Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка дан.doc
Скачиваний:
271
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.66 Mб
Скачать

2.5 Құрылыс объектілерінің территориясында геодезиялық пункттерді бекіту

Инженерлік-геодезиялық торлардың пункттері қалалар территорияларында өндірістік, энергетикалық құрылыс объектілерінің орналасу орнына пайдалану тәсілдерін бірқатар ерекшеліктері бар геодезиялық белгілермен бекітеді. Бұл ерекшеліктер мыналармен байланыстырылады:

а) өндірістік және құрылыс алаңдарында шаруашылық және өндірістік іс-әрекеттің ырғағымен, осының нәтижесінде жердің табиғи рельефі күшті механизмдердің әсерінен пайда болады, құрылыстарды бұзу және жаңа құрылыстарды салу жүзеге асырылады, геодезиялық тор мақсатына, оның конструкциясына және дәлдігіне талап өзгереді;

б) тіктеуіштік құрылыс өстерін бекіту үшін геодезиялық белгілерді қолдану, белгілерді күнделікті бөлу жұмыстары мен салынып жатқан құрылыстардың геометриялық формаларының сақталуына бақылау жасау үшін қолдану;

в) нысаналау сәулесінің өтуіне құрылыстар, ғимараттар, қозғалтқыштардың жұмысынан белгілердің дірілдері түрінде кедергілердің болуымен;

г) белгілер мен центрлерді зауыттық өндіру мүмкіншіліктерімен;

д) архитектуралық, эстетикалық нормалар мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға бағытталған әртүрлі қалалық шаруашылық қызметтердің талаптарымен.

Инженерлік-геодезиялық торлардың пункттерінде және қалаларда, ауылдарда және өндірістік территорияларда келесі типтегі металлды немесе темір бетонды тұрақты белгілер салынады:

а) жер бетінде тікелей орнатылатын жай және күрделі белгілер, пирамидалар, бөлшектеуші мачталар;

б) ғимараттар мен құрылыстарда салынған қосымша құрылыстар;

в) қабырғалық геодезиялық белгілер.

Пирамидалар түріндегі металлды белгілер 6 және 9 м биіктікпен салынады, жай сигналдар – 5 және 12 м, күрделі сигналдар – 16, 20, 25 және 30м.

Металлды белгілер төрт қабырғалы формада болуы тиіс; үш қабырғалы пирамидалар тек 1- және 2- разрядты торлар үшін ғана рұқсат етіледі.

Ғимараттар мен құрылыстардағы қосымша құрылыстар құрылымы бойынша екі типке бөлінеді.

Группа 2711-типті қосымша құрылыстар ғимарат төбесінен жоғары капиталды қабырғада орнатылады, және құралды орнату және болттардың көмегімен металлды нысаналық цилиндрді бекіту үшін қолданылатын кірпіш немесе бетонды бағана немесе металлды формалар түрінде болады. Бақылау кезінде

нысаналық цилиндр алынады. Қосымша құрылыстың биіктігі төбеден 2 м аспауы тиіс. Белгінің центрі маркалар болып табылады, оның біреуі бағананың төменгі негізінің астынан, ал екіншісі бақылаушы үшін үстелшенің жоғарғы алаңына қойылады.2-типті қосымша құрылыстар шатырға шығатын немесе төбеден жоғары күрделі қабырғаларға бекітілген металлды сигнал түрінде болады. Құрал үшін үстелше ретінде металл пирамида, кірпіш немесе бетонды бағана қызмет етеді. Центрлері 1-типті қосымша құрылыстар сияқты бекітіледі.

Геодезиялық белгілерді салу орны қаланың бас архиторымен келісілуі тиіс. Ғимараттардағы қосымша құрылыстар архитектуралық рәсімделген және түсі ғимараттың түсімен келісетіндей болуы тиіс. Пландық геодезиялық торлар пункттері жердегі пункттердің ұзақ мерзімге сақталуын қамтамасыз ететін белгілермен және нүктелердің түсіріс жұмыстары аяқталғанға дейін сақталуын қамтамасыз ететін уақытша белгілермен бекітіледі. Ұзақ мерзімді типті белгілер ретінде мыналар қолданылады: көлемі 12х12х90 см болатын бетонды пилон, оның жоғарғы шетіне шеге салынады, ал төменгісіне топырақпен жақсы беку үшін екі металлды сүңгі цементке салынады; бетонды монолит, қиылған төрт жақты пирамида ретінде төменгі негізі 1х15 см, үстіңгісі 10х10 см биіктігі 90 см, оған шеге салынады. Трубаның үстіңгі бөлігіне (рельс, бұрыш) жазу үшін металл пластина, төменде металл стерженьдер жапсырылады.[10]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]