Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
104
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
462.85 Кб
Скачать

8 Тақырып. Кәсіпорындардың қаржы ресурстары

Қаржы саясаты жіне атқаратын қызметтері

Қаржы – бұл қоғамда қалыптасқан экономикалық қатынастар жүйесіндегі ақша құры-лыс қорының қалыптасуы, бөлінуі және қолдануы. Ақша құралдарын сәйкес мекемелер арқылы пайдалануға байланыста қатынастар жиынтығы қаржының жүйені құрайды. Қаржылық жүйені жүргізетін саясат - қаржылық саясат деп аталады.

Қаржы бірнеше қызмет атқарады:

  1. Топтастыру – құралдарды үйлестіру және материалдық негіз құру.

  2. Ретеуші –шаруашылық субъекті ынталандыру.

Кредит – (несие қарыз) кең мағынада бұл экономикалық серіктестіктер арасындағы келісім шарт, ссуда нысанындағы яғни, мүлікті не ақшаны басқа тұлғаға (жеке немесе заңды тұлға) % төлеу және қайтарылуының мерзімін ұзарту шартында беру.

Несиені кең мағынада түсіну тек ақшалай ғана емес, сонымен қатар мүліктік несиені де қалай ұғындыратынына дейін қою керек. Несие тар мағынада ссудалық капиталдың қозға-лысы, бұл қозғалыс жеделдіктің қайтарымдылықтың және төлемдерінің бастауында жүзеге асады. Несиенің тар мағынасы тек ақша қарызын ұйғарады. Несие үшін төлем оның бағасы болып табылады және өсім % түрінде болады.

Несие беру тәсілі бойынша несие

натуралды

- ақшалай несие деп ажыратылады.

Натуралды несие беру – несие нысандары болып инвестициялық тауарлар, тұтыну тауарлары, шикізат, ресурстар, өндірістік тұтыну заттары табылады.

Ақшалай несиенің нысандары – ақшалай сатып алу құралдары, ақша капиталы, акция-лар, вексельдар, облигациялар және басқа да міндеттті қағаздар.

Несие берру мерзіміне байланысты:

  1. қысқа мерз.несие – 1жылға дейін беріледі.

  2. орта мерз. несие - 2-5 жылға беіледі.

  3. ұзақ мерз. несие – 6-10 жылға беріледі.

  4. арнайы ұзақ мерз. несие – 20-40 жылға беріледі.

Несие түрлері

Несиелік кеңістіктің сипаты бойынша несие

  • халықаралық,

  • мемлекеттік,банктік,

  • коммерциялық,

  • тұтынушылық

  • және кепілдік болды.

Халықаралық несие - бұл ссудалық капиталдың халықаралық экономикалық қатынас-тың аумағындағы қозғалысы оның тауарлы не ақшалай валюталы нысаны болады. Үкімет, банктер, фирмалар несие беруші де, несие алушы да бола алады.

Бөлу - ақша құрамының қалыптасуы,оларды бюджет, әлеуметтік сақтандыру арқылы пайдалану. Бақылау – салық жинаудың дұрыстығын және оларды дұрыс пайдалануды қамта-масыз ету. Қаржы қатынастарының тұлғалары: мемлекет фирма, бірлестіктер, ұйымдар және жеке азаматтар.

Қаржы халық табысы бөлімінен, жанұяларының алғашқы табыстарынан, шығыс бөлімі-нен, халықаралық қор жинауынан тұрады. Орталықтанбаған (мемлекеттік емес) қаржы – фирма бірлестік және ұйымдар иелігіндегі қаржылар. (шаруашылық тұлғаның қаржысы). Орталықтанған (мемлекеттік) қаржы – қаржы жүйесінің басты бөлігі, мұнда мемлекеттік, әлеуметтік сақтандыру, мемлекеттік және жеке мүліктік сақтандыру, мемлекеттік бюджет кіреді. Бюджет – табыс пен шығыстың тепе теңдігі.

Бюджеттік табысы – кәсіпорын табысына салық сатудан түскен табысқа салық жергілікті салық, сыртқы экономиканың қызметтен табыс, ректа төлемдері, ссуда қорының құралы және т.б. Бюджеттің шығысы – экономиканы қоғамдық мәдени бағдарламаны, FT- бағдарламасын, қорғанысты, басқаруды мақсатты бағдарламаны қаржыландыру және несие және басқа мемлекеттерге көмек.

Қаржы жүйесін ұйымдастыруда 2 принцип бар:

1 Демократиялық тандыру әкімшілік - әміршілдік жүйеге тән. Ол төменгі сатыдағы қаржылық мекемелерге қаржы орган –ның деректері нұсқауларын орындауға міндеттеген.

2 Фискальдық саясат – бұл рыноктық экономикасы дамыған елдерде бекітілген. Осы принцип мәні жергілікті бюджет өзінің табысы мен шығысынан мемлекет бюджетке кірмейді. Жергілікті орган өзінің бюджетінен қоғам тәртібін сақтауды мектептерді емханаларды т.б. қаржыландыруы керек.

Мемлекеттік қарыз – белгілі бір уақытта жиналған бюджеттік тапшылықтың санасы бұл санада осы уақыттағы бюджеттің оң сольдосы шегеріледі.

Сыртқы мемлекеттік қарыз – шетел мемлекеттіне ұйымдарына жеке тұлғаларына қарыз. Оның мәні теріс себебі мемлекет шетелге өзінің бағалы қағаздарын береді және қарыз жүгін келесі ұрпаққа қалдыра береді.

Ішкі мемлекеттік қарыз – үкіметтің ел азаматтарына қарызы. Мемлекеттік қарыздың болуы шынайы теріс салдарға әкеліп соқтырады:

1 Ішкі қарызды халыққа % төлеу арқылы өтеу әр түрлі әлеуметтік толық табысының сәйкессіздігін өсіреді, себебі мемлекет міндеттерінің көп бөлігі халықтың жағдайы жақсы бөлігіне үйлестірілген.

2 Мемлекет қарызы бойынша % төлеу мақсатымен салықты көтеру немесе азайту өндірістің экоономикалық ынтасын үзеді.

3 Мемлекеттік қарыз бойынша төлеу үшін үкімет капитал нарығында заем алса бұл жағдай ел ішіндегі капитал салымының қысқаруына әкеледі.

Қарыз капитал рыногы және бағалы қағаздар

Ақша массасы – қолма-қол және аударым ақша нысанындағы шаруашылықта бар барлық ақша құралының жиынтығы, ол сонымен қатар, қор жинау, төлем және айналым құралының қызметін атқарады.

Басқа да рынок секілді, ақша рыногында да, ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады.

Ұсыныс – ақша массасының айналымы, яғни ерілген мезетте мемлекеттегі төлем құралы айналымының жиынтығы.

Жиынтық ақша ұсынымы қамтиды;

  • банкнтоттар

  • теңгелер (монеты в обращении)

  • банк депозиттері

  • бағалы қағаздар.

Ақшаны сатып алу қабілеттілігі – бұл ақша бірлігіне сатып алуға болатын тауарлар мен қызмет көрсетулер саны. Баға деңгейінің жоғарылауында ақшаның сатып алу қабілет-тілігі төмендейді немесе керісінше. Ұсыныс пен бірге сұраныс жүреді. Ақшаға сұранысты талдау кезінде әр түрлі теориялық тәсілдер кездеседі:

Ең басты монетария.

1. Ақша экономикада басты рольді ойнайды.

2. Орталық банк ақша ұсынысына яғни айналымдағы ақша санына әсер ете алады.

М*V=P*Q (21)

Теңдікті өзгертсек:

(22)

Мұндағы МД – ақшаға сұраныстың мөлшері.

М- айналымдағы ақша саны

V-ақшаның айналымдағы жылдамдығы

Q – сатылған тауарлардың саны

Р – тауарлар мен қызмет көрсетулердің орташа бағасы.

Өндіріс қисыны мынандай;

Ақша ылғи айналыста болуы керек. Осыдан кейбір фирмаларда белгілі бір уақытта ақша құралдары уақытша босатылады, ал осы уақытта басқа фирмалар жоқ ақшаға қажеттілікті сезеді. Бұл қайшылық кредит көмегімен шешіледі. Кредит негізін келісім шарт-тың ерекше түрі – несие құрайды. Кредит кең мағынада латын тілден – қарыз, несие, credo – сенемін сенім. Ақшалай немесе тауарлар нысанындағы несие яғни ақша немесе тауарларды қарызға қайтарым шартына негізделген уақытша пайдалану және әдетте процент төлеу шар-тымен беру; Несие беруші мен қарыз алушы арасындағы экономикалық қатынастарды білді-реді. Банк комерциялық мемлекеттік тұтыну т.б. несие ретінде қолданылады. Несиенің ерекше түрі халықаралық несие.

Несие - тар мағынада ссудалық капиталдың қозғалысы, бұл қозғалыс жеделдіктің, қайтарымдылықтың және төлемдліктің бастауында жүзеге асады.

Несиенің тар мағынасы тек ақша қарыздарын ұйғарылады. Несие үшін төлем оның бағасы болып табылады және өсім процент түрінде болады. Несие негізгі екі функция атқа-рады. Несие көмегімен фирма, аудан және сала, арасында ақша құралын қайта бөлу жүреді. Бұл функцияның іске асуы уақытша бос ақша құралдарын өнімді пайдалануға мүмкіндік береді. Несие айналымдағы нақты ақшаны несиелік ақшамен банкнот және несиелік опера-циямен аударымды есептер ауысуына мүмкіндік береді, бұл айналым шығындарын қысқар-тады. Несие беру тәсілі бойынша несие натуралды және ақшалай деп ажырасады:

  1. натуралды несие беруде несие нысандары болып инвестициялық тауарлар, тұтыну тауарлары, шикізат, ресурстар, өндірістік тұтыну заттары табылады.

  2. ақшалай несиенің нысандары: ақшалай сатып алу құралдары, ақша капиталы, акциялар, вексельдер, облигациялар және басқа да міндетті қағаздар.

Соседние файлы в папке 11-01-2014_16-47-45