Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка дан.doc
Скачиваний:
271
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.66 Mб
Скачать

4 Жобалау және геодезиялық іздестіру жұмыстары кезіндегі еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

4.1 Еңбекті қорғау туралы жалпы түсінік

Нарықтық экономикадағы еңбек жекелеген адамдардың, сонымен бірге тұтастай қоғамдастықтардың, немесе жалпы алғанда бүкіл мемлекеттің өмірінде өзінің әлеуметтік маңыздылығы бойынша ерекше орын алады. Қазіргі кезеңнің адамдары өз өмірінің басым бөлігін өз әл-ауқаттарының көзі болып табылатын дәл осы жұмысқа, еңбекке арнайды. Осыған орай еңбекті қорғаудың маңыздылығы арта түседі және неғұрлым дәл және толық зерттеп, зерделеуді талап етеді, соның ішінде, құқықтық ғылым тұрғысынан.

Еңбекті қорғау–өзіне құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, техникалық-ұйымдастырушы, санитарлық-гигиеналық, емдік-профилактикалық, реабилитациялық және басқа да іс-шаралар мен құралдарды қосатын еңбек іс-әрекетінің үрдісінде жұмысшының денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.

Еңбекті қорғау қоғам өмірінің әр алуан салаларында бой көрсетеді, -мысалы, экономикада еңбекті қорғау қаржыландыру нысаны болып табылады, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығындарға арнайы баптар бөлінеді. Соның ішінде біз алып отырған құрылыс салу кезіндегі еңбекті қорғау ең маңызды мәселелердің бірі.

Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – бұл еңбек қызметі үдерісінде жұмысшының қауіпсті және (немесе) зиянды өндірістік факторларды шектейтін кешенді шаралармен қамтамасыз ететін, жұмысшылардың қорғалған жағдайы.

Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі-қоршаған ортаның қауіпті әсерлерінен қорғанудың, қауіп-қатердің алдын алудың, оның салдарымен күресудің жиыны.

Еңбек келісім-шартын жасаудағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғау құқына кепілдеме:

Еңбек келісім-шартында қауіпті және (немесе) зиянды өндіріс факторларымен бірге, еңбек жағдайларының жалпы сипаты, кепілдіктері, жеңілдіктер мен өтемақылық төлемдер көрсетілуі тиіс.

Ауыр, қауіпті (аса қауіпті) және зиянды жұмыс, сонымен бірге жерасты жұмыстарына жұмылдырылатын жұмысшылармен еңбек келісім-шартын жасау кезінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік өкілетті органның нормативтік құқықтық актілері талаптарына сәйкес, азаматтың алдын ала медициналық тексеруден өтіп, денсаулығының қарсы жақтары жоқтығы анықталуы талап етілуі тиіс.

Өндірістік ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды қамтамасыз ететін басқарушы жұмысшылар мен тұлғалар, мерзімді түрде, үш жылда бір рет сәйкес

білім ұйымында біліктілігін арттыу курстарында еңбек қауіпсіздігі мен қорғау мәселесі бойынша оқып, білімін тексеруі тиіс.

Зиянды өндірістік факторлар - әсері қызметкердің сырқаттарына және еңбек қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтыратын факторлар.

Қауіпті өндірістік факторлардың әсерін қызметкердің еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуынан немесе өлімге әкеліп соқтыру мүмкіндігімен сипаттауға болады.

Еңбек туралы заң жұмысшыларды еңбек тәртібін адал сақтауға, әкімшіліктің өкімдерін уақытында және дәл орындауға, еңбек өнімділігінГруппа 1411 арттыруға, өнім сапасын жақсартуға, технологиялық тәртіпті, еңбек қорғанысы бойынша, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік тазалық бойынша талаптарды сақтауға, мемлекеттік меншікті сақтауға және нығайтуға міндет қояды.[16]

Алаңдағы қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғанысы бойынша негізгі талаптар еңбек кодексімен, арнайы нормалармен, «Құрылыстағы қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғанысы» ережелерімен белгіленген.

Өндірістегі жазатайым оқиға- өзінің еңбек міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмасын орындау кезінде қызметкердің жарақат алуы, денсаулығының кенттен нашарлауы және улануы салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша және тұрақты айырылуынан, кәсіби ауруға шалдығуынан не өлімге әкеп соқтыратын өндірістік фактор әсері.

Жұмысшылардың еңбек қорғанысы әкімшіліктің қажетті жеке қорғаныс құралдарын берумен, жұмысшыларды ұжымдық қорғау бойынша іс-шараларды орындаумен қамтамасыз етіледі. Әкімшілік қажетті еңбек, азық-түлік, және демалыс шарттарымен қамтамасыз етуге міндетті. Бұл құрылыста барлық жұмыс қатысушыларына қажетті мәдени-тұрмыстық шарттар және жол-құрылыс машиналары мен тартылған автокөлік үшін профилактикалық-жөндеу қызметін құруға шарт жасалған.

Бөлімдегі еңбек кестесі әкімшілікпен орнатылатын ішкі тәртіп ережелерімен анықталған.

Құрылыс өндірісінің қызметкерлері, жұмысшылар, жетекшілер және мамандар арнайы киіммен, аяқ киіммен және т.б. жұмыс түріне және тәуекел сатысына байланысты жеке қорғаныш заттарымен, заңнамаға немесе жүргізілетін нормаға сәйкес көлемде қамтамасыз етілген. Ішкі еңбек кестесінің ережелері еңбек тәртібін нығайтуға, қауіпсіз еңбек шарттарымен дұрыс ұйымдастырылуына, жұмыс уақытын толығымен және дұрыс қолдануға, еңбек өнімділігін жоғарлатуға және сапалы өнім өндіруге әрекет етеді.

Жалпы кешен құрылысын құрылысын салу кезінде жұмыс режимі екі ауысымдағы сегіз сағаттық жұмыс күніне есептелген. Құрылыс жүргізу кезінде жүмысшылар үшін уақытша ғимараттар қарастырылған. Онда құрылысшыларға біршама жағдайлар қарастырылған.

Жұмысшылар, жетекшілер, мамандар мен қызметкерлер санитарлық-тұрмыстық бөлмелермен (гардероб, киім мен аяқкиім кептіретін, жуынатын және демалу,тамақтану орындары) қамтамасыз етілген. Құрылыс алаңында жұмыс істейтіндердің барлығы санитарлық талаптарға сай таза сумен қамтамасыз етілген.

Су құрылғылары жұмыс орындарынан 5 м тік және 60 м көлденең қашықтықтан аз болмайтындай етіп орнатылған.

Санитарлық-тазалық еңбек шарттарын қалыпқа келтіру жергілікті зиянды өндірістік факторлардың әсер ету себептерін жою және адамдарды қорғаудың сапалы құралдарын қолданумен жүзеге асырылады.

Құрылыс объектісінде медициналық қорапша, тасығыш және т.б. құралдар, алғашқы көмек көрсету үшін жеке бөлме немесе жер бөлінген.

Еңбек қорғанысы талаптарын бұзғаны үшін жұмысшылар ішкі еңбек кестесінің ережелері бойынша еңбек тәртібін бұзғанына сәйкесінше жауап береді.

Еңбек қорғанысын басқару еңбек шарттарын жақсартуға және адамдардың жұмыс кезіндегі қорғанысына бағытталған ұйымдастырушы, технологиялық және гигиеналық іс-шараларды жүзеге асыру бойынша шешімдерді әзірлеу немесе жүзеге асыру үшін қажет.

Кәсіпкерліктегі еңбек қорғанысына басшы немесе бас инженер басшылық етеді. Көптеген еңбек қорғанысы бойынша шешімдер еңбек қорғанысы бойынша кеңеспен пайда болады, ал кәсіпкерліктегі шұғыл жұмысты еңбек қорғанысы бөлімінің бастығы және оның әріптестері атқарады. Еңбек қорғанысын басқару жүйесінің негізгі функцияларына мыналар кіреді: жұмыстарды, қадағалауды, есепті ұйымдастыру, үйлестіру, жоспарлау және еңбек қорғанысы күйінің көрсеткіштерін бағалау.[17]

Группа 1391Еңбек қорғанысы бөлімі жұмыстарды ұйымдастыру кезінде кәсіпкерліктің сәйкес қызметтерімен өзара әрекеттестікке түседі.

Жоспарлау басқарманың бөлімшелерге және кәсіпкерліктің қызметтеріне тапсырмалар мен міндеттерді таратуын қарастырады. Бұл дегеніміз: кәсіпкерліктердің экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарының негізгі бөлігі болып табылатын еңбек қорғанысы шарттарын және санитарлық-емдеу іс-шараларын жақсартудың перспективалық, кешенді жоспарлары; еңбек қорғанысы бойынша келісім және ұжымдық келісімшарттарды қосатын еңбек қорғанысы бойынша іс-шаралардың ағымдағы (жылдық) жоспарлары; шұғыл (үш айлық, айлық) жоспарлар.

Бақылаудың негізгі түрлеріне мыналар жатады: басшылардың барлық бөлімшелерді негізгі шұғыл бақылауы; әкімшіліктік-қоғамдық (үш сатылы) бақылау; жоғары тұрған органдардың ведомстволық бақылауы; мемлекеттік қадағалау органдарының бақылауы; техникалық еңбек инспекциясының бақылауы.Өндіріс цехтарында және далалық экспедициялық жұмыстар кезінде екі формадағы ішкі ведомстволық кезеңдік бақылау көп көмегін тигізеді: өндіріс комитетінің арнайы комиссиясымен еңбек қорғанысы күйін жылдық тексеру (бір немесе екі рет): бір рет далалық жұмыстардың басында, келесісі – аяғында; тұрақты айдың белгіленген белгілі бір күнінде еңбек қорғанысын тексеру, ай сайын (еңбек қорғанысы күні - әрбір экспедиция үшін маңызды күн).

Және соңғысы – жедел жұмыстың тұрақты жоспар кестесі маңызды орын алады, мысалы кешенді жоспарды құру және бекіту, экспедицияның далада толық жасақталу мерзімі, жұқпалы ауруларға қарсы дәрі егуді өткізу мерзімі, қызметкерлердің медициналық тексеру мерзімі, далалық жұмыстарға жанар-жағар май әкелу, далалық жұмыстарға геодезиялық құралдарды әкелу мерзімі және т.с.с.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]