Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
104
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
462.85 Кб
Скачать

4 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы

Айналым капиталының мәні. Айналым қаржылары: өндiрiстiк айналым қоры және айналым қорлар

Айналым қорлар - өзiнiң материалдық-натуралды түрiн өзгертедi, тек қана бiр өндiрiс циклына қатысады, өзiнiң құның дайын өнiмге толығымен тұтас бiрден ауыстырады және өзгертiлген нысанында заттай дайын өнiмге кiредi.

Кез келген фирма, кәсiпорын өндiрiстiк әрекетке кiрiспей тұрып өндiрiстiк үрдiсiн ұздiксiз өткiзу мақсатымен негiзгi қорлардан бөлек белгiлi бiр өндiрiстiк қорлар, яғни өндiрiстiк айналым қаржысына ие болу керек. Және де кәсiпорын шаруашылығында ақшалай қаржы /еңбек ақысын төлеу үшiн, жабдықтаушылармен есеп айырысу үшiн, яғни айналым қоры болу керек. Айналым қорларға жататындар:

  • шикiзат;

  • негiзгi және қосалқы материалдар;

  • жартылай шикiзаттар;

  • отын;

  • қосымша кепiл бөлшектер.

Сонымен, айналым қаржы дегенiмiз - бұл тек бiр өндiрiстiк циклда қызмет етiп, оның iшiнде толығымен iске асып және өз құның дайын өнiмге толығымен бiрден аударатың өндiрiс құралдары.

Айналым қаржылар екi үлкен топқа бөлiнедi:

1) өндiрiстiк айналу қоры;

2) айналым коры.

Өндiрiстiк айналу қоры мен айналым қорлар бiр-бiрiне ауысып отырады.

Өндiрiстiк айналу қоры құрылады:

  • өндiрiс қорлары;

  • аяқталмаған өндiрiс;

  • басқа еңбек құралдары және алдағы кезеннiң шығындары.

Айналым қорлар:

  • кәсiпорынның дайын өнiмi;

  • жолдағы түсiрiлген тауар;

  • кәсiпорынның касса немесе банктағы шот есебiнде ақшалай қаржылары.

Шикiзат пен негiзгi материалдар – бұл өндiрiлген өнiмнiң негiзiн құрайтың немесе оның керектi компонентi ретiнде iске асқан материалдардың түрi. Ал қосалқы материалдар өнiмнiң негiзiн құрмайды, бiрақ технологиялық үрдiске қатысып, реакция жылдамдығына әсер етедi.

Өндiрiстiк қорлар айналымы - өндiрiстiк қорлардың ауыспалы айналымы, ол бiр жолғы әрекет ретiнде емес, үздiксiз қай-таланып отыратын процесс ретiнде қаралады. Бұл процестiң нәтижесiнде авансылаңған құн өндiрiлген тауарлар өткiзiлгеннен кейiн капиталдың әрбiр ауыспалы айналымның қорытындысында өндiрушiге ақшалай нысанда толық қайтып оралады.

Айналым қаржылар – бұл тек бiр өндiрiстiк циклда қызмет етiп, оның iшiнде толығымен iске асып және өзiнiң құның дайын өнiмге толығымен бiрден аударатын өндiрiс құралдары.

Айналым құралдар - өндiру мен өткiзудiң үздiксiз процесiн қамтамасыз ететiн өндiрiстiк айналу қорлары мен айналым қорларын құру үшiн кәсiпорындарға, бiрлестiктерге, ұйымдар-ға авансыға берiлген ақшалай қаражат жиынтығы.

Өндiрiстiк айналу қорларына - өндiрiс аймағында кездесетiн еңбек заты болп табылады. Оған өндiрiстiк босалқы қорлар (шикiзат, материалдар және сатып алуға жарамды жартылай фабрикаттар, отын, ыдыс, босалқы бөлшектер, құнсыздау және тозғыш заттар, т.б.), аяқтал-маған өндiрiс, болашақ кезеңдердiң шығын-дары және басқа еңбек заттары жатады.

Айналым қорларының құрамына - дайын өнiм, жөнелтiлген, бiрақ ақысы төленбеген тауарлар, банкiде ашылған шот есептер-дегi, кассалардағы есеп айырысу, жалақы, дебитор-лық қарыз ақшалай қаражат түрiндегi құралдар кiредi.

Айналым құралдар кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, ұйымдардың өндiрiстiк қорлары-ның бiр өндiрiстiк айналымда түгел тұтынылатын және өзiнiң құның дайындалатын өнiмге толық және бiрден көшiретiн бөлiгi. Әдетте, өзiнiң табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейiн ақшалай нысанда қайтарылады.

Өндiрiстiк айналу қоры мен айналым қор бiр-бiрiн қамтып отыратындықтан бiр-бiрiне ауысып отырады:

Ақшалай құралдар → Өндiрiстiк запастары → Аяқталмаған өндiрiс → Дайын өнiм → Тауарлық өнiм → Ақшалай құралдар

Яғни, қысқа сұлбада қарастырсақ:

Ақша → Тауар → Ақша

Айналым қорларының түрлері:

1. Өндiрiстiк запастары (босалқы қорлар) - өндiрiстiк процестiң үздiксiздiгiн қамтамасыз етуге арналған өндiрiс құрал-жабдығының бiр бөлiгi. Материалдық өндiрiс аясы салаларының тұтынушы-кәсiпорындарының қоймаларында сақталады.

Босалқы қорлардың бiрнеше түрлерi болады:

  • ағымдағы босалқы қорлар;

  • сақтандыру босалқы қорлары;

  • дайындалма босалқы қорлар;

  • маусымдық босалқы қорлар.

Өндiрiстiк босалқы қорларына жатады:

  • негiзгi шикiзат;

  • қосалқы материалдар;

  • жартылай шикiзат;

  • отын;

  • ыдыс;

  • босалқы бөлшектер;

  • тез тозғыш саймандар;

  • шаруашылық инвентарь;

  • басқада материал-техникалық ресурстар.

Шикiзат пен негiзгi материалдар – бұл өндiрiлген өнiмнiң негiзiн құрайтың немесе оның керектi компонентi ретiнде iске асқан материалдардың түрi болып табылады.

Қосалқы материалдар - өнiмнiң негiзiн құрмайды, бiрақ технологиялық процеске қатысып, реакция жылдамдығына тiкелей әсер етедi.

2. Аяқталмаған өндiрiс – толық бiтпеген өндiрiстен және жартылай шикiзаттан құрылады:

Бiтпеген өндiрiс – берiлген цехта өндеумен бiтпеген еңбек заттары;

Жартылай шикiзат – осы кәсiпорын масштабында аяғына дейiн өнделудi талап ететiн, бiрақ өндеудiң тек бiр стадиясын өткен еңбек заттары.

Айналым қорларын нормалау

Барлық айналым құралдар жоспарлы реттеу әдiсiне байланысты екi бөлiктен тұрады:

  • нормаланатың айналым құралдар;

  • нормаланбайтың айналым құралдар.

Нормативтер – жұмыс уақыты мен материалдық, ақша, т.б. ресурстар шығындарын есептеу шамасы, ол еңбектi нормалауда, кәсiпорындар мен ұйымдардың өндiрiстiк және шаруашылық қызметiн ұйымдастыруда қолданылады.

Айналым қаражатың нормалау – кәсiпорындарға жоспарланатын жылы өздерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн керектi ақшалай қаражат жөнiндегi ең аз қажетсiнудiң ғылыми тұрғыда негiзделген есеп-қисабы. Айналым қаражатын мақсатты түрде үнемдеп пайдалану үшiн жағдай жасайды, өндiрiс пен айналыста тауар-материалдық құндылықтардың босалқы қорларын қысқартуға, өнiмдi өткiзуге, ақшаның қорлануына, шаруашылық органдарының қаржы жағдайының тұрақтылығына, т.б. септiгiн тигiзедi.

Кәсiпорынның жоспарланатын меншiктi қаражаты, ол тауар-материалдық құндылықтардың ең аз босалқы қорларын жасау және өндiрiстiң толассыз жұмыс iстеуi мен өнiмнiң өткiзiлуiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады. Өндiрiстiк босалқы қорлардан – шикiзат, материалдар мен сатып алынатын дүмбiлдер, отын, ыдыс, құнсыздау және тез тозатын заттар, жөндеу үшiн қажеттi босалқы бөлшектер, сондай-ақ аяқталмаған өндiрiстен (өздерiнде дайындалған дүмбiлдердi қосқанда), болашақ кезеңдердiң шығындарынан және дайын өнiмнен құралады.

Соседние файлы в папке 11-01-2014_16-47-45