Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка дан.doc
Скачиваний:
271
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.66 Mб
Скачать

5 Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды экономикалық негіздеу, ұйымдастыру және құрылыс технологиясы

5.1 Техникалық - экономикалық негіздеу есебі

Техникалық-экономикалық негіздеу есебі мекеменің құрылыс негізіндегі экономикалық негізі үшін және ғимараттар мен үймереттердің техникалық-экономикалық негізі үшін құрылады.

Құрылыстың есептеу бағасы техникалық-экономикалық есеп заңымен қарастырылады және ол пландық капиталдық құрылыс құрғанда саналады және құрылстағы ғимаратты жобалағанда қателігі аз болуы керек.

Топографиялық-геодезиялық өндірістің экономикалық-ұйымдастыру ерекшеліктері төмендегілерге:

1) Өндіріс технологиясы;

2) Еңбек объектілерінің физикалық-географиялық және экономикалық талаптарының әртүрлілігі;

3) Еңбектің өзінің ерекше сипаттамасына, жұмыстың түрлері мен процестерінің соңғы нәтижелерінің мазмұны мен белгіленуінің ерекшеліктерімен байланысты.

Өндіріс технологиясымен келісілген ерекшеліктер ең алдымен далалық және камералдық жағдайларда жұмыс істеудің кезектілігінің қарастырылуымен байланысты. Бірақ, далалық жұмыстардың орындалуы қоршаған ортаның (жер бедері, өсімдік жамылғысы, климат және т.б.) әсерімен байланысты және ұзақтығы далалық мерзіммен шектелген. Мерзімділік, далалық жұмыстың орындалуының экспедициялық қажеттілігін ескертеді. Далалық жұмыстардың экспедициялық сипаты бөлімше ішінің және бөлімшенің өзінің жұмыс орындарының тарамдалуымен, сонымен қатар орындаушылардың үнемі орын ауыстыруымен сипатталады. Өндіріс мерзімділігі еңбек күшінің қолданылуының тиімділігін төмендетеді. Далалық жұмыстар өндірісінде бар негізгі қорлар (аспаптар, құралдар, құрал-жабдықтар) далалық мерзімділік уақыт аралығында ғана қолданылады, ал басқа жағдайларда қолданылмайды. Бұл жағдайда маңызды ерекшелік - далалық жұмыс процесінде бір жұмыс орнынан басқа жұмыс орнына еңбек жабдықтарының орын аустыруында жатыр.

Еңбек жабдықтары мен адамдардың орын ауыстыруы далалық бригадаларды транспортпен қамтамасыз ету қажеттілігін тудырады. Сонымен, топографо-геодезиялық өндірісте транспорт (автокөліктер, тікұшақтар және т.б.) тікелей өндіріс күші болып табылады. Бір жұмыс орнынан басқа жұмыс орнына орын ауыстыруға кеткен уақыт, жұмыс уақыты болып табылады және жұмыстың көп түрлерінде қозғалыс жылдамдығы еңбек өндірісіне тікелей әсер етеді.

Жұмыстың орындалуының экспедициялық сипаты объектіде далалық жұмыс өндірісіне алдын ала дайындық шараларын өткізуге, ал жұмыс аяқталғаннан кейін ликвидациялық шаралар өткізуге қажеттілік тудырады. Бұл шараларға әсіресе сирек қоныстанған, алшақ орналасқан аудандарға кететін шығын жұмыс өндірісіне кететін шығынның маңызды бөлігін құрайды.

Жұмыс көлемін есептеуде «Біріңғай уақыт нормалары және ізденіс жұмыстарының бағалаулары» жинағы және топографо-геодезиялық жұмыстарға арналған іріленген сметалық бағалар СУР-2002 қолданылады.

Группа 1681Топографо-геодезиялық өндірісте техникалық жобалар, сметалар және жоспарларды құру кезінде іріленген сметалық нормалар анықтамасы қолданылады.

Іріленген сметалық нормалар анықтамасында ең алдымен РМҚК кәсіпорындарымен орнықты геодезиялық және топографиялық өндіріс процесіне арналған іріленген сметалық нормалар бар. Іріленген сметалық бағалар (СУР-2002) шаруашылық тәсілмен орындалатын топографо-геодезиялық жұмыстардың құны, еңбекақысының нормаларын және еңбек шығындарын анықтау орындарын және геодезия мен жер ресурстарын басқару агенттігінің геоинформациялық жүйесі бөлімінде қолдану үшін міндетті болып табылады.

Іріленген сметалық бағалар еңбекті анықтауға және пландық өзіндік құнын есептеуде қолданылмайды.

СУР-2002-нің құрамына келесі топографо-геодезиялық жұмыстардың іріленген процесіне арналған сметалық бағалар, еңбекақы және еңбек шығынның нормалары кіреді:

- мемлекеттік геодезиялық торлардың түсіріс негізін құру және дамыту;

- нивелирлеу;

- топографиялық түсірістер;

- құрылыс салынған территориялардың топографиялық түсірістері;

- топографиялық пландар мен карталар негізі;

- камералдық топографиялық жұмыстар;

- картографиялық және сызба дайындау жұмыстары;

- есептеу жобалық-сметалық жұмыстар, ДЭЕМ-ны қолдану арқылы жазу жұмыстары;

- сандық картаға түсіру.

Топографиялық-геодезиялық жұмыстарға іріленген сметалық бағалаулар геодезиялық және топографиялық жұмыстарға біріңғай уақыт нормалары негізінде есептелген.

Әрбір процесс бойынша мамандар мен жұмысшыларға еңбекақы және еңбек шығындары нормалары берілген. «Мамандардың еңбекақысы» нормалары құрамына транспорттық және өндірістік жұмысшыларға негізгі және қосымша еңбекақы кіреді.

Сметалық бағалаулар, еңбекақы және еңбек шығындары нормалары, ұйымдастыру және ликвидациялық шараларды өткізуге кеткен шығынды есепке алмағандағы тек қана топографо-геодезиялық жұмыс өндірісінің тура шығындарын көрсетеді. Ұйымдастыру және ликвидациялық шараларды өткізуге кеткен шығындар кәсіпорынның әрекет зонасына топографо-геодезиялық құны бойынша геодезия қызметімен бекітілген нормалармен анықталады. [20]

Сметалық бағалаулар рентабельділік деңгейін 20% шамадағы есепке алуымен есептелген. Еңбекақы және еңбек шығындары нормаларының сметалық бағалаулары белгілі далалық және камералдық жұмыстар кешеніне есептелген, оның құрамына атауы мен жұмыс құрамының бейнеленуіне сәйкес соңғы материалдарды шығаруға қажет барлық қызметтер мен процестерге кететін шығындар кіреді.

Ұйымдастыру-ликвидациялық шараларды өткізуге кететін шығындар сметалық бағалаулар мен нормалар барлық дайындық және қосымша жұмыстардың негізгі өндірісінің шығындарын есептейді: тозу, өндірістің техникалық дайындығын жұмыстық жобалау, мамандарды оқыту, тұрақты және мерзімдік жұмысшылардың топографо-геодезиялық жұмыстары, геодезиялық аспаптар мен құралдарды тексеру, зерттеу және күнделікті жөндеу, өндірістік қызметкерлерді жұмыс орнына және кері тасығандағы шығындар.

Нормативпен қарастырылған барлық жұмыс көлемінің толық емес көлемін атқарған жағдайда жұмыс мөлшерінің төмендеуіне байланысты төмендететін коэффициентті қолдану керек.

Сметалық есептерді есептеген кезде бағалар жинағында қарастырылмаған қандай да бір үстемелер немесе коэффициенттер кіргізуге тыйым салынады. Кейбір жағдайларда Геоақпараттық жүйелер немесе геодезия бөлімінің рұқсатымен жұмысты ерекше жағдайда орындау кезінде бағалаулар өзгертілуі мүмкін.

Жұмыс көлемін есептеу кезінде «Іздестіру жұмыстарына арналған

есептеулер мен біріңғай уақыт нормалары» жинағынан алынған мәліметтерді қолданамыз.

5-аралық жұмыс түрлері бойынша алдымен далалық, сонан кейін камералдық жұмыстарға арналған табиғи және еңбектік көрсеткіштер бойынша көлемдер анықталады.

Триангуляция, полигонометрия және нивелирлеу бойынша жұмыс көлемі тікелей схемадан анықталады (триангуляция кезіндегі белгілер соңы, полигонометрия кезіндегі пункттер, реперлер, жүріс ұзындықтары және т.б.).

Группа 1661Еңбектік көрсеткіштер (бригада-айларда) кезіндегі жұмыс көлемі мына формуламен есептеледі:

жұмыс көлемі × уақыт нормасы

173.1 (52)

мұндағы, 173.1-бір айдағы жұмыстық сағаттың орташа мәні.

Бригада-айлардың нормалар жоспарының орташа пайызын ескеріп бақыланатын саны. Оны далалық жұмыстар үшін -100%-ға тең деп алуға болады және ол мына теңдеу бойынша есептеледі:

(53)

- далалық жұмыстар бойынша еңбектік көрсеткіштегі жоспарланған жұмыс көлемі.

Әрбір жұмыс түрі бойынша күрделілік (қиындық категориясы) ЕНПиР-ді қолдану арқылы анықталады және оларды жұмыс объектісіне физико-географиялық жағдайымен арақатынасын белгілеу «Іздестіру жұмыстарының орнын, уақыт пен бағалаулардың біріңғай нормалары» нормативтік құжаттармен және күрделі іздестіру жұмыстарына арналған бағалар жинағымен жұмыс кезінде әрбір құжаттың басында келтірілген жалпы ережелер мен нормаларға қойылатын ескертулерге ерекше көңіл бөлу керек.

Смета – объектідегі жұмыс көлемінің орындалуының ақшалық сипатта толық құны анықталған құжат.[21]

Мемлекеттік қаржы қорынан төленетін, геодезиялық және топографиялық жұмыстарды орындауын РМҚК кәсіпорындарында жұмыс құнына не жоспарлық кіріс, не жоспарлық қор кірмейді. Сондықтан, сметада құн емес өндіріс қолданыстағы нормативтер, яғни өңдеу нормалары, материалдар шығыны, транспорт, тарифтік мөлшер, айлық жалақы және т.с.с. бойынша анықтайтын өндірістің нормативтік шығындары (жұмыстың нормативтік өзіндік құны) анықталады.

Бірақ кәсіпорындарда нормативтік өзіндік құнды анықтау үшін сметаны қолданса, өндірісте оны шартты түрде сметалық құн деп атау қабылданған.

Объектте жобаланған геодезиялық және топографиялық жұмыстардың жалпы мемлекеттік толық сметалық құны, далалық және камералдық жұмыстар өндірісіне ұйымдастыру-ликвидациялық шараларды өткізуге, уақытша ғимараттар мен басқа да құрылыстарға кететін шығындардан тұрады.

Сметаны жасау үшін жұмысты орындау көлемі, негізгі материалдар сұранысы және олардың салмағы, қиындық категориясы, өңдеу нормасы және т.с.с. құрылады.

Еңбек және ақша шығындарының есебі нормативтер және сметалық бағалаулар бойынша орындалады. Сметалық есептер қолданыстағы нормативтік құжаттарда қарастырылған еңбек шығындарының нормативтері мен бағалауларын қолдануға арналған ережелер мен нұсқауларға сәйкес өндіріледі.

Еңбек шығындарының нормативтері мен бағалаулары өндірістің арнайы келісілген шарттарына есептелген және түзету коэффициенттері жүйесі арқылы Группа 1641объектіде жұмыс шарттарына және еңбек төлемдеріне келтіріледі. Түзету коэффициенттерін қолдану, күрделілік категориясын не құндылық аймағын, сонымен қатар еңбек шығындарының нормативтік аймағын анықтау тиісті орнығуы керек.

Смета – объектідегі жұмыс көлемінің орындалуының ақшалық сипатта толық құны анықталған құжат. Бұл анықтаманың өзінен сметаға нақты сипаттама бере аламыз.

Жобалық-іздестіру жұмыстары кешенінің сметасын 2П формасы бойынша құрастырады. Жұмыс кешенінің құнын есептеу үшін «Күрделі құрылыс үшін іздестіру жұмыстарына арналған бағалар жинағы» қолданылады.

Жүйеге кіретін әрбір жұмыс кешені үшін сметаны құру алдында «Күрделі құрылыс үшін іздестіру жұмыстарына арналған бағалар жинағы» бойынша олардың күрделілік категориясы құрылады.

Уақыт және бағалаулардың біріңғай нормалары (У және ББН) бойынша таңдалған күрделілік категориясы көрсеткіштерінің автоматты түрде ауысуына тыйым салынады.

«Күрделі құрылыс үшін іздестіру жұмыстарына арналған бағалар жинағына» сәйкес келетін жұмыс түрлері үшін сметалар еңбек шығынын есептеу негізінде 3П формасы бойынша құрылады, сонымен қатар У және ББН қолданылады.

Ең төменгі жалақы деңгейінің өсуіне, коммуналдық қызметтерге, мекемелердің жалдамалық төлеміне бағаның өсуіне байланысты негізделген шығындар да анағұрлым жоғарылады.

Смета қазіргі жалақы деңгейін, материалдар мен құрылғылар бағаларын және т.с.с. қолданылып, тура есептеу негізінде құрылуы мүмкін. Бұл жағдайда сметалық құнға коэффициенттер қолданылмайды.

Күнтізбелік жоспардың құрылуы

Күнтізбелік жоспар – бұл өндірістік үрдістердің технологиялық ағымы бойынша орындалуын қамтамасыз ететін, материалды өз уақытында және жинақы түрде өңдеуге немесе қолданысқа тапсыруға мүмкіндік беретін ең орынды кезегі.

Күнтізбелік жоспар смета сияқты жұмысты орындау келісімінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Оның міндеті:

- барлық жұмыс кешенінің орындалуының жалпы мерзімін белгілеу;

- жылдық қолайлы мерзіміндегі жұмыс кешенін орындау мүмкіндігін анықтау;

Жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспарын құрудың негізінде жұмыстың берілген көлемі, бір айдағы өңдеу нормасы, жұмыс өнімділігі, объектідегі жұмыстың жалпы уақыты (далалық мерзімнің ұзақтығы) жатыр.

Ұйым жұмысының күнтізбелік жоспарын объекттерді, табиғи көрсеткіштерде өндірістік үрдістердің аяқталуын және айлар бойынша сметалық құнды көрсетіп бүкіл далалық мерзімге құрады.

Күнтізбелік жоспар арқылы жұмысшылардың қанша күнде жұмыс істеуін, оған кеткен сағат мөлшерін есептей аламыз.

Топографо-геодезиялық жұмыстарды келісім бойынша орындаған жағдайда, келісім бағалары бекітіледі. Осыған сәйкес топографо-геодезиялық жұмыстарының сметасының есебіне сүйене отырып төменде көрсетілген кестені аламыз.Группа 1621

Есептеулер жүргізгенде топографо-геодезиялық жұмыстарға арналған смета құны бірлікпен алынған. Жергілікті пунктерді іздеу арқылы пункттердің жұмыс көлемін, бағасын, өлшем бірлігін, бірлікпен алынған құнын таба аламыз.

Далалық жұмыстардың құрамына жергілікті пункттерді іздеу, полигонометриялық центрлерді жерге бекіту, 2-разрядты полигонометриялық жүрісті тұрғызу, IV классты нивелирлік жүріс нәтижелері кіреді. Ал камеральдық жұмыстардың құрамына 2- разряды полигонометриялық жүрісті өңдеу, IV классты нивелирлік жүрісті өңдеу, IV классты нивелирлік жүрісті өңдеу жатады. Далалық жұмыстар және камеральдық жұмыстардың барлығын есептей отырып, толықтай топографо-геодезиялық жұмыстарға арналған смета құнын есептей аламыз.Төменде осы аталған қағидаларды ұстана отырып алып отырған обьектінің топографо-геодезиялық жұмыстарға арналған сметалық құны есептелініп жазылған.(11-кесте)

Группа 1601Кесте 11 Топографо-геодезиялық жұмыстарға арналған смета

Жұмыстың атауы және сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Жұмыс көлемі

Құны бірлікпен (тг)

Бағасы (тг)

1

2

3

4

5

Далалық жұмыстар

Жергілікті пункттерді іздеу

(рекогносцировка)

пункт

1

2 402

2 402

Полигонометрия центрлерін жерге бекіту

орта

7

4 380

30660

2-разрядты полигонометриялық жүрісті тұрғызу

км

0,61

6 736

4140,41

IV классты нивелирлік жүріс

км

0,61

6 961.28

4246,38

Камеральдық жұмыстар

2- разряды полигонометриялық жүрісті өңдеу

пункт

7

152,6

1068,2

IV классты нивелирлік жүрісті өңдеу

км

0,61

134,35

81,95

Далалық жұмыстар барлығы

41448,73

Камеральдық жұмыстардың барлығы

1150,15

Барлығы

42598,94

11-кестенің жалғасы

Ішкі транспорт бағасы

42598,94х0,06=

2555,93

Сыртқы транспорт бағасы

42598,94x 0,10=

4259,89

ОРГЛИК шығындар

42598,94х 0,06=

2555,93

Базаны қамтамасыз етуге кеткен шығын

42598,94х0,016=

681,58

Далалық үлес

42598,94х0,20=

8519,78

Өндірістік құрылғы-лардың амортизациясы

42598,94х0,036=

1533,56

Басқада негізгі шығындар

42598,94х 0,06=

2555,93

Қолданбалы шығындар

42598,94х0,134=

570,82

Барлығы

23233,42

Қосылған коэффициенттердің барлығы

(42598,94+23233,42) х1,37х1,2х1,3 = 140696,92

Сметаға түсініктеме:

Группа 15811.Сметалық құн есебі «Күрделі құрылыс үшін іздестіру жұмыстарына арналған бағалар жинағы» бойынша орындалған.

2.Аудандық коэффициент -1,37

3.Түзетілген коэффициент-1,3

Ең төменгі жалақы деңгейінің өсіп отыруына байланысты «Іздестіру жұмыстарына арналған бағалар жинағына» 73-коэффициенті қолданылады.

Топографо-геодезиялық жұмыстарды келісім бойынша орындаған жағдайда, келісім бағалары бекітіледі.

Ең төменгі жалақы деңгейінің өсуіне, коммуналдық қызметтерге, мекемелердің жалдамалық төлеміне бағаның өсуіне байланысты негізделген шығындар да анағұрлым жоғарылады.

Шығындардан ОРГЛИК шығындар, базаны қамтамасыз етуге кеткен шығын, қолданбалы шығындар, басқада негізгі шығындар қызмет атқарады.

Аталған жұмысты орындай үшін камеральдық және далалық жағдайдағы біріккен топ жұмыс атқарған.

Жұмыс ақысын шығару үшін орындалатын жұмыстардың сметалық бағасынан 40% табамыз. Мұндай жағдайда 140696,92 аламыз.

56278,76 мәніне сәйкес жалақы келесідей қатынаспен бөлінеді.

Кесте 12 Еңбекақы есебі

Маман

Жұмысшы

Пайыз %

Бастапқы ∑

Еңбекақы

Инженер-геодезист

49,0%

56278,76

27576,592

Жұмысшы

25,5%

14351,08

Жұмысшы

25,5%

14351,08

Аталған жобаны орындауда 3 адамнан тұратын бригада жұмыс орындауы керек. Жұмыстар жарты айға есептелген. Жұмысты орындауға кеткен шығындар коэффициентті қоса есептегенде 140696,92 теңгені құрады.

Группа 1561

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]