Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
104
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
462.85 Кб
Скачать

Өндiрiстi ұйымдастыру типтерiнiң ерекшелiктерi

Өндiрiс типi

Технологиялық ерекшелiктерi

Шығарудың сипаты

Қайтала-нуы

Процессті басқару мәселелерi

жаппай

Бұйым толық технология-лық циклын өтедi, құрал-жабдықтың өзгеруi (ауы-суы) аз болады, жоғары мамандандырылған еңбектi талап етпейдi.

Тұрақты және үздiксiз өнiм шығару

Қатаң белгiлен-ген номенкла-тура (өнiмнiң түрi)

Өндiрiстік циклда тәртiп сақталады, ұсақ кемшiлiктерi тез жойылады, ӨП талдау, тепе-теңдiгiнiң жолын оңай есептеуi

Сериялық

Әртүрлi бұйымдарға тех-нологияның айырмашы-лығы, өнiмнiң жылдам өз-геруi, әмбебаптылық және өзгерiстiлiк

Бұйымның көп номен-клатурасы-ның шығару-дың тұрақты-лығы

Шығарудың бекiтiлген реттелген партиялары

Тапсырыс бойынша жоспарлау, тұтынушы-ға және сұранысқа не-гiзделуi, бұйым шығаруға минимум уақыт кетiру, өзiндiк құнын төмендету

Жеке дара

Өнiм өте ерекше және күрделi, сұраныс аз, жоба-лық тапсырыс жасауға ба-ғытталған өндiрiс, негiзгi шығындарды жоғары ма-мандандырылған еңбек және қымбат материал-дарды талап етедi

Даналық, жобаланған бұйым дайын болған соң

Сирек

Негiзгi мақсаты-өнiм шығару процесс уақы-тын қысқарту, өндiрiс кезеңдiлiктерiң келiстiру

Мамандандыру формасы кәсiпорын артынан өнiмнiң белгiлi бiр түрiн, номенкла-турасын бекiту, яғни өнiмнiң белгiлi бiр түрiне мамандандыру. Кәсiпорындардың мамандан-дырылуы олардың өндiрiстерiн бiрлестiру қажет етедi, яғни өнiмнiң белгiлi түрiн өндiру, шығару бағытында бiрлесе /бiрiгiп/ жұмыс iстеу. Кәсiпорындардың мамандандырылуымен бiрлестiрiлуi өндiрiс iшiнде, яғни цех, учаскi, жұмыс орындарында еңбек бөлiнуiмен /мамандандырылуымен/ толықтырылады.

Өнеркәсiпте келесiдей мамандандыру түрлерi бар:

  • технологиялық – дайын өнiмнiң жеке түрлерiн атқару;

  • заттық - дайын өнiмнiң жеке түрлерiн шығару;

  • бөлшектiк – жеке бөлшектердi дайындау;

Өндiрiс ұйымдастырудыңнегiзгi формаларыныңбiрi –қиыстыру.Ұйымдастырудыңбұл формасында бiр-бiрiне көмекшi роль ойнайтын салалар бiр кәсiпорында бiрiгедi. Шикiзат /мұнай/ мұнай өндеу зауытта немесе мұнай химиялық зауытта, әртүрлi сатыда бiрiнен соңбiрi, яғни кезекпен өнделедi.Ұйымдастырудыңтағы бiр формасы –шоғыр-ландыру.Бұл ұйымдастырудыңформасы өнiм өндiрiсiн неғурлым iрi кәсiпорындарында топтаумен мiнезделедi.

Шоғырландырудың артықшылығы:

  • орнатылған қуаттын бiр өлшемiнiң азаюы;

  • күрделi қаржылар үлесiнiң қысқаруы;

  • құрал-жабдықты пайдаланудың жақсаруы;

  • өндiрудiң технологиясын ұйымдастыруды жетiлдiру;

  • материалдарды, шикiзатты және отынды тиiмдi пайдалануы;

  • өндiрiстi басқаруға және оған қызмет етуге байланысты шығындардың қысқартылуы;

  • ұжымның әлеуметтiк даму мәселелерiн табысты шешудiң мүмкiндiгi.

10 Тақырып. Негiзгi және көмекші өндiрiстi ұйымдастыру

Кез келген өндiрiстiк процес оны қатаң, дәл ұйымдастыруды қажет етедi. Кәсiпор-нының құрылымы өндiрiстiк процестiң сипатына және оның ерекшелiгiне байланысты болады. Мұнай газ өндiру кәсiпорынның құрылымы заттық мамандандырумен бiрлестiруге негiзделген. Мұнай және газ өндiрудiң ұйымдастыру формалары бiрнеше факторлармен анықталады. Олардың көпшiлiгi мұнай кәсiпорындарының табиғи жағдайларына (мұнай шоғырының көлемi, оның режимi, коллекторлардың физикалық қасиеттерi, ұнғылардың тереңдiктерi және т.б.) байланысты.

Қосалқы өндiрiстер: өндiрiстi автоматтандыру, энергия мен жабдықтау, өндеу-меха-никалық цехi және ұңғыларды күрделi жөндеу, материал-техникалық ресурстарымен қамтамасыздандыру, көлiктiк қызмет көрсету және т.б.

Өндiрiстiк процестi жүргiзуде ең маңызды қойылатын талаптар:

  • тағайындалған технологиялық процестердi қатаң бақылау;

  • өндiрiстiң бiрқалыпты процесiнiң бұзылу жағдайында жұмыстың календарлық графиктерiнiң орындалуын қадағалау, шаралар жасау және оларды енгiзу.

Өндiрiс процесiнiң белгiлi түрi орындалатын календарлық уақыт өндiрiс циклi деп аталады. Кез келген циклдың мiнездемесi үшiн оның ұзақтығы мен құрылымы бiрден бiр маңызды нәрсе болып табылады.

Цикл ұзақтылығы– бұл белгiлi процестiңбiрiншi операциясынан соңғы операцияға дейiнгi уақытты қамтитын календарлық уақыт мерзiмi.

Цикл құрылымы– циклдiң жалпы ұзақтығынқұрайтын жеке уақыт шығындардың көрiнiсi.

Әрбiр циклдi өндiрiс операцияларын орындау уақытына, үзiлiс уақытына бөлуге болады. Өндiрiс процесiнде үзiлiстер келесi түрлерге топталады:

  • толық үзiлiстер;

  • әдiс аралық;

  • әдiс iшiндегi немесе өндiрiс процесiндегi үзiлiстер.

Бұл топқа кәсiпорынның жұмыс тәртiбiмен байланысты (жұмыс емес күндер, түскi тамақ үзiлiсi, смена аралық демалыс) және ұйымдастық, ауа-райыныңжағдайларымен байланысты үзiлiстер кiредi. Мұнай газ табу өнеркәсiпте өндiрiс әрекетiн мiнездеуден цикл ұзақтығы негiзгi көрсеткiшi болып келедi. Осы көрсеткiштiң арқасында өндiрiс ұйымдас-тырудағы өзгерiстер туралы негiзгi және айналым қорларын пайдаланылуы туралы мәлiметтердi бiлуге болады. Өндiрiс циклы неғұрлым қысқа болса, соғұрлым бiр мезгiл iшiнде көбiрек өнiм шығарылады, соғұрлым аяқталмаған өндiрiс көлемi әрi негiзгi және айналым қорларында қажеттiлiк азаяды.

Мұнай газ саласы өндiрiсінің құрылымы

Кәсiпорын құрылымы өндiрiс процесстiң мазмұны мен ерекшелiктерiне байланысты болады. Кәсiпорын құрылымы оның өндiрiс және қызметтер құрамын, олардың бiр-бiрiмен байланысын көрсетедi. Құрылым - өндiрiс процессiнiң механизация, автоматизация дәреже-сiне мамандандырылуымен бiрлестiрiлуi дәрежесiнiң көлемiне байланысты болады. Елiмiздiң әр түрлi аймақтарындағы мұнай газ кең орындарының табиғи, климаттық мiнез-демесi, газ құрамы т.б. жағдайлар бойынша бiр-бiрiнен түрлi ерекшелiктерi болуы мүмкiн. Сондықтан, бүкiл МГӨ аймақтарына арналған мұнай газ кәсiпорындарының құрылымы жасалмаған.

Көмекші өндiрiстi ұйымдастыру

Кәсiпорынның, әсiресе оның негiзгi өндiрiс жұмысы бiрқалыпты үздiксiз өтуiнiң бiрден-бiр шарты жабдықты жұмыс күйiнде ұстау, жұмыс орындарын энергияның әр түрiмен, негiзгi және қосалқы материалдарымен, көлiкпен қамтамасыздандыру.

Негiзгi өндiрiс объектiлерiнiң бiрқалыпты жұмысын қамтамасыздандыратын процессi көмекші процессдеп аталады. Қосалқы жұмыстардың негiзгi өндiрiстен бөлiнуi, мамандан-дырылған қосалқы цехтармен қызметтердi ұйымдастыру – геологиялық барлау, бұрғылау, өндiру және өңдеу кәсiпорынның техника-экономикалық көрсеткiштерiн жақсартуға себеп болады.

Көмекшi өндiрiс- өндiрiстiк процесстiң жабдық пен құрал саймандар әзiрлеу және оларды жөндеу жұмыстары, сондай-ақ негiзгi өндiрiске қызмет көрсету жұмыстары орындалатын бөлiмдерi. Көмекшi өндiрiске құрал-сайман, жөндеу, энергетикалық, көлiк және басқа осындай цехтар мен шаруа-шылықтар жатады. Кәсiпорында қосалқы өндiрiстiң бөлiнiп шығуы өндiрiстi ұйымдастыруда үлкен рольойнайды. Мұнай газ өндiрiстiң кәсiп-орындарында қосалқы өндiрiс бөлiмдерiнiң үлесi өте жоғары.

Мұнай газ кең орындарында шектеулi қуаттылығы өндiрiстiң техникалық жете қамтамасыздандырылмауы - нашар материалдық-техникалық қамтамасыздануы, квалифика-циялы мамандардың жетiспеушiлiгi, кiшiгiрiм жұмыс көлемi және өзiнiң қосалқы цехтармен, қызметтер комплекс бар тәуелсiз шаруашылық түрiнде кәсiпорынның пайда болуына жағдай жасайды. Әр бiр жаңа кең көзiнде қосалқы өндiрiс шаруашылықтары ұйымдастырылды, нәтижеде мұнай газ өндiру аудандарында кәсiпорын саны бiрталайға жеттi. Олардың әркайсысы техникалық базасы, әрi мамандандырылуы нашар, майда құрылымдар ретiнде өз қосалқы өндiрiс кешенiне ие болады.

Қосалқы өндiрiстi ұйымдастыруға жетiлдiру жолында бiртектес процесстердiң маман-дануы мен шоғырлануы маңызды болып келедi. Себебi олар неғұрлым қуатты, прогрессивтi жабдықты пайдалануға, өндiрiстi және еңбектi ұйымдастыруда, прогрессивтi әдiстердi қолдануға жағдай жасайды.

Негiзгi өндiрiске қызмет етiп оның бiрқалыпты өтуiне жағдай жасайтын қосалқы өндiрiс мiндеттерi келесiдей:

  • Мұнайгаз өндiрiсiндегi барлық жабдықтардың, бұрғылау жабдығың, инструмент-терiнiң рационалды пайдаланудың, оларды жөндеп қайта құру, бөлек бөлшектер жасауды қамтамасыздандыру;

  • Өндiрiс объектiлерiн энергиямен, сумен, бумен қамтамасыздандыру;

  • Өндiрiс объектiсiне бақылау өлшегiш аспаптарды орнату;

  • Көлiкпен қамтамасыз ету.

Соседние файлы в папке 11-01-2014_16-47-45