Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка дан.doc
Скачиваний:
271
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.66 Mб
Скачать

4.2 Жобалау және геодезиялық іздестіру жұмыстары кезіндегі еңбек қауіпсіздігі ережелері

Жобалау және іздестіру жұмыстары құрылыстың негізгі бөлімі болып табылады. Мұндай жұмыстарды жүргізгенде еңбек қауіпсіздегі ережесін қатаң сақтау қажет.Алаңдағы инженерлік іздестірулер кезінде инженерлік-геодезиялық жұмыстар әр түрлі шарттарда орындалады: қалалар, елді мекендер аумақтарында, орман және алыс жерлерде, темір жол станцияларының, әрекет етіп тұрған өндірістік кәсіпкерліктердің аймақтарында.

Біз салып отырған жұмыс обьектісі қалада орналасқандықтан геодезиялық жұмыс тәжірибесі жан-жақты. Мұнда ерекше триангуляция дамиды, әртүрлі класты полигонометриялық және нивелирлік жүрістер салынады, әртүрлі масштабтардағы суретке түсірулер жүргізіледі, бөлу жұмыстары, орындаушы түсірістер орындалады. Еңбек қауіпсіздігі ережелері кешенді салуда қатаң сақталады.

Электрмен, газбен пісіру кездерінде оттан сақ болу керек. Жұмыс орындарында от сөндіру құрал-жабдықтары болу керек және оларды пайдалану ережелерін жанына іліп қояды.

Көп қабатты ғимараттарды салу, биік құрылыстарда пункттерді орналастырумен жаңа қалалық триангуляция құрылуда қала аймағында осыған байланысты белгілердің құрылымы да өзгереді. Бұл геодезисттер мен құрылысшыларды Группа 1371бірігіп белгінің орналасқан жерін барлауын және оны конструкциялау жобасын құруды өткізуге міндеттейді. Биік ғимараттың төбесіне шыққан кезде барлауды өткізу үшін орындаушылар байқағыш, әрі сақ болуы керек, құлаудан сақтану құралдарын қолдануға міндетті. Биікте басы айналатын тұлғалар төбедегі жұмыстарға жіберілмеуі тиіс. Белгіні құруға жауапты инженер-геодезист жұмысшылар үшін де, белгі орнатылып жатқан ғимараттың жанынан өтетін адамдардың қауіпсіздігіне кепілдік береді. Ғимарат төбесінде белгіні құру орнының айналасында материалдар мен құрал-саймандардың құлауына жолбермейтін тұрақты бөгеттер құрады.

Қалалардағы адамдар көп жүретін көшелерде полигонометрия, нивелирлеу және түсіріс жұмыстарын жүргізу өте қауіпті, сондықтан жұмысты қауіпсіз ұйымдастырудың келесі әдістерін қолданады:

1) ең алдымен техникалық жағынан тиімді және қауіпсіз жұмыс әдістерін іздестіреді. Мысалы, үш штативті жүйелі қысқа базалық полигонометрия көшеде қауіпсіз орындалуы керек. Көп жағдайларда нивелирлеуді көшенің жол бөлігіне шығармай өткізеді.

2) аралығы 8-10 м асатын көшелерде геодезиялық жұмыстар ені 2 м жолақта көшенің ортасында орындалуы мүмкін (оны белгілермен қоршаған дұрыс), ал көлік үшін 3-4 м жер қалдырылады. Бұл МАИ-мен келісілген болуы міндетті.

3) кейбір көшелерде жұмыс істеу үшін МАИ-ден көшенің бір жағында қозғалысты жауып, оны көрші көшеге ауыстыруға рұқсат алуға болады. Бұл жағдайда да жалаушалар мен қозғалысты шектеу белгілерін қою қажет.

4) Жұмыстарды таңғы уақытқа, қозғалыс жиі болмаған кезде жүргізеді.

Группа 13515) Жұмыстарды түнде жүргізуге жарықтандырылған жағдайда ғана

рұқсат етіледі.Бұл жағдайда жарықтық ескерту белгілерін қою тиіс.

Өндірісте кез келген уақытта жазатайым оқиға орын алу мүмкін. Дәлірек айтқанда, жер асты және ауадағы электр тораптарындағы электр тоғымен жарақатталуы; жер асты тораптардың коллекторлары мен құдықтарын зерттеген және суретке түсірген уақытта газбен улану; темір жол көпірлерінде жұмыс кезіндегі жазатайым оқиғалар, автомобильді немесе темір жол көлігіменбайланысты оқиғалар. Тәжірибе көрсеткендей, далалық геодезиялық жұмыстардағы жазатайым оқиғалар жұмыс өндірісінің шарттарын білмеу, еңбек тәртібінің сақталмауы мен қауіпсіздік техникасына мән бермеуге байланысты.

Өндірісте жазатайым оқиға болса жапа шегуші немесе оны көрген адам ол туралы уақыт өткізбей бөлімше бастығына хабарлау керек.Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін: бүйірлердің табандарын қатайту, бүйірлерді бірнеше аралық белгілерді құрылғылармен бөлу, шұңқырларға жұмысшылар түсу үшін саты жасау қажет. [18]

Жұмысқа қауіпсіздік техникасынан нұсқау алған жұмысшылар ғана жіберілуі тиіс. Жұмысшыларды автобустарда және арнайы тасымалдау үшін жабдықталған жүк автокөліктерінде барлық жол-қозғалыс ережелерін сақтау отырып тасымалдайды.

Электр және пневмоқұралдардың, машиналардың қолданысы кезіндегі қауіпсіздік және технологиялық жарақтандыру талаптарын сақтау үшін жауапкершілік: машиналардың (құралдың) техникалық күйі, қорғаныс құралдарын қоса алғанда технологиялық жарақтандыру үшін – ұйымға (тұлғаға),олар тұрған балансқа (жеке кәсіпкерлік), ал оларды уақытша пайдалануға (жалға) берген жағдайда келісімшартта белгіленген ұйымға (тұлғаға), оқыту және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беру үшін–соның штатында жұмысшылар тұрған ұйымға; жұмыс кезінде еңбек қауіпсіздігінің талаптарын сақтау үшін – жұмыстарды жүзеге асырушы ұйымға артылады.

Жол-құрылыс жұмыстарының учаскелері сәйкес айналып өту, жылдамдықты азайту т.б. белгілермен қоршалады.

Құрылыс алаңдарындағы жалпы қауіпсіздік шаралары құрылыс жобасында қарастырылады.Құрылыс алаңында бөлу жұмыстары кезінде, көлік көп жүрген уақытта көліктердің жұмысшыларды басып кетуін алдын алу бойынша шаралар қабылдау қажет.

Монтаждық горизонтта геодезист ғимараттың ұзындығын және көлденең өстерін, сатылық шақпақтарды бөледі, әрбір гаризонтқа биіктіктер береді, панельдерді, блоктарды, колонналарды, жапқыштарды орнатуға қатысады және орнатылған конструкциялардың орындаушы түсірісімен өз жұмысын аяқтайды.

Өндіріс сферасына тұрақты жаңа кадрлар мен жаңа машиналар түсетініне байланысты жұмыстардың толығымен қауіпсіздігіне қол жеткізу қиын. Сондықтан, жыл сайын оқуды жаңа техника бойынша жаңа мәліметтер алуды жалғастырып отыру керек. Қазіргі уақытта оқытудың 3 формасы бар: курстық, арнайы, нұсқаулық.

Курстық оқыту инженерлік-техникалық персонал үшін дәрежені жоғарлату курсында немесе еңбек қорғанысы бойынша семинарда өткізіледі. Бұл оқыту түрі кезекті және кезектен тыс болуы мүмкін.

Кәсіпкерліктің басқарушы және техникалық персоналына кезекті оқыту үшГруппа 1331жылда бір өткізіледі, ал экспедицияның басқарушы және техникалық персоналына екі жылда бір рет, шұғыл инженерлік-техникалық жұмысшыларға – жыл сайын. Басқарушы және инженерлік-техникалық жұмысшыларға арналған кезектін тыс оқыту еңбек қорғанысы және өндірістік тазалық бойынша жаңа ережелер енген уақытта, жаңа техниканы өндірістің жаңа технологиясы мен ұйымдастырылуы енгізілген уақытта және жоғары тұрған органдардың талабы бойынша өткізіледі.

Арнайы оқыту жоғары қауіпті жұмыс қатысушылары арнайы дайындықты қажет ететін жұмысшылар үшін өткізіледі. Оларға: биік құрылыс бригадалары (белгілерді құру), аэрофото суретке түсіру, теңізді катермен суретке түсіру жұмысы, судағы жұмыстар, биік таулардағы жұмыстар жұмысшылары т.б. жатады. Осы және басқа да бірқатар жұмыстарға арнайы оқыту жұмыс орнында нақты тәжірибе мен жұмыс сағаттарында қойылады. Осындай оқудан және тәжірибелік жаттығуларды орындағаннан кейін жұмысшы емтихан тапсырып, аталған жұмыстарды орындауға құқық беретін куәлікті алады.

Нұсқаулық оқыту кіріспе нұсқау беру, жұмыс орнында нұсқау беру, жоспардан тыс нұсқау беруді қарастырады.

Кіріспе нұсқауды еңбекшінің біліміне,осы қызметтегі не кәсіптегі жұмыс өтіліне қаралай барлық адамдармен және де іссапарға келген адамдармен, тәжірибе өтуге немесе өндірістік оқуға келген студенттермен де жүргізу қажет.

Жұмыс орнында нұсқау беру нақты бір жұмысқа (тапсырмаға) бағытталады. Оны тікелей басшы – бригадир, прораб, кейде партия бастығы өткізеді. Мұнда аталған атқарушы бригадада орындайтын қауіпсіз жұмыс әдістері қарастырылады және тәжірибе жүзінде көрсетіледі.

Қайталама нұсқау беру алты айдан кейін өткізіледі, ал қауіптілігі аса жоғары жұмыстарда (бас инженердің нұсқауы бойынша) – үш айда бір рет. Қайталама нұсқау берудің мазмұны жұмыс орнында өткізілген нұсқау берудің мазмұнына ұқсас болып келеді. [19]

Жоспардан тыс нұсқау беру мына жағдайларда өткізіледі: жұмыс түрі өзгерген жағдайда (жаңа тапсырма берілген жағдайда), технологиялық үрдіс, өндірістік құрал-жабдық, сайман, машинаның немесе аудан шарттарының түрлері өзгерген жағдайда, жұмыс бригадалары қауіпсіздік техникасын бұзған жағдайда, қауіпсіздік техникасын бұзғаннан жазатайым оқиға туындаған жағдайда.

Әрбір нұсқау беру бригаданың арнайы журналында тіркеледі.

Еңбек қорғанысы және қауіпсіздік техникасы жұмыс өндірісінің технологиясымен және еңбек ұйымдастырылуымен тығыз байланыста. Қауіпсіздік техникасын оқытудың объектісі технологиялық және еңбек үрдісі, өндіріс үрдісінің ұйымдастырылуы, өндірістегі ахуал және жұмыс орындарының жағдайы болып табылады. Қауіпсіздік техникасының негізгі міндеті жарақат алу себептерін жою әдістерін зерттеу, табу болып табылады.

Экспедициялық жағдайдағы жұмыстарға жіберілетін барлық жұмысшылар әртүрлі физико-географиялық жағдайларда жұмыс істеу үшін, олар міндетті түрде алдын-ала медициналық тексерістен өтіп, далалық жұмыстарға жарамдылықтары анықталады.

Далалық жұмыстарға дайындалу кезінде кәсіпорын және экспедиция жетекшілері жергілікті санитарлық-эпидемиялық станциялар арқылы эпидемиялық аурулардың ошағын және кене энцефалитінің таралу ауданын анықтайды. Кейбір қажет жағдайларда медициналық органдармен келісе отырып барлық далалық жұмыстарды орындаушылар мен қадағалаушыларға энцефалитке және басқа эпидемияларға қарсы егілуі қажет және әрбір адам жеке басын сақтандыру шараларын білуі керек.

Группа 1311Шөл далалық, тундралық, биік таулы аудандарда жүргізілетін далалық жұмыстарға және де кез келген аудандарда геодезиялық белгілерді құруға 18 жасқа дейінгі адамдар жіберілмейді.

Топографо-геодезиялық жұмыстар өндірісінде жұмыс істеуге арнайы техникалық дайындығы бар, қауіпсіздік ережелерін оқыған, тексеру сынағын тапсырған және өндіріс жұмысында жұмыс істеуге құқық беретін арнайы куәлігі бар адамдарға ғана рұқсат етіледі.

Бұл жұмыстарды басқару үшін жетекшілік етуге бригада жетекшісі қызметін атқаруға, экспедиция бастығына, экспедицияның бас инженеріне, сонымен қатар, өз объектілерінде мекеме жұмысын қауіпсіз жүргізу туралы жұмыс жобасын сәтті қорғаған адамдарға ғана рұқсат етіледі.

Экспедициялық жұмыстарға жұмысшылар мен өндірістік іс-тәжірибесін өтуге келген жоғары және орта оқу орындарының студенттері мен алдағы жұмыс жағдайымен және ішкі жұмыс тәртібі ережелерімен таныстырма нұсқау жүргізіледі.[10]

Таныстырма нұсқауының нәтижелерінің арнайы журналға енгізіледі.

Құрылыс жетекшісі жұмысқа шығар алдында өз бригадасының жұмысшыларына және осы бригадада өндірістік іс-тәжірибесін өтіп жүрген студенттерге нұсқау жүргізілуі керек. Одан кейін тікелей жұмыс алдында өндіріс үрдісі кезінде оларға жүктелетін барлық жұмыстарды қауіпсіз жүргізудің практикалық әдістерін үйретуі керек. Далалық жұмыстарда әрбір алты ай сайын жұмыс қауіпсіздігі ережелері бойынша оқу және нұсқаулар қайталанады. Арнайы кітаптар болмаған жағдайда жазу, қосымшаларда ұсынылатын формалар бойынша бригада жетекшісінің жұмыс дәптеріне жазылады. Жұмыс орнында жұмыстың практикалық әдістерінің оқу нәтижелері арнайы хаттамада толтырылады және онда нұсқаулық жүргізушілер мен оқушылардың қолдары қойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]