Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
104
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
462.85 Кб
Скачать

9 Тақырып. Өндіріс процесі және оны ұйымдастыру

Өндіріс процесінің мәні және маңызы

Әрбiр кәсiпорын жұмысының негiзiн өндiрiс процесi құрайды. Елiмiздiңэкономикасын көтеруде оны интенсификациялау, әрине, маңызды роль ойнайды. Басқа сөзбен айтқанда, өндiрiс тиiмдiлiгiн жоғарлату, оны интенсификациялау арқылы мүмкiндiк бередi, яғни, осы интенсификациялауға не жатады:

  • жұмыс уақытыныңжоғалуыныңқысқарту;

  • жұмыс уақытты тығыз пайдалану;

  • еңбек өнiмдiлiгiн көтеру;

  • жаңа техника мен технология енгiзу;

  • өндiрiс процесiн рационалды ұйымдастыру және т.б.

Мұнайгаз саласында өндiрiс процесiн интенсификациялау факторларына, оны жалпы механизациялау, автоматтандыру, конвеерлi өндiрiс енгiзу жатады.

Өндiрiс процессідегенiмiз – технологиялық, табиғи процестердi және бiр-бiрiмен бай-ланысты еңбек процестерiнiңбiрлiгi. Еңбек процесi дегенiмiз не? Ол еңбектен, еңбек заты-нан /жыныс қабаты/, және еңбек құралынан /эксплуатациялық және баспа (айдау) жабдық-тары/ құралады. Ал, еңбек нәтижесi – мұнай мен газ.

Еңбек процесi дегенiмiз,еңбек затын, оның формасын, көлемiн, физикалық жағдайын, орналасуының, сыртқы түрiн және тағы басқаларды өзгерту.

Ол, әрине, адам еңбегiнiңарқасында немесе адамныңбақылаумен автоматтандырылған өндiрiсте атқарылады.

Еңбек затыныңөзгеруi табиғи процестердiңәсерiмен де өтуi мүмкiн. Бұл табиғи процестерге жатады: жер қабатындағы өзгерiстер, тасымалдауға дайын тұрған мұнай немесе газ көлемiнiңазаюы және т.б.

Өндiрiс процестерi бiрқатар белгiлермен анықталады:

1)өндiрiстегi белгiленген мақсатына байланысты –негiзгi жәнеқосалқы;

МГӨ негiзгi процестер– мұнай мен газды өндiру, құрғату, сепарациялау, алыс жолға дайындау. Сонымен,негiзгi ӨП– кәсiпорынныңмаманданған бағытына байланысты еңбек затын дайын өнiмге айналдыру. Жұмысы негiзгi өндiрiс мұқтаждарын қамтамасыздандыруға бағытталған процестер – көмекші деп аталады. Олар негiзгi процестердiңүздiксiз, дұрыс өтуiн қамтамасыз етедi.

Көмекші процестер- өндiрiс құралдарын сақтау және жөндеу, сумен, энергиямен, материал-техникамен қамтамасыз ету.

2)Жұмысшыныңөндiрiс процесiне қатысу дәрежесiне байланысты:

  • қол еңбегi процесi;

  • машиналы-қолды;

  • машиналық ӨП;

  • автоматтандырылғанӨП;

  • аппараттық ӨП.

3)ӨП мазмұны бойынша:

  • механикалық;

  • физико-химиялық;

Механикалық процестер– бұл механикалық әсерiмен еңбек затыныңформасы, көлемi, физикалық жағдайы, орналасуыныңөзгеруi (шикiзат немесе өнiмдi өндеу және қайта өндеу), еңбек заты әр түрлi құрал жабдықпен массивтен бөлiнiп, одан ары өнделiп, қайта жасалуға, тасымалдауға, сақтауға жiберу процестерi.

Физико-химиялық процестер– бұл материалдардыңфизико-механикалық және механи-калық қасиеттерi және олардыңiшкi құрылымы өзгерiске ұшырайтын процестер (химиялық, жылу, диффузиялық, электрохимиялық және т.б. процестер).

4) Өту жағдайына және ұзақтылығына байланысты ӨП:

  • үздiктi;

  • үздiксiз болады.

Үздiксiз ӨП барысында бiр операция екiншi операциямен тоқтаусыз алмасады.Үздiктi процестеркезеңдiлiкпен және қайталануымен мiнезделедi. Әрбiр өндiрiс процесс еңбек операцияларынан құралған майда алажаулы процестерден тұрады. Мысалы, скважина құры-лысы ӨП келесiдей процестерге бөлiнген: мұнара /вышка/ құрылысы; бұрғылау; сынау. Геологиялық барлау ӨП екi этаптан құралған: iздеу және барлау (олар тағыда алажаулы операцияларға бөлiнедi).

Алажаулы процестердi бiрiктiрудiң үш тәсiлi бар:

  • кезектi;

  • параллельдi;

  • параллельдi – кезектi.

Кезектi бiрiктiрутәсiлiнде әрбiр келесi операция алдыңғы операция аяқталған соңөткiзiледi. Бұл жағдайда өндiрiс мақсатын жету уақыты неғурлым ұзақ болады. Операция-лардың параллельдi бiрiгуi – олардың уақыт бойынша толық бiрiгуiн бiлдiредi. Мұндай бiрiктiру операциялар ұзақтылығы бiрдей болып және әрқайсысы бөлек жұмыс орнында атқарылған жағдайда мүмкiн. Сондықтан, майда процестердi параллелдi бiрiктiру шектелген.

Параллельдi-кезектi тәсiл– операцияларды бiрiктiрудiңмұнайгаз өнеркәсiбiнде неғұрлым кеңiнен тараған тәсiлi. Мұнда операциялардыңжарым-жартысы кезектi, жарым-жартысы параллелдi атқарылады.

Кез-келген өндiрiс процесс оныңорынды, тиiмдi (рационалды)ұйымдастырылуын қажет етедi.Өндiрiс процестердiңұйымдастырудыңнегiзгi принциптерi:

  • үздiксiздiк;

  • ырғақтылық;

  • пропорциялылық.

Үздiксiздiк принципiеңбек затыүздiксiз өнделiп, дайын өнiмүздiксiз өндiрiлуiн бiлдiредi /мұнай, газ, газконденсаты, мұнайөнiмдерi/. Мұнайгаз салада мұнай технологиялық тiзбектiңөндiру, өндеу, тасымалдау кезендерiнде өндiрiс процестерiүздiксiздiк принцип бойынша ұйымдастырылған. Яғни, өндiру процесітоқтаусыз, әрiүзiлiссiз өтедi.ӨПүздiксiздiгi негiзгi қорларды неғұрлым толық пайдалануға және айналым қорыныңайналу жылдамдығын тездетуге мүмкiндiк бередi.

Ырғақтылық принципi кәсiпорынныңберiлген жоспары /графигi/ бойынша бiрқалыпты өнiм шығарып отыруын бiлдiредi.Өндiрiс процестерінiңырғақтылығы кәсiп-орынныңбарлық цехтары мен бөлiмшелерiнде өндiрiстiңбiрқалыпты жүрiп отыруымен қамтамасыз етiледi. Өндiрiс процестердiң пропорциялылығы операциялардың ұзақтығы бойынша теңдiгiн немесе олардың еселiгiн, яғни бiр орындалғанда толығымен, аяғына дейiн атқарылуын бiлдiредi.

Өндірісті ұйымдастыру тәсілдері мен нысандары

Өндiрiстi ұйымдастыру, оны белгiлi бiр әдiстермен, нысандар арқылы жүргiзудi сипаттайды.

Өндiрiстi ұйымдастыруының негiзгi әдiстерiне:

  • жаппай/потокты/;

  • сериялық /группалық/;

  • жеке дара жүргiзу әдiстерi жатады.

Өндiрiстi ұйымдастырудың жаппай әдiсі бiрыңғай, бiркелкi өнiмдi көп көлемде үздiксiз шығарумен мiнезделедi. Өндiрiстi ұйымдастырудың сериялық өндiрiсі өнiмнiң бiр түрiнен екiншi түрiне жеңiл ауысуын қамтамасыз ететiн өнiмдi сериялармен /кiшкене-кiшкене бөлiктермен/ шығарумен мiнезделедi. Жаппай өндіріс әдiсімен ұйымдастырылған кәсiп-орындардың жеке учаскiлерiнде қолдануға болады. Өндiрiстi ұйымдастырудың жеке дара әдiсi өнiмнiң майда сериялармен және бөлек бiрлiктермен /жеке дара жоба бойынша/ шыға-рылуын мiнездейдi. Жеке дара өндiрiс жаңа, неғұрлым жетiлген өнiмдi шығаратын, тәжiрибелi өндiрiспен байланысты.

Өндiрiстi ұйымдастыру әдiстерiмен қатар оның нысандары да болады. Бұл:

  • мамандандыру /специализация/;

  • бiрлестiру /кооперация/;

  • қиыстыру/комбинирлеу/;

  • шоғырландыру /концентрация/.

Соседние файлы в папке 11-01-2014_16-47-45