Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
104
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
462.85 Кб
Скачать

13 Тақырып Еңбекті техникалық нормалау

Еңбек нормаларының мәні және түрлері

Еңбекті техникалық нормалау – кәсіпорынның экономикалық жұмысының бір бағытты факторлары. ЕТН – бұл өндіріс процесі ерекшеліктерін терең зертттеу, еңбектің тиімді жағдайы мен озат әдістерін зерттеу көмегімен еңбекті рационалды ұйымдастыру негіздерін қалау, іске енгізу. Еңбекті нормалау кез-келген кәсіпорындарда оның қалыптастырушы және ұйымдастырушы күші болып саналады.

Техникалық нормалаудың негізгі мақсаты - өндіріс процесін еңбек және материалдық ресурстарын оптималды шығындау арқылы жүргізу. Кәсіпорында еңбекті нормалау уақыт нормасын, өнімділік, қызмет ету, адам санын нормалау және нормалау тапсырмаларын шығару бағытында өткізіледі. Уақыт нормасы бұл белгілі бір техникалық ұйымдасты-рушылық жағдайда керекті квалификациядағы бір немесе бірнеше топ жұмысшыларымен өткізілетін өнімнің немесе жұмыстың уақыт шығындары.

Өнімділік нормасы– бір немесе бірнеше жұмысшылармен бір уақыт бірлігі ішінде өндірілген өнімнің немесе операциялар саны.

Уақыт нормасы мен өнімділік нормасы бір-бірімен кері байланыста болады.

Қызмет ету нормасы– бір жұмысшыға немесе жұмысшылар тобына келетін жабдық, жұмыс орны, агрегаттың немесе жұмыс ауданының саны.

Адам саны нормасы– жалпы жұмыс көлемін атқаруға керекті жұмысшылардың категориялары бойынша максималды саны.

Еңбекті нормалауда жалпы нормалар келесі топтарға бөлінеді:

  1. Бірыңғай нормалар бірдей ұйымдастырушылық техникалық жағдайда тақарылатын технологиялық біртектес еңбек операциялары мен процестеріне тағайындалады.

  2. Жергілікті нормалар – тек өзінің ұйымдастырушылық техникалық жағдайына сәйкес келетін операциялар мен жұмыстарға кәсіпорын өзі тағайындайтын нормалар.

  3. Ірілендіріп нормалау деңгейіне байланысты нормалардың дифференциалдық, іріленген және кешенді нормалар болып бөлінеді:

  • Дифференциалдық нормалау – операциялардың жеке элементтеріне тағайындалады. Қолдану жері – потокты және ірі сериялы өндірісте нормалаудың жоғарғы дәлдігі керек.

  • Іріленген нормалау – процесс кезегінде оны толығымен бөліктерге бөлмей, тұтас бір бөлік ретінде қарастырған жағдайға тағайындалады.

  • Кешенді номалау - өнім немесе жұмыс көлемінің бірлігін өндіруге бағытталған белгілі бір жұмыстар кешенінен таратылған еңбек шығындарын білдіреді. Мысалы, оларды 1 т мұнайға, 1000 м3 газға, 1 ұңғыға қолданады.

Жұмыс уақытын ұйымдастыру Жалпы жұмыс уақытын келесі түрлерге бөлуге болады:

  1. Өндірістік уақыт

  2. Өндірістік емес уақыт

Өндірістік уақыт

Оперативті уақыт

Жұмыс орнына қызмет ету уақыты

Дайындық уақыты

Негізгі уақыт Қосалқы уақыт

Өндірістік уақыт 3 негізгі түрге бөлінеді:

  1. Оперативті уақыт;

  2. Жұмыс орнына қызмет ету уақыты;

  3. Дайындық уақыты.

Оперативті уақыт негізгі және қосалқы уақыттан құрылады.

Негізгі уақыт еңбек затының сан неиеме сапалық өзгеруінен жаратылған уақыт.

Қосалқы уақыт жұмысшының негізгі жұмысты орындау үшін атқарған әрекеттеріне қатысты уақыт.

Жұмыс орнына қызмет ету уақыты – жабдықты және жұмыс орнын тазалыққа, тәртіпке ұстауға жаратылған уақыт. Барлық басқа да уақыт шығындары өндірістік емес болып табылады. Өндірістік емес уақыт шығындарында кездейсоқ және өндірістік емес жұмыстар пайда болады. Кездейсоқ жұмыстар - өндірістік қажеттіліктен пайда болған жұмыстар уақыты. Өндірістік емес жұмыстар - өнім өндірісін ұлғайтпайтын немесе оның сапасын жақсартуға әсер етпейтін уақыт.

Уақыт шығындарын зерттеу әдістері:

  1. Фотолау;

  2. Хронометраж;

  3. Фотохронометраж;

  4. Сәттік бақылау (байқау).

Жұмыс орнын фотолау – барлық еңбек уақыт шығындарын анықтап және зерттеу үшін өткізіледі.

Фотоға түсірудің 4 түрі бар:

  • Жеке фотолау – мұнда зерттеу объектісі 1 жұмысшы немесе машина (жабдық) болады. Жеке фотолаудың бір түрі өзін-өзі фотолау, яғни ауысым немесе жұмыс күні кезінде жұмыстағы үзілістерді олардың себебінде көрсетіп белгілеу.

  • Бригадалық фотолау– бақылау объектісі бір жұмыс орнында технологияға байланыс-ты жалпы жұмысты орындаушы жұмысшылар тобын фотолау.

  • Топтық фотолау– мұнда бақылау объектісі әрқайсысы бөлек жұмыс орындаушылар тобы.

  • Маршруттық фотолау – бақылауды бір-бірімен үлкен ара қашықтықтағы бірнеше объекті немесе жұмыс орны бойынша оларды белгілі бір маршрутпен өту немесе бір объекті ішінде өтуі арқылы өткізіледі.

Хронометраж (грек тілінен «хроно» - уақыт, «метраж» - өлшеу дегенді білдіреді) - өндіріс процесінің циклдік қайталанып отыратын элементтері бойынша жұмыс уақыты шығындарын зерттеу уақыты. Мұнда бақылау объектісі - өндірістік операция немесе оның элементтері болып табылады. Фотохронометраж – аралас әдіс, яғни жұмыс уақытын зерттеу-де, фотолауды да, хронометражды да бірге пайдаланады. Сәттік бақылау әдісі – жұмыс уақытын бірталай орындаушылармен пайдалану жөнінде жалпы мәлімет алу үшін қолданылады. Оның мәні бақылаушы, байқыушы немесе зертеуші алдын-ала бедгіленген маршрут бойынша қозғалып, белгілі бір пунктерге орындаушының жұмыс жағдайын, уақыт шығынын өлшемей, шартты индекспен белгілейді.

Соседние файлы в папке 11-01-2014_16-47-45