Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
104
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
462.85 Кб
Скачать

14 Тақырып. Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру

Жалақы мәні және оның түрлері

Жұмыс ақысы– ұлттық табыстың ақшалай бөлiгi, яғни уақыт өлшемiне (сағат, күн, ай) шаққандағы еңбек бағасы. Ол жұмыскерлерге жұмсалған еңбек шығындарының саны мен сапасына сәйкес бөлiнедi.

Номиналды (көрсетулi) жалақы- қызметкер белгiлi бiр жұмыс уақыты кезенiңде жұмсаған еңбегiнiң мөлшерi мен сапасына сәйкес алатын ақша сомасы.

Нақты жалақы– қызметтер жалақысының сатып алушылық қабiлетiн, оның тұты-нушылық мәнiң көрсететiн көрсеткiш. Нақты жалақы жалақының белгiленген ақшалай мөлшерiне, тұтыну заттары мен қызметтер бағасының деңгейiне, алынатын салықтардың мөлшерiне байланысты.

Еңбек ақыны ұйымдастырудың негiзгi мiндеттерi:

  • еңбек өлшемiмен тұтыну өлшемi арасындағы сәйкестiктi қатал қамта-масыз ету;

  • еңбек өнiмдiлiгiн арттыруды ынталандыру;

  • мамандықты өсiру және өндiрiстi ұйымдастыруды жақсарту;

Еңбек ақыны ұйымдастырудың принциптерi:

  • әрбiр жұмыскердiң еңбек шығының мөлшерiн дәл есептеуiн қамта-масыз ету;

  • өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру;

  • еңбек өнiмдiлiгiнiң еңбек ақысымен салыстырғанда озық өсуiн қамтамасыз ету;

  • жоғарғы мамандықтың, күрделi еңбектiң өтеуi, жәй, шала маманданған еңбекке қарағанда, жоғары болуы қажет;

  • жұмыскерлердiң түрлi топтағы және категориялардағы жұмыс ақысының деңгейiн бөлудi және реттеудi мемлекет жүргiзедi.

Инженер-техникалық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу

Бұл қызметкерлердің еңбегі мерзімдік түр бойынша лауазымдық айлық негізінде төленеді. Лауазымдық айлықтың мөлшері жұмыстың күрделігін және көлемін ескере оты-рып, тағайындалады, олар өз кезегімен кәсіпорындарының топтарына бөлінеді.

Мұнайгаз өндіру басқармалары (МГӨБ) мұнайгаз өндіру жоспарының деңгейіне байланысты 4 топқа бөлінеді.

1 топ – жылдық мұнайгаз өндіру 15 млн.т-дан артық немесе скважина саны 4000-нан астам;

2 топ – 10-нан 15 млн тоннаға дейін немесе жұмыс істейтін скважиналар саны 3000-нан 4000-ға дейін;

3 топ – жылдық мұнайгаз өндіру 6 млн-нан артық немесе жұмыс істейтін скважиналардың саны 1400-ден астам;

4 топ - өндіру 2 млн-нан 6 млн-ға дейін немесе 800-ден 1400 скважинаға дейін және т.б.

Теңіздегі мұнайгаз өндіру бұрғылау процесінде істейтін қызметкерлердің лауазым алығы 20 % жоғары, ал автономдық теңіз табандарында, эстакадаларында жүзу құралдарында, кемелерінде жұмыс ақысы 45 %-ға өседі. Дауазым айлықтары төменгі және жоғарғы мөлшерде тағайындалады. Айырмашылық мөлшері 17 – 20 % болады. Кәсіпорын бастығы мастерлердің, ИТҚ және қызметкерлердің жұмыс ақысына 50 %-ке дейін қосуына құқығы бар.

Мұнайгаз кәсіпорындарының қызметкерлеріне сыйлық беру

Жұмысшыларға жұмысақы қорынан және материалдық көтермелеу қорынан сыйлық беріледі. Кәсіпорындарына материалдық көтермелеудің бірыңғай қорын құруға құқық берілген. Мұнайгаз өнеркәсібінде бұрғылауда сыйақының мөлшерін анықтау үшін жекелік, ұжымдық еңбектің жиынтық көрсеткіштері қолданылады. Сыйақының мөлшері шаруашы-лықтың іс-қимылдарыныңы негізгі нәтижелері бойынша кәсіиорынның бөлімшелеріне жіберіліп, мұнда жоспарлы тапсырмалардың қауырттылығы, күрделілігі және орындайтын жұмыстың маңыздылығы есепке алынады.

Ең алдымен бригадалар ұжымының әрбәр жұмысшысы өндірістік тапсырмаларды (нормаланған) орындағаны үшін сыйлық алады. Бұл сыйлық берудің негізгі көрсеткіші. Жұмыс ақысының қорынан бригадаларға және жеке жұмысшыларға бұл көрсеткішке байланысты берілетін сыйлық айлық кесімдік жұмысақысының 40 % аспауы керек.

Бұдан басқа негізгі өндірістің жұмысшыларына мына көрсеткіштері үшін сыйақы беріледі:

  1. еңбек өнімділігін ынталандыруда еңбекауыртпалығын кеміту, берілген жұмыс көлемін аз кісімен орындау;

  2. жұмыстың өнімнің сапасын арттыру;

  3. жабдықтардың жүктеу коэффициентін, жаңа машиналардың жұмыс ауысымының коэффициентін көбейту;

  4. материалдарды, отынды немдеу, шығындарды, қалдықтарды азайту.

Материалдық көтермелеудің бірыңғай қорынан жұмысшыларға, бригадалар ұжымына берілетін сыйақылардың жоғарғы мөлшері шектелмейді. Басшы қызметкерлер жоспарды орындағаны және асыра орындағаны үшін мына көрсеткіштер бойынша сыйақы беріледі:

  1. Жасалған шарттарға сәйкес жеткізу міндеттерін есептеп өнімді өткізу; өндіріс көлемі (мұнайгаз өндіру); тұрғызылған және тапсырылған скважиналардың саны бойынша;

  2. Еңбекөнімділігінің өсуі, еңбекауырлығын, сыбағалы еңбек шығындарын азайту;

  3. Қоғамдық еңбектің шығындарының азайғанын дәлелдейтін тауар өнім шығындарының шекті деңгейі, пайда, өзіндік құн және басқа көрсеткіштері.

Негізгі көрсеткіштерді орындаған үшін сыйақының жоғарғы мөлшері лауазымды айлықтың 75 %-нан аспауы қажет. Кәсіпорын мамандары және қызметшілері көрсеткіш-тердің 3 тобы бойынша сыйлықақы алады:

  • өндіріс көлемін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер;

  • қызметтердің нәтижелеріне байланысты цехтің, бөлімнің жұмыстарын баяндайтын қосымша көрсеткіштер;

  • мамандарды, қызметшілердің жұмыс сапасын, еңбек тәртібін, олардың жалпы жұмыс қорытындысындағы үлесін сипаттайтын көрсеткіштер.

Мұнайгаз өнеркәсібінде қызметкерлердің материалдық ынталылығын арттыру мақса-тында жоспарлы-бағалау көрсеткіштерінің жүйесі енгізілген, онда әрбір құрылым бөлімше-лері үшін негізгі және қосымша сыйақы төлеу құжаттары көрсетілген

Соседние файлы в папке 11-01-2014_16-47-45