Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка дан.doc
Скачиваний:
271
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.66 Mб
Скачать

3.5 Жобаны геодезиялық дайындау

Жобаны геодезиялық дайындау−негізгі мазмұны геодезиялық жұмыстарды орындай отырып жобаны құрастыруға арналған технологиялық процесс.Оларға санақтар алу, сызбаны құрастыру және т.б. жатады.

Сурет 14. Құрылыстың негізгі өстерін жер бетіне шығару

Жобаны жер бетіне шығару үшін негізгі құжаттар мыналар болып табылады:

1:500-1:2000 масштабтағы құрылыстың бас жоспары. Онда топографиялық негізде барлық жобаланған құрылыстар түсірілген, негізгі нүктелердің жобалық координаттары және жазықтықтардың белгілері көрсетілген. Күрделі құрылыстар үшін бас жоспарды геодезиялық негіз пункттеріне байланыстыру мәндерімен басты өстердің бөлу сызбаларымен толықтырады (қалаларда – құрылыстың қызыл сызықтарымен).

Үлкен масштабтағы пландар, кескіндер, бөлшектерінің биіктіктері мен өлшемдері бар құрылыстың барлық бөліктерінің профильдері берілетін жұмыс сызбалары.1:1000-1:2000 масштабтағы вертикаль жоспарлау жобасы –нөсер суларының ағынын қамтамасыз ететін бірқалыпты еңісті жазықтық құру үшін жер бедерінің табиғи өзгеру жобасы.

Жобада квадраттар мен көлбеуліктер торлары бойынша жер бетінің биіктіктері берілген. Жер жұмыстарының картограммасында квадраттар немесе массивтер бойынша қазындылар мен үйінділер көлемі келтірілген жәнежер массаларының орын ауыстыру бағыттары көрсетілген.

Жолдың, жер асты коммуникацияларының, әуе сызығының горизонталь 1:2000-1:5000-дық, вертикаль 1:200-1:500-дік масштабтағы жоспары мен бойлық профильдері.[15]

Құрылыс алаңының геодезиялық негіздеу үлгісі, центрлер мен таңбалардың сызбалары, координаттар мен белгілердің ведомостері.

Жобалық шешімдерді негіздеу мен және инженерлік есептердің түсіндірме жазуы.

Бұдан басқа, құрылыс және геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру жобасы, құрылыстың күнтізбелік жоспары, сонымен қатар қосымша өндірістік мекемелердің орналастыру жобасы және уақытша құрылыс –құрылыс бас жоспары оқытылады.

Группа 764 Құрылыс жобасын жер бетіне шығару үшін оған геодезиялық дайындық жасайды, оған мыналар кіреді:

а) жобаның аналитикалық есебі;

б) геодезиялық негіз пункттеріне басты өстердің байланыстыру мәліметтерімен бөлу сызбаларын құру;

в) геодезиялық жұмыстардың өндірістік жобасын өңдеу (ГЖӨЖ).

Жобаны геодезиялық дайындау құрылысты жобалау тәсіліне тәуелді: аналитикалық, графоаналитикалық, графикалық.

Аналитикалық тәсілде жобалық мәндер математикалық есептеу жолымен табылады, ал бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстар координаттарын геодезиялық байланыстыру арқылы анықтайды, ал жоба элементтерінің өлшемдерін технолнгиялық есептерге және ауданды горизонталь жоспарлау үлгісіне байланысты береді. Құрылыстың бас жоспары қабылданған жобалық шешімдердің көрнекілігі үшін ғана қызмет етеді. Бұл жобалау әдісін көбінесе кәсіпорынды, теміржол торабын және т.б. жаңарту және кеңейту үшін қолданады.

Көбінесе графоаналитикалық тәсіл қолданылады. Онда жобалауға арналған бастапқы мәліметтер топографиялық планнан графикалық жолмен алынады (құрылыс өлшемдері, контурлық нүктелер қатарының координаттары), қалған мәліметтер аналитикалық жолмен анықталады (жобаланатын құрылыс өлшемдері, ғимараттардың бұрышының координаттары).Егер құрылыс жобасы бұрыннан бар құрылыстармен байланысты болмаса, онда кейде жобалаудың графикалық тәсілін қолданады. Онда жоспарлауға қатысты барлықнегізгі сұрақтар планда (жоспарда) графикалық түрде шешіледі.

Жоба есебін графикалық координаттар бойынша оның барлық негізгі нүктелерін шығарады. Кері есепті шешу арқылы геодезиялық негіз пункттерінен басты өстерін жер бетіне шығару үшін жеке сызықтар мен полярлық координаттардың ұзындықтары мен дирекциондық бұрыштарын табады.

Графикалық тәсілде жобалау қатесі біріншіден жоспар дәлдігіне және оның масштабына тәуелді (байланысты).

мұндағы, -жоспардағы сызық ұзындықтарын немесе нүкте координаттарын анықтау қателігі; М-жоспар масштабының бөлгіші.

Жобаның аналитикалық есебі. Жобалау тәсілінен тәуелсіз жобаны жер бетіне шығару үшін барлық геометриялық элементтер бір-бірімен қатаң математикалық байланысты және алаңында (аумағында) күрделі ғимараттар мен инженерлік құрылыстар бар болуы керек. Бұл жобалау үшін бастапқы мәліметтер қателігінің бөлу жұмыстары дәлдігіне әсерін жою үшін қажет (координаттар, биіктіктер, сызық ұзындықтары), әсіресе аналитикалық есептеуде жобалық өлшемдер мен бұрыштар бойынша құрылыс өстерінің қиылысу координаттарын,құрылыстың қызыл сызығын есептейді; керісінше, жер бетіндегі өлшемдер нәтижесінде алынған бастапқы координаттар бойынша сызық ұзындықтарының есептік мәндерін және айналу бұрышын табады.

Трассаларда түзулер мен қисықтар элементтерін, жобалық биіктіктікті және еңісті анықтайды. Тіректік ғимараттарда бұрыштық нүктелердің Группа 744координаттарын тексереді. Негізгі бөлу өстерін геодезиялық негіз пункттеріне байланыстырады.

Жобаның аналитикалық есебінде шешілетін типтік геодезиялық есептер болып тура және кері есеп табылады; екі түзудің (түзу және қисық) қиылысу нүктелерін анықтау, берілгендерге параллель және перпендикуляр сызықтардың теңдеулерін, шеңберлі құрылыстардың центрлерінің координаттарын есептеу; қисықтардың негізгі элементтерін есептеу және т.б.

Тексеру үшін, жобалық координаттарды тұйық полигондар бойынша және геодезиялық негіз пункттерінің арасындағы жүрістер бойынша есептейді.

Жобаны байланыстыру. Жобаны байланыстыру деп жер бетінде құрылыстың басты (негізгі) өстерін бөлетін геодезиялық мәліметтердің есептерін айтады. Байланыстыру кепілдендірілген тексерумен есептеледі.

Қайтадан салынған құрылыс бұрыннан бар құрылыспен тығыз байланысты болған жағдайда, жобаны жаңарту және кеңейту кезіндегі байланыстыру мәліметтері болып, әдетте, құрылыс өстері немесе контурынан жобаланатын құрылысқа дейінгі арақашықтық табылады.

Бөлуді тексеру үшін басты нүктелердің бірін алаңда бар геодезиялық пунктке байланыстырады.

Қалалық территорияда құрылыс жобасын байланыстыру құрылыс алаңын көше белдеуінен бөліп тұратын қзыл сызық нүктелеріне полярлық немесе тік бұрышты координаттар тәсілімен жасалады.

Қызыл сызық жоспарын дәл жоспарлау жобасын өңдеу кезінде құрады, бұл жағдайда нүктелерді полигонометриялық тор пункттері бойынша жер бетіне шығарады және бекітеді, сонымен қатар қисықтың тура және басты нүктелерінің барлық бұрылыс нүктелерінің координаттарын есепке алады.

Қызыл сызықтың барлық бекітілген нүктелері бойынша тексеріс үшін полигонометриялық жүріс салады. Оларды өңдеу нәтижесінде қызыл сызықтың атқарушыкоординаттарын алады. Егер бұл координаттар кейбір нүктелерде (жобалық) есептік мәннен берілетін ауытқудан асатын мәнге (3-5см) ауытқып тұрса, онда бұл нүктелердің орналасу орны түзетіледі.

Жобаны қызыл сызыққа қатысты жер бетіне шығару бөлу элементтерінің тиісті есептеуімен геодезиялық негіздің жақын пункттерінен құрылысты бөлумен алмастырылуы мүмкін.

Бөлу сызбаларын құрастыру. Құрылыстың бас жоспары, аналитикалық есебі және жобаны байланыстыруы негізінде бөлу сызбасы –жер бетіндегі құрылыстың басты өстерін бөлу кезіндегі негізгі құжат құрастырылады. Бұл құжатта құрылыстың күнделігіне байланысты бөлу негізінің пункттерін 1:2000 -1:5000 немесе одан да ірі масштабта көрсетеді; басты өстердің координаттары мен бөлу элементтерінің орналасуы; құрылыстың қабырғаларының ұзындықтары мен бұрылыстарының бұрыштарының контуры.

Геодезиялық жұмыстардың өндірістік жобасы. Жеке құрылыстарды салу үшін объекттің бас жоспарын, құрылыс бас жоспарын және техникалық шарттарын қарастыру негізінде ГЖӨЖ құрылады, ол құрылыс-монтаждық жұмыс өндірісінің негізгі жобасының құрама бөлігі болып табылады.

Группа 724ГЖӨЖ құрылыстық жұмыс кешенін және технологиялық жабдықтау монтажын уақытында геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз етуге арналған жоба келесі негізгі бөлімдерден тұрады:

1.Құрылыс алаңындағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру. Жұмыстың орындалуының технологиялық және күнтізбелік жоспары. Геодезиялық қызметтің схемасы және оның бөлімдерінің функциялары. Геодезиялық аспаптармен қамтамасыз ету графигі. Геодезиялық жұмыс өндірісінің экологиялық есебі (сметасы).

2.Негізгі инженерлік-геодезиялық жұмыстар. Алаңда пландық және биіктіктік бөлу негіздерін және оның дәлдік негіздерін құру схемасы мен программасы (бағдарламасы). Теңестіру. Центрлер мен белгілердің түрлері. Пландық және биіктіктік негіздер тұрақтылығын тексеру мерзімділігі.

3.Геодезиялық бөлу жұмыстары. Құрылыстың басты (негізгі) өстерін бөлу. Құрылыстық-монтаждық жұмыстың этаптары бойынша құрылыстың дәл бөлінуі. Атқарылатын түсірістер.

4.Конструкциялар мен жабдықтарды геодезиялық дұрыстау. Монтаждық өстерді бөлу және бекіту. Планда конструкцияны биіктіктік және вертикаль бойынша дұрыстау және орнату. Дәлдікке қойылатын талаптар. Аспаптар. Тексеру өлшемдері.

5.Құрылыстың деформацияларын бақылау. Дәлдік негізі. Әдістер. Геодезиялық негіз. Белгілерді орналастыру схемасы. Бақылау мерзімі. Есептік құжаттар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]