Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка дан.doc
Скачиваний:
271
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.66 Mб
Скачать

4.3 Жобалау және геодезиялық іздестіру жұмыстарының қоршаған ортаға әсерін бағалау

Қазақстан Республикасы табиғат байлықтары халықтың өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын

арттырудың табиғи негізі болып табылады.

Бұл қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи-экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұқыпты пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

«Қоршаған ортаға әсерін бағалау» - бұл қоршаған табиғат ортасында жобаланған қызметті және оның халыққа тигізетін әсерін жүзеге асыру кезіндегі мүмкін болатын өзгерістерді анықтау бөлімі болып табылады. Жобадаға обьект орналасқан аймақ таудың баурайында орналасқандықтан қоршаған ортаға зияны шамалы.

Ауаға әсерін бағалау. Өндірістік кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге белуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар. Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энертетикалық : шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өpic, жарық , ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының және өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияға байланысты болады. Атмосфераға бөлінетін 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды.Жобаланған объектілерді орналастыру аймағы атмосфераның жоғары ластану потенциалы бар № 1-аймаққа жатады, яғни атмосферадағы зиянды заттарды тарату үшін климаттық жағдай қолайсыз болып табылады.

Құрылыс аймағында транспорт құралдарынан үш трактор - MUSTANG маркалы, ЭО-4112A, ДЗ-171, қолданылады. Олар дизель жанармайын қолданатындықтан ауаны ластайтын газдар бөлінеді. Олар: азот оксиді – 0.041380 қалдық т/жыл, көміртегі (Сажа) - 0.007 қалдық т/жыл, көміртегі оксиді – 0.06986 қалдық т/жыл.

Жер жұмыстары кезінде құрылысқа қажетті материалдарды тасымалдау, түсіру жұмыстары орындалады. Нәтижесінде әртүрлі бейорганикалық шаң пайда болады, оның ауаға шығарылатын көлемі – 0.56 қалдық т/жыл.

Ағаш және металл өңдеу шеберханаларында механикалық өңдеу кезінде фрезерлі, бұрғылау және т.б. станоктардан қалдықтар шығарылады. Мысалы, кескіш станоктан – 0.0018 қалдық т/жыл, бұрғылау станогынан – 0.0002 қалдық т/жыл, фрезерлі станоктан – 0.0005 қалдық т/жыл, ағаш кесу құрылғысынан – 0.0009 қалдық т/жыл.

Жербеті және жерасты суларына әсерін бағалау. Су құрылыс аумағы үшін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Су құбырларының дұрыс тартылуы құрылыста мәселелердің туындауына жол бермейді.

Группа 1291Судың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгеруі нәтижесінде қолайсыз жағдайлардың және балық қорының азаюына, оның табиғи түрде тазару қабілетінің төмендеуіне, гидрологиялық және гидрогеологиялық режимінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Осы мақсатта ғимараттан тұрмыстық ағыс сулары «Водоканал»-мен келісімшарт бойынша канализация жүйесіне төгіледі, сондықтан жерасты және жербетіГруппа 1271суларына әсері туындамайды.

Кешеннің алып отырған аумағында жерасты сулары біршама дамыған. Жер асты суының қоры – жер асты суларының көп жылдар бойы шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болатын, үздіксіз жиналып, толығып отыратын мөлшері. Жер асты суын қорғау –құрылысты жобалап салудан қолға алынған.

Жылумен қамдау, сумен қамдау және суды бұру – орталық жүйеден қарастырылған.

Топыраққа әсерін бағалау. Атмосфера немесе жербеті суларымен салыстыруда топырақ аз қозғалмалы орта, онда ластаушы заттардың орын ауыстыруы анағұрлым аз жүреді.

Объект топырағы сазбалшықты болып келедi. Мұндайда топырақты ластау аз шамада болады. Бірақ, топырақ әртүрлі қатты тұрмыстық қалдықтармен, құрылыс қоқысымен ластануы мүмкін. Топырақ құнарлылығын сақтау мен қорғаудың негізгі шараларының бірі – рекультивация. Мұның астарынан жердің бұзылған құнарлы қабатын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар кешенін түсінеміз.

Аумақты қалпына келтіру келесі бағыттарда қолданылады:

Көгалдандыру аймақтары–ағаштар отырғызу, гүлзарлар бөлу, көгалдар салу, учаске маңайындағы бұталардан қоршайтын жолақтар орналастыру.

Оңтайлы антропогендік ландшафттарды құру-табиғатты қорғаудағы кешендік мәселелерді шешудің негізгі есебінің бірі.

Пайдаға асыру әдісі – қатты-тұрмыстық қалдықтар полигоны. Сақтау әдісі-металл контейнерлерде уақытша сақтау.

Қалдықтардың қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету мақсатында қоқсықтарды жинау, сақтау және қала сыртындағы қолданыс аймағына апару, жеткізу қызметін дұрыс орындау керек.

Өсімдіктерге әсерін бағалау. Қарастырылған учаскедегі өсімдік әлемі ағаш және бұталы өсімдіктермен қамтылған.

Өндірістік қажеттілікке байланысты 30 ағаш және 442 бұталы өсімдіктерді тамырымен жұлу қарастырылған. Отырғызуға алынған ағаштар мен бұталы өсімдіктер осы климаттық жағдайға төзімді және көркемдік сипатқа сәйкес таңдалған.

Жобада қарастырылған учаскені көгалдандыру және көркейту шаң-тозаңды азайтады, және жергілікті шаң шығару көзін жояды. Ғимаратты және аймақты шаң-тозаңнан қорғау құрылысты көлемді-жоспарлық ұйымдастырумен және көгалдандыру жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Жануарлар әлеміне әсерін бағалау. Бұл обьекті қала аумағында болғандықтан жануар әлеміне әсері өте аз. Жануарлар әлеміне әсерінің негізгі факторы – жануарды тіршілік ортасынан ығыстыру болып табылады. Жануарды ығыстыруға құрылыс және автокөлік жолы үшін жер учаскесін пайдалану негіз болады, осының нәтижесінде аз бөлігі қысқарады. Көбіне, қозғалыстың аз радиусындағы жануарлар жапа шегеді (омыртқасыздар, жорғалауыштар, ұсақ сүтқоректілер).

Құстар тынышсыздық факторы әсерінен ығыстырылған.

Бұл факторлар жердегі жануарларға олардың аздығынан аз шамада әсер етеді. Сонымен қатар, жергілікті жердегі жануар жаңа жағдайға оңай қалыптасып кете алады.

Шудың әсерін бағалау. Обьектіде тасымалдау, көтеру, түсіру кезінде шудың негізгі көзі болып автотранспорт пен жұмыс істеп тұрған техникалық қозғалтқыштар табылады.

Көтеру-түсіру жұмыстары кезінде қолданылған механизм, техника мен автокөліктер сериялы түрде жасалады және жұмыс кезіндегі шу мен діріл деңгейі шектік нормаға сәйкес болады. Пайдалану процесінде құрылғы техниканың бақылау мен жөндеуден уақтылы өтіп отыруы керек. Шу мен діріл деңгейі нормадан артық көтерілуін болдырмай, бақылап отыру қажет.

Өндірістік ортаны қорғау бойынша шаралар ауа арқылы немесе байланысу жолымен таралатын дыбыстық және ультрадыбыстық тербелу әсерін шектеуге бағытталған болуы керек. Сондықтан, құралдың, құрылғының қуаттылығын таңдауға үлкен мән берген жөн. Ең тиімді болып құрылғының дыбыс ырғағы табылады. Қарастырылған объект қызметі авариялық жағдайдың туындауына байланысты емес.[20]

Группа 1251Жобада қарастырылған учаскені көгалдандыру және көркейту шаң-тозаңды азайтады, және жергілікті шаң шығару көзін жояды. Ғимаратты және аймақты шаң-тозаңнан қорғау құрылысты көлемді-жоспарлық ұйымдастырумен және көгалдандыру жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Қорытынды

Қорыта келсек, «Жобалау және геодезиялық іздестіру жұмыстары кезіндегі еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» бөлімінде жобалау, іздестіру және құрылыс кезінде жүргізілетін жұмыстарда еңбекті қорғау мәселелері, еңбек қауіпсіздігі ережелері анықталған және құрылыстың қоршаған ортаға әсерін бағалау орындалды.

Бұл кешенде жұмыс істеу кезіндегі барлық қауіпсіздік шаралары нормаға сәйкес жасалынған. Жұмысшылар үшін де , тұрғындар үшін де бұл тұрғын үй кешені қауіпсіз болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]