Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AEP_LEKTsII.doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
28.03.2015
Размер:
1.27 Mб
Скачать

1 Модуль. Алгоритмдеу және программалауға кіріспе

1 Тақырып. Кіріспе

1 Лекция

1.1 „Автоматтандыру есептерін программалау" курсының мақсаттары мен міндеттері.

„Автоматтандыру есептерін программалау" (АЕП) пәнін оқытудың мақсаты - есептерді алгоритмдеу негіздерін, программалауды автоматтандыру құралдарын, программалау тілдерінің сипаттамаларын, таңдалған тілдің операторлары мен мәліметтер түрлерін, ішкі программаларды қолдана отырып, күрделі программалар құруды үйрету. Сонымен қатар, стандартты модульдерді, мәліметтердің динамикалық құрылымын, программалық камтамасыздандыруын жобалау әдістерін, программалау стилін, алгоритмдерді іс жүзінде тексеру әдістерін, объектіге-бағдарлы тәсілдерінің негіздерін оқып-үйрену және осы білімді әртүрлі инженерлік есептерді шешуде қолдану болып табылады.

Пәнді оқу процессінде студенттер есептердің алгоритмдеу негіздерін, таңдалған алгоритмдік тілінде қолданылатын мәліметтер түрлерін, операторларын, стандартты және ішкі программаларды, динамикалык құрылымдарды, программмалау технологиясының негіздерін, программалық қамтамасыздандыруды жобалау әдістерін, программмалау стилін, программаларды іс жүзінде тексеру әдістерін қолдана отырып, мәліметтерді өңдеу есептерін шешу және әртүрлі есептердің программалау ерекшеліктерін меңгеруі қажет.

«Автоматтандыру есептерін программалау» курсын оқыту процесі осы ғылыми пәннің бүгінгі күн талабына сай болып, студенттерге нақты білім негіздерін беру, сонымен қатар программалау мен инженерлік есептерді шешудегі жетістіктерді қолдану және жоғары кәсіби маман даярлау үшін оған қажетті жаңа білімді өздігінен алуға, жоғары математикалық негіздері мен тәжірибелік дағдылықтарға үйрету.

Студенттерге есепті шешудің алгоритмдері туралы нақты түсініктерді төменгі курстарда беру өте маңызды. Сол себептен, практикалық және лабораториялық сабақтарға аса назар аударылған жөн. Пәннің бағдарламасын іске асыру оқу процесін қарқындатуды және барлық сабақтардың, курстық жұмыстың, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзара нақты қатынасын нығайтуды және пәнді окытуда техникалық құралдарды қолдануды қажет етеді.

Пәнді оқудың нәтижесінде студенттер әртүрлі алгоритмдердің құрылымдык сұлбаларын қолдануды, есеп талабына сәйкес қажетті құрылымдық мәліметтерді ұйымдастыруды, есепті шешу үшін есептеу әдістерін дүрыс пайдаланып, таңдалған программалау тілінің мүмкіндіктерін толығымен қолдана отырып, программалар құруды, оларды жоғары деңгейде жазуды және іс жүзінде тексеруді, сапалы программалық қүжаттарды құруды үйренуі қажет.

Студенттер есепті шешу әдістеріне және алгоритмдік концепциялар негіздеріне аса назар аударғаны жөн. Программалық объектілерге түсінік беру, программаларды құру, пайдалану және оларды өзгертуді білу керек. Құрастырылған алгоритмді басқарушы жүйелерді қолдана отырып, программаларға аудару және жүзеге асыру.

«Автоматтандыру есептерін программалау» пәні мектеп қабырғасында оқылған математика, есептеуіш техника және информатика, сонымен қатар, жоғары оқу орында оқылатын математика және информатика пәндері бойынша алынған білімге негізделеді.

Осы пәнмен өзара байланысты пәндер тізімі: жоғарғы математика, компьютерлік графика, информатика, объект-бағдарланған программалау, есептеу әдістері, басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық кешендер, басқару объектілерін модельдеу және идентификаттау, автоматты реттеу жүйелер теориясы, технологиялық үрдістерді оптималды басқару.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]