Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
104
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
462.85 Кб
Скачать

Негiзгi қорлар өндiрiс үрдiсiне қатысуына және оның соңғы нәтижеге байланысты барлық негiзгi қор екi үлкен топқа бөлiнедi:

  • өнеркәсiптiк - өндiрiстiк қор;

  • өндiрiстiк емес /тыс өндiрiстiк/ қор;

Өнеркәсiптiк - өндiрiстiк негiзгi қорлар өндiрiс үрдiсiне тiкелей қатысады немесе оған қызмет етедi, немесе оның бiрқалыпты өтуiн қамтамасыз етедi.

Өндiрiстiк емес НҚ – кәсiпорынның қарауындағы, бiрақ өндiрiс процесiне негiзiнен қатыспайтың НҚ бөлiгi.

Оларға: кәсiпорын балансындағы тұрғын ұй қоры, жатақханалар, асханалар, емхана, балабақшалар, демалыс ұйлер, спорт кешендерi мен стадиондар, яғни, басқа сөзбен айтқанда, кәсiпорын жұмыскерлерiне мәдени және әлеуметтiк қызмет етумен байланысты объектiлер немесе қызметтер. Өндiрiстiк емес қор өндiрiстiк процес барысына тек қана қосалқы әсерiн тигiзедi – мәдени-тұрғын жағдайы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жұмысшылардың еңбек өнiмдiлiгi де жоғары болады.

Өнеркәсiптiк-өндiрiстiк негiзгi қорлар - өндiрiс процесiне тiкелей қатысады және оған қызмет көрсетедi /қосалқы өндiрiс/, немесе оның бiрқалыпты өтуiн қамтамасыз етедi.

Өндiрiс процесiне қатысу дәрежесiнде өнеркәсiптiк-өндiрiстiк негiзгi қорлар активтiк және пассивтiк болып бөлiнедi. Актив бөлiгiне – мұнай және газ ұңғылар, жабдықтар, сораптар, құбыр-өткiзгiштер, бұрғылау қондырғылар және т.б. – олар соңғы өнiмдi шығару-мен тiкелей айналысады, және өндiрiсте өнiмнiң мөлшерi мен сапасына /қызмет/ ықпал етедi. Пассивтiк элементтер – ғимараттар, құрылыстар, көлiк құралдар - өндiрiстiк процестер үшiн қажеттi жағдай жасайды.

Негізгі өндірістік қорлар классиификациясы және құрылымы.

  • өндiрiстiк ғимараттар, ұйлер, сорапты және компрессорлы станциялар, гараждар және басқа да құрылыстар;

  • құрылымдар – көпiрлер, эстакадалар, ұңғылар, авто және темiр жолдар, резервуарлар және тағы басқалар;

  • өткiзгiш конструкциялар;

  • көлiк құралдар мен құрал жабдықтар;

  • көлiк-қатынас құралдары – магистралды мұнай және газ құбырлары;

  • құрал саймандар мен өндiрiстiк инвентарь;

  • шаруашылық инвентарь.

  1. Ғимараттар – осы топқа негiзгi және қосалқы процестер жүргiзiлетiн шаруашылық құрылыстар мен өндiрiстiк және әкiмшiлiк ғимараттар кiредi:

  • әкiмшiлiк-өндiрiстiк ғимараты /офис, контора/;

  • сорапты және компрессорлы станциялар;

  • механикалық шеберханалар;

  • құбыр базалары;

  • транформаторлық подстанциясы;

  • котельныйлар;

  • лабораториялар; складтар; гараждар; пожарные депо.

  1. Құрылымдар - инженер-құрылыстық объектiлер, олар өндiрiс проце-сiн iске асыру үшiн белгiленген техникалық iс-әрекеттерiң орындауға тағайындалған:

  • бақылау, айдау, тұтыну және бұрғылау мұнайгаз ұңғылар;

  • мұнай базадағы эстакадалар мен қоймалар /резервуарлар/;

  • терминал мен кеме тұратын пирстар;

  • телебашня мен көпiрлер;

  • мұнайұстатқыштар мен коллекторлар;

  • бұрғылау және стационарды платформалар;

  • магистралды авто/шоссе/ және темiр жолдар т.б.

3. Өткiзгiш конструкциялар - белгiлi бiр қашықтыққа әртүрлi энергияларды /электр, жылу, механикалық/ жiберуге /жеткiзуге/, және су немесе газ түрiндегi заттарды тасымалдауға арналған еңбек құралдары:

  • мұнай және мұнайөнiмдері, газ және конденсат құбырөткiзгiштер;

  • жербетiндегi және жерастындағы коммуникациялар;

  • телефон және телеграф жүйелері;

  • жылужүйесі;

  • сумен қамту және канализация құбырлары;

  • кабельдiк желiлер.

  1. Машиналар мен жабдықтар:

А/ Күш машиналар мен жабдықтар:

  • электр және жылу энергия өндiретiн генераторлар;

  • қозғалыс энергияға әртүрлi энергияны аударатын машина-двигательдер;

  • электр жылжытулар, iштен жану двигательдер;

  • дизельдер, бу машиналар, гидротурбиналар және т.б.

В/ Жұмысшы машиналар мен жабдықтарбұл технологиялық процесiне тiкелей қатысатын және еңбек затына әсер ететiң еңбек құралдары:

  • бұрғылау қондырғылар;

  • сорапты жабдықтар /станок-качалка/;

  • цементтейтiн агрегаттар;

  • фонтанды арматура;

  • парафин айыратын қондырғылар;

  • жоғары монтаждық құрал жабдықтар және т.б.

С/ Зерттеулер мен өлшемдердi, технологиялық процес жолдарың және техникалық көрсеткiштерiң /параметрлерiң/ реттеу үшiн, дистанционды /алыстан/ бақылау жүргiзу үшiн тағайындалған өлшегiштер мен реттеу аспаптар, зертханалық жабдықтар мен қондырғылар:

  • ортатәулiктік дебит өлшегiштер;

  • тереңдiк монометрлер;

  • дозаторлар;

  • автоматтандыру және телемеханикаландыру құралдар;

  • бақылау-өлшегiш аспаптар және автоматика /КИПиА/.

Д/ Есеп техникасы – ЭВМ, компьютерлер, оргтехника, көшірме ксерокстар, принтерлер, факстар, калькуляторлар және т.б.

  1. Iшкiцехтiк және зауытаралық көлiктік тасымалдау құралдары:

  • вагондар мен вагонеткалар;

  • электрокары;

  • көпiрлiк және башендiк крандар;

  • локомотивтер;

  • авто, әуе, темiр және су жолдарымен жүретiн арнайы көлiктер;

  • автотүсiру-көтеру құралдар және т.б.

  1. Өндiрiстiк - шаруашылық құрал-саймандар мен инструменттер:

  • электродрельдер, перфораторлар;

  • құбырлық және штангалық элеваторлар;

  • құбыркескiштер;

  • бұрғылау қашаулар және т.б.

  1. Цехтiк немесе ғылыми-зерттеу бөлiмiнiң құрал-саймандары – бұл қосалқы материалдар мен саймандарды сақтауға, өндiрiстiк операцияларды жеңiлдетуге және жалпы еңбек қорғауына жағдай жасауға арналған еңбек заттары:

  • кульмандар мен верстактар;

  • арнайы жұмыс столдар;

  • контейнерлер;

  • әртүрлi мұнайөнiм сақтауға арналған бактар;

  • қорғау қоршаулар және т.б.

  1. Әкiмшiлiк конторадағы /офистердегi/ шаруашылық инвентарь:

  • сейфтер;

  • iлгiштер;

  • басу машинкалар;

  • жылдыру және жандыру аспаптары және т.б.

  1. Жұмыс және өнiмдi мал;

  2. Көпжылдық егiстер;

  3. Кәсiпорындардың, мекемелердiң меншiгiндегi жер төлiмдерi;

12. Басқада негiзгi қорлар.

Негізгі өндірістік қорларды есепке алу және бағалау, құндық бағалау түрлері.

Қазiргi нарық жағдайында барлық негiзгi капитал нарық құн бойынша үш түрлi әдiспен бағаланады:

  • алғашқы құны;

  • қалдық құны;

  • қайта құру құны;

  • жою құны;

  • орта жылдық құны.

Алғашқы құн – негiзгi қорды пайдалануға берiлгендегi және оны тұтынуға тапсыру сәтiндегi құны;

Қалдық құн – алғашқы құны мен амортизациялық төлемдер арасындағы айырма;

Қайта құру құны – негiзгi қорды бағалау сәтiндегi өзгерген жағдайларды ескергендегi құн;

Жою құны – жабдықты ломға тапсырған сәттегi жасалған материалының құны мен оны жоюға жұмсалған шығындардың айырмасы;

Ортажылдық құнжылдың iшiнде негiзгi қорлардың қозғалысын ескерiп және олардың баланстық құнын көрсетiп отыратын құн.

Негiзгi қорлардың пайдалану көрсеткiштерi кәсiпорынның экономикалақ нәтижесiн анықтағанда қарастырылады.

Табиғат пен уақыттың әсерiнен негiзгi қорлар бiрте-бiрте қирай бастайды, әсiресе негiзгi қорларды өндiрiстiк эксплуатациялау үрдiсiнде интенсивтi түрде тоза бастайды. Тозудың екi түрi бар:

  • физикалық тозу;

  • моральдық тозу.

Негізгі қорлардың физикалық және моральды тозуы. Амортизация.

Негiзгi қорлардың физикалық тозуы (iс-жүзiндегi тозу) – негiзгi қорлардың өндiрiс үрдiсiнде бiрте-бiрте өзiнiң сапасымен және алғашқы құнын жоғалту, яғни жарамсыздыққа келiп, жаңа еңбек құралдарын ауыстыруды талап ету жағдайы.

Физикалық тозу нәтижесiнде негiзгi қорлардың тозу жылдамдығы, негiзгi қорлар жасалған материалдың сапасына, олардың жүктемелiк дәрежесiне, машиналарды уақытылы және сапалы күтуге, жұмысшылардың бiлiктiлiгiне байланысты болады.

Моральдық тозу – бұл тозу ғылыми-техникалық прогреске, өндiрiс әдiстерiнiң жетiлуi мен жаңаруына байланысты орын алады. Яғни, жаңарақ, өнiмдiлiгi жоғарырақ еңбек құралдарының жарыққа шығуының салдары.

Амортизация - өтеу деген мағынаны бiлдiредi. Ескiрген машиналар мен құрал – жабдықтарды жаңартуға немесе қалпына келтiруге көмектеседi. Амортизацияның мемлекетке пайдасы өте зор, егер де оны дұрыс пайдаланып, дұрыс саясат жүргiзсе. Амортизацияны есептеуде бiздiң республикада көптеген әдiстер қолданады.

Қазақстан республикасында салық кодексi қабылданған, сол кодекстiң iшiнде амортизацияның шектi нормасы көрсетiлген. Кез-келген коммерциялық кәсiпорындар өз қызметтерiн белгiлi бiр қорларды пайдалана отырып жүзеге асырады.

Негізгі құралдың (ғимараттың, құрлымдардың, жабдықтың) тозуы себепті оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі сондай ақ, негізгі қорды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнының өндірілетін өнімге бірте көшуі.

Амортизациялық төлем (өтелім жарнасы) негізгі қордың тозығын толтыру үшін, яғни оны ұдайы өндіру үшін осы қорлар құнының бір бөлігін аударып отыру. Өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарының элементтерін құрайды.

Амортизация бiрқалыпты өткiзiледi, соңдықтан жыл сайын төленетiн амортизациялық төлемдер мөлшерi негiзгi қорлардың құнына және қызмет ету мерзiмiне байланысты болады. Амортизациялық мөлшерi бiр типты жабдықтар тобы бойынша қабылданады. Олар негiзгi қорлардың алғашқы құнын өтеуге бағытталған жыл сайын төленетiн амортизациялық төлемдер мөлшерiнiң пайыздық көрiнiсi болып табылады. Ақша қаражатты мақсатты түрде жинақтау және оны тозған негiзгi қорлардың орнын толтыру үшiн пайдалану. Пайдалану барысында негiзгi қорлар тозады, тұтыну құнын жоғалтады. Өндiрiлген өнiм өткiзiлгеннен кейiн алыңған кiрiстiң бiр бөлiгi негiзгi қорларды қалпына келтiруге /реновацияға/ арналған арнаулы амортизациялық қорға қосылады.

Аударылған құнның мөлшері амортизациялық төлемдер сомасымен анықталады. Жабдықтың бүкіл қызмет ету мерзіміндегі амортизациялық төлемдер амортизациялық қорды құрайды.

Амортизациялық аударым, өтелiм жарнасы – негiзгi қорлардың тозығын толтыру үшiн, яғни оны ұдайы өндiру үшiн осы қорлар құнының бiр бөлiгiн аударып отыру.

Қазiргi кезеңде барлық негiзгi капитал нарықты құн бойынша бағаланады. Құндардың негiзгi бес түрi бар:

1. Бастапқы (алғашқы) құн (БҚ ) – негiзгi қорларды пайдалануға берiлгендегi және оны тұтынуға тапсыру сәтiндегi құны (сатып алуға, тасымалдауға, орнатуға кеткен жалпы құндары):

БҚ = Б КӨТ + Ш ТАС + Қ ҚМЖ (1)

Мүнда: Б КӨТ - жабдықтың немесе құрылыстың сатып алың-ған көтерме сауда бағасы, тенге;

Ш ТАС - тасымалдауға кеткен шығындар, яғни жабдықты өндiрушiден тұтынушыға дейiн көлiк шығындары, тенге;

Қ ҚМЖ - тұтынушы жерiндегi құрылыс-монтаждық жұмыстарының құны, тенге.

2. Қалдық құны ҚАЛ) – алғашқы құны мен амортизациялық төлемдер арасындағы (тозу құнының) арасындағы айырмасы.

БҚ *NA * ЖМ

ҚҚАЛ = Б Қ + Ш Ж – --------------------- (2)

100

Мұнда, Ш Ж - негiзгi қорлардың бүкiл қызмет ету мезгiлiндегi күрделi жөндеу және оны жетiлдiруге кеткен шығындар, тенге;

NA – амортизацияның мөлшерi, %;

ЖМ - негiзгi қорды пайдалану мерзiмi, жыл.

3. Қайта құру (қалыптасқан) құныҚК)негiзгi қор-ларды бағалау сәтiндегi өзгерген жағдайларды ескергендегi құны. Қайта құру құнына әсер ететiн басты факторы – негiзгi қорлардың моральдық тозуы.

4. Жою құны Қ) – жабдықты ломға тапсырған сәттегi жасалған материалының құны мен оны жоюға жұмсалған шығын-дардың айырмасы. Егер жоюға бағытталған шығындар материал құнынан асып түссе, олар есепке алынбайды.

Мұнайгаз өнеркәсiбiнде тозу процесi өте тез өтедi, себебi мұнай технологиялық тiзбегiндегi әрбiр кезеннiң кәсiпорындарында негiзгi қорларды пайдалану тәртiбi үздiксiз өтедi. Сондықтан, мұнайгаз саладағы негiзгi қорлардың – арнайы құрылымдардың, құрал-жабдықтардың тұтыну уақыт мерзiмi әр түрлi болады. Оған сәйкес амортизациялық мөлшерi есептеледi.

  • мұнай ұңғылар үшiн – 6,7%, яғни 15 жыл;

  • газ ұңғылар үшiн – 8,3%, яғни 12 жыл;

  • сораптар үшiн – 13%, яғни 8 жыл.

Бұл көрсеткiштер негiзгi қорларды пайдалану жұмыс уақыт мерзiмiне керiсiнше болып, төмен көрсетiлген пропорциядан табылады, яғни:

Т Ж - 100% ,

1 ж - NА , мұнда NA = 100 /Т Ж (3)

Егер, амортизациялық мөлшерiн бiлiп, негiзгi қорлардың жұмыс уақытын анықтау қажет болса, онда:

Т Ж = 100/ NA (4)

Кез келген негiзгi қорлардың түрлерiне жалпы амортизациялық мөлшерiнiң жоғарғы деңгейi, салық кодексiнiң ерекше кестеде көрсетiлген. Кәсiпорындарда негiзгi қорларды бағалауда өте мұқият назар аударуға қажет, яғни шектеулi мөлшерден асып түсуге болмайды, себебi өнiмнiң өзiндiк құнының өсуi пайда болады.

Тозу – физикалық мөлшер, негiзгi қорлардың сапалық сипаттамасының төмендегенiң бiлдiредi. Тозу пайыз түрде өлшенедi.

Амортизация – экономикалық мөлшер, тозудың ақшалай көрiнiсi болып табылады. Өлшем бiрлiгi – тенге.

Б Қ - 100%, А Ж = Б Қ * NA / 100% (5)

А Ж - NA

Б Қ = А Ж * 100% / NA (6)

Жылдық амортизациялық төлемдер кәсiпорынның есеп шотында жиналып, амортизаци-ялық қорды қалыптастырады. Қордың қаражаттарың тек қана тiкелей мақсатымен пайдала-нуға болады, яғни негiзгi қорларды қайта құруына (реновация) немесе жаңадаң негiзгi активтерiн сатып алуына.

АЖАЛ = АЖ * ТЖ (7)

Физикалық тозу мына формула арқылы есептеледi:

ТФ / ТН ) * 100 % (8)

Мұндағы: ТФ – негiзгi қор объектiнiң нақты (iс-жүзiнде) қызмет iстеген мерзiмi, жыл;

ТН – негiзгi қор объектiнiң нормативтi қызмет ету мерзiмi, жыл.

5. Орта жылдық құныОЖ ) - негiзгi қорлар (НҚ) жылдың iшiнде “жылжып” (яғни, кейбiр қорлар iстен шығып, басқалары, керiсiнше, iске кiредi) тұрған соң, олардың баланстық құндары да өзгерiп тұрады. Сондықтан, орта жылдық құн келесi формуламен анықталады:

Қ * t Қ * (12 - t)

Қ ОЖ = Қ ЖБ + ------------ + --------------------- (9)

12 12

Мұнда, Қ ЖБ - жылдың басындағы НҚ құны, тенге;

Қ - iске кiрген НҚ құны, тенге;

Қ I Ш - iстен шыққан НҚ құны, тенге;

t - НҚ-дың тұтынуға кiрген немесе тұтынудан шыққан сәттен бiр жылдың iшiнде қызмет еткен айлар саны, ай.

Негiзгi қорлардың пайдалану көрсеткiштерi

Әрбiр кәсiпорында негiзгi қорларды пайдаланудың бiрнеше негiзгi көрсеткiштерi бар.

1. Қор қайтарымы (қор бергiштiгi)Б) – негiзгi қорлардың бiр-бiрлiгiне келетiн өнiм мөлшерiн немесе саның көрсетедi, яғни өнiм өндiру үшiн пайдаланылған негiзгi өндiрiстiк қорлардың тенгеге шағып есептегендегi өндiрiлген өнiм көлемiн сипаттайтын экономикалық көрсеткiш; өндiрiс тиiмдiлiгiнiң аса маңызды көрсеткiшi.

ҚБ = Q / ҚНҚ (10)

Мұнда: Q – жалпы өнiм көлемi, тонн/жыл;

ҚНҚ - негiзгi қорлардың ортажылдық құны, тенге.

2. Қор сыйымдылығы С) – негiзгi өндiрiстiк қорлар құнының өндiрiлген және сатылған өнiм құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткiш, яғни қор бергiштiгiне керi көрсеткiшi болып табылады.

Қ С = ҚНҚ / Q (11)

3. Қор қарулануыҚ) – еңбектiң техникалық қамтамасыз етiлу дәрежесiн көрсететiн экономикалық көрсеткiш.

Қ Қ = ҚНҚ / Ч (12)

Мұнда: Ч – жұмысшылардың орта тiзiмдiк саны, адам.

Негiзгi қорды тиiмдi пайдалану үшiн кәсiпорынның өндiрiстiк iс-әрекетi процестерiнiң мiндеттерi мен талдамдарын тұрақты түрде жоғарлату керек. Негiзгi қорды қолданудағы оның құрамы, қозғалысы, құрылымы қарастырылады, яғни жалпылама сипатындағы жаңару және шығу коэффициенттерiн есептейдi:

4. Жаңару коэффициентi Ж) - өндiрiстiк ортадағы негiзгi қордың iске кiру қарқын-дылығымен сипатталады. Ол талдам жасау мерзiмiнде негiзгi қор құнының iске кiрiумен жыл соңындағы негiзгi қор құнының қатынасы арқылы есептеледi:

К Ж = Қ * 100% / Қ ЖС (13)

Мұнда:

Қ – талданып отырған мезгiл iшiнде iске қосылған негiзгi қорлардың құны, тенге;

Қ ЖА - негiзгi қорлардың жыл соңындағы жалпы құны, тенге;

5. Шығу коэффициентi (КШ) - өндiрiстiк ортадағы негiзгi қордың шығу қарқындылығымен сипатталады. Ол талдам жасау мерзiмiнде негiзгi қор құнының шығуы мен жыл басындағы негiзгi қор құнының қатынасы арқылы есептеледi:

К Ш = Қ * 100% / Қ ЖБ (14)

Мұндағы:

Қ - талданып отырған мезгiл iшiнде iстен шыққан негiзгi қорлардың құны, тенге;

Қ ЖБ – жыл басындағы негiзгi қорлардың құны, тенге.

6. Тозу коэффициентi Т) - негiзгi өндiрiстiк қордың жалпылама техникалық көрсет-кiштерiнiң бiрi болып есептеледi:

К Т = ΣТМ * 100% / Б Қ (15)

Мұнда ΣТМ – жалпы тозу мөлшерi, тенге;

Б Қ – негiзгi қордың баланстық құны, тенге.

7. Жарамдылық коэффициентiЖАР) – негiзгi қордың жарамдылық коэффициентi, оның қалдық құнының бастапқы құ-нына қатынасын көрсетедi.

Негiзгi қордың қалдық құны - бұл жалпы тозу мөлшерiн бастапқы құнынан шегерiп тастағаннан кейiн қалған мөлшерi.

К ЖАР =Қ - ΣТМ ]* 100% / Б Қ (16)

Немесе:

К ЖАР = Қ ҚАЛ * 100% / Б Қ (17)

8. Мұнайгаз өнеркәсiбiнде негiзгi қорлардың ең маңызды бөлiгi - құрал-жабдықтар мен құрылымдар. Үлгi классиффикацияда жабдықтар бiрнеше түрлерiне бөлiнедi, соңдықтан олардың пайдалануын бағалау үшiн бiрнеше техника-экономикалық көрсеткiштер есептеледi:

  • Экстенсивтi пайдалану коэфффициентiЭ) – жабдықты белгiлi уақыт iшiнде нәтижелi пайдалануын сипаттайды:

К Э = ТЖ / ТК (18)

Мұнда: ТЖ – жабдықтың iс-жүзiнде жұмыс iстеу уақыты, сағат;

ТКкүнтiзбелiк жұмыс уақыт қоры, сағат.

Интенсивтi пайдалану коэффициентiИ) – жабдықтың өндiрiстiк қуатың сипаттайтың көрсеткiш:

К И = Q / Q Н (19)

Мұнда: Q – жабдықтың уақыт бiрлiгiнде iс-жүзiндегi еңбек өнiмдiлiгi (қуаты);

Q Н - нормативтi (жобалық немесе жоспарлық) өндi-рiстiк қуаты.

Соседние файлы в папке 11-01-2014_16-47-45