Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
104
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
462.85 Кб
Скачать

3 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі капиталы

Негізгі қорлар мәні , мағынасы

Негiзгi қорлар өзiнiң материалдық-табиғи нысанын сақтайды, ұзақ мерзiмге бiрнеше өндiрiс процестерiне қатысады, сонымен қатар өзiнiң құның дайын өнiмге кiшкене бөлшектермен тозуына байланысты аударады, заттай түрiнде дайын өнiм iшiне кiрмейдi

Негiзгi капитал – бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегi жұмыс iстеп тұруы ретiндегi негiзгi қорлардың ақшалай бағалануы. Тауар мен қызмет өндiруге және оларды түпкi тұтынушыларға жеткiзуге пайдалану мақсатымен өндiрiлген өндiрiстiк құрал-жабдықтар – капитал немесе инвестициялық ресурстар деп аталады. Әрбiр өндiрiсте өзiнiң инвестициялық ресурстар болады және өндiрiстiң материалдық-техникалық базасын, яғни оның негiзгi бөлiгiн өндiрiс құралдары жасайды.

Өндiрiс құралдары- өндiрiс процессiндегi атқаратын рөлiне байланысты екi топтан құрастырылады:

  • еңбек құралдары;

  • еңбек заттары.

Негiзгi өндiрiстiк қорлармұнай және газ табу өнеркәсiбiнiң материалдық-техникалық базасы болып табылады. Өндiрiстiң материалдық–техникалық базасын, оның негiзгi бөлiгiн өндiрiс құралдары жасайды.

Өндiрiс құралдары өндiрiс үрдiсiнде атқаратың рөлiне байланысты еңбек құралдарына және еңбек затына бөлiнедi.

Еңбек құралдары – бұл адамның еңбек затына әсер етiп, оны өзгертуде қолданатын материалдық құралдар, яғни машиналар мен жабдықтар, өндiрiстiк ғимараттар мен құрылымдар, күш қондырғылар және тағы басқалар.

Еңбек заты дегенемiз - өндiрiс үрдiсi кезiнде материалдық игiлiктер жасау мақсатымен әсерi тиетiн заттар. Оларға: шикiзат пен отын, негiзгi және қосал-қы материалдар жатады.

Осыған байланысты, еңбек құралдарды - негiзгi қорларға, ал еңбек заттыайналым қорларға жатқызуға болады.

Бiрақ, негiзгi қорды еңбек құралдарымен, ал айналым қорларың еңбек затымен теңестiруге болмайды. Еңбек құралдары мен еңбек заты түсiнiктерiнiң мағынасы негiзгi қормен айналым қоры түсiнiктерiне қарағанда тереңiрек. Өйткенi, еңбек құралдары мен еңбек заты барлық өндiрiс құралдарын қамтиды, ал негiзгi және айналым қорлары тек құны барын ғана қамтиды.

Еңбек құралдары дегенiмiз - өзiнiн алғашқы материалдық-натуралдық нысанын сақтайды; өз құның шығарылған дайын өнiмге кiшкене бөлiктермен, өзiнiн тозуына байланысты бiрте-бiрте ауыстырады.

Еңбек заты – бiр өндiрiс циклында тұтас қолданылады /iске асады/, өзiнiн материалдық-натуралдық нысаның өзгертедi; өз құның дайын өнiмге толығымен бiрден ауыстырады.

Негiзгi өндiрiстiк қорлар – бұл ұзақ мерзiм бойынша қызмет ететiн материалдық заттай құндылықтардың жиынтығы; материалдық өндiрiс саласында өзгерiссiз, заттай нысанында жұмыс iстейтiн және өзiнiң құның жаңадан жасалған өнiмге бөлiктермен тозуына қарай, бiрқатар ауыспалы айналым iшiнде көшiретiн еңбек құралдарының жиынтығы.

Материалдық өндiрiс саласында жұмыс iстейтiн негiзгi қорлар өндiрiстiк негiзгi қорлар деп, бейөндiрiстiк салада жұмыс iстейтiн негiзгi қорлар – бейөндiрiстiк қорлар деп аталады. Негiзгi қорлар – ұлттық байлықтың маңызды бөлiгi.

Негізгі өндірістік қорлар құрамы және экономикалық мәні

Соседние файлы в папке 11-01-2014_16-47-45