Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
104
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
462.85 Кб
Скачать

15 Тақырып. Еңбек ақыны жоспарлау және ұйымдастыру

Еңбекті жоспарлаудың көрсеткіштері

Кәсіпорындары үшін еңбекті жоспарлаудың төмендегі көрсеткіштері анықталады:

  1. Еңбек өнімділігін (арттыру) жоғарылату;

  2. Жұмысшылардың (еңбекетушілердің) категориялар бойынша қажеттілік саны;

  3. Жұмысақысының қоры;

  4. Жұмысшы күшіне қажеттілік.

Еңбек өнімділігін арттыру

Еңбек өнімділігін шаралар арқасында төмендегі факторлар топтары бойынша көтеруін есептейді:

  1. өндірістің техникалық деңгейінің өсуі;

  2. өндірісті еңбекті басқарумен ұйымдастыруды жетілдіру;

  3. өндіріс көлемінің және құрылымының өзгеруі (өнімнің әр алуан түрлерінің сыбағалы салмағының жне өндіру әдістерінің өзгеруі, қызмет ету кеңістігінің (зонасының) кеңеюі;

  4. салалық факторлар (табиғи факторлар; мұнайдың жатуының жағдайлары; бұрғылау тереңдігі, геологиялық тілігінің ерекшеліктері).

Еңбек өнімділігінің деңгейінің жоспары көрсетілген факторлар бойынша былайша табылады:

  1. Берілген жұмыс көлемін (QПЛ) орындау үшін қажетті жұмыс істейтіндердің санын (rР) базистік кезеңіндегі деңгейін (ВБАЗ) сақтағандағы жағдайда табылады:

(rР)= (23)

  1. Жұмыс мезгілінің үнемділігін содан кейін факторлар бойынша қызметшінің ара қатыстық үнемділігін (rэ) және жоспарлап, санын rпл табады.

rпл = rрrэ (24)

  1. Шаралар жүргізу нәтижесінде еңбек өнімділігінің көтерілуін табады:

ПТ = *100 (25)

Әрбір фактор бойынша бір жұмыскерге өнім шығару

В = рпл / rпл (26)

Еңбек өнімділігінің жалпы өсуі

Пт =(rр - ) (27)

Жұмыскерлер санының үнемділігі (салыстырмалы олардың босатылуы) бірінші топтардағы шараларды жүргізу нәтижесінде мына формула бойынша табылады:

Эrp= (28)

Мұндағы,

Т1, Т2 – шараларды жүргізгенге дейінгі және кейінгі бір өлшем өнімге кететін еңбек шығындары, адам-сағ.

Qпл - өнімнің заттай жоспарлау көлемі;

Фэ - базистік жылдағы бір жұмысшының жұмыс уақытының тиімді қоры;

в – базистік жылдағы еңбек шығындарының нормасының орындалуы.

Жұмыскерлердің санын жоспарлау

5 категория (жұмысшылар, инженер-техника қызметкерлері, қызметкерлер, қызмет етуші кіші қызметкерлер, оқушылар) бойынша жүргізіледі.

Жоспарлы санын мына әдістер арқылы санайды:

  1. нормо-сағат;

  2. жұмысшыларды жұмыс орындарына қою.

Бірінші әдіс жұмысшылардың өлшемді жұмыстарындағы қажеттілік санын табу үшін қолданылады. Бұл әдіспен есептеу үшін әрбір операцияға қажетті норма шығындарын және тиісті операциялардың тізбегін білу қажет.

Жоспарлы санын rt+1 табу үшін есептелген жұмыстар (Т) көлемін бір жұмысшының орташа тізімдік тиімді уақытына бөлінеді. Жұмыстар көлемінің нормасы көбінесе артық орындалатындықтан артық орындалған жоспарлар нормасының процент санын (б) ескеру қажет.

rt+1= (29)

Орташа тізімдік бір жұмысшының тиімді уақытын жалдық жұмыс мезгілінің балансынан біледі. Нақтылы уақыт қоры Тнкал – демалыс және мейрам күндері үздіксіз өндірістерде жұмыс уақытының (номиналдық) қоры календарлық уақыттың және ауысым графигі бойынша жұмысқа шықпаған уақыттың айырмасы.

Тэф= Тном – жұмысқа шықпаған уақыт саны.

Жұмыс орындарына қою әдісі бойынша скважиналарды күту, бұрғылау қондырғы жұмысшылардың санын есептеуге қолданылады. Бұл жағдайда жұмысшылардың саны штаттардың нормативтері немесе қызмет ету нормаларының негізінде жұмыс күнінің ұзақтылығының және бір жұмысшының жұмыс уақытының балансы табылады.

Жұмысшылардың санын табуда келулік және тізімдік құрамын білу қажет. Жұмыс-керлердің жоспарлы тізімдік құрамын келулік құрамын коэффициентке, үздіксіз өндіріс үшін календарлық уақыты тиімді уақытының қатынасына тең, ал үзілісті өндірістерде номиналдық уақыттың тиімді уақытқа қатынасы арқылы табады.

МГК жұмыскерлердің санын (rn) жұмыс істейтін скважиналардың санын (Ng) және олардың бір скважинаға шаққандағы сыбағалы саны арқылы жоспарлайды.

rnt+1=Ngt+1 * tудt+1; tуд= (30)

ИТҚ және қызметшілердің санын бекітілген штаттық расписание бойынша алады. ИТҚ және қызметшілердің қажеттілігін келулік құрамы бойынша саналды.

Қызмет етуші кіші қызметкерлер қызмет ету нормалары бойынша жоспарланады.

Оқушылардың (шәкірттердің) жоспарлануы жұмысшыларға қосымша қажеттілікті (сұранымды) олардың кетуімен байланысты табылады.

Жұмысақы қорын жоспарлау

Жұмысшылардың жұмысақысының қорына кіретін төлемдер екі топқа бөлінеді: негізгі және қосымша жұмысақылар. Негізгі жұмысақы істеген жұмыс уақыты үшін төленеді, яғни:

  1. тариф бойынша төлем;

  2. кесімділердің және мерзімділердің сыйлығы;

  3. түрліше қосымша төлемдер (түнгі, мейрам күндері, т.б);

  4. жұмысақыға үстемелер (босамаған бригадалар).

Қосымша жұмысақыға қолданылатын заңдар бойынша еңбеккерлерге тиісті төлемдер жатады:

  • жас өспірімдерге қысқартылған күн үшін қосымша төлеуі;

  • емізетін әйелдердің жұмыс үзілісін төлеу;

  • демалыстарды төлеу;

  • мемлекеттік міндеттерді орындағаны үшін төлеу;

  • сіңірген еңбек жылы үшін үстемелер;

  • басқа мекемелерге жол-сапарға немесе оқуға жіберілгендердің жұмысақысы.

Материалдық көтермелеу қорынан, жаңа техника әне ұтымды ұсыныстар үшін берілетін сыйлықтар жұмысақы қорына жатпайды. Жұмысшылардың жұмысақысының қоры әртүрлі элементтерден тұрады, сондықтан тарифтік қорды, сағаттық қорды, күндік қорды, айлық қорды табады. Тарифтік қор – кесімдік бағамен және мерзімдік жұмыстардың тарифтік ставкасымен есептелген жұмысшылардың жұмысақысы.

Кесімділердің және мерзімділердің жұмысақыларының тарифтік қоры (Зт):

Зті= (31)

Мұнда, Сті – жұмысшының дәрежеге сәйкесті сағаттық тариф ставкасы;

Тэ – бір жұмысшының жұмыс уақытының тиімді қоры, сағ.;

rрі – дәрежеге сәйкесті жұмысшылардың саны;

n – тарифтік дәрежелердің саны.

Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдардың тізімі

Соседние файлы в папке 11-01-2014_16-47-45