Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
104
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
462.85 Кб
Скачать

12 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру

Өндірісті дайындауды ұйымдастыру

Өндірісті дайындауөндірісті ұйымдастыру, жаңа және пайдаланған техникамен тех-нологияны әзірлеу мен жетілдіу, шығарылған өнім түрлерін модернизациялау, сондай-ақ жаңа өнімнің ассортиментін жобалау мен өзара байланыс шараларының кешені.

Өндірісті дайындау кезеңдері:

  1. ғылыми-зерттеулік (өндірістің даму перспективалараын зерттеу);

  2. жоба-конструкторлық (жаңа өнімді жобалау, оның қасиеттері мен үнемділігін анықтау);

  3. тәжірибе жұмыстарын өткізу (эксперимент – машиналар мен құрал-жабдықтардың жаңа түрлерін сынау);

  4. технологиялық (жаңа технологиялық үрдістерді енгізу).

Мұнайгаз саласында өндірісті дайындау түрлерін келесідей топтауға болады:

  1. Материалдық дайындау жаңа оьъекттерді іске асыру және оларды дәл кезде құруын қамтамасыз етумен, материалдардың ең үнемді түрлерін таңдаумен, материал-техникалық құралдардың және атқарылған жұмыстардың еңбексыйымдылығының шығын мөлшерін техника-экономикалық негіздеуімен тұжырымдалады.

  2. Ұйымдастық дайындау - әртүрлі жұмыс инструкцияларын (нұсқауларын), регламенттерін, қауіпсіздік техника ережелерін құруын және бекітуін іске асырады.

  3. Техникалық дайындауға кіретіндер:

  • өндірілген мұнай, газ және конденсатты тасымалдауға дайындау;

  • бұрғылау сапасын үздіксіз жоғарлату, бұрғылауда прогрессивті әдістер мен тәсілдерді қолдану;

  • мұнай өндіруде қабаттардың мұнай бергіштігін жоғарлату үшін тиімді әдістерді енгізу;

  • телемеханизация және автоматизация құралдарымен объекттерді қамтамасыз ету;

  • еңбекті қоғау әне қауіпсіздік техника бойынша шараларын қамтамасыз ету.

  1. Технологиялық дайындау технологиялық процесстерді жобалауын және іске асыруын қамтиды.

  2. Құжаттық дайындау – алғашқа құжатқағаздарды қайта қарастыруын талап етеді. Олардың ішіне технологиялық карталар, операционды график бейнелер мен сұлбалар, машиналар мен құрал-жабдықтарды пайдаланудың ережелері мен инструкциялары кіреді.

  3. Конструкторлық дайындау машина мен тетіктердің алғашқы енгізілген клнструкцияларын жетілдіру, жаңа сапалы деңгейіне жеткізу жобалауымен тұжырымдалады.

Жалпы талабы – үлкен қуаты және шапшаңдылығымен, азайған габариттер және салмағымен, жоғарылатқан техникалық параметрлермен, автоматтандырылған және бақылау элементтерімен қамтылған конструкцияларды әзірлеу болып табылады.

Мұнайды дайындау және айдау

Ұңғылардан келетiн мұнайгаз жабық жүйеде жиналады және оның қозғалысы ұңғыдан тапсыру пунктiне дейiн герметикалық жағдайда болады. Мұнайды жинау жүйесiнiң мiндетi – мұнайдан газды бөлу, оны судан және құмнан тазарту, ұңғы өнiмiн (мұнай, газ, су) өлшеу (мұнай-нетто, мұнай-брутто), мұнайды iшкi тасымалдау, өндiрiлген барлық мұнайды халықаралық стандарт бойынша техникалық сапасына жеткiзу, “сапа банктен” өткiзiп оны магистралды құбырға тапсыру.

Ең күрделi жұмыс – мұнайды өндеуге дайындау. Оған механикалық қоспаларды сүзу, сусыздандыру (деэмульсация), тұзсыздандыру және тұрақтандыру. Мұнайгаз өндiру кәсiп-орын өндiрiлген өнiмнiң (мұнайдың, газдың) санымен қатар сапасына да жауапты. Ұңғы-лардаң жинау қондырғыларына дейiнгi шикi мұнайды жинау және айдау жұмыстарын мұнай мұнай өндiру операторлары жүргiзедi. Одан кейiнгi жұмыстарды (мұнайды айдау, оны өндеуге дайындау, сақтау, есепке алу және тапсыру) мұнайды арнайы дайындау және айдау цехтары (ЦП и ПН) жүргiзедi.

Энергетикалық шаруашылығы

Қосалқы өндiрiсте ең маңызды ролдi энергошаруашылық атқарады. Өнеркәсiптi кәсiпорындар - әртүрлi энергияның (электроэнергия, отың, ыстық бу, газ, қысым ауа т.б.) iрi тұтынушылар болып табылады.

Энергетикалық қызметтiң құрылымы:

  • жылу-күш шаруашылығының котельныйлар (қазандар), ауа қысатың құрылғылар (компрессорлар), сумен қамтамасыз ету және канализация құбырлары, бу және әуе тораптары;

  • газ шаруашылығының газ торабы, мұзқоңдырғылар, өнеркәсiптiк ауа айдаушылар (промвентиляция);

  • электрокүш шаруашылығының подстанциялары, электротораптары, трансформаторлық шаруашылықтары;

  • пеш шаруашылығы – (жылыту, терминдiк);

  • байланыс қызметi – АТС, диспетчерлiк, сотовая, факсимильді, пейджинг, электронды (интернет), радиоторабы және т.б.

Энергошаруашылығының негiзгi функциялары:

  • пайдаланатын энергия түрлерiн сырттан алу (қамтамасыздандыру);

  • энергияның ерекше (бөлек) түрлерiн өндiруiн ұйымдастыру (бу, ыстық су, қысым ауа);

  • энергияны өзгерту (қалпына келтiру) және оны пайдалануға дайындау;

  • энергияны бөлу және оны тұтынушыларға жеткiзу;

  • энергияны тұтынуда ұйымдастыру және энергоқондырғылармен тораптарды байқау жүргiзу.

Энергошаруашылықты бас энергетикбасқарады. Ол бүкiл энергоқұрылымдар мен коммуникацияларды тұтынуда басқарып, энергоқабылдаушылардың жұмысы мен жағдайын бақылайды. Сондай-ақ, энергия шығысының үлесi мөлшерлерiн әзiрлейдi, энергияны тұтыну мен өндiруiн жоспарлайды, цехтардың жұмыс нәтижесiң үздiксiз жоғарлатуын қамтамасыз етедi.

Мұнайгаз табу кәсiпорындарда отын мен энергияны рационалды (тиiмдi) пайдаланудың негiзгi бағыттары:

  • Энергоресурстарды екiншiлей (екiншi рет) немесе қайта кең пайдалану (ыстық ағындар);

  • Энерготасушылардан таңдау мүмкiншiлiгi;

  • Отын мен энергияның жоғалтуларын жою;

  • Технологиялық жабдықтардың жұмыс тәртiбiн жақсарту;

  • Энергосақтау технология мен техниканы таңдау.

Көлiк шаруашылығы – транспорттық қызмет ету

Мұнайгаз табу салада ерекше орын көлiк шаруашылыққа берiлген. Көлiк қызмет жасайтың жүйесi келесi жұмыс түрлерiн атқарады:

  • Бұрғылау және өндiру объекттiлерiне технологиялық қызмет көрсету;

  • Ортақтандырылған жүк тасымалдау;

  • Iшкi жүк тасымалдау;

  • Iрi габариттi көлiк тасымалдау (табымалы);

  • Жүк тиеу-түсiру жұмыстары;

  • Вахта тасымалдау;

  • Инженерлiк қызмет көрсету.

Технологиялық қызмет ету– бұл қызмет мұнай мен табиғи газды өндiру, ұңғыны бұрғылау процестерiнде арнайы құрал-жабдықтарды талап ететiң белгiленген дербес техно-логиялық операцияларды атқаруда қажет. Шынжыр табандағы және дөнгелек жүрiстегi, олардың шағын еңбек өнiмдiлiгi есебiмен, бiрреттiк жұмыстарды атқаруға тағайындалған әртүрлi жылжитын агрегаттар (көлiктiк құралдар).

Ортақтандырылған жүк тасымалдау- әртүрлi базалардаң технологиялық матери-алдарды, құрал-жабдықтарды және құрылыс материалдарың тасымалдау.

Iшкi жүк тасымалдау – бұл ауыспалылық өндiрiс қызмет жасайтын базалардан материал, жабдық және саймандарды объектiлерге және қайта базаға, сондай-ақ өндiрiс объектiлер арасында, жеткiзу мақсатымен жүзеге асырылады.

Iрi габариттi көлiк тасымалдау (табымалы) – үлкен жүктiк автомобиль-тягачпен, трактор және бульдозер немесе әртүрлi жүк көтерiмдiлiгi бар прицеп-трейлерлар мен атқа-рылады.

Жүк тиеу-түсiру жұмыстары – дөнгелек және шынжыр табан жүрiстегi әртүрлi жүк көтерiмдiлiгi бар крандармен өткiзiледi

Вахта тасымалдау – бұл жұмысшыларды жұмыс орнына және қайта үйлерiне дер кезде жеткiзуге арналған қызмет, өйткенi объектiлер (кен орын) тұрған жерлерiнен едәуiр арақашықтықта орналасқан.

Инженерлiк қызмет көрсету - өндiрiс объектiлерiне қызмет көрсетулер (ӨП ұйымдастыру, байқау және бақылау) инженер-техникалық жұмысшылар (ИТЖ), иелегiндегi жеңiл және жүк автомашина көмегiмен, атқарылады.

Көлiк шаруашылығының жұмысың ұйымдастыруда көлiк құралдары мен көлiк жабдықтарың әрбiр дербес учаскiлер үшiн таңдау, олардың жүк көтергiштiгi, шапшандығы, қиымылдылығы, жүргiштiгi және т.б. техникалық сипаттарды ескерудiң маңызы зор. Сонымен қатар жүктолассыздықтың көлемiн бастапқы және соңғы нүктелер аралығының қашықтығы, тасылатың материалдардың сыйпаты-габариттерi, физика-механикалық және басқада қасиеттерi ескерiлуi қажет.

МГ саласындағы кәсiпорындарында жүк тасымалының екi жүйесi қолданылады:

  • Маятниктiк жүйе /екi жақтылық тербеткiш/ – екi пункт арасындағы өзара көлiк байланысы. Бұл жүйе бойынша маршрутқа тұрақты бекiтiлген көлiк құрал-жабдықтардың жүруi;

  • Сақиналық жүйе– бiрнеше цех, қоймалардың немесе басқада пункттердiң көлiк байланысың бiрiнен соң бiрiн қамтиды.

Көлiк құралдарының типi қызмет ететiң өндiрiстiң техникалық, табиғи және ұйымдастық ерекшелiктерiне сәйкес болу керек. Дұрыс жалғаған көлiк техникалар бос тұруларды /простои/ қысқартуына және еңбек өнiмдiлiгiң жоғарлатуына шарттарды жасайды.

Соседние файлы в папке 11-01-2014_16-47-45