Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка дан.doc
Скачиваний:
271
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.66 Mб
Скачать

2.2 Биіктік толықтыру торларын жобалау

Мемлекеттік нивелирлік тор еліміздің барлық территориясында бірыңғай биіктік жүйесінің таралуы үшін жасалады. Ол халық шаруашылығының, ғылымның және мемлекеттің қорғаныс жүйесін қанағаттандыратын барлық топографиялық түсірістер мен инженерлік-геодезиялық жұмыстардың биіктік негізі болып табылады.

Арнайы нивелирлік торлардың негізгі ерекшелігі болып реперлер арасындағы қашықтық пен жүрістер ұзындықтарының барынша қысқаруы табылады. Биіктік тірек торлары мемлекеттік нивелирлеудің жоғарғы кластарының кем дегенде екі реперіне байланысады. Бірақ, кей жағдайларда,әсіресе инженерлік құрылыстардың ақауларын бақылаған кезде биіктік тор бос болады және байланыстыру кезінде ғана мемлекеттік тордың бір реперін тіреу етеді.

Нивелирлеудің барлық кластары, қала және ауылды жерлерде, талапқа сай олардың аудандарына байланысты.

Биіктік торлардың тығыздығы мен дәлдігі қала территориясында, өндірістік және энергетикалық кешендегі құрылымы бойынша бөлу және түсіріс жұмыстарының дәлдігі және қамтитын аймақтың көлеміне байланысты анықталады. Инженерлік - геодезиялық жұмыстар I-IV класты мемлекеттік нивелирлік торларға негізделеді. I– және II- класты нивелир торлары елдің аумағындағы біртекті биіктік жүйесін құрайтын басты биіктік негізін құрайды. I- класты нивелир торлары 500 км² -ден асатын ауданды алып жататын ірі қалалардың аумағында жүргізіледі.

II-класты нивелир жүрістері жұмыс территориясында маркалар мен реперлер бірқалыпты орналасатындай етіп жүргізіледі. Нивелирлеу тура және кері бағыттарда біріктіру әдісімен орындалады. II-класты нивелирлеу торларын толықтыру барысында III-класты нивелирлеу жекелей жүрістер мен полигондар жүйесі түрінде жүргізіледі, олар жоғарғы класты нивелир маркалары мен реперлерін тіреу етеді. Егер III-класты нивелир жүйесі өздігінен жекелей тірек торы болса, онда ол тұйық полигон жүйесі түрінде тұрғызылады. Бұл жағдайда нивелирлік жүрістер тура Группа 471және кері бағытта жүргізіледі.Басқа жағдайларда бұл кластың жүрістері бір ғана бағытта орындалады. [6]

Геодезиялық биіктік торлары – техникалық нивелирлеу торлары - 1 км жүрісте 20 мм дәлдікті геометриялық нивелирлеу әдісімен құрады.

Мемлекеттік геодезиялық биіктік торларын мемлекеттің барлық территориясын бірыңғай биіктік жүйеге келтіру үшін құрады.

Бірнеше қиылысқан жүрістер торлар деп аталады.

Әдетте, торларды үш немесе одан да көп нүктелер бойынша салынған жүрістерден алады. Биіктік торлардың нүктелері нивелирлі деп аталады.

Құбырларды қалау дәлдігі бүкіл қаланың аумағын алып жатқан канализация торларының мөлшеріне байланысты.

Қала территориясында және өндіріс аймағында жүргізілетін нивелирлеу торлары келесі техникалық сипаттамаларға ие.

Кесте 6 Нивелирлеу торларының техникалық сипаттамалары

Көрсеткіштер

Нивелирлеу кластары

II

III

IV

Жүрістің максимальді ұзындығы, км :

бастапқы пункттер арасында

аралық нүктелер арасында.

Тұрақты белгілер арасындағы максимальді қашықтық :

салулары бар территорияларда

салулары жоқ территорияларда

Нивелирлеу түзулері бойынша және полигондағы шектік қателік мм-де, L км-де берілген

40

10

2

5

5√L

15

5

0.2

0.8

10√L

4

2

0.2- 0.5

0.5- 2

20√L

Нивелирлеудің IV–класы геодезиялық тірек торларының қабырғалық және топырақтық реперлері мен центрлерінен бір бағытта орындалады. Құрылыс алаңындағы барлық жұмыстар құрылысты жобалау үшін ізденіс жүргізу кезіндегі қабылданған бірегей биіктік жүйесінде орындалады. Биіктік бойынша бөлу жұмыстарының дәлдігіне қойылатын талаптардың көбі метрополитендер мен ірі канализациялық коллекторлардың құрылысы кезінде туындайды. Метрополитендердің құрылысы кезінде биіктік бойынша жерасты қосылыстарын қамтамасыз ету үшін нивелирлеудің III-класының бағдарламасы бойынша арнайы биіктік торлары құрылады.

Группа 451Ірі канализациялық коллекторлар 0.0005 көлбеумен салынады. Коллекторларды қалаудың қажетті дәлдігі жобалық көлбеу шамасы мен канализация құдықтарының арасындағы қашықтыққа байланысты. Бұл қашықтық 50, 75 және 100 м-ге дейін болады. Құбырларды қалау дәлдігі бүкіл қаланың аумағын алып жатқан канализация торларының мөлшеріне байланысты. Өздігінен ағатын коллекторларды биіктік бойынша бөлу II- және III -класты нивелирлік торларды салумен қамтамасыз етіледі. Гидротүйіндер, магистральді каналдар мен милиорациялық жүйелер құрылысында биіктік негіздеу үшін II-, III- және IV-класты нивелирлеу торлары жетілдіріледі.

Арнайы нивелирлік торлардың негізгі ерекшелігі болып реперлер арасындағы қашықтық пен жүрістер ұзындықтарының барынша қысқаруы табылады. Биіктік тірек торлары мемлекеттік нивелирлеудің жоғарғы кластарының кем дегенде екі реперіне байланысады. Бірақ, кей жағдайларда, әсіресе инженерлік құрылыстардың ақауларын бақылаған кезде биіктік тор бос болады және байланыстыру кезінде ғана мемлекеттік тордың бір реперін тіреу етеді.

Биіктік негіздің пункттері нивелирлік белгілермен (реперлер) бекітіледі, олар келесі талаптарға жауап берулері керек:

а) Берілген уақыт ішінде белгінің жоғарғы жұмыс бөлігінің тұрақты жағдайын қамтамасыз ету;

б) белгінің орнатылған жерде ұзақ мерзімге сақталуын қамтамасыз ететін құрылымының болуы;

в) белгінің құрылысы зауытта дайындау үшін және центрді көму бойынша жұмыстарды механикаландыруда мүмкіндігінше қарапайым болуы керек.

Қала аумағында нивелирлік белгілер ғимарат қабырғаларына орнатылады, ол ғимараттар белгіні орнатудан бұрын, кем дегенде, екі жыл бұрын салынуы керек. Маркалар 1.5-1.7 м биіктікте, ал реперлер – 0,3-0.6м жерден биік орнатылады. Қабырғалық белгілерді теміржол торабына жақын орналасқан ғимарат қабырғаларына орнатуға рұқсат етілмейді. Бір ғимараттың қабырғасында бір белгіден артық белгі орнатуға болмайды.

Грунттық реперлерді капиталды ғимараттар болмаған жағдайда орнатады. Грунттық реперлерді орнату үшін табиғи жыныстардың орналасқан жерлерін 4м -ден кем емес тереңдікте грунттық сулар жиналған учаскелерді және судың ағуына ыңғайлы жағдай жасалынған жерлерді таңдау керек.

Құрылыс салу кезінде ең тиімді геодезиялық белгілер – сваялар түрінде қолданылады. Сваялық реперлер белгі центрінің биіктік жағдайының тұрақты Группа 431сақталуын қамтамасыз етеді. Олар қарапайым және жасалуы бойынша өте тиімді. Ірі инженерлік ғимараттардың шөгуін бақылау орындарында фундаменттік реперлерді орнатады.

Инженерлік ғимараттардың құрылысы және эксплуатациясы кезінде арнайы биіктік торларды құру мен дәлдік инженерлік–техникалық нивелирлеудің қажеттілігі туындайды.

Дәлдік инженерлік–техникалық нивелирлеудің негізгі әдістері болып табылады:

а) қысқа нысаналық сәулелі геометриялық нивелирлеу әдісі, ол әртүрлі ғимарат түрлерінің құрылыс конструкциясын және фундаментттің шөгуін бақылау кезінде қолданылады.

б) гидротехникалық нивелирлеу әдісі.

в) микронивелирлеуді қолдануға негізделген әдіс.

Геометриялық нивелирлеу әдісімен екі нүктенің биіктік айырмасын анықтауға болады, нүктелер арақашықтығы 10-15 м болғанда орташа квадраттық қателік 0.1- 0.2 мм-ге тең.

Қолайсыз жағдайлардағы инженерлік-геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде геометриялық нивелирлеу тригонометриялық нивелирлеумен алмасуы мүмкін, оның нысаналау сәулесінің ұзындығы 100 м-ге дейін жетеді.

Тригонометриялық нивелирлеу келесі түрлерге бөлінеді:

а) біржақты нивелирлеу, мұнда бір ғана көлбеу бұрыш немесе зенит қашық-тығы өлшенеді;

б) екіжақты нивелирлеу, мұнда сызықтың соңғы нүктелеріндегі бар элемент-терді бірмезгілде өлшейді;

в) ортадан нивелирлеу, мұнда теодолитті нүктелердің арасына орнатады.

Қысқа сәулелі тригонометриялық нивелирлеуді таулы аймақтардағы топографиялық түсірістерге негіз ретінде қолданған ыңғайлы, сонымен қатар ғимараттың шөгуін бақылау үшін де қолданады.

Группа 411Түсіріс негізінің пункттерінің биіктіктерін анықтау үшін, сондай-ақ геодезиялық толықтыру торларының биіктіктерін анықтау үшін техникалық нивелирлеу торларын жетілдіреді. Егер пландық толықтыру полигонометрия әдісімен орындалса, онда техникалық нивелирлеу жүрістерін полигонометриялық жүрістермен сәйкес жүргізеді.

Егер топографиялық түсіріс аудандары 20 немесе 100км²-ден аз болса, биіктітік түсіріс негізі техникалық нивелирлеу әдісімен ғана орындалады (1- 2.5км² ауданда түсіреді). Әрбір түсіріс объектісінде түсіріс масштабы мен учаскенің көлеміне қарамастан кем дегенде тұрақтыекі нивелир белгілері болуы керек.

Техникалық нивелирлеу жүрістеріндегі және полигондардағы қателер ±50мм√L шамадан аспауы керек. Мұндағы, L- полигондағы км ұзындығы. [7]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]