Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
104
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
462.85 Кб
Скачать

11 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру

Мұнайгаз кәсiпорындарында техникалық қызмет етудi ұйымдастырудың маңызы және ерекшелiктері

Кәсiпорындарының бiрқалыпты үздiксiз жұмыс iстеуiнiң шарты – құрал-жабдықтардың жұмыс күйiнде ұстау, жұмыс орындарын түрлi энергиямен, негiзгi және қосалқы материалдармен, саймандармен, көлiкпен жабдықтау. Бұл жұмыстардың түрлерi өндiрiсте техникалық қызмет етуге жатады. Мұнай өндiруде осындай қосалқы процестер: мұнайды айдау, дайындау және сақтау, ұңғыларды жерасты шағын, ағымдағы және күрделi жөндеу, қабат қысымың ұстау болып саналады.

Жөндеу шаруашылығы

Өндiрiстегi ең iрi қосалқы шаруашылық – жөндеу шаруашылығы. Жөндеу шаруашы-лығының құрамына:

  • жөндеу-механикалық және басқада цехтар, немесе жабдық жөндеу шеберханалары;

  • жөндеу-механикалық немесе электра-механикалық учаскiлер кiредi.

Жөндеу шаруашылығының бөлiмiн бас механик басқарады. Әрбiр геологиялық барлау, бұрғылау, өндiру кәсiпорында жабдықты пайдаланумен байланысты көп көлемде жөндеу жұмыстарын өткiзедi. Сондықтан, жабдықтың iстен шығуын алдын-ала болдырмау, оны жөндеуге кеткен шығындарды қысқартудың, бiрден-бiр амалы жабдыққа техникалық қызмет ету немесе техникалық күту.

Техникалық қызмет ету– дегенiмiз әр сменалық күту, яғни механизмдердi (тетiк-тердi) уақтылы қалыпқа келтiру, майда бұзылыстарды жою, профилактикалық техникалық байқау өткiзу. Мұнын бәрi белгiленген уақытта өткiзiлiп, бұзылыстардың байқалып, қалпына келтiру мақсатымен атқарылады. Жөндеу шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру, жабдықтар-дың үздiксiз, әрi тиiмдi пайдалануда маңызды жағдай болып келедi. Оны ұйымдастырудың үш нысаны бар:

  • Орталықтандырылған;

  • Орталықтандырылмаған;

  • Аралас

1. Ұйымдастырудың орталықтандырылған нысанында жөндеулердiң барлық түрi -жөндеу-механикалық цехтыңжұмысшыларымен атқарылады. Әртүрлi күрделiлiгi бойын-ша жөндеу жұмыстары әрбiр цехiнiң бригада күшiмен жүргiзiледi. Механикалық жөндеу базасы бөлiмшiлердiң тапсырысы бойынша қосалқы бөлшектердi шығару және күрделi жөндеу жұмыстарымен айналысады. Мысалы, ұңғыларды жерасты және күрделi жөндеу үшiн арнаулы бригадалар болса, ал жабдықтарды жөндеу және модернизациялау - орталық базаларда жүргiзiледi.

Базаларда бүкiл жұмысшылар тобы және жөндеу құралдары шоғырланған. Өндiрiс цехтарында тез тозғыш бөлшектердi ауыстыруымен байланысты жабдықты күту, бақылау, майда күнделiктi жөндеу жұмыстарын атқаратың тек кезектегi жұмысшы бригадалары ғана қалады. Жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың бұл нысанында жөндеушiлер механиза-ция құралдарын пайдаланатын бiртектес жұмыстарда маманданады – бұл жөндеу мерзiмiн қысқартып, еңбек өнiмдiлiгн өсiрiп, жөндеу шығындарының азаюына әкеледi.

2. Ұйымдастырудың орталықтандырылмаған нысанында кәсiпорынның әр цехi жөндеу жұмыстарын өзi жасайды. Жөндеу-механикалық цех бұл жағдайда қосымша бөлшектерге тапсырыс алады және агрегаттардың күрделi жұмысын өткiзедi. Бұл нысаны тиiмсiз болып табылады, себебi мұнда жөндеудi атқарушы жұмысшылар мен жөндеу құралдарын орынсыз пайдалану, жөндеудi бiтiруi мен жөндеуге дайындалу мерзiмiнiң ұзаруы айқындалады.

Жөндеу қоры– негiзгi қорларды жөндеудiң барлық түрлерiн (күрделi, орташа, ағымда-ғы) жүзеге асыру үшiн кәсiпорындарда, бiрлестiктерде құралатын ақшалай қаражаттың арнаулы қоры. Өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құны есебiнен норматив бойынша құрылады. Аралас түрi бойынша жөндеу жұмыстарын цехтағы жөндеу қызметкер-лерi және мамандандырылған жөндеу цехтары және ұйымдары жүргiзедi. Бұл нысаны бойынша цехтағы жөндеу қызметiн жабдықты күн-делiктi жөндеу, күту және қадағалау жұмысын, ал күрделi жөндеу жұмыстарынын көлемi ортақтандырылыған тәртiппен жүргiзiледi.

Өнеркәсiптегi жұмыс iстейтiн құрал жабдықтардың жұмыс қабiлеттiлiгi алдынала жоспарлы жөндеу(АЖЖ) жүйесi арқылы қамтамасыз етiледi.

АЖЖ-дың ерекшелегi:

  • алдынала және жоспарлы күту;

  • қызмет ету және жабдықты жөндеу шараларын жүргiзу;

АЖЖ жүйесiне мына жұмыстар жатады:

  • жабдықтарды күту;

  • жөндеу аралық қызмет ету;

  • қарау, тексеру, жуу және майды ауыстыру;

  • кезеңдiк жоспарлы жөндеулер (шағын, орташа және күрделi);

Құрал жабдықтарды күту- негiзгi өндiрiс жұмысшыларымен жүргiзiледi. Жабдық-тарды таза сақтау, мерзiмдi жұмыс бөлшектерiң сүрту, оларды реттi майлау.

Жөндеу аралық қызмет ету – жабдықтарды пайдалану, күту, уақытында ұсақ оқаста-рын жою. Бұл қызметтер жабдықтың жұмыс үзiлiсiнде жүргiзiледi. Шағын және орташа жөндеулер ағымдағы (күнделiктi) жөндеу деп аталады.

Шағын жөндеу – бөлшектердi (детальдарды) ауыстыру және механизмдердi (тетiк-тердi) түзеу. Орташа жөндеу – шағын жөндеу мен қатар, iшiнара ажырату, тозған бөлшек-терiң ауыстыру және қалпына келтiру. Күрделi жөндеу – агрегатты толық ажырату, тозған детальдарын, түйiндiлерiң ауыстыру. Күрделi жөндеу арқылы құрал жабдықтың қуаты бұрынғы қалпына келедi. Кейбiр жағдайда күрделi жөндеумен қатар жабдықты модернизаци-ялауда жүргiзiледi.

Ұңғыларды жөндеу

Өндiру ұңғылардың жұмысы - жабдықтарың күту және оларды жоспарлы жөндеудiң өткiзуден тұрады. Ұңғылардың жербетiндегi жабдықтарды жөндеуге шағын (күнделiктi), орта және күрделi жөндеулер жатады. Күнделiктi жөндеуге сораптарды ауыстыру немесе оның кейбiр бөлшектерiң, сорап штангiлердiң үзiлуiн немесе бұралуынан шығып кетуiн, сорап-компрессорлық құбырлы түтiктердiң және штангiлердiң ауыстырулары.

Күрделi жөндеугеөндiру қабатының (горизонтың) жұмыс қабiлетiң қалпына келтiру, жерасты өндiру жабдықтарын күрделi жөндеу жұмыстары мен жерқойнауын қорғау шаралар жатады. Жерасты жұмысшылары жөндеу жұмыстарың жүргiзу үшiн техникалық наряд-тапсырма алады. Онда ұңғының өндiру әдiсi, жерүстi жабдығының (құрылысының) түрi, жерасты жабдығы, өзiқозғалу агрегатының түрi, қозғалмалы механизмнiң жабдықталуы, дайындық жұмыстары операция бойынша негiзгi жұмыстардың тiзiмi, жөндеу ұзақтылығы, ұңғының жөндеуiн бағалауы, жөндеу жұмысының мезгiлiң аяқтағаны үшiн берiлетiн сыйақының мөлшерi көрсетiледi.

Жөндеу жұмыстарының тиiмдiлiгiн ұйымдастыру үшiн нұсқаулық карталар жасалады. Жөндеу аяқталғаннан кейiн ұңғыны тапсыру үшiн кепiлдiк акт жасалады.

Күрделi жөндеу жүргiзу үшiнкешеңдi бригада наряд алады. Онда ұңғы жөнiнде мәлiмет, жөндеу категориясы, түрi, оның басталу және ұзақтық мерзiмi, жасалған жұмыстың бағалауы көрсетiледi. Жөндеу аяқталғаннан кейiн ұңғыны тапсыруы жәйлi кепiлдiк акт жасалады.

Соседние файлы в папке 11-01-2014_16-47-45