Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка дан.doc
Скачиваний:
271
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.66 Mб
Скачать

2.4 Құрылыс торын жобалау және жобаны бағалау

Құрылыс алаңындағы ғимараттарда бөлу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы геодезиялық торлар қолданылады, соның ішіндегі ең көп қолданылатыны-құрылыс торы.

Құрылыс торы дегеніміз - қабырғалары ғимараттың негізгі және бас өстеріне параллель, ал төбелері арнайы белгілермен бекітілген тікбұрыштар немесе шаршы түрінде болып келетін геодезиялық тор.

Жергілікті жерде құрылыс торын жобалау оның жобасын бағалауға сәйкес келеді. Құрылыс торын жобалау келесі кезеңдерден тұрады:

  1. пункттерді орналастыру;

  2. жергілікті жерде құру әдісін таңдау;

  3. геодезиялық өлшемдердің дәлдік есебі;

  4. пункттердің жобалық координаталарын есептеу;

  5. жұмыс көлемін және жалпы бағасын есептеу.

1.Торды алдағы уақытта жобаланатын және ағымдағы, соның ішінде уақытша ғимараттар көрсетілетін құрылыс бас жобасында жобалаған ыңғайлы болып табылады. Құрылыс торының формасы ғимаратты орналастыру сипаттамасына, олардың тағайындалуына және рельефтің артықшылықтарына тікелей байланысты. Геодезиялық өлшемдердің ыңғайлы, пункттердің өзгермей және пункттер арасы көрінетіндей етіп, сонымен қатар жобаланатын ғимарат фигураның ішіндегі тор сызығына жақын болатындай етіп құрылыс торын жобалау қажет.

2. Жергілікті жердегі құрылыс торы диагональсыз төртбұрышты, қиылыстыру (бұрыштық, сызықтық, аралас), полигонометрия, трилатерация және триангуляция әдістерімен құрылады. Соның ішінде полигонометрия және диагоналсыз төртбұрыш әдістері жиі қолданылады.

3. Пландағы және биіктік бойынша құрылыс торының дәлдігі құрылыс

алаңының өлшемі, құрылыс түріне байланысты болып, СНиП 3.01.03-84 «Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар » бойынша регламенттеледі.

Құрылыс торларын бөлудің бірнеше түрі бар. Соның екеуі кеңінен тараған: өстік әдіс және редуциялау әдісі.

Өстік әдіс келесідей болады. Бекітілген бастапқы бағыттарға негізделе отырып, жер бетінде екі қатаң перпендикулярлы өстер салынады. (4-сурет)

Сурет 4. Екі қатаң перпендикуляр өс

Алынған өстік бағыттар бойымен центрден тордың жақтарына тең болатын қиықтар алынады. Осы өлшемдерді динамометрді тарта отырып шкалалық лентамен жүзеге асыру және компарирлеу үшін түзетулер мен жер бетінің еңістігін және температурасын ескеру қажет.

a, c, l, g соңғы нүктелерінде тура бұрыштар құрылып, ары қарай периметр бойынша бөлуді жалғастырады. Бұл әдісте қателердің жиналуынанГруппа 351құтылмайтындықтан жақтардың ұзындықтары жобалықтардан

ерекшеленеді және барлық бұрыштар қатаң 900-қа сәйкес келмейтін болады. Алынған қателердің өлшемдері тордың жақын пункттерінің орнын ауыстыру арқылы кішірейтілуі мүмкін.

Осылайша, алаңда тордың құрылған жақтары мен төрт полигон алынады.Осыдан кейін полигон периметрі бойынша тұрақты белгілер қойылады, олар бойынша 1 разрядты полигонометриялық жүрістер салынады, оларды теңестіріп, полигондардың шекараларында орналасқан барлық пункттердің координаттарын алады.

Ішкі нүктелерді 2 разрядты полигонометриялық жүрістерден немесе тұстама бойынша қиылыстыру көмегімен алады.

Өстік әдісті әдетте құрылыс алаңы салыстырмалы кіші немесе дәлдікті қажет етпейтін және пункттердің 3-5 см өзара орналасуының қателеріне көңіл бөлінбейтін жағдайда қолдануы мүмкін.

Жер бетінде үлкен кәсіпорындарды жобалау және бөлу үшін редукциялау әдісін қолдану тиімді, бұл әдіс құрылыс торының элементтерін анықтаудың жоғарғы дәлдігін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда алдымен торды әдеттегі теодолиттік жүрістің дәлдігімен жүзеге асырады және оны уақытша белгілермен бекітеді. Осыдан кейін геодезиялық негіз құрып, полигонометрияны салады, осының нәтижесінде уақытша белгілермен бекітілген барлық пункттердің координаттарын анықтайды.

Алынған координаттарды жобалықпен салыстырады да, алдын ала бөлінген тордың әрбір пунктін қоюға болатын редукциялардың өлшемін анықтайды. Редуциялаудан кейін тор пункттерін тұрақты темір бетонды белгілермен бекітеді.

Тордың уақытша белгілерінің координаттары белгіленген дәлдікке байланысты және жердің сипаттамаларына байланысты микротриангуляция, микротрилатерация, полигонометрия және диагональдарсыз төрт бұрыштар әдісімен анықталуы мүмкін.

Құрылыс торын жобалау. Қажетті дәлдіктегі құрылыс торын жабалауды, оны құрудың әдісін таңдау үшін принципиалды бастапқы орындарды орнату қажет.

Құрылыс торының дәлдігіне қойылатын талаптар мыналар:

1) құрылыстың мақсатына, өз арасында технологиялық сызықтармен байланысына, оның өлшемдеріне байланысты бөлу жұмыстарының дәлдігіне қойылатын талаптар;

2) құрылыс торының пункттерін бөлу жұмыстарының өндірісі үшін қолдану тәртібінің талаптары.

Екінші пунктке нақтырақ тоқталайық, себебі бөлу жұмыстарының және құрылыс торының дәлдік нормаларының арасындағы байланыс ашық көрінеді. Құрылыс торын жобалау кезінде құрылыс торының қолданылу сипатын ескеру қажет. Осы қасиеті бойынша құрылыс торлары екі типке бөлінуі мүмкін. (А және В)

Тордың бірінші типі І және ІІ пункттерден Р және Q құрылыс нүктелерін тәуелсіз анықтау есебінен құрылады. Бұл жағдайда РQ құрылысының ұзындығын анықтау қатесі келесі қателерден жиналады: Группа 331

Группа 311(7)

мұндағы, m1-II – І және ІІ пункттерінің өзара орналасуының қатесі; mα және mβ – тор жақтарының перпендикулярлығын анықтаудың орташа квадраттық қателері; mb және mc – b және c арақашықтықтарды қалдырудың орташа квадраттық қателері, тордың жақтарындағы А және В нүктелерінің дәл емес тіркелуін қоса алғанда. (5-сурет)

Сурет 5. Құрылыс ұзындығын анықтау

8 формулада тордың жақтарының РQ ұзындығын анықтау дәлдігіне қарағанда 2-3 есе дәлірек анықталу қажеттілігі көрінеді.

Тордың екінші типі оның пункттерін қолдану кезінде алдымен А нүктесі және АВ бағыты орындалады да, содан кейін қажетті дәлдікпен тікелей РQ арақашықтығы салынатынымен сипатталады, бұл жерде:

mPQ = ml (8)

Бірінші типті (А типті) торды үлкен өндірістік кешендерді салу кезінде құрған жөн. Бұл жерде өлшемдердің қосымша дәлдігі қосымша шығындарды тудыратынын ескеру керек. Алайда осындай тордың пункттерінен шұғыл түрде сызықтық өлшемдер үшін қарапайым құралдардың көмегімен бөлу жұмыстарын жүзеге асыруға болады.

Кесте 9 Жіберілетін қателіктер

Жіберілетін қателіктердің белгіленуі

Тор разрядтары

1 разряд

2 разряд

3 разряд

4 разряд

1 : 20 000

1 : 10 000

1 : 5000

1 : 3000

10//

20//

20//

30//

10 см

10 см

10 см

10 см

Группа 291 Екінші типті (В типті) торды құру шығындарды аз қажет етеді. Осындай торды технологиялық сызықпен біріктірілген ғимараттарды бөлуді қамтамасыз еткен кезде құрған жөн (сурет 6). Бұл жағдайда тордың пункттерінен ғимараттың басты өстерін шығару тиімдірек. Бұл үшін тор пункттерінен А және В нүктелерін шығарып, осыдан кейін АВ сызығының бойынан өстердің байлауын ары қарайғы 1-8 нүктелерін А және В нүктелерінен бөледі. (6-сурет)

Сурет 6. Технологиялық сызықпен біріктірілген ғимаратты бөлу

Бөлу негізінің ерекше ділдігін қажет ететін құрылыстар үшін құрылыс торларын жеке жобалау тиімді. Құрылыс торын қолдану тәртібімен байланысты тағы бір маңызды сәт, бұл оның жақтарының жобада жіберілетін ауытқулар болып табылады. Құрылыс торының пункттері бөлу жұмыстары үшін тең деңгейде қолданылуы мүмкін болғандықтан, бір төбеде бірігетін квадраттардың жақтарын анықтаудың тең дәлдігін талап ету қажет. Егер анықтау үрдісінде барлық жақтар анықталмаса, онда мұндай шарт өзара орналасу қателерінің шамалы теңдігі түрінде болуы мүмкін.

Құрылыс торының пункттері бойынша ІІІ – ІV класты нивелирлеу жүрістері салынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]