алып жатқан майдың өзі өз алдына тіршілік етіп жатқан теңіз асты жануарларына зиян келтіруде. Бұрғылаудың кесірінен улы заттар бөлінеді де, балықтар ығысып, орын ауыстырады, мұны миграция деп атаймыз. Орын ауыстырған соң омыртқалы жануарлардың жейтін құрттары секілді қоректік заттары азайып кетеді. Сөйтіп, олардың жаңа жерге бейімделуі де қиындай түседі.

Екіншіден, судың астындағы топырақтың ішіндегі тұздың көп мөлшерде бөлінуі де көп зиянын тигізіп отыр. Қандай ағза болса да, оған қажетті мөлшерде оптималды тұз керек. Ол мөлшер бұзылған болса жанурлардың өмір сүру қабілеті төмендейді. Сөйтіп өле бастайды

ІІІ. Табиғаттың, қоршаған ортаның адам денсаулығына әсер етуі

Семей сынақ алаңы КСРО Министрлер Кеңесінің шешімімен 1947 жылы 21 тамызда ашылды. Ядролық тәжірибе жасау үшін 18500 шаршы шақырым жер алынды. Ғалымдардың болжамы бойынша Семей полигоны әсерінен барлық тұқым қуалау ақаулары болашақта, ұрпақ алмасқан кезде неғұрлым толық көрінген. Қазірдің өзінде осы аудандарда туа біткен кемтарлық дүниеге келген әрбір мың нәрестенің қырық сегізінде кездесіп отырады. Бұл орта есеппен республика бойынша алғанда 6 есеге көп, ал полигонға жақын орналасқан ауылдарда бұл көрсеткіш одан да жоғары.

1989 жылы 28 ақпанда «Невада-Семей» деп аталатын ядроға қарсы қозғалыс пайда болды. Бұл қозғалыс біртіндеп халықаралық қозғалысқа ұласты. Қозғалыстың басты жетістігі, біріншіден, халықтың тікелей қатысуымен аз уақыттың ішінде Семей жеріндегі сынақ санының азаюына ықпал етсе, екіншіден, 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен полигонның жабылуына жәрдемдесті.

Біз дүние жүзінде ядролық қарудың аз болуы, ал алдағы уақытта мүлдем болмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз. Адамдар қару-жарақсыз, еркін өмірде де Әлемді, Табиғатты, заттар мен құбылыстарды танып-білуге деген құштарлығы қалады.

11 практикалық сабақ.